Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Физическая культура

Дене тәрбиесі - салауатты өмір негізі.
ШҚО, Үржар ауданы, Жаңа тілек ауылы «Әуезов атындағы орта мектебі»КММ
Испулов Акан Аккажинович – дене шынықтыру пәні мұғалімі
Дене тәрбиесі - салауатты өмір негізі.
Бүкіл әлемдегі дәрігерлер мен педагогтар әлдеқашан ортақ пікірге келген еді: ұлт денсаулығын сақтап қалу үшін барлық күш жігерді біріктіру және оны балалар денсаулығын қорғауға бағыттау қажет.
XXI ғасыр–ақпараттардың аса молдығы бойынша бұрын-соңды болмаған ғасыр. Біз балаларға денсаулықты сақтау, түрлі аурулардың алдын-алу, салауатты өмір салты туралы көп айтып жүрміз.
Ал, бұл мәселелерді шешу балалар денсаулығын сақтау, оның ішінде дене тәрбиесі, психологиялық тұрақтылықты арттыру, орынды тамақтану және көптеген басқа мәселелер бойынша маңызды жұмыстарды қажет етеді. Мектеп мұғалімінің алдында оқушыларға білім берумен қатар олардың дені сау, дене бітімінің дұрыс жетілуін қадағалау міндеті тұр. Бүгінгі алдымызда отырған оқушы -ертеңгі еліміздің экономикалық қуатын, мәдени және рухани байлығын жақсартуға ықпал ететін жеке тұлға. /1/
Дене тәрбиесі тек мектептегі дене шынықтыру сабағы ғана емес, ол сабақтан тыс, мектептен де тыс денсаулыққа байланысты шаралар жүйесі. Қазіргі кезеңдегі білім беру орындарындағы дене тәрбиесінің жүйесі жастардың денсаулықтарын нығайтумен қоса, тұлға бойындағы биологиялық-психологиялық қажеттіліктердің жан-жақты жетілуіне, өмірге деген белсенділігі мен ізгілікті қатынастарын дамытуға бағытталған.
Дене тәрбиесі-өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласының бір тармағы болып табылады. Жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, ұзақ уақыт шығармашылық еңбекке жарамды адамды қалыптастыруға, оны Отан сүйгіштікке дайындауға қызмет етеді.
Дене тәрбиесін ұйымдастыру түрлері оқушының өз бетінше ұйымдастырылған жұмыстарымен толықтырылған жағдайда нәтижелі болады.
Оқушының күнделікті қозғалыс тәртібін толықтыруға арналған жұмыс түрлері дене тәрбиесі жүйесінің элементтері есебінде болды:
- Таңертеңгі гимнастикалық жаттығулар. Күнде таңертеңгілік 9-10 жаттығудан тұратын кешен. Бұл оқушылардың орталық нерв жүйесін қалыпқа келтіріп, оқушы ағзасын сергітеді.
- Мектепке дейінгі және үйге қайтар жолдағы серуен. Таза ауада жаяу жүрудің өзі шынығу, сауықтыру әсерін тигізеді.
- Оқу сабақтарына дейінгі жаттығу. Сабақтағы нәтижелі іс-әрекет пен оқу күнін белсенді бастауға мүмкіндік туғызады. /2/
- Дене тәрбиесі сабақтары. Бұл сабақтар мазмұны мемлекеттік талап пен оқу бағдарламасына сәйкес белгіленіп, оқушылардың күші мен жылдамдығын, ептілігі мен шыдамдылығын, ерік-жігерін, батылдық пен табандылықты және тез шешім қабылдау секілді тәрбиелік қасиеттерді дамытады.
- Сабақ үстінде сергіту минуттары. Ой еңбегі барысында ағзаның тынығуына әсерін тигізеді.
- Үлкен үзіліс кезіндегі дене жаттығулары мен қозғалмалы ойындар. Оқу күні ортасында оқушылардың белсенді демалысын қамтамасыз етеді.
- Спорттық үйірмелер, ұйымдар мен топтардағы жұмыс. Белгіленген спорт саласы бойынша оқушының жалпы және арнайы дайындығын көрсетіп, дене жаттығуларымен жүйелі айналысуды қамтамасыз етеді.
- Жалпы мектепішілік спорттық бұқаралық шаралар. Бұл жұмыс түріне денсаулық және спорт айлықтары, спорттық мерекелер, жалпы мектепішілік сайыстар жатады.
Бұл шаралар барлық оқушының спорт пен дене тәрбиесі жаттығуларына қызығушылығын туғызып, салауатты өмір салтының негізін қалайды.
- Өз бетінше дене жаттығуларымен айналысу. Бұл жұмыс түрі қозғалыс тәртібінің маңызды бөлігі. Кей жағдайда ең тиімді әдіс болып есептелінеді, себебі оқушының жеке тұлғалық қызығушылықтары мен қабілетіне, сұранысына сәйкес ұйымдастырылған жұмыс өз нәтижесін береді. /3/
Денсаулық-байлық қана емес, ол адам бақытының бастауы, тіршілік көзі. Ұлы ақын Абай данамызда «Денсаулық- терең бақыт»деген.
Ғылым мен техниканың күн санап қарыштап дамуы, экологиялық зардаптардың белең алуы, ой еңбегі мен дене еңбегінің ара қатынасының алшақтауы, әр-түрлі зиянды әдеттердің (шылым шегу, алкоголь ішімдігі, есірткі пайдалану т.б) пайда болуы секілді құбылыстарға қарсы, салауатты өмір салтын қалыптастыратын тегеурінді күш иесі-спорт. Спортпен шұғылданған баланың денсаулығы мықты, өзі әлді, төзімді, икемді, әрі нәтижелі болады. Еліміздің келешегін жалғастыратын жігерлі, білімді азамат болып шығады. Осы жылы, өзім жетекшілік етіп, 5 сынып оқушысы, мектептегі «Еркін күрес» үйірмесінің мүшесі Бухаева Гүлсезім, оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір үшін қажеттілігін, дене тәрбиесінің пайдасын, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, «Спорт жұлдыздары: Сиднейден біздің мектепке дейін» тақырыбында ғылыми жоба
зерттеу жұмысын жүргізді. Өлкетану бағыты бойынша зерттелген жобада, Сарысай орта мектебінің түлегі, спорт жұлдызы, 2000 ж Сидней олимпиадасына қатысқан, - Көшербаева Гүлнар Мүрсәліқызы туралы жан-жақты зерттеліп, біздің мектептегі салауатты өмір салтына бағытталған жұмыс түрлері айтылады. Г.М.Көшербаева бүгінде Ақтөбе қаласының жастар спорт сарайында әдіскер, әрі жаттықтырушы қызметінде. Аталған оқушы спорт жұлдызымен кездесу барысында «Спортшы болу балалардың барлығына міндетті емес, бірақ дені сау, қоғамымыздың пайдалы жүгін алға апаратын азамат өсіру-бәріміздің парызымыз,»-деп Гүлнар апай сөзін аяқтады.
2011-2012 оқу жылында осы ғылыми жобаны қорғап, «Ақтөбе-Дарын» ӨҒТО ұйымдастырған «Зерде» шығармашылық байқауында , жүлделі III орынды иелендік.
Салауатты өмір салтының насихатталуы, ауыл мектебіндегі спорттың өсуі, одан әрі өркендеуі, осындай Гүлнар апай сияқты, әлемдік деңгейге жетуі, кейінгі жастар үшін үлгі-өнеге болатыны үлкен дәлел.
Президентіміз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында
«Салауатты әрі гүлденген экономика құрмайынша, біз қуатты мемлекет пен қарулы күштер құра алмаймыз, демографиялық, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді шеше алмаймыз, әрбір адамның жеке басының қадір-қасиеті мен әл-ауқатын арттыра алмаймыз», -деген болатын. Елбасымыздың осы тұжырымы арқылы, мұғалімдер ұжымы өз алдымыздағы қоғамдық міндеттің жауаптылығын сезінуіміз қажет. /4/
Категория: Физическая культура | Добавил: гульнараж (2015-02-28)
Просмотров: 1338 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-18, 3:34 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru