Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Физическая культура

Мектепалды даярлық тобына арналған қорытынды сабақ
Сабақтың мақсаты: Жыл бойы сабақта өткен тақырыптарды бекіту. Спорттың денсаулыққа пайдасы зор екендігін түсіндіру. Саяхат барысында балаларды достыққа, салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Саяхат жасау. Әдіс-тәсілдері: Саяхат жасау, түсіндірмелі, көрсету, сұрақ-жауап, ойын. Қажетті құрал-жабдықтар: ұзын жіп, швед қабырғасы, таяқшалар, шығыршықтар, доп, гимн орындық, кеглилер, әр түрлі гүлдер т.б Барысы: 1 Ұйымдастыру кезеңі. Балалар саппен дене шынықтыру залына кіреді. Д/ш нұсқаушысы: Сап түзел! Тік тұр! Сәлеметсіңдер ме, балалар! Балалар, бізге бүгін бір жұмбақ хат келді. Өзінің бір жұпар иісі бар сияқты. Иісін сезіп тұрсыңдар ма? Қалай ойлайсыңдар бұл қандай жұпар иіс? Балалар: Гүлдердің иісі сияқты. Д/ш нұсқаушысы: Иә, мен де гүлдердің иісін сезіп тұрмын. Мұнда не жазылып тұрғанын білгілерің келе ме? Ендеше бұл хатты ашып көрейік.
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен, гүлдер әлемінің Раушан ханшайымы боламын. Сендерден көмек сұраймын. Мыстан кемпір біздің гүлдердің бәрін жұлып тастады. Бірақ қай мекен-жайға келу керек екенін жазбапты. Енді не істейміз? Ол қай жерде тұрады екен? Көмекке барамыз ба? Балалар: Гүлдер әлеміне барамыз. Д/ш нұсқаушысы: Дұрыс, балалар, Раушан ханшайымына біз көмектесуіміз керек. Жолымыз ауыр болады, сондықтан біз, күш қуат жинап алайық келістікпе балалар?
Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуларын жасау. Жүруге арналған жаттығулар. 1 «Биші әйел»- аяқтың ұшымен, табанмен жүру. 2 «Балапан»-өкшемен жүру. 3 «Пингвин»- табанның ішкі жақтарымен қысқа және алшақ қадаммен жүру. 4 «Қаз-қаздар»- қолды тізеге ұстап отырып жүру. 5 «Пілдер»- екі қолмен, екі аяқпен жүру.
Жүгіруге арналған жаттығулар.
1 «Құс»-аяқтың ұшымен бірқалыпты жеңіл жүгіру.
2 «Құлыншақ»-тізені жоғары көтере жүгіру.
3 «Жіп»- аяқты айқастыра жүгіру.
4 «Твикс» бағытты алмастыра жұп болып жүгіру.
5 «Пони»-артымен алға қарай жүгіру.
Балалар, мына жерде бір жол көрсетілген (канаттың астымен өту). Қараңдаршы, бұл кең гүлдер алаңына ұқсайды. Иісі қандай тамаша! Бәріміз мұрынмен дем алайық. Тыныс алу жаттығуларын көрсету. Балалар, қараңдаршы, қандай әдемі гүлдер! Бұл гүлдер, бізбен бірге билеңдерші дейді. Балалар, гүлдермен билейміз бе?
Балалар: Билейміз. Гүлдермен орындалатын жалпы дамыту жаттығуларын орындау.
1 «Гүл шайқайды басын». 2 «Гүл күннің көзіне бұрылады». 3 «Гүл өседі» . 4 «Жел көтерілді». 5 «Гүл тығылды» .
Мыстан кемпір: Ысқырып кіреді. Мынау неғылған айғай шу? Сендерді кім шақырды? Мен гүлдердің бәрін жек көремін! Гүлдерді ұнатпаймын! Гүлдердің барлығын жұлып тастаймын!
Д/ш нұсқаушысы: Мыстан кемпір, ол не дегенің . Олай істеуге болмайды! Гүлдер әр түрлі болады , олар сондай әдемі! Мыстан кемпір: Жоқ , мен мына гүлдердің бәрін, жұлып тастаймын!
Д/ш нұсқаушысы: Жоқ! Жоқ! Жұлма, біз оларды құтқаруға келдік.
Мыстан кемпір: Жарайды ендеше сендердің күш қуаттарың қандай, соны көрейік. Менің тапсырмаларымды орындауға дайынсыңдар ма?
1-тапсырма: «Таяқшалардан секіріп өтіңдер»
2-тапсырма: « Кім мерген?» (шығыршықтың ішіне құмы бар қапшықтарды дәл тигізу)
3-тапсырма: «Кім жылдам тауға мінеді?» (швед стенесіне міну)
4-тапсырма: «Томардан өту» (шығыршықтардан өту)
Д/ш нұсқаушысы: Мыстан кемпір, біздің балалар, сенің тапсырмаларыңды қалай орындап жатыр?
Мыстан кемпір: Қуанба бәрі де алда, әлі менің тапсырмаларым біткен жоқ.
1-тапсырма: «Кім жылдам?» (орындықтан тартылу)
2-тапсырма: «Допты домалат» (кеглилер арасымен допты домалату)
3-тапсырма: «Сыйқырлы шығыршықтар» (шығыршық арасымен өту)
Д/ш нұсқаушысы: Мыстан кемпірдің тапсырмаларын орындап болдық енді жолымызды ары қарай жалғастырайық. Балалар, гүлдер әлемінің патшасына да келіп жеттік.
Раушан гүлі: Балалар, менің патшалығыма қош келдіңдер! Мен өте қуаныштымын!
Мыстан кемпір: Ха! Ха! Ха! ерте қуанып жатырсыңдар! Мен мына гүлдердің бәрін шашып тастадым енді сендер олардың қай жерде өсіп тұрғанын білмейсіңдер.
Раушан гүлі: Мына гүлдердің бәрін, мыстан кемпір шашып тастады. Осы гүлдердің бәрін отырғызуға көмектесесіңдер ме?
Балалар: Көмектесеміз.
Қимылды ойын «Гүлді отырғыз»
Мыстан кемпір: Мына балалардың бәрі өте мықты екен! Мен өмір бойы жамандық жасап жүрдім, Раушан гүлі мені кешір.
Раушан гүлі: Мыстан кемпір сені біз кешіреміз. Балалар, сендер бәрін орынды- орнына қойып маған көмектестіңдер, енді мына жұпар гүлдердің иісімен демалып тынығып алыңдар.
Релаксация. Музыка әуені.
Д/ш нұсқаушысы: Балалар, біздің үйге қайтатын уақытымыз да болып қалды. Раушан гүлі, біз сіздерге көмек беруге әр дайым дайынбыз.
Раушан гүлі: Рахмет, балалар! Сендер гүлдерді өте жақсы көресіңдер және Мыстан кемпірдің тапсырмаларын дұрыс орындап, спортпен жақсы шұғылданғансыңдар екен. Мына гүлдерді біз сендерге сыйлаймыз. Сау болыңдар.
Мыстан кемпір: Раушан гүлі, бізде гүлдер патшалығын аралап келейік. Мүмкін біреуге көмек керек шығар. Сау болыңдар балалар!
Балалар қоштасып саппен дене шынықтыру залынын шығып кетеді
Категория: Физическая культура | Добавил: kibatova75 (2015-12-28) | Автор: Кибатова Бейнегуль Женисовна E
Просмотров: 1810 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 3.0/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 6:59 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru