Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Творческие проекты учащихся

Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі.
Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі.
«Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз»
Әр елдің өміріндегі шешуші кілт қыздарға берілетін тәлім тәрбие арқылы өлшенеді. Біздің халқымызда «Қыз» деген сөзді әдеміліктің, әдептіліктің, жан-жақты сұлулықтың символы ретінде қолданады.
Жарық пен жылу, от пен су жоқ жерде тіршілік жоқ, ал осылардың көктегі көзі-күн, жердегі көзі-адамзат. Адамдардың бір-біріне мейірімі мен ұлағатты тәрбиесі тіршілікті сақтайды. Тәрбиесі түзелмей елдің көсегесі көгермейді, отбасы түзелмей болашақ түзелмейді.
Бесігінде жақсы тәрбие алған , үлгі-өнеге көрген қыз бала болашақта да сол әдебін сақтамақ. Әдепті, инабатты, адамгершілігі мол, сыпайы қыз тәрбиелеу- бүгінгі мектептің , қоғамның және ата-ананың негізгі міндеті...
Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Себебі, қыз баланы тәрбиелеу деген сөз – ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Отбасы-қоғамның бір бөлшегі. Ал отбасының алтын қазығы - әйел адам.
Қазақ халқының мақсаты – әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып , қыз балаға келешекте ана , ақ босағаның аруы , шаңырақтың құт-берекесі екенін ұғындыру, әдептілікке , сыпайылыққа , инабаттылыққа, мейірімділікке, төзімділікке, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Қыз бала бойжетіп, әке-шешесінің, бауырларының ортасында бұлғақтаған дәуренін қалдырып, басқа бір үйге келіп келін атанады. Өз шаңырағын көтеріп, үй мен шаруаға иелік етіп, түтін түтетеді, ана болып өмірге перзент әкеледі. Жар құшып ана болу – қыз баланың мақтанышы , әрі бақыты. Бұған әсіресе, атан-ана қуанады.
Қыздың бой жетуі, яғни жан-жақты жетіліп, белгілі дәрежеде өмір тәжірибесіне ие болуы заңды құбылыс. «Қыздың жолы жіңішке» , «қызға қырық үйден тыю» деген сияқты халықтық, тәлімгерлік талаптарының мәнін түсініп қана қоймай, бойжеткен одан өзіне қатысты қорытынды шығара білуі, іс-қимыл , жүріс-тұрыс дағдысын басшылыққа алуы керек.
Ұят-әдеп жоралғыларын белден басып отырғанда, тұрғанда өзінің әйелдік жаратылысын ескермейтін, қызға, келінге жарасатын қымсыну, қызару, тартыну, имену дегендер ойына кіріп шықпайтын қыз өзіне ғана емес, ата-ана, бауыр туғандарына сөз келтіріп, жерге қаратады. Сондықтан, қыз ибасы, қыз әдебі дегенге жеңіл-желпі қарауға мүлде болмайды.
Біздің халық ұрпақ тәрбиесінде екі нәрсені естен шығармаған. Біріншіден, дүниеге келген ұрпақтың жалпы тәрбиесіне баланың ержеткенге дейінгі бағым-күтімі, жүріс-тұрысы бәрі-бәрі енген. Екіншіден, ұл мен қыздың тәрбиесін екі бөліп жүргізуге тырысқан. Мұнда негізінен қлдың тірбиесі әкеге, қыздың тәрбиесі шешеге байланысты жүргізілген. Олардың әдепті , тәрбиелі, тындырымды , іс-әрекетін тиянақты болуын қадағалаған. Соған орай ақыл-кеңес беріп отырған.
Ұлы ғұлама Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова: « Қыз баланың мына өмірдегі міндет-парызының жүгі ауыр, әрі ардақты. Ол-адамзат ұрпағынөмірге әкелетін болашақ ана0 үй ұстап, жар күтетін адалжар, ата-ене сыйлап, иілетін қамқор келін. Ол осыны қаласын-қаламасын, бұл-өмір заңы» -деген.
М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің студенті Сейтқазы Ақбота
Жетекшісі: Нурланова Айгерим Куандыковна
Категория: Творческие проекты учащихся | Добавил: Айгерим3288 (2015-02-19) | Автор: Сейтқазы Ақбота
Просмотров: 2508 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 1:59 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23299]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru