Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Творческие проекты учащихся

Менің мамандығымның ерешелігі
Самсенова Нурия
М. О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің 2- курс студенті
Жетекшісі: Нурланова Айгерим Куандыковна

Менің мамандығымның ерекшелігі
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та, бар қалан...
Абай

Мен М. О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің 2- курс студентімін. Мамандығым – мектепке дейінгі тәрбие және оқыту. Аталған мамандық өзіме ұнайды. Бүгінгі таңда мен таңдаған мамандық жаһандану заманындағы барша мамандыққа негіз болып қаланатын тұғыр десем артық айтқандық емес деп ойлаймын. Кез келген адамның тәрбие бастауы мектепке дейінгі мекеме қабырғасынынан басталатындығын ескерсек, балабақша тәрбиешісіне қойылар талап пен жүктелер міндеттің де жоғары болатындығы айқын .

Бүгінгі отандық білім беру жүйесінде Қазақстан Республикасының азаматын қалыптастыру, оның тез өзгеріп отыратын әлемде табысты білім алуға деген сұранысын қалыптастыру, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу және оқыту басты мақсат болып отыр. Бұл жөнінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа Жолдауында: «Білім беру реформасы табысының басты өлшемі-тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады. Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз»-деген болатын.
Ал «әлемдік стандарттар деңгейіндегі сапалы білімнің» бір көрсеткіші көп тілді білу болып табылады. Қазіргі таңдағы білім беру реформаларына сәйкес елімізде көптілді білім беру мақсатында әр білім алушының мектеп жасына дейінгі кезеңінен бастап, ел дамуының игілігі үшін бойындағы тұлғалық қабілеттерін ашуға үш тілді - қазақ, орыс, ағылшын тілдерін қарқынды түрде меңгерутге бағытталған іс-шаралар кешені қолға алынды. Ол үшін аталған бағдарламаны жүзеге асыратын педагог-мамандар даярлау қажеттігі туды. Осы орайда өзім білім алатын М. О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде 2013-2014 оқу жылында тұңғыш рет көп тілді оқытатын мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі мамандығы ашылды. Болашақ маман ретінде мен Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес, тілдің негізгі құндылықтарын меңгерген, ана тілінде және өзге тілде әлеуметтік-мәдени қарым-қатынасқа дайын, сөздік және сөздік емес құралдардың көмегімен қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауға қабілетті көпмәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеуге ат салысамын.
Дана халқымыз ежелден-ақ, «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар», «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деп, болашақ ұрпағына көп тілді білуді, білімді болуды айтып кеткен. Сол қағида бүгінгі таңда да өзектілігін жойған жоқ. Колледжде көп тілді оқытатын мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі мамандығының көптеген ерекшеліктері бар. Атап айтсақ, мектепке дейінгі педагогика, тіл дамыту пәндері мемлекеттік тіл мен қоса, орыс, ағылшын тілдерінде өтеді. Сондай-ақ орыс тілі және ағылшын тілі практикумы пәндерінде де көп тілділікке баса мән беріледі. Бұған қоса шетелден арнайы мамандар шақыртылып, курстар ұйымдастырылуда. Оқу орнында өтетін пәндік олимпиадаларға, лингво-марафондарға, түрлі деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысу арқылы да білімімізді жетілдірудеміз. Колледжде алған білімімізді балабақшадағы іс-тәжірибеде қолдана бастадық. Бұл айтылғандар - менің бір жарым жыл ішінде таңдаған мамандығыма қатысты түйіп-байқағандарым.
Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау, болашақ өміріңе таңдау жасау деп ұғамын. Елбасымыз бізге: «Қазақстандықтардың жас ұрпағы кем дегенде үш тілді білулері тиіс: қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгерулері қажет» -деген заман талабына айналып отырған қажеттіліктерді айтады. Бүгінгі жаһандану заманында білім кеңістігінде еркін самғайтын, бірнеше тілді меңгерген тұлғаны қалыптастыру – мен таңдаған көп тілді оқытатын мектепке дейінгі тәрбие беру мамандығының ғана еншісіне бұйырған дүние. Болашақта таңдаған мамандығым арқылы тәуелсіз Отанымның Мәңгілік ел болып қалыптасуына өз үлесімнің болатындығын мақтан етемін!

Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер:
1. http://www.akorda.kz/kz/category/poslaniya_narody. Қазақстан Республикасы Президентінің Ресми сайты.
2.А.С. Жакулова. Көптілділік – заман талабы
3.Мектепке дейінгі ұйымдарда тілдердің үштұғырлығын дамыту: бағдарлама. – Астана, 2013.
Категория: Творческие проекты учащихся | Добавил: Айгерим3288 (2015-02-19) | Автор: Самсенова Нурия
Просмотров: 1595 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 1:17 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23299]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru