Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Творческие проекты учащихся

«Қызықты ағылшын тілі» үйірмесі бойынша Қабілеті ерекше баланың шығармашылық қабілетін дамыту
«Қабілеті ерекше баланың шығармашылық қабілетін дамыту» тақырыбында жұмыс жүргіздім.
Өзектілігі: Талантты балаларды анықтап, дарынын одан әрі шыңдау, әр түрлі тапсырмалар арқылы білімдерін дамыту.
Мақсаты: Балаларды білім жүйесімен ғана қаруландырып қоймай, олардың назарын, білгендерін, жадында сақтай білу қабілетін, ойлауын, тіл шеберлігін, білімге құштарлығын, өмірге көзқарасының дұрыс қалыптасуына, ықыласын, төзімділігін, іскерлігін, ізденімпаздығын, шығармашылық қабілетін, басқа да қасиеттерінің жетілуіне жағдай жасау.
Міндеті
- Ойлау, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;
- Шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- Рухани байлықтарын дамыту;
- Ағылшын тіліндегі сөздік қорын молайтып, ауызекі тілін дамыту;
- Қабілеті ерекше баланың шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына, қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалауына көмек көрсету.

Жұмыс жоспары мынандай жүйелеу кезеңдеріне бөлінеді
Бірінші кезең
Қабілеті ерекше баланы анықтау
Екінші кезең
Бала қабілеттілігінің бағытын анықтау
Үшінші кезең
Ой өрісін дамыта түсу үшін жұмыс жүйесін құру
Төртінші кезең
Қабілеті ерекше балалармен жекелеген жұмыстар жүргізу
Қабілетті балаларға арналған жылдық жұмыс жоспары
2014-2015 оқу жылы

№ Жұмыстың мазмұны мерзімі жауапты
1. Әрбір топтағы қабілетті ерекше балаларды анықтау қыркүйек үйірме жетекшісі
2. Балалардың ерекше қасиеті бойынша іріктеу қазан үйірме жетекшісі
3. Қабілетті балалардың бейініне қарай шығармашылық ізденіс жұмысына тарту қазан үйірме жетекшісі
4. Балалардың ойларын жүйелі жеткізе алуға үйрету үнемі үйірме жетекшісі
5. Қабілеті балаларды балабақшалық, аудандық, облыстық байқауларға қатыстыру жыл бойы үйірме жетекшісі
6. Қабілетті балаларды баспасөз бетінде жарық көрген материалдарымен таныстырып отыру үнемі үйірме жетекшісі
7. Қабілетті балалардың нәтижесін баспасөз бетіне жарыққа шығару жыл бойы үйірме жетекшісі

Қабілетті балалардың тізімі

№ Фамилиясы, аты тобы Неге бейім?
1. Дауылбаев Нариман «Жұлдыз» өнерге
2. Достанов Марғұлан «Жұлдыз» тез ойлау, тез қағып алу
3. Досымов Жандос «Гүлдер» тез ойлау, тез қағып алу
4. Шералы Дәулетхан «Гүлдер» тез ойлау, тез қағып алу
5. Ермекбай Әмина «Гүлдер» өнерге
6. Маратов Дамир «Балапан» тез ойлау, тез қағып алу

Баланың жеке жетістіктер көрсеткіш парағы
Ағылшын тілі:
Бала:
Тобы:
Ата-ана:
Үйірме жетекшісі:
№ Анықталатын білім және білік дағдылары
қыркүйек қазан

қараша желтоқсан қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым тамыз Жалпы ұпайы
1. Тәртібі
2. Сұрақ-жауап
3. Суретке қарап суреттей алу
4. Сөзді дұрыс дыбыстай алу
5. Жинаған ұпай саны

Қорытынды
Әр жұмыс түрлері талданып, сараптама жасалып отырылады:
- Қабілетті балаларды аудандық, облыстық байқауларға қатыстырып, қабілеттерін дәлелдеу;
- Әр қабілетті балаланың ынтасын, дарындылығын қамти отырып, шығармашылық жұмыстарын таратуға мүмкіндіктер алу;
- Осы жағдай қабілетті баланы бақылауға, дұрыс бағыт беруге, жеке тұлғалық дамуына мүмкіндік туғызады;
- Жас ерекшелігін ескере отырып қабілетіне қарай баланы жүйелі дамытып, қолдау көрсетіп отырса, келешек жастардың мемлекетімізге әкелер үлесі зор болды.
Күтілетін нәтиже:
- Тек балабақшамен ғана шектелмей мектеппен, жоғары оқу орындарымен байланыс жасау;
- Шапшаң ойлау, тез нәтижеге жету, тез ілгерлеу;
- Келешекте өздері мамандық таңдауда өздері шешім қабылдайды.

2. Ағылшын тілі сабағын өлеңдермен өрнектеп өткізу
1. Өлеңді үйрету жолдары
2. Ағылшын тілін үйренудегі музыканың әсері
Білім берудің практикалық, тәрбиелік, дамытушылық міндеттерін кешенді түрде іске асыру балалардың санасына ғана емес, сонымен қоса оның эмоциялық сферасында да әсер ету арқылы іске асырылуы тиіс. Ағылшын тілін үйрету барысында да музыканың ықпалы мол.
Жаңа лексиканы енгізу, тілдік материалды бекіту барысында тыңдауға арналған жаттығулар мен тапсырмалардың тіл үйрену процесі барысында берері мол. Соның ішінде коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру барысындағы музыканың алатын орнына тоқтала кетейік.
Өлеңді үйрету жолдары:
1. Тіл бұлшық етіне арналған жаттығулар:
1. Артикуляциялық жаттығулар. Біздің міндетімізге дикция ақауларын түзету емес, дыбыстардың анық, дұрыс айтылуын қадағалау жатады. Бұл жаттығуларды орындағанда әр бала өзінің сөйлеу мүшесінің жұмысын бақылай алуы үшін міндетті түрде айнаны қолданады. Гигиеналық талаптарға сай, кезекті жаттығуларды орындаған соң қолданатын, балаларда қол орамал болуы тиіс. Ең алдымен тіл бұлшықеттеріне, кейін ерінге арналған жаттығулар жүргізіледі. Артикуляциялық жаттығулардың басым бөлігі тіл бұлшықетін созуға есептелген, өйткені баланың дикциясының анықтығы тіл ұзындығымен байланысты.
Тіл бұлшық етіне арналған жаттығулар:
«Тәтті тосап». Біз анамыз дайындаған тәтті тосапты жақсы көреміз. Тосап тіл үйіреді. Тосап ерінімізге жұғып қалыпты. Тілді ерінге қойып, ерінге жұққан тосапты жалап алғандай айналдыра қимылдатады. Бұл жаттығу 2-3 рет орындалады.
«Көңілді тіл».
а). Көңілді Тіл күнде ертемен далаға шығып, жан-жағына амандасады. Тілді сыртқа шығарып, ырғақпен оңға - солға, солға - оңға бұрады. Жаттығу 5-6 рет қайталанады.
2. Ерін бұлшық етіне арналған жаттығулар (әр жаттығу 4-6 рет орындалады).
«Балапанның тұмсығы». Ерінімізді жұмылдырып, алға сүйірлеп шығарамыз, бастапқы қалып. «Бірден тез күліңдер». Еріндеріңді сүйірлеп алыңдар да, соңынан тістеріңді көрсете отырып, бірден тез күліндер.
«Фонетикалық жаттығуды орындау барысындағы басты міндетіміз баланың нақты дыбыстарды дыбыстауы барысында дұрыс тыныс алуын және артикуляциясын қадағалау болып табылады.
«Аюдың ақыруы. Аюдың тісі ауырды. Ол «А-А-А» деп аңырап жүр. Кәне, аю қалай дыбыстады?
«Шалқан». Шалқан үлкен болып өсіп қалған екен. Оны көрген атай: «О...о...о!» деп таң қалды.
«Жыланның ысылы». Жылан қалай дыбыстайды? Ыс-с-ыс-сссс...
Дикциялық жаттығу барлық жоғарыда аталған міндеттерді кешенді шешеді. Балалар қандай да бір сөйлемді, тақпақты, өлеңді айтқанда, дұрыс тыныс, дем ала білуі, дәл артикуляция жасауы және жеке дыбысты, сондай-ақ буынды, сөзді анық айтуы қажет. Бұл тыныс алу жаттығуларының нәтижесі жас кезеңдері өскен сайын сөйлеу тілінің дұрыс дамып, қалыптасуынан көрінеді.
Өлеңді үйретуді жоғарыда көрсеткен жаттығулардан бастаймын.

2. Ағылшын тілін үйренудегі музыканың әсері
Олай болса тіл үйренудегі музыканың әсеріне тоқтала кетейік.
А). Ән тілдік қарым қатынас құралы ретінде жаңа сөздер мен сөз тіркестерінен құралып, баланың сөз қорының кеңейіп, бекуіне ықпал етеді. Ән тыңдау кезінде таныс лексика жаңа контексте кездесіп, оны қолданудың қарқыны өсіп, балалардың есінде тез сақталады.
Ә). Әндер заман талабына сай жазылып, сілтемелер беріліп , мазмұнын талқылауға арналған тапсырмалармен толықтырылады.
Б). Шет тілінде ән айтып үйрену барысында бала жаңа лексиканы қайталайды, дыбыстарды дұрыс атап үйренеді, ырғақ ерекшеліктерін ұғынады, дұрыс артикуляцияны қалыптастырады.
Д). Әнмен жұмыс барысында эстетикалық тәрбие қалыптасып, балалардың шығармашылық қабілеттері ашылады. Сонымен қоса сабақтағы психологиялық климат ретке келіп, тілдік әрекет қарқындатылып, эмоционалдық көңіл күй көтеріліп, балаланың тілге деген қызығушылығы арта түспек.
Е). Әнмен жұмыс баланың ауыз екі сөйлеу тілінің дамуына ықпал етеді.
Ағылшын тілі сабақтарында берілетін әндер мұқият таңдалып алынуы тиіс. Ән сабақтың негізгі тақырыбы бола алмайды, оны негізінен жаңа лексиканы немесе тілдік материалды бекіткен кезде қолданамыз және әнге берілетін тапсырмалар баланың деңгейіне қарай таңдалып алынады.
Сабақ барысында әрбір педагог өлеңнің мәтініне де көңіл бөліп отыру керек. Ол да практикалық міндетті шешумен бірге баланы эстетикалық жағынан тәрбиелеуге, ағылшын тілі сабағының қызықтылығы мен әсерлілігін жақсартуға мүмкіндік туғызады. Өлеңнің мәтінмен жұмыс істеу бірнеше кезеңнен тұрады:
1. Біріншіден мұғалім өлеңдегі таныс емес, қиын сөздерді көрнекі құрал, ия болмаса аударма арқылы салыстырмалы түрде (қазақ тіліндегі өлеңдермен) түсіндіремін.
2. Өлең құрлымы бойынша іс-қимылмен көрсетемін.
3. Соңынан балалар қиын сөздер мен күрделі сөз тіркесін дыбыстық жағынан меңгеру мақсатымен педагогтың соңынан бәрі бірдей, әрі жекелей қайталауын қадағалаймын.
4. Сосын балалардың тақпақты жеке-жеке тақпақты іс-қимылмен қайталауын қадағалаймын.
5. Өлең жолдары өте қиын болмаса, толық жатталады, біршама қиын өлеңдерді мәнерлеп, интонациямен оқуға алдын ала дайындық жасалады.
6. Балаларға тақпақты мимикамен көрсетемін, ал олар өлеңді айту керек.
7. Балалар өлеңнің жалпы мазмұнын түсінген кезде өлеңді бейне таспасынан тыңдатамын.
8. Өлеңді балалар бейне таспамен бірге іс-қимылмен қайталайды.
9. Өлеңдермен жұмыс істеу арқылы балалардың сөздік қоры дамып, тілге деген қызығушылығы пайда болады.
10. Сабаққа қажетті өлеңді таңдау сол кезде өтіліп жатқан лексикалық және тілдік материал мазмұнымен, оқулықтағы ауызша әңгіме тақырыбымен, сондай-ақ қызыл даталы күндермен байланысты анықталады.
Жалпы өлеңдермен жұмыс жасаудың нәтижесі үлкен. Өйткені ол оқу барысында сезімдік және шығармашылықтың кеңеюіне, сөздік қорының дамуына ықпал етеді.
Күтілетін нәтиже:
- Балалардың сөздік қоры молайады;
- Өлең-тақпақты тез үйренеді;
- Тілге деген қызығушылығы артады;
- Мерекелік іс-шараларға қатысады;
- Есте сақтау, шығармашылық қабілеттері дамиды.
Осындай жұмыстардың арқасында тобымдағы қабілетті балалар мынадай дәрежеге жетті:
- баланың тілге деген құштарлығы артты.
- балалардың танымдық қабілеттері танылды.
- өз бетімен бімегенін үйренуді мақсат етеді.
- жаны таза, мейірімді, тәрбиелі бала атанды.
- өнер-білімге құштарланды.
Қорытынды: Қабілетті балаларымның болашағынан көп үміт күтемін және олардың осы шығармашылық қабілеттері одан әрі шыңдалатынына сенемін.
Бүгінгі таңда білім берудің ұлттық жүйесі өте маңызды, қарқынды өзгерістердің үстінде тұр. Қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді. Сондықтан да мамандық атаулының барлығынан дерлік бейімділікті, ептілікті, ерекше ой қызметін, үлкен жауапкершілікті талап етеді.
Зерттеулер анықтағандай білім берудің жаңа технологияларының белгілі бір пәнді меңгеру барысында дәстүрлі сабақтармен салыстырғанда берері мол және балалардың интеллектуалды ептіліктерінің қалыптасуына әсерін тигізері анық. Олай болған жағдайда жоғарыда қарастырылған мәселелер шет тілі сабақтарын қызықты, тартымды және жоғары шығармашылық деңгейде өткізуге септігін тигізері анық.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. В.С.Мухина Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы. Алматы «Мектеп» 1986 ж.
2. Ж.Шайхина. Ойын арқылы бала тілін дамыту. Отбасы және балабақша. 2010 ж. № 2.
3. Мектепке дейінгі білім. 2008 ж. № 9.
4. Бала мен балабақша журналы 2008 ж. № 5.
5. Мектептегі шет тілі. Алматы. 2010 ж. № 4.
Категория: Творческие проекты учащихся | Добавил: Жамбылбековна (2015-03-18)
Просмотров: 2101 | Рейтинг: 2.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-03-28, 3:42 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23299]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru