Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Творческие проекты учащихся

Ғылыми зерттеу жобасы Тақырыбы: Өскелен ұрпаққа ұлттық ат спортының әсері.
Математикалық-жаратылыстану
Тақырып: Өскелен ұрпаққа ұлттық ат спортының әсері.

Үлкенбөкен мектеп-балабақша кешені ММ.
Оқушы:8 «А» сыныбы Тоқтарова Дина.
Мұғалым: Изгуттинова А.А.

ШҚО.Көкпекті ауданы.Үлкенбөкен ауылы. 2013 жыл.

Тақырыбы: Өскелен ұрпаққа ұлттық ат спортының әсері.

Өзектілігі: Ат спорты арқылы жасөспірімдер бойында ұлттық тәрбие нышандарын қалыптастыру. Ұлттық тәрбие арқылы салауатты өмір салтын насихаттау.

Мақсаты: Ұлттық спортты дамыту. Атадан балаға мирас болып келе жатқан асыл мұра баға жетпес ұлттық спортты келешек жас ұрпаққа насихаттау. Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту, салт дәстүрге тәрбиелеу, салауатты өмір салтын ұстау, табиғатқа деген жанашырлық.

Міндеттері:
1. Ат спортының жас өспірімнің физиологиямен психологиялық әсерін білу.
2. Иппотерапия түрлеріне мәлімет жинақтау.
3. «Намыс» ұлттық спорт үйірмесінің жұмысы арқылы қорытынды жасау.

Зерттеу обьект:
1. «Намыс» спорт клубы.

Болжам:
Ат спортының адам денсаулығына тигізетін әсері бұл: тірек-қимыл жүйесі, жүйке, қан айналым және имундық жүйеге әсері мол. Ұлттық спорт жас ұрпаққа салауатты өмір салтын қалыптасу мүмкіндігін туғызады.





Жоспар:

• Кіріспе:
Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы
• Негізгі бөлім:

1. Салауаттылық ұлттық ойындар арқылы .

2. Иппотерапия және оның маңызы.

• Зерттеу бөлімі:

1. Аттың шежіресі
2. «Намыс» спрот клубы жөнінде мәлімет.
3. Сараптама нәтижелері

• Қорытынды:

• Әдебиет.



1 Кіріспе .Денні сау ұрпақ – ұлт болашағы.

Денсаулық ол – зор байлық, баршаға мәлім,
Денсаулық ол – асыл қазына, баға жетпес бізге мәлім.
Салауатты өмір салтын қолдайық барша халық,
Келешегі кемел елге дені сау боп қадам басайық!
-деген ұранмен сөзімді бастағым келеді. Денсаулық – адамның ең қасиетті де, құнды қайталанбас, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін немесе орны толмас асыл қазынасы.
Біз, болашақ Қазақстан Республикасының азаматтары бүгінгі мектеп табалдырығындағы оқушылар денсаулығымызға жастайымыздан қамқор болуымыз қажет. «Дені сау адам – табиғаттың ең бағалы туындысы» деп Т. Корлейль атап көрсеткендей табиғат төрінен жоғарғы сатыда орын алған біздерде тек күшті денсаулық болу керек. Денсаулық – тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Денені үнемі ширықтыру, шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интелект өрісін биіктету, рухынды шыңдау – бәрі де денсаулыққа қызмет етеді десек қателеспейміз.
Халықтың денсаулығы – ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі. Атамыз қазақтың «Бірінші байлық – денсаулық», яки болмаса «денсаулық – терең байлық» деген даналық мәтелдері тіршіліктің нағыз өзегінен алынған емес пе? Денсаулықтың қадірін, маңызын айрықша ұғынып барлық игіліктен жоғары санаған. Тағы да « ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп жан мен тән саулығын қоршаған орта аясында дұрыс сақтап және нығайтуға түрлі пайдалы әрекеттер жасап отырған.
Жуырда ғана өткен дәрігерлер мен провизорлардың съезінде сөйлеген сөзінде еліміздің президенті Н. Ә. Назарбаев « Халықтың денсаулығы – ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі» - деп тағы да айрықша айқындап атап өтті. Сонымен қатар келешек атқарылатын істердің басты стратегиялық бағыттарын көрсетті.
1. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығына айрықша көңіл бөлу.
2. Халықты қол жетерлік және саналы медициналық көмекпен қамтамасыз ету.
3. Отандық медецина ғылымын дамыту.
Қазіргі кезде жас жеткіншектердің денсаулығын сақтау және салауатты өмір сүруін қалыптастыру қажеттілігіне байланысты бүкіл оқу-тәрбие жүйесін қамтиды. Өйткені салауаттандыру іс-шаралар
жас шәкірттің өз сана-сезімін, өз денсаулығын, өз психологиясын және өзінің ғана жан дүниесін қалыптастырады.. Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының есебі бойынша адам денсаулығының 10%- дәрігерлік көмекпен, 15%- тұқым қуалаушылықтан; 25% –қоршаған ортадан, ал 50 %–адам өзіне, өмір сүру қалпына байланысты екен.
Жас кезінен аурушаң болған Поль-Брегг «Өзіңді өзің жасай біл» деген қағиданы нық ұстанған. Ол ынта-жігерінің салауатты өмір сүруге деген құштарлығының арқасында барлық ауруларды жеңіп, денсаулығы мықты болып өмір сүрген. Иә, кісінің болса да денсаулығы өз қолында. Салауатты өмір сүремін десеңіз ешкім оған қарсы тұра алмайды.
Салауатты өмір салтына денешынықтыру, спорт, дене тәрбиесі, таза ауада жүру жатады.
Негізгі бөлім.1. Салауаттылық ұлттық ойындар арқылы .
Дене тәрбиесі арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыруды ел арасында дамыған ойындар мен спорт түрлерінен бастау тиімді болатындығын тәжірибе көрсетіп отыр. Оған себеп ұлттық ойындар мен спорт түрлерінің мазмұнында адам денсаулығына, психологиясына жағымды әсер етуші жағдайлардың көп болуы.
Мысалы: бір ғана асық ойынында: мал мүшелерін айыру, көзбен мөлшерлеу, адымдау, еңкею, отыру, жүгіру, тепе-теңдікті сақтау, саусақ-қол икемділігі, сызықтар ара қашықтығын білу, шеңбер сызу, санау, қосу бөлу, алу көбейту, мергендік, тез қимылдау, дәлдік, сөйлеу, өз ойын жылдам түсіндіру, бояу түстерін айыру, асық салмағы мен жылдамдығын мөлшерлеу, келісімге келу, уәдеде тұру, талаптарды орындау, ойын ережесін және тәсілдерін үйрену, жекелей және топталып ойнаудың айырмаларын білу сияқты баланың өмірге бейімделуі мен санасының дамуына қажетті көптеген пайдалы тәрбиелік көруге болады.
Қазіргі кезде спорт түрлерін шартты түрде « бұқаралық спорт» және «жоғарғы жетістіктер спорты» деп бөледі. Осы бұқаралық спорт ішінде адамдардың дене тәрбиесі сұраныстарын неғұрлым жақсы қамтамысыз ете алатын көптеген спорт түрлері мен ұлттық ойындар бар.
Біздің «Үлкенбөкен мектеп – балабақша кешені» КММ-де спорттық үйірмелер баршылық, олар: тоғыз құмалақ, шахмат, ат спорты, шаңғы спорты, волейбол, баскетбол,тенис спорттық үйірмелер бар. Және де бұл үйірмеге балалар зор ынтамен қатысуда. Үйірменің де бірталай жетістіктері баршылық. Біздің мектеп спортпен қарқынды шұғылдануда.
Адам денсаулығына спорт елеулі септігін тигізеді. Мысалға ұлттық спорт ойындары.
Қазақта бұрын өзінің төл спортының нешеме түрі болған. Спорттың егіз қозыдай үйлесіп жатқан ұлттық ойындарымыз қаншама. Еуропа мүлгіп жатқанда күміс өмілдірікті аттың құлағында ойнап, үзеңгіні шіреп, адырнасын ала өгіздей мөңірете садақ тартқан біздің бабалар емес пе еді?! Ендеше атудың бүгінгі әлемдік сайыстарынан қазақ оғландары неге көрінбейді?! Көкпар тарту, теңге алу, жамбы ату, аударыспақ, қазақ күресі, хан дойбысы, тоғызқұмалақ. Қазақи спорттың қан базарын қыздырған Балуан Шолақ есімі еліміздің ең үлкен спорт сарайына берілуі де тегін емес. « Қансонарда бүркітші шығады аңға» деп ұлы Абай жырға қосқан саятшылық, ежелгі қыпшақтарда «Жылқы театры» болған дейді көне тарих жәдігерлері.Ал енді қазақтың ұмыт болған беймәлім ұлттық ойындары неше сан. Осынау бабадан қалған бекзат өнерлердің бағын ашатын, дем беріп тірілтетін, әлем жұртшылығына насихаттап танытатын да өзіміз емес пе?!
Қазақ халқында ұлттық ойындардың түрі өте көп. Және де олардың көбісі спорттық сипатқа ие. Алайда, өкінішке қарай, бүгінде ұлттық спорт түрлерінің бірқатары естен шығып, ұмытылып бара жатыр. Рас, еліміздің кейбір аймақтарында Ұлыстың ұлы күнінде ұлттық ойындарымыз еске алынып келеді. Бірақ жалпыхалықтық сипатта емес. Осыған орай, бүгінгі тақырыбымызда ұмытылып бара жатқан спорттық сипаттағы ұлттық ойындарымызды қайта саралап шыққанды жөн көрдім.
Ең алдымен, ұлттық спорттың ел үшін, қоғам үшін болатын қажеттілігіне тоқталып өтейін. Аталарымыздың жастар тәрбиесәнде үрпақтан-ұрпаққа мирас етіп қалдырған асыл қазынасы, ұлы мұрасы бар! Ол – Ұлттық ат ойындары, қазақ ат спорты!
Біздің қазақ халқы қашан да ұлттық ат спорт түрлеріне бай болған. Аламан бәйге, тоқ бәйге, тай жарыс, құнан жарыс, дөнен жарыс, жорға жарыс, көкпар, қыз қуу, теңге алу, аударыспақ, жамбы ату, ат омырауластыру, ат құлағында ойнайтын шабандоздардың « Ер жігіт ойыны», құсбегілік және тағы басқалары бағзы заманнан бері ұлы халқымызбен бірге жасап келеді.
«Аударыспақ». Қазақ халқында кен таралған ойын. Атқа мінген екі жігіт жекпе-жекке шығып, бірін-бірі аттан аударып тастауға тырысады. Түсінікті тілмен айтқанда, спортшылардың ат үстіндегі күресі деуге болады. Бұл ойын ептілікті, күштілікті, тапқырлықты, батылдықты талап етеді.
«Көкпар». Ұлттық ат спорты ойындарының бірі. Ойынның атауы «көк бөрте» (лақ) сөзінен шыққан. Орталық Азия халықтары арасында кең тараған ойын түрі. Көкпар тарту сияқты ұлттық ат спорты ойындары басқа да Шығыс елдерінде бар. Көкпарда жігіттердің күш-жігерін, төзімділігін мен ептілігін, ат үстінде мығым отыруын қалыптастырады.
«Қыз қуу». Ол ұлттық ат спорт ойыны. Қазақстанда «қыз қуудың» алғашқы спорттық жарыстары 1923жылы өткізілген еді. «Қыз қуу» жарысында атқа мінген жігіт айналып қайтатын жерге дейін алдында атпен шабуы керек. Бұл – жігіттің жеңгені. Қуып жете алмаса, қайыра шапқанда қыз жігітті оның атын қамшының астына алады. Бұл – қыздың жеңгені.
Сонымен қатар Ұлттық ат спорты – берекіліктердің дәнекері. Шеберліктің, шымырлықтың және ержүрек ұл-қыздарымыздың тәрбие мектебі екені мақтан тұтамыз.
Ұлттық ат спорты федерациясының президенті Сәдібек Түгел: « Менің мақсатым ұлттық спортты көтеру» деп мәлімдеді. Сондықтан біз де бұл мақсатты орындалуына септігін тигізейік. Өйткені біз ұлттық спортты дамыта отырып, қазақ еліміздің салт-нақышын тереңірек білуімізге жол ашылады және де өзімізге де денсаулығымызға елеулі септігін тигіземіз. Және де бұл жастармен еліміз қолға алуда.
2.Ипотерапия және оның маңызы
Осыдан 3жыл бұрын Өскемен қаласының іргесіндегі «Конный двор» орталығы ашылған болатын. Қалаға жақын әрі барып келуге аса қолайлы болғандықтан таза ауада тынығып, серуендеуді ұнататын белсенді қала тұрғындарының көпшілігінің таңдануы осы орталыққа түсіп отыр. Қыста коньки, шаңғы, жазда әсіресе салт атпен жүруді ұнататын демалушылар қатары көбейіп келеді.
• Негізіне атпен серуендеушілер жорығын ұйымдастырамыз. Жорыққа шығатын соқпақ жолдар да әртүрлі. Бұлар бұрын атқа мініп көрмеген немесе салт атпен жүруге әбден дағдыланған адамдарға арналған. Атқа мініп жүруді нұсқаушылар үйретіп, моршруттарды таныстырады. Тәжірибесі бар серуендеушілерге орта және күрделі маршруттар әзірленген.
• Атпен салт жүру адам ағзасында жағымды әсер етеді, ұзақ өмір сүруіне ықпал жасайтыны туралы кейінгі жылдары жиі айтылып жүр.
• Қандай ауру болсын үнемі ат үстіндегі адамға үстемдігін жүргізе алмайды. Осынау ұшы – қиырсыз созылып жаиқан кең байтақ далада ауыздығымен арпалысқан сәйгүліктеге сенім артқан біздің ата-бабаларымыздың денсаулықтары мықты болған. Мен де өз бетіммен ізденіп, тарихи шежіремізден біршама деректерді жинақтадым. Ғалымдар салт атпен жүрудің емдік сауықтыру үрдісіне әкелер тиімділігін дәлелдеген.
• Жылқы – балама медицинаның зоотерапия саласындағы бірден-бір «ақ халатты» абзал жануар. Мында да бір ауруға ем сүтін айтпағанның өзінде, жылқы үстіндегі серуен әлемнің көптеген елдерінде балалардың церебалды салдығы (ДЦП) ауруына ең тиімді емдік тәсіл ретінде қолданылады.
• Салт атпен жүру (иппотерапия) – ең керемет дене шынықтыру. Иппотерапия тірек-қимыл апаратының бұзуылында, атеросклероз, бас сүйек жарақатында, полимиелитте, асқазан-ішек ауруларында, простатитте, ақыл-ой жетіспеушілігінде ұсынылады. Ат үстінде жүру эмоциялық жағынан да жағымды әсер етеді, көңіл-күйді көтереді.
• Өкініштісі, жылқыны қазақ, қазақты жылқысыз елестету мүмкін емес біздің елде қымыз өндірісі де, жылқы медицинасы – иппотерапия да жөнді қолға қойылмаған. Әр жылдары әр өңірде иппотерапияны дамытуға деген мұндай жарқын бастамалар жасалады.
• Десе де, кешенді дамытуға келгенде, кедергілерге тап келеді. Енді бұл істі «Балбұлақ» республикалық оңалту орталығы мен «Дара» қайырымдылық қоры қолға алды.
• Иппотерапияның дамуына ат спортшысы дат қызы Лиз Хартельдің мына оқиғасы серпін берді. Полимиелитпен ауырған ол біртіндеп сал ауруына ұшырай бастады. Л. Хартель спорттағы мансапты енді мүлдем ұмытатын шығармын деп ойлады. Бірақ, бірде мүгедек арбасында отырған Лизді ипподромға әкелген кезде, ол қайтадан аттың үстіне отырып, аздап онымен серуендеуге талпыныс жасады. Мұнысы сәтті шықты. Жыл бойы осылай жаттыққан болатын. Дәрігердің оптимистік болжамдары былай болды: жүре алады, бірақ, екі аяқтың күшімен. Ат спортшысы Лиз Хартел 1952 жылы Хельсиндегі Олимпиядалық ойындарда салт жүруден күміс медальға ие болды. Осыдан соң Еуропада АҚШ-та иппотерапиялық орталықтары құрыла бастады.
• 1950 жылдардың соңында мұны психикалық және неврологиялық ауруларға қолдана бастады. Қазір 52елде иппотерапия орталықтары бар.
• Ал біздің елімізде салт атпен мінгізіп, ем жүргізу 90-жылдардың басында пайда болды. Бұл Қазақстандағы адамдарды емдеу мен оңалту үшін көмекші құрал – зоотерапияны дамытуға үлес қосады.
• Атпен жүрудің көмегімен емдеуді иппо-ат-терапия-ем, яғни иппотерапия деп атайды. Қазақстанда иппотерапия секілді сауықтыру әдісі әлі де болса кеңіне тарала қоймаған. Атпен емдеу пайдалы, мұны көпшілік біле бермейді. Дегенмен, бұл жаңаша әдісті дамыту жолында алғашқы қадамдар жасалып та жатыр. Мәселен, науқастарды салт атқа мінгізіп, емдеу мен оңалту әдісін соңғы екі жылдан бері біздің орталықта қолданысқа енгізіп отырмыз.
• «Берегиня» қайырымдылық қоры жаз айларында иппотерапия бағдарламасы аясында науқас ақыл-ойы кем дамымаған балаларға атқа міну терапиясын ұйымдастырып, салт атпен жүруге дағдыландыруда. Осы қордың ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі балаларға шама шарқысы бойынша көмектесуде.
• Алқиса, жылқымен емдеу әдісінің Францияда 1970жылдары «иппотерапия» деген атау алып, ресмиленгені болмаса, баланы салт мінгізіп, оны шынықтыру, сауықтыру – ата дәстүрдің бір бөлшегі. Әйтпесе қазақтың тақымы аттан жазылғаны бертінде ғана. Міне, сол бертінде ғана елімізде БЦС диагнозымен тіркелген балалар саны күрт өсіп кетті. Қолда бар жыл басындағы мәліметке сүйенсек, сал балалардың саны республикада 10 мыңның үстінде, ал жалпы мүмкіндігі шектелген балаң ұрпақ – 45 мыңға жуық. Міне, оларды біз әңгімелеп отырған жылқының емдік күшімен сауықтыру шарасы 2000 жылдардан бастап тәжірибеге аса бастады.Қазақстан Емдік дене шынықтыру дәрігерлері қауымдастығының президенті Людмила Дробышеваның айтуынша, ол уақытты дәрігерлер балаларды алыс ипподромға апарып, атқа мінгізіп, жаттықтыратын. Алайда онсыз да қимыл-қозғалысы қиын балаларды алысқа апару – оның денсаулығына да қауіпті әрі мол шығынды болғандықтан, бұл шара жалғау таппай, үзіліп қалды. Кейін тек 2008 жылы Алматыдағы «Ақсай» балалар ауруханасы базасында «Тұсаукесер» жобасы жүзеге асырылып, БЦС-ға шалдыққан балаларды аптасы 2-3 мәрте қала сыртына шығарылып, салт атпен серуендеу-сауықтыру шарасы қолданыла бастады. Сөйтіп, ем қабылдағандарды жылына 4 рет бақылау нәтижесінде, емдеу шарасына оң баға берілді. Ескере кету керек, бақылауда – қан анализі, кардиограмма, электроэнфаограмма, бұлшық ет тобы электромиографиясы кіретін барлық анализдер тобы анықталып, жақсы көрсеткіштер көрсетілді. Бұл тағы мәрте иппотерапияның БЦС сырқаттарын емдеуге тиімді тәсілдердің бірі екенін дәлелдеп берді. Осы жылы «Кеңес» әлеуметтік бейімдеу орталығы мен « Алтын тай» ат спортты клубының базасында «Шын жүректен» қоғамдық қоры да иппотерапия бойынша жобаны жүзеге асыра бастады. Людмила Дробышева жылқыға салт міну арқылы екі жақты ем алады екен. Біріншіден, жылқы малының дене қызуы адамдікінен 1,5-2 градусқа жоғары. Әлемдік тәжірибеде жылыту массаждарын жасағанда, дәл осы температурадағы қызуды қолданатыные ескерсе аттың табиғи жылылығы – табиғи, қоспасыз ем болып табылады. Оның үстіне, атпен баяу серуендегенде, адам денесіне минутына 100шайқау импульсі беріледі.
• -Ол –массаж, ат үстінде отырған адамның барлықбұлшық етті жұмыс жасайды Тепе-теңдікті сақтауүшін салт атқа мінген адам бойын жинауға, өзінің әрбір дене қимылын игеруге жаттығады. Жылқының әрбір адым алшақтығы адамдікімен бірдей, бұл арқылы ол өзінің адымын да есептеп үйренеді. Ал БЦС-ға шалдыққан балаға ең керегі де осы- жаттығу. Жылқы дегенің – табиғи тренажер, - дейді қауымдастық президенті. Бұл жылқының қсиетінің физикалық қыры болса,екіншісі – эмоционалдық сипатта. Оны көпжақты түсіндіруге болады. Мәселен, бала жаны, жануарды жақсы көреді, онымен сөйлеседі, сырласады, салт ат жүргенде көңілі көтеріледі. Екіншіден, ат үстінде, биікке жүрген бала әлемге жоғарыдан қарайды, сол арқылы оны өз-өзіне деген сенімдігі артады. Ал дәрігерлердің айтуынша, сенім мен көтеріңкі көңіл күй – нәтижелі ем алудың ен басты шарты боп табылады. Жылқының екі емдік қасиеті бірлескенде бір БЦС ғана емес, көптеген сырқатқа шипа. Олардың қатарында – тіреі-қимыл аппараттарының, сөйлеу ижүйесінің бұзылуы, психиканың баяу дамуы, Даун синдромы, артроз, құяң, остеохондроз, простатит, склероз, омыртқаның 1-2 деңгейде майысуы, жүрек-қантамыр аурулары, тіпті девианттық әрекеттерді де жатқызуға болады.
• «Тұсаукесер» жобасынан кейін Астана, Өскемен, Павлодар, Шымкент қалаларында да бұл іс шағындап болса да, қолға алына басталды. «Дара» қоры осы мақсатта «Иппотерапия» жобасын бастап, құрылысқа қажетті қаражат жинауға кірісіп кеткен. – Қазір 2239200 теңге жиналды. Ал қажетті қаражат сомасы – 10миллион теңге.

• Иппотерапия сал ауруымен ауыратын балалардың денсаулығын жақсартуға ең тиімді емдік тәсіл ретінде қолданылады. Салт атпен жүргенде олардың көңілі көтеріледі, өз-өзіне деген сенімділігі артады. Сонын әсерінен баланы жүруге, сөйлеуге бейімдеуге болады. Ал сенім мен көтеріңкі көңіл күй нәтижелі ем алудың ең басты шарты.
• Сонымен қатар ортопедиялық ауруларға, қозғалыс үйлесімділігі бұзылғандарға, сіңірі тартылып қалатындарға, омыртқа жотасы қисайғандарға мұндай дәрісіз емнің шипасы тиеді.

Зерттеу бөлімі.
Біздің ауылда ат спорт үйірмесі өтіледі. Ер және қыз балаларды ұлттық тұрғыда, ата-бабалар салып келген жол арқылы салауатты өмір салтын ұстану мен атадан қалған мұраны дамытып келе жатқан өркениетке ілестіріп, насихаттау мақсатын көздеген бұл АӘД пәнінің мұғалімі Мағзұмов Қайырлы Дәлелұлының ұйымдастыруымен өтеді. Апта сайын өтеді. Жетекшіміздің мақсаттарына тоқтала кетсек:
Үйірменің мақсаты:
• Ұлттық спортты дамыту.
Үйірменің міндеті:
• «Атадан қалған мирас болып келе жатқан асыл мұра баға жетпес ұлттық спортты келешек ұрпаққа насихаттау. Патриоттық сезімдерін Отан сүйгіштікті тәрбиелеу. Салауатты өмірді сақтау.

Ат спорт үйірмесіне қатысатын балалар тізбегі:
1.
Болашақтағы жоспар:
• Үлкенбөкен ауылында жаттығу «эподромын» салу.
• Базсын кеңйту.
• Өскемен жіне Семей қалаларындағы жылқызаводтарымен тіжиребе алмастыру,экскурсия қуру.
«Намыс» ұлттық спорт үйірмесінің олжалы жетістіктері:
• Аудандық әкім жүлдесінде «Аламан бәйгеде» 3орынға иелендік.Қатысушы- Сенбаев Еламан.
• «Жорға жарысында» арбамен 1-2 оынға иелендік. Аудандық көлемінде.
• Ақсуат ауылы «Аламан бәйгеде» 2 орын. Қатысушы: Гизотолаев Амангелді.
• Облыстық жүлдесінде 3орын.
• Биғаш ауылында 1-2орын, топтық құнай жарысы.
• Самар ауылы арбамен жарыс. Т.б
Сараптама нәтижелері.

1. Үйірмеге қатысып жүрген балалардың жалпы өзгерістерін талдауын жасасақ келесі мәліметтке назар аударайық:
А) Балалалар арасында қарым –қатынастары өзгерді.
Б) Оқу үлгерімі жақсарды
В) Денсаулықтары едәуір жақсарды.Мысалы қыс уақытында тумау аурумен 18 оқушыдан 15 мүлдем ауырған жоқ.



 Қорытынды:
Адам денсаулығына спорт елеулі септігін тигізеді. Ұлттық спорт ойындары, сонын ішінде ат спортының орыны ерекше.. Атадан қалған мирас болып келе жатқан асыл мүра баға жетпес ұлттық спортты келешек жас ұрпақ үшін денсаулықтың кепілі.. Сонымен қатар Ұлттық ат спорты – берекеліктің дәнекері. Шеберліктің, шымырлықтың және ержүрек ұл-қыздарымыздың тәрбие мектебі екені мақтан тұтамыз. Дені сау ұрпақ – елдің ертеңі дегендей болашақтың денсаулығы бүгіннен басталады

Әдебиет:
1.Қайдасың, қазағымнның қазанаты?!С.Түгел Астана 2004.
2.Аттың Шежіресі. Алматы 1981ж
3. Биология және салауаттылық негізі. 2010-5
4.Биология және салауаттылық негізі. 2005-1
5.дүрбілі жарыс-ұлттық намыс Жүлдыз.2011-12.
Категория: Творческие проекты учащихся | Добавил: izguttinova_aygul (2015-12-16) | Автор: Айгуль E
Просмотров: 2629 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-04-24, 8:18 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23299]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru