Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Творческие проекты учащихся

Проект "Экспо -2017 - менің болашағымның айнасы"
Аннотация

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Ғылыми-зерттеу жұмысы Астана қаласында өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі, оның сипаттамасы, мақсаты мен міндеттерін сараптап, оның сәулет құрылыстарымен таныстыруға арналған. Аталмыш жұмыста ЭКСПО форматындағы халықаралық көрменің мүмкіндіктері, атқарылып отырған міндеттер, болашақта бой көтеретін ғимараттар туралы айтылады.

Зерттеу жұмысының мақсаты. Менің ғылыми жобаны жазудағы мақсатым - елімнің болашақ азаматшасы ретінде ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне, оның жақсы өтуіне өзімнің аз да болса үлесімді қосу. ЭКСПО-2017 көрмесінің негізгі тақырыбы - "Болашақ энергиясы" маған өте қызықты. Өзім жаңа нәрселерді зерттеуді, көп ізденуді ұнатамын. ЭКСПО-2017 өткізу аясында көптеген ғимараттар салынады. Олардың әрқайсысы ерекше. Өзім ұнатқан ғимараттың макетін дайындап, оның ерекшеліктері жайында таныстырғым келіп отыр.

Осы қойылған мақсатқа жету үшін, жұмыста келесідей міндеттерді орындау алға қойылды:
1. ЭКСПО-2017 көрмесі деген не, ол не үшін қажет деген сұрақтарға жауап іздеу;
2. Елімізде ЭКСПО-2017 өткізу үшін қандай міндеттер атқарылды?
3. ЭКСПО-2017 көрмесінің ғимаратының макетін дайындап, жан-жақты зерттеп, оқушылар мен оқытушыларды оның сипаттамасымен таныстыру.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылы 14 желтоқсанда Қазақстан халқына жолдаған ««Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында Астана қаласында өтетін халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесінің ерекше маңыздылығы атап өтілген болатын. Ұлттық жоба Қазақстанның электр қамтамасыз етілуіндегі энергияның балама көздерінің өсімін, жасыл экономикаға құйылатын инвестицияның көлемінің артуын, орта және кіші бизнестің, инфрақұрылымның дамуын, Қазақстанның және оның жетістіктерінің әйгіленуін қамтамасыз етуі шарт. Осы мақсатта еліміздің оқушылары, жастары бірлесіп, өз қолдауымызды көрсетуіміз керек деп ойлаймын.

Мазмұны
Аннотация

I. Кіріспе

1. ЭКСПО-2017 - жарқын болашаққа бастама

II. Негізгі бөлім

1. ЭКСПО форматындағы көрмелердің әлемдік тарихы
2. Көрменің ғажайып сәулет ғимараттары

III. Қорытынды

1. ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі менің көзіммен

ЭКСПО-2017 - жарқын болашаққа бастама

2013 жылдың 10 желтоқсанында Париждегі халықаралық көрме бюросында Халықаралық маманданған «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің тіркелу құжаттамасын тапсырудың ресми церемониясы өтті.
Тіркелу құжаттамасының берілуінен кейін, 2014 жылы маусымда өткен келесі Бас ассамблеяда ЭКСПО-2017 өткізілуі ресми түрде мойындалғаннан кейін Қазақстан ЭКСПО-сити құрылысын қолға алып, қатысушы-мемлекеттермен келіссөздер жүргізуді бастаған болатын.
2013 ж. қарашаның соңында өткен Халықаралық көрме бюросының
Бас ассамблеясында ЭКСПО-2020 көрмесі өтетін қала анықталды.
Үшінші айналымның нәтижесі бойынша, 116 мемлекет Дубайға дауыс берсе, Екатеринбург қаласы 47 дауыс жинады.
Дубайдағы көрменің негізгі тақырыбы – «Болашаққа арналған саналар байланысы» болса, тақырыпшасы ретінде алынған «Тұрақты даму – су мен энергияның рационалдық көздері» - қазақстандық «Болашақ энергиясы» тақырыбының логикалық жалғасы болып табылады. Яғни, энергияны сақтау
2017 жылы да, 2020 жылы да түйінді мәселе болмақ.
Көрме әлемді көпұлтты мәдениет, көне тарих, өнер, дәстүрлер мен қазақстандықтардың қонақжайлығымен таныстырып, әлемдік қоғамдастықтағы Қазақстанның танымдылығы мен туристік қабілеттілігін арттырады.
Экспо-2017 Қазақстанның экономикалық, басқарушылық, инфрақұрылымдық, инновациялық-техникалық жүйесінің дамығандығын саралайтын емтихан болмақ, ол – мемлекет дамуындағы белгіге айналмақ.
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне дайындық үрдісі барысында Қазақстанның үкіметі келесідей бастапқы іс-шараларды жүзеге асырды:
• «Астана «ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы», Мемлекеттік комиссия және ЭКСПО-2017 Ұйымдастырушылық комитеті құрылды;
• 2013-2018 жылдар аралығын қамтитын халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесін дайындауға арналған ұйымдастыру және өткізудің ұлттық жоспары дайындалып, бекітілді. Ұлттық жобаны өткізу барысындағы іс-шаралар барысын мемлекет ішінде және дүние жүзі бойынша жария етуге арналған медиажоспар жасалынды;
• Жұмыс штабтары құрылып, жобаны тіркеу құжаттамасына сәйкес актуализациялауға бағытталған жұмыстар өткізілді. Дайындалған құжаттама көрмелік ұйым мүшелеріне 2013 жылдың 10 желтоқсан айында таныстырылды.
ЭКСПО қалашығының құрылысы ресми түрде 2014 жылдың 24 сәуірінде Елбасы қалашықтың капсуласын салып, дайындық жұмыстарының тұсауын кескен күннен басталады. Күллі әлем көз тігіп отырған айтулы шараның құрылысы айрықша жауапкершілік пен міндеттерді ұштастырар биік белес екендігі сөзсіз. Соған сай, еліміз үмітін үкілеген ғасыр құрылысын салу міндеті нысандар салуда кәсіби тәжірибеге ие «Sembol Uluslararasi», Mabetex компанияларына, BI-Group холдингіне, «СК Базис» ЖШС-не және Astana Group компанияларына жүктелді. Қазіргі сәтте ұлттық, халықаралық, тақырыптық павильондардың құрылысы қызу жүріп жатыршығына 175 гектар жер аумағы бөлінген. Сонымен бірге, ол көрме кешені орналасатын аумақтың 42 пайызы павильондарға берілсе, қалған аумақтарда мәдени шараларды өткізуге арналған ашық және жабық алаңдар орналасады
Әйгілі халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге үздік дайындық жасау үшін Астана әкімдігі 3 бағдарлама, атап айтқанда, «Astana – green city», «Astana mobility», «Welcome to Astana» бағдарламаларын әзірледі.
ЭКСПО-2017 дайындау барысында Ақмола облысында «Самал» энергиялық жел паркі, Қазақстандағы алғашқы «жасыл» кеңселік кешен – Tarlan Towers, Орталық Азиядағы ең биік ғамарат «Абу-Даби Плаза» т.б. ғимараттар салынады. Сонымен қатар, аймағында іскери-әкімшілік орталықтары, тұрғын үй кварталдары, парктер, әлеуметтік-мәдени нысандар салынады деп жоспарланып отырған «Жасыл квартал» салынады. Оның құрылысы ең соңғы энергиялық тиімділіктің жетістіктері негізінде жүретін болады. Сонымен қатар, ЭКСПО-2017 дайындық жүргізу барысында 2 қосымша өрт сөндіру деполары, Астана мен Қарағанды қалалары арасында 4 тармақты жол, Астана қаласында жеңіл рельстік көлік, теміржол вокзалы, 2 автовокзал, 8 жеке автопаркингтер және халықаралық әуежайдың жаңа терминалы салынбақшы. 2020 жылға дейінгі даму жаспары байнша Шортанды-Бурабай курорттық зонасы және Алматы қаласында қолда бар инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы жалғасын табады.
Астанадағы ЭКСПО кешені эскиз-идеялардың халықаралық конкурсының жеңімпазы Adrian Smith+London Grill Architecture компанияларының эксизі бойынша салынады. Компания Дубайдағы (БАӘ) «Бурдж Халифа», Джеддтегі (Сауд Арабиясы) әлемдегі ең биік ғимарат т.б. жобаларды жүзеге асырған.
Компания платформасында жасыл құрылыс және қайта жаңғыру энергиясы технологияларын пайдалануға қатысты тәжірибелер бар.

ЭКСПО форматындағы көрмелердің әлемдік тарихы

Бүкіләлемдік көрмелер тарихы 1851 жылы Лондонда өткізілген «Барлық халықтардың өндірістік жұмыстарының ұлы көрмесінен» басталып, бүгінгі күнге дейін жалғасуда.
1928 жылы Парижде көрме қызметін реттеу мақсатында Халықаралық көрме бюросы (ХКБ) құрылды. Бүгінгі күні ол өте ежелгі және өкілетті халықаралық құрылымдардың бірі (оған 166 ел мүше). Халықаралық көрме бюросы халықаралық көрмелер принциптері мен мақсаттарының сақталуын, халықаралық қызметтесу шеңберінде білім беру, инновациялар саласында, жалпыадамзат мәселелері бойынша пікір алмасу жөніндегі ғаламдық сұқбат-кездесулер ұйымдастыруды қадағалайды.

ЭКСПО көрмесі

ХКБ 1876 жылғы Филадельфиядағы Бүкіләлемдік көрмеге келушілер
Бүкіләлемдік көрмелерді өткізу орны мен олардың тақырыбы саяси, экономикалық, жағрафиялық және мәдени ерекшеліктерді ескере отырып анықталады. XIX ғасырда, Өндірістік революциялар, романтизм және позитивизм қоғалыстары кезеңінде көрме қозғалысын дамытуға қолайлы жағдайлар туындады. Өзінің құрылғанынан бастап Көрмелер халықтар арасындағы ынтымақтастыққа ұмтылды; сондықтан олар бір мезгілде «витрина» және адамзат прогресімен байланысты мәселелерді талқылау жөніндегі форумдар болып табылды. Кейде Бүкіләлемдік көрмелермен қатар салтанатты даталар мерекеленді. Көрмелер өткен мен бүгінгінің және болашақтың арасындағы байланыстырушы буын. Мәселен, 1889 жылы Парижде Француз Революциясының жүз жылдығы атап өтілді, 1876 жылы Филадельфияда АҚШ тәуелсіздігінің жүз жылдық мерейтойы атап тойланды; 1893 жылы Чикагода және 1992 жылы Севильяде Американың ашылуының бес жүз жылдығы атап өтілді, ал 1915 жылы Сан-Францискода Панама каналының ашылуы мерекеленді.

Көрнекті ғимараттар. Экспериментальды қалалар

1851 жылы Лондонда алғаш рет Бүкіләлемдік көрме қаланың орталығындағы барлық экспонаттар сыятын БІР ҒИМАРАТТА өткізілді. Ол үшін сол кезде жаңалық болып табылатын Хрусталь сарай салынды. Оның тіреу құралдарының оранжереясы өзінің жаңалығымен инженерлік конструкциямен, «Виктория Регия» алып кувшикасындағы қайталанытын суреттерімен ерекшеленді.
1855 жылдан бастап Бүкіләлемдік көрмені бір ғимаратта өткізу концепциясы ескіріп, көрме кеңістігін ұйымдастырудың жаңа нысаны – көрме алаңдары туындады. Сөйтіп, халықаралық көрме қалашықтары пайда болады. 1893 жылғы Чикагодағы “Ақ қала” осындай қалалардың алғашқы қарлығашы. Көрмелерді бұлай ұйымдастыру салынған нысанарды келешекте де пайдалануға мүмкіндік береді: экспозициялар көлдің айналасынағы араналар мен салаларда орналасты.
Бүкіләлемдік көрмелерде ұсынылған өнерлер арасында маңызды орын сәулетке берілді. Көрмені қабылдаған қалалар заманауилықтың,техникалық прогрестің, және бүкіл әлемге танымалдықтың белгісі болуға лайықты бірегей ғимараттар салуға тырысты: Брюссельдегі Атомиум, Барселонадағы Монжуич Ұлттық сарайы, Париждегі Эйфель мұнарасы …

Бірегей оқиға

«Экспо көрмесінің» өзі бір спектакль, мәдени және шығармашылық оқиғалар ретінде орын алып жатқан «әлемдік дегейдегі театр сахнасы» іспетті. Келушілерге Бүкіәлемдік көрмелердің мұрасы мен тарихы ұсынылды. Олар көңіл көтерудің жаңа нысандарының пайда болуымен байланысты ғажайып және қызықты оқиғаларға толы болатын: Ауа шарымен, дирижабльмен саяхат, кинематографтағы алғашқы қадамдар, т.б.
Көрермен Бүкіләлемдік көрмелерге ғылыми сабақ және жаңа білім алуға емес, көңіл көтерудің жаңа түрлерімен танысуға, ғажайып заттарды тамашалауға деген құлшыныспен келетін. Осылай XIX ғасырдың соңғы үшінші бөлігінде қазіргі аттрациондардың алғашқы нұсқалары пайда болды.
Бүкіләлемдік көрмелердің пайда болуы және қалыптасуы қарқынды ғылыми-техникалық прогрес жылдарына келді.Түрлі ғажайып механизмдер мен лайықтандырылған қарапайым құралдар – лифтер, транспортерлер, тігін машинкалары, сондай-ақ телеграф, электр жарығы, тоңазытқыш қондырғылар, роботтар – заманауи адамға үйреншікті өнертабыстар - әр жылдары Бүкіләлемдік көрмелерде алғаш рет ұсынылған болатын.
Дегенмен Бүкіләлемдік көрмелер – жұмыс және пікірталас орны, әлемдік мәселелерге назар аудару мүмкіндігі. Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңдегі көрмелерде технологияалық прогрестің өмірмен және тұрақты дамумен үйлесімдікке деген талпынысы көрініс табады.
Бүкіләлемдік көрмелерге қатысуға дарынды ақындар, суретшілер, мүсіншілер тартылды. Вагнер, Штраус, Верди көрмелерге арнап арнайы музыкалық шығармалар жазды. Көрмелер академиялық мәнердегі суретшілермен қатар батыл авангардистер өз жұмыстарын ұсынатын тамаша көркемсуретті галереяларға айналды. 1867 жылы Мане Париждегі Бүкіләлемдік көрменің суреттерін салса, 1939 жылы Дали Нью-Йоркте сюрреализм павильонын рәсімдейді, ал 1937 жылы Пикассо Париждегі көрмеде XX ғасырдың сиволына айналған «Герниканы» ұсынды.
Қабылдаушы қалалар үшін Бүкіләлемдік көрмелер – болашаққа қадам жасаудың тамаша мүмкіндігі. Көрмелер қалалардың өздері және аймақ үшін алып экономикалық әлеует болатын: жаңа технологиялар, құрал-жабдықтар, көлікпен тасымалдау жүйелері және қызмет көрсету, қалақұрылысы және сәулет салаларындағы алдыңғы қатарлы өнертабыстар. Бұлардың барлығы қала тарихында осында өткен Бүкіләлемдік көрме туралы өшпес із қалдырады.
Бүкіләлемдік көрмелер – өзінің масштабы, жаңашылдығы және келушілер саны бойынша бірегей оқиғалар. Бүгінгі күні ХКБ 166 мемлекет мүше, олардың барлығы өз елінде Экспо-ны қабыладап осындай елеулі оқиғаны өз жерінде өткізгісі келеді. Болашаққа белгіленген көрмелер: Бүкіләлемдік әмбебап көрме 2015 жыл Милан - “ Планетаны тамақтандыру, өмірге арналған энергия ”; Халықаралық мамандандырылған көрме 2017 жыл Астана (Казахстан) – «Болашақ энергиясы».

1851-1900

Бүкіләлемдік көрмелер XIX ғасырда экономика мен сауда-саттықтың бұрын-соңды болмаған өсуінің толқынында пайда болды. Ол уақытта Өндірістік революция кезеңіндегі империалистік әлем билеуші Европа болатын.
XIX ғасырдағы ауылшаруашылығын индустриаландыру дәуіріне дейінгі әлемдегі карнавалдар, жәрмеңкелер мен базарлар бірігіп, бірте-бірте жаңа нысандарға ие болып, өндірістік көрмелерге айналды. Мұндай көрмелер нағыз «витриналарға» айналды.Олардың барысында көрмені қабылдайтын елдер өз өнімдерін шығарып, өзінің экономикалық қуатын көрсетті. 1851 жылы Лондонда өткен «витрина-көрме» соның көрнекті айғағы.
Архитектор Джозеф Пакстонның туындысы Хрусталь сарай – викториандық Англияның кәсіпкерлік рухының көрінісі. Осы алып өнер туындысында, оның әйнекпен толтырылған металл конструкцияларында адам өмірін қайта оралмастай өзгерткен механизмдер мен өнертабыстар көрсетілді. Алып «машиналар галереясы» оның ең жақсы жарнамасы және сенсациясы болды.
Бүкіләлемдік көрмелердің танымалдығы жыл санап арта түсті. Прогрсс пен өндірістік дамудың көрінісі болып табылатын көрмелер өзін қабылдайтын елдердің болашақта табысты дамуының кепіліне айналды. Эйфель мұнарасы XIX ғасырдағы Бүкіләлемдік көрмелердің символына айналды. 300 метрлік зәулім биіктікке көтерілген көрермен нақты өмірден қол үзіп, қиялға шырқауға және инженерлік өнерге шынайы баға беруге мүмкіндік алды
ДАҒДАРЫСТАН – БОЛАШАҚҚА

1900-1939

Колониалдық империялар мен әсіре ұлтшылдық дәріптейтін елдер арасындағы бақталастық салдарынан 1914 жылы әлемдік деңгейдегі алғашқы әскери қақтығыстар басталды. Керемет дәуірдің рухы, бейбітшілік пен татулыққа ұмтылыс бірінші әлемдік соғыс траншеяларының құрбанына айналды.
Орыс революциясы, Ұлы тоқырау, 1929 жылы негізі қалана тастаған тоталитарлық режимдер, демократияға деген сенімнің жоғалуы, қайта қарулану – осының барлығы айналып өтуге мүмкін емес әскери қақтығыстың жақындағанын сездіртіп тұрды. Бүкіләлемдік көрмелер қауіп пен үрейден жасырынатын орынға айналды.
Көрмелер колониалдық жүйенің қаруына айналды. Жағрафияны алып, оны әлдебір хикаямен толтырып, отар елдегі өмірге ерекше әр беріп, олардың табиғатпен үйлесімдегі экзотикалық өмірін үлкен қаладағы күйбең тірішілікке қарсы қойды.

Инновациялар

Көркемсуретті авангардтық ағымдар мен академиялық дәстүрлерден ажыраудың шырқау кезеңі. Париж көрмесі 1937 жыл, замануи өнердің салтанатына айналды: Рауль Дюфи «Электричество Феясы» панносын ұсынды, ал Роббер Делоне авиация павильонын рәсімдеді.

Авангард және ойын-сауықтық көрініс

1904 жылы Сан-Луисте келушілер алғаш рет мұз салынған шәйдің, ыстық бұршақтың, орама балмұздақтың дәмін татып, жаңа туған сәбилерге арналған инкубаторларды тамашалауға мүмкіндік алды. 1939 жылы Нью-Йоркте алғаш рет телевидние саласында RCA жетістіктері мен алғашқы су турбинасы ұсынылды.

БЕЙБІТ КЕЗЕҢ ЖӘНЕ СЕЗІНУ

1958-1970

Екінші дүниежүзілік соғыс адамзатты адами тұрғыдан әбден тоздырды, әлем қоғамы жаңарудың қажеттігін сезінді. Бейбітшілікке және прогресске ұмтылыс Біріккен Ұлттар ұйымын құрудан және Бүкіләлемдік көрмелер рухынан көрініс тапты.
Бірақ мамыржай үміт пен ізгі ниет тағы да күнделікті өмірдің күйзелісіне ұшырады: Кореядағы қақтығыс, қырғиқабақ соғыс, екі полярлы әлем, ядролық дәуір… Деколонизацияға байланысты Африка және Азия континенттерінде жаңа мемлекеттер, олармен бірге халықаралық мәселелерге жаңа көзқарас пайда болды. Бүкіләлемдік көрмелер, жаңа әмбебап мәселені тегіс қамтитын сипатқа ие болды.

Әлемдік қоғамның ұмтылысы

Бүкіләлемдік көрмелер көңіл көтеру мен демалыстың мекеніне айналды: Монреальдағы “Ла Ронд” паркі, Осакадағы “EXPOland”. 1967 жылы Монреальде Роман Кройтердің “Лабиринт”фильмі көрсетілді, оны түсіруге және экранға шығаруға 4,5 миллион доллар жұмсалды.
Брюссель Атомиумы, Фуллера геодезиялық күмбезі және 1967 жылы Монреальде израильдік сәулетші Моше Сафди жасаған «Хабитат 67», Сиэтлдегі «Ғарыш инесі» және Осакадағы «Күн мұнарасы» адамзаттың жаңалыққа және замануилыққа ұмтылысының көрінісі болды.

Тұтынушылар қоғамының қалыптасуы

Бүкіләлемдік көрмелер көңіл көтеру мен демалыстың мекеніне айналды: Монреальдағы “Ла Ронд” паркі, Осакадағы “EXPOland”. 1967жылыМонреальде Роман Кройтердің “Лабиринт”фильмі көрсетілді, оны түсіруге және экранға шығаруға 4,5 миллион доллар жұмсалды.
1962 жылғы Сиэтлдегі Бүкіләлемдік көрменің тақырыбы - “Ғарыш дәуіріндегі адам". 1967 жылғы США-тың Монреаль қаласындағы павильонда көрермендерге ғарыш кемелері ұсынылды. Көрмелердің арқасында, ядролық апат қауіпі жылдарында халықтар арасындағы байланыс қалпына келтіріліп, ынтымақтастық нығая түсті. Мәселен, Канада конфедерациясының жүз жылдығын тойлау жылы Сент-Экзюпердің шығармасы «Адамдар планетасы» Монреальдағы көрменің тақырыбы болды.
Жаңа тәртіп орнатылды 1970 жылғы Осакадағы EXPO-да Жапония өзін жаңа әлемдік держава ретінде жариялады.
Оқиға орталығы – көрме символы – Күн мұнарасы орнылған Фестивальдер алаңы. АҚШ павильонында көрермен назарына «Аполлон-12» ғарыш кемесінің астронавтары әкелген ай тасы ұсынылды.

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ДӘУІРІ

1974-1998

Жетпісінші жылдардағы әлемдік мұнай дағдарысы қоршаған орта мен энергоресурс мәселелерін қайта зерделеудің кезекті кезеңіне айналды. Әлем екі полярлы болудан қалды, тоқсаныншы жылдар үміт пен оптимизм сезінген кезең болды. Орталық пен шалғай арасында өзара әрекеттесудің жаңа нысандары пайда болып, Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы алшақтық қысқарып, БҰҰ-ның халықтар форумы ретіндегі ролі күшейді, халықаралық қатынастар көптараптық сипатқа ие болды.
Осымен бір мезетте жаңа технологиялар екпінді дамиды: микропроцессорлардың, компьютерлердің, интернет байланысы, көлік және әр адамның күнделікті өмірі түбегейлі өзгеріске ұшырады. Жахандану процесі бүкіл адамзатты - «Жер көлеміндегі ауылды» қамтиды. Көрмелер жаңа тенденцияларды көрсетеді.

Дағдарыс және алаңдаушылық

1992 жылғы Севильядағы Экспо Өзен және теңіз навигациясының павильоны, А.О. Агеса.
Бүкіләлемдік көрмелер кезіндеэнергетикалық дағдарыс және экология сияқты халықаралық өмірдегі ең өзекті мәселелер қаралды. Қырғиқабақ соғысы аяқталғаннан кейінгі алғашқы көрме 1992 жылы Севильяда өтті. Онда біріккен Германия өздерінің бірыңғай павиьлонын ұсынды, Балтық жағалауы мемлекеттері дербес павильондарын орнатты.
Ең өзекті деген тақырыптарды талқылауға деген ұмтылыс көзге ұрып тұрды: тұрақты даму, экологиялық проблемалар, табиғи ресурстарды тұтыну мәселесі. Севилиядағы көрмеде қоршаған ортаға қызығушылық байқалды: көрме қаласында келушілер жазғы андалуз ыстығын оңай қабылдайтын арнайы микроклимат орнатылды.
Бүкіләлемдік көрмелер әруақытта өткенді еске алудың және одан болашаққа пайдалы заттарды алудың таптырмас мүмкіндігі болатын. 1986 жылы Ванкувердің жүз жылдығы мерекеленді, ал екі жылдан кейін Брисбенде Австралияның екі жүзжылдығы атап өтілді; Колумб туған Севилья мен ГенуядаАмериканың ашылуының бес жүз ғасырлық мерейтойы тойланды, 1993 жылы Тэджонде Кореяның бүкіләлемдік көрмеге алғаш рет қатысуына жүз жыл толғаны мерекеленді ( Чикаго 1893 жыл), ал 1998 жылы Лиссабонда Васко да Гамоның Үндістанға жетуінің бес жүз жылдығы атап өтілді..
Севильяда алғаш рет көрмені орналастыруға тарихи ескерткіш пайдаланылды, осы көрмеде көрме аяқталған соң көрме алаңын пайдалану тәжірибесі жинақтала бастады: XV ғасырда салынған Санта-Мария-де-лас-Куэвас монастырі, Баркет және Аламильо көпірлерімен қатар көрменің символына айналды, ал Картуха аралында бүгін ойын-сауық Картуха-93 паркі орналасқан. Севильядағы көрмеде бүкіл әлемнен әкелінген көрнекті экспонаттар ұсынылды: “ Америка алтыны” – колумбиялық дәуірге дейінгі кезеңнің алтын заттардың ең жақсы экспозициясы, көлемі көлемі 60 тонна айсберг. Сондай-ақ көрмедеАмериканың ашылуына арналған тақырыптық павильондар ашылды.

ЕРТЕҢГІ КҮН ТАМАША БОЛУҒА ТИІС

2000-2010

11 қыркүйек болашақ қуаныш жарқын болады деген сенімге күдік тудырғандай болды. Адамдар өздерінің қауіпсіздігіне сенімсіздікпен қарап, лаңкестіктен, жаппай қырудың қарау-жарағының таралуынан, климаттың өзгеруінен қауіптене бастады.
Халықаралық күн тәртібіне жаңа мақсаттар шығарылды; Оларды орындауға ортақ көзқарас және ортақ қимыл қажет. Бүкіләлемдік көрмелер бұрынғыдай әлем халықтары кездесетін и өзара байланыстың және қызметтерді бөлудің тиімді жолдарын іздейтін орын болды.
Жаңа мыңжылдық, жаңа құндылықтар
Жаңа мыңжылдықтың Бүкіләлемдік көрмелері заманауи қоғамның талаптарына жауап береді: оларда жаңа технологиялар, дизайн жетістіктері, демалыс және ойын-cауық саласы,жаңа сәулет нысандары ұсынылған; сонымен қатар көрмелер жаңа маңызды жаңалықтар мен түсініктерді талқылайтын орын: экология, пацифизм, тшыдамдылық, өзара сыйласымдық және мәдениеттер мен халықтар арсындағы диалог. Көрмелер жаңа құндылықтардың дәнекері.
Тұрақты даму, қалыпты өсім, қоршаған орта проблемалары, технология шекаралары – онжылдық көрмелерінің өзекті мәселелері. 2000 жылғы Ганновердегі көрменің тақырыбы «Адамзат, табиғат және технологиялар»”, 2005 жыл Айчи – «Табиғат даналығы», 2008 жыл Сарагоса – «Су және көңілге қонымды даму», 2010 жыл Шанхай - «Жақсы қала – жақсы өмір».
Ынтымақтастық және білім беру басымды бағыттарға айналды. «Адамзат, табиғат и технологиялар» тақырыбымен Ганноверде өткен көрме ынтымақтастық бойынша жобалардың бүкіл әлемде, Аляскадан Гаваяға дейін дамуына әсер етті. Шанхайдағы көрмеде бүкіл әлем қалаларының өкілдері қаладағы өмір сапасын арттыру бойынша тәжірибе алмасты.
Бүкіләлемдік көрмелер – бұрынғыдай өз еліңді жақсы жағынан көрсетудің таптырмас жолы: біріккен Германия 2000 жылы Ганновердегі көрмеге қатысты. Айчидегі көрме Жапониядағы ұзаққа созылған дағдарыстан көңілді бұруға мүмкіндік берді. Сарагосадағы көрме – орта көлемдегі қалалардың халықаралық масштабтағы шараларды тартуға ұмтылысының көрінісі. 2010 жылғы Шанхайдағы Бүкіләлемдік көрме және 2008 жылғы Пекиндегі Олимпиада ойындары Қытайдың қуатын растады.

АЙЧИДЕГІ БҮКІЛӘЛЕМДІК КӨРМЕ

2005 жылғы 25-наурыздан 25-қыркүйекке дейін Жапония «Табиғат даналығы» тақырыбындағы Бүкіләлемдік кезекті көрмені қабылдады. Көрме Нагоя қаласының шығысындағы төбелерде, Нагакута, Тойота және Сето қалаларында орналасты.
Бұл Бүкіләлемдік көрме –XXI ғасырдағы алғашқы көрме. Оның тақырыбы – әлем халықтарының даналығы мен күшіне арқа сүйей отырып, нағыз үйлесім орын алатын болашаққа қарай жылжу.
Аумағы 170 га көрме Айчи префектурасы Нагоя қаласының шығысындағы төбелерде орналасты. Ол екі аймақтан тұрды, олардың арасындағы қатынас арқан жолмен жүзеге асырылды: Нагакута, аумағы 157 га – негізгі шараларды өткізу орны, және Сето – 15 га алқапты алған табиғат пашалығы, көрменің рухани орталығы, келушіге жанды табиғатпен тікелей араласуға мүмкіндік беретін жер.
Көрме тақырыбына сәйкес қабылдаушы ел – Жапонияның павильоны себет іспетті күйде бамбукпен қапталған. Павильон түрлі экспериментальды технологияларды пайдалана отырып жарақтандырылған; онда энергиямен қамтамасыз етудің инновациялық жүйесі орнатылды, ол кондиционерлердің үнемді жұмыс істеуіне мүмкіндік берді, шатыр фотокаталитикалық элементтерден тұрды. Павильон концепциясы үш маңызды принципке негізделген: утилизация, шығынды үнемдеу және қайта өңдеу.
Павильон конструкциясы табиғаттың жапондықтар өміріндегі орны, табиғатты, білімді және технологияларды біріктіріп, қарым-қатынасты жолға қою, бұрынғыдай адам мен табиғат арасындағы тұрақты қатынасты орнату. Экспонаттар арасында - «Жерді көру» - 360° сфералық экрандағы жер шарының моделі.
125 елдің және халықаралық ұйымдардың экспозициялары 6 «жалпы аймақта» орналасқан. Жапонияның көптеген жеке павильондарында келушілер ең озық технологиялармен танысты. Осы павильондардың кейбіреулері көрменің бетке ұстар экспонаттары – мәселен, роботтар спектаклін қойған «Тойота» компаниясының паильоны.
Көрме 185 күнге созылды.Осы уақыт ішінде спектакльдер бір сәт толастамады. “Ванаку аралының қазынасы” павильонында көрмеге келушілерге түрлі ойын-сауық ұсынылады.

САРАГОСАДАҒЫ БҮКІЛӘЛЕМДІК КӨРМЕ

2008 жылғы 14-маусынан 14-қыркүйекке дейін Испанияның маңызды қалаларының бірі Сарагоса "Су және тұрақты даму" тақырыбындағы Бүкіләлемдік көрмені қабылдады. Үш ай бойы барлық назар су тақырыбына аударылды.
Көлемі 25 га гектар көрме павильонын көрнекті сәулеттші-авангардистер дайындады. Мұнда түрлі сиқырлықтар мен тосынсыйлар болды; мұнда цунамиді шақыратын имитаторлар және Европадағы ең үлкен аквариум орнатылды. Келушілер ұлттық асхана тағамдарынан дәм татуға барлық әлем халықтарының мерекесіне қатысуға мүмкіндік алды.
Қазақстан 2008 жылғы EXPO-да
Сарагосадағы 2008 жылғы EXPO-да, Қазақстан 104 қатысушы елдер арасында "С" санатындағы павильондар арасында павильон рәсімдеудің ішкі және сыртқы критерийлері бойынша қола марапатқа ие болды.
Осы Бүкіләлемдік көрмеге қатысқан Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осындай көрмені Астанада өткізудің мүмкіндігі туралы айтты.

ШАНХАЙДАҒЫ БҮКІЛӘЛЕМДІК КӨРМЕ

2010 жылы 184 күн бойы – с 11 мамырдан 31 қарашаға дейін – Қытай Халық Республикасында Бүкіләлемдік көрме өтті. Көрме тақырыбы - “Жақсы қала – жақсы өмір”. Көрме жұмысына 198 ел және 27 халықаралық ұйымдар қатысты. Көрмеге 70 млн. жуық адам келді.
Көрме Хуанпу өзенінің қос жағалауында Нанпу және Лупу көпірлерінің арасындағы 5,28 шаршы метр алқапта орналасты. Кіру билеті 3,28 шаршы метр көрме алқабын қарауға мүмкіндік береді. «EXPO парк» - көрме қалашығаның аумағында орналасқан келушілерге әр уақытта ашық жасыл алқап.
Мұндай аймақ алғаш рет дәл осы Шанхай көрмесінде ашылды. Осы жерде қаладағы өмір сапасын жақсартудың бірегей жобалары ұсынылды. Аймақ қала тұрғындары қалаларды салу және дамыту саласындағы тәжірибемен алмасу жөніндегі алаң ретінде ойластырылған болатын.
Қазақстан EXPO-2010-да
Қазақстана павильоны "Азия" аймағында Жапониия мен Оңтүстік Кореямен көршілес орналасқан. Шанхай EXPO-2010-дағы Қазақстан павильонының басты мақсаты – Астананы халықаралық деңгейде әлемдегі ең жас және қарқынды дамып келе жатқан елдің астанасы ретінде таныстыру. Қазақстан ұлттық экспозициясының тақырыбы "Астана – Еуразия жүрегі". Павильонға 1 млн.жуық адам келді..

ЁСУДЕГІ БҮКІЛӘЛЕМДІК КӨРМЕ

2012
2012 жылғы 12-мамырдан 12-тамызға дейінгі аралықта Оңтүстік Кореяның Ёсу қаласы «Жанды мұхит және жағалау» тақырыбындағы Халықаралық мамандандырылған көрмені қабылдады.
EXPO көрмесінен басқа аумағы 250,000 шаршы метр көрме аумағында EXPO қалашығы, көлік қоятын орын (парковка), саябақтар (парк), жасыл желектер, мейрамханалар, мұражайларжәне дәмхана орын тепті.
Көрме бұл жерге кездейсоқ орналастырылмаған. Көрме өзінің тақырыбына толық сәйкес келетін мұхиттың көрікті жағалауына орналасқан.
Көрме аумағы Халюсидо Ұлттық Паркімен және Одонг аралымен шектесіп, табиғи жағдайы EXPO тақырыбын жандандыра түсетін 317 шағын аралдармен қоршалған.
Ёсу EXPO-2012 халықаралық қауымдастықтың әлемдік мұхиттың және жағалаудың қызметі мен құндылықтары туралы танымын кеңейтіп, теңіз саласында қызметтесуді жолға қою қажеттігін көрсетті.

EXPO-2012-дегі Қазақстан

Қазақстан төрт рет ЭКСПО Бүкіләлемдік әмбебап көрмесінде өз павильонын орнатты. Қазақстан өз павильонын мәдениет пен ғылымдағы, бизнес пен туризмдегі дәстүрлерге және инноваицяларға сәйкес құрды. Павильон су тақырыбына арналып, Қазақстан тарихы мен дәстүрлері, оның заманауи өмірі және болашақ перспективалары туралы әңгімеледі. Біздің павильон 6 аймақтан тұрды. Келушілер бүкіл павильондар бойынша көрсетілген интерактивтік шоуды тамашалады және оған қатысты. Қазақстан павильоны ол кезде «Болашақ энергиясы» тақырыбы бойынша ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге үміткер қала Астанаға ерекше назар аударды.

Халықаралық Көрме Бюросы

Халықаралық Көрме Бюросы 1928 жылы 22 қараша айында, Париж қаласында қол қойылған Халықаралық көрмелерге қатысты Конвенция өтінімдерін қамту және бақылау негізінде құрылды. Оның мүшесі болып мүше-мемлекеттердің Үкіметтері болып табылады.
ХКБ штаб-пәтері Париж қаласында орналасқан.
Бюроның құрамына Бас Ассамблея, Президент, Атқарушы комитет, Мамандандырылған комитеттер кіреді (1928 ж. 22 қарашада, Париж қаласында қол қойылған Халықаралық көрмелерге қатысты Конвенцияның 25 бабы).

ЭКСПО-2017 көрмесінің ғажайып сәулет ғимараттары

ЭКСПО-2017 орталығы және символы ретінде 120 м диаметрлік сфера түрінде жасалған Қазақстанның орталық павильоны орын алады. Ол бірнеше қабатты, жалпы аумағы 24000м квадрат аймаққа салынады.
Қазақстан павильонының айналасында халықаралық, тақырыптық, корпоративтік павильондар салынып, олар интеграцияланған құрылыстар тобын құрады. Тақырыптық павильондар қатарына – «энергия әлемі», «бәріне арналған энергия», «Болашағымның энергиясы» павильондары салынады.
Көрмелік зонада өнер орталығын жасау жоспарлануда. Ол көрменің мәдени – ойын-сауық бағдарламасына арнайы салынады. Мұнда демеушілер мен серіктестердің корпоративтік павильондары, балама энергияны пайдаланудың ең жарқын мысалдары, Конгресс-орталық орын тебетін болады.
ЭКСПО қалашық құрылысы: Есіл ауданында, Қабанбай батыр, Хусеин бен Талал, Орынбор, Рысқұлов даңғылдарының шаршысында жүреді.
Бір кешенде архитекторлар Үшінші индустриалдық революцияның бес бағанасын көрсетуге талпыныс жасады. Осылайша, ЭКСПО-2017-ге келушілер қолданатын энергияның үлкен бөлігі жаңартылған энергия көздерінен алынатын болады.
Елордадағы ЭКСПО-сити бұл – үшінші өнеркәсіптік дәуірдің бірінші қаласы. Қыркүйек айында Астана ЭКСПО-2017 көрме кешенінің ең үздік эскиз-идеясы оның ішінде ЭКСПО-2017 нысанының символы анықталатын халықаралық байқаудың қорытындысы шығарылды. Арнайы құрылған техникалық кеңес байқауға келіп түскен жобалардың ішіндегі ең үздік те маңызды 10 жобаны іріктеп алды. Енді осы жобалардың ішінен Астана ЭКСПО-2017 көрме кешенінің ең үздік эскиз-идеясының жеңімпазы анықталатын болады. Болашақ ЭСКПО-сити орталығында Бәйтерек монументі және Назарбаев университетімен бір бағытта орналасқан Қазақстан павильоны бар.



Павильон дизайны заманауи киіз үйге ұқсас жасалған. Бұл жоба дәстүрлі қазақ архитектурасының жаһандық өркениетке ұласқан заманауи келбетін паш етеді. Бұл іске жобаның авторы Адриан Смит бастаған АҚШ сәулетшілері тобы. Америкалық авторлар өздернің негізгі ойын дәстүрлі киіз үйдің отбасы көлемінде ауқымдалған кішірек тұжырымдамасын бүкіл қоғам көлеміне жауап беретін үлкен заманауи киіз үйге ұластыра отырып беруге тырысады. Жобаның сыртқы диагоналдық керегесі заманауи киіз үй құрылымының сыртқы көлемінің жиегі ретінде қызмет етеді.
Халықаралық байқауға келіп түскен екінші бір эскиз-идеяның жобасы «Болашақ әлемі» деп аталады. Эскиз-идеяның авторы КазГор жобалау академиясы ЖШС. Бұл жобаның негізіне адам және ғарыштың үздіксіз байланысы идеясы алынған. Ұлы жарылыс салдарынан пайда болған галактикалық элементтер аспан асты кеңістігіндегі тіршілік көзі болып табылады. Бұл жобаны жасаушылардың көзқарасы бойынша, Қазақстан болашақта ғарыш энергиясын игерудегі көшбасшы болуға тиіс. Авторлардың мәлімдеуінше, эскиз-жобадағы гелио немесе күн желкені балама қуат көздерін ашатын болашақ халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы болмақ. Бұл орталық болашақта жер биоқуатын сақтауды шешуші рөл ойнайды. Жобаның негізгі тұжырымы – жаңартылған балама энергия қуатының халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы ЭСКПО-2017 символына айналады.



Халықаралық байқауға келіп түскен жобалардың ішінен іріктеліп алынған келесі бір эскиз-идея – «Болашақ энергиясының кеңістігі». Эскиз-идеяның авторы – Christopher Hoffman. Бұл эскиз-идея бойынша ЭКСПО-2017 көрмесінің жер аумағы идеясы бүкіл тіршілік өзегі күн іспетті ойластырылған орта тұста орнатылған ЭКСПО кеңістігінің мінсіз формасынан туындаған, ол болашақ энергия¬сы идеясын білдіреді. Осы орталық нүктеден қоршаған кеңістікке бірнеше сәуле тарайды. Сәулелердің бағытымен орналастырылған халықаралық павильондар толқынды дөңгелек шатырмен байланыстырылған және алқақотан отырған адамдар бейнесін түзеді.



«Болашақ энергиясы кеңістігінің» сатылы орталық тұғыры — ЭКСПО-Террассалар — бүкіл ЭКСПО бойынша қоғамдық кездесулер орны болады. ЭКСПО шеңберіндегі көрме алаңдары әрқайсысы 2 деңгейден тұратын 16 негізгі павильоннан құралады. Павильондар кең ЭКСПО-галерея арқылы жалғасады, бұл тамаша бағыттарды қамтамасыз етеді, сонымен қатар, қосымша көрме орындарын орналастыруға мүмкіндік береді. Ұлттық павильондардың барлығы да осындай болады, 2-ші үлгілері болмайды. Көрмеге келушілер тамашалайтын әртүрлі көрмелер мен павильондардың араларындағы жиі орналасқан өтпелі аумақтарда қызмет көрсету нысандары, мейрамханалар орналасады.
Келесі эскиз-идея – «Желгігүл» мұна¬расы. Оның авторы – Manfredi Nicoletti. Астана ЭКСПО-2017 — бұл халық¬ара¬лық көрмелер тарихындағы жаңа кезең. Сондықтан Лондон қала¬сында өткен «ЭКСПО-1851» және Парижде өткен «ЭКСПО-1900» сияқ¬ты, «Астана ЭКСПО-2017» архитек¬ту¬ра¬сында тарихта тұңғыш рет бола¬шақ энергиясына негізделген 3-ші өнер¬кәсіптік революция қағидалары іске асырылатын болды.



Астана ЭКСПО-2017 көрмесінің нысандары тек үлкен әсер беретін терең мағынаға ғана ие емес, сонымен қатар, жаңа кезеңнің – 3-ші индустриялық революция дәуірінің басталуының нысаны ретіндегі Астана ЭКСПО-2017 көрмесінің асқақ мақсаттарын меңзейді.
Дүние жүзінің аты әлемге әйгілі 50 атақты архитекторы осы көрмеге өз жобаларын ұсынды. Әлемнің әрбір атақты қалаларының өзіндік архитектуралық символы болады. Мәселен, Парижде Эйфель мұнарасы, Сент-Луисте атақты Арка болса, Сиднейді ғаламат опера театры арқылы елестетеміз. Сонымен бірге дәстүрлі тарихи шежіресі бар ЭКСПО бүкіләлемдік көрмелердің де әйгілі сиволдары бар. Ал, Қазақстан үшін,
ЭКСПО-2017 экономика жағынан жаңа сатыға көтеріліп, дамудың жаңа деңгейіне өтуге серпіліс берер ұлттық маңызы бар жоба болатыны айқын.

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі менің көзіммен

«ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесіне 100-ден астам елді тарту көзделуде. Елордамызда ететін осынау әлемдік әйгілі шараға қатысуға ниет білдіріп отырған елдердің қатары қазіргі күні алпыстан асты. Осы ретте «Болашақ қуаты: қуатты тиімді пайдалану атты халықаралық семинар барысында «Астана ЭКСПО – 2017 ҰҚ АҚ халықаралық қатынастар департаментінің директоры Н. Ергешбаев «Бұл көрме 3 айға жуық уақытқа созылады. Экспо-қалашық Астана қаласы маңындағы бос жер теліміне орналасады. Жалпы аумағы 174 гектар жерді алып жатыр. Қазіргі таңда көрменің іргетасын қалау жұмыстары басталып та кетті. Оларды жыл соңына таяу дейін аяқтау көзделуде», - деді. Жоспар бойынша көрмені тамашалауға дүниежүзінен 5 миллионнан астам адам келеді деп болжанып отыр. Сол үшін де Экспо-қалашық аумағында тұрғын үй кешендері және көпфункционалды сауда ойын-сауық кешендері салынады.
Елімізде ЭКСПО – 2017 халықаралық көрмесін өткізудегі басты мақсат – энергетика саласынлағы бүкіл әлем бойынша ең озық технологияларды және тың идеяларды халық назарына ұсыну. Осы ретте көрме нысандарында тек балама қуат көздері қолданылатын болады.
Елімнің болашақ азаматы ретінде ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне, оның жақсы өтуіне өзімнің аз да болса өзімнің үлесімді қосқым келеді. ЭКСПО-2017 көрмесінің негізгі тақырыбы - "Болашақ энергиясы" маған өте қызықты. Өзім жаңа нәрселерді зерттеуді, көп ізденуді ұнатамын. ЭКСПО-2017 өткізу аясында көптеген ғимараттар салынады. Олардың әрқайсысы ерекше, ғажайыптарға толы секілді.
ЭКСПО 2017 - еліміздің болашағы, жастардың үміті, менің де келешегім. Энергия, адам мен космостың арасындағы байланыс, энергияның балама көздері сияқты тақырыптарға қызығатын мен үшін алдағы уақытта елордамыз Астана қаласында өткізілгелі отырған халықаралық мамандырылған көрме ең бір қызықты, өмірімдегі маңызды оқиғалардың біріне айналады. Өзім ЭКСПО-2017 жайында баяндайтын мультфильмді қызыға қараймын. Ғимараттары жайлы мақтана, таңдана ақпарат жинауға тырысамын.
ЭКСПО-2017 сияқты шараның елімде өткізілгелі отырғанын мақтан етемін. 2017 жылы өзім сипаттап, макетін жасаған ғимаратты өз көзіммен көремін деп үміттенемін. Оған да аз уақыт қалған секілді. ЭКСПО жолымен жарқын болашаққа аттанайық!

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Б.К.Султанова EXPO-2017: «Энергия будущего».Коллективная монография., - Алматы: КИСИ при Президенте РК, 2014. – 100с. С.83-84.
2. Варкентин Е.В. Телембаев Ғ.Т. Астаналар туризм мен көрмелер орталықтары: халықаралық ғылыми конференциядағы баяндамалар жинағы. Астана: Елорда, 2013. – 440 бет. С.21.
3. Экономика ұлттық апталық газеті №43(372) 30 қазан – 5 қараша, 2014 Ботагөз Әбдірейқызы «Қалашық құрылысы қыза түсті».
4. expo2017astana.com ресми сайты
Категория: Творческие проекты учащихся | Добавил: mrm_tst (2016-05-11)
Просмотров: 5404 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-04-23, 1:10 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23299]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru