Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Личности

Қазақ елінің ғұламалары
Мақсаты: Халқымыздың бірлігін көрсету. Ана тіліміздің мәртебесін жоғары ұстау. Туған жерге, туған еліне, туған тіліне сүйіспеншілік сезімін ояту. Қазақ еліне деген ұлттық, патриоттық тәрбие беру. Жарқын болашаққа білімді жас ұрпақ тәрбиелеу.
Түрі: ауызша журнал
Көрнекілігі: бүктемелер, интерактивті тақта, «Тарихи тұлғалар» энциклопедиясы.
Сабақ жоспары: 1.Ұлы хандар
2. Дана билер
3. Батырлар – ел қорғаны
4. Желтоқсан жаңғырығы
Сабақ барысы:
Тәрбиеші: Ерлігінен хандардың басталады
Егемендік ерліктің мол бастауы – демекші сабағымызды қазақ елінің Ұлы хандарынан бастайық.
(слайдтан хандар суреттері көрсетіледі)
Әбілқайыр хан (1693 – 1748 жж)
Кіші жүз ханы. Шыңғыс ханның он бесінші ұрпағы.
1710 жылы Қарақұмдағы халық жиынында жас Әбілқайыр Кіші жүз әскерінің қолбасшысы және хан болып сайланды, ал түмен болып атақты батыр Бөгенбай тағайындалда.
Әбілқайыр жастайынан батылдығымен танылып, дарынды әскербасы және білгір саясаткер болды.
Әскербасы Әбілқайыр халық жастарында қыруар істер атқарды, соғысу қабілетін жоғары деңгейге көтерді және қарулы күштердеадамгершілік рух пен патриотизмді марапаттап отырды.
Кіші жүз тұрғындары өте ауыр әскери жағдайға тап болғандықтан, тығырыққа тірелген Әбілқайыр Ресейден көмек сұрауға мәжбүр болды. Ресейдің қол астына еніп, жан сақтап қалу үшін Әбілқайыр 1730 жылдың күзінде елші жебереді. 1731 жылдың ақпан айында Кіші жүз қазақтарын Ресей үкіметі өз қарауына алуға келісім береді.
Әбілқайыр 1748 жылы 1 тамызда өзінің ата жауы Барақ сұлтанның қолынан қаза табады.
Абылай хан (1711 – 1781 жж)

Қазақ Ордасының ханы, Қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері. 1743 жылға дейін Орта жүздің сұлтаны болған. Әбілмәмбет қаза болған соң Абылай Ұлы жүздің ханы болды.
Абылай ханның ата-бабалары Шыңғыс ханның ұлы Жошы ханның ұрпағы болып табылатын – Қазақ Ордасының негізін қалаған Әз Жәнібектен тараған.
Жиырма жасында хан сайланған Абылай жарты ғасырға жуық хандықты абыроймен басқарады. Ол зерделі саясаткер, білімдар дипломат, дарынды қолбасшы болды. Оның көздеген мақсаты мемлекетті нығайту еді.
1743 жылы Түркістан қаласында үш жүздің хандары бір тудың астына бірігіп, Абылайды ресми түрде Қазақ ханы етіп сайлайды. Ол билік құрған жылдары алғаш рет қазақтар мен қалмақтар арасында бейбіт келісім жасалады. Ресеймен, Қытаймен тату көршілік қарым-қатынас орнатылды.
Тарихи тұлға Абылай ханның қол жеткізген жетістіктері сол кезеңде Қазақ мемлекеті өте күшті болғанын айғақтайды.
Тәрбиеші: Академик В.В.Радлов (ХІХ ғ.) «Қазақтар ... мүдірмей, кідірмей ерекше екпінмен сөйлейді. Ойын дәл, айқын ұғындырады. Ауызекі сөйлеп отырғанның өзінде сөйлеген сөздер ұйқасып, ырғақпен келетіндігі соншалық, бейне бір өлең екен деп таң қаласың», - деп қазақтардың тапқырлығы мен шешендігі өзіне ерекше әсер еткендігін жазған. Ендігі кезекті дана билерге берейік.
(слайдтан билер суретері көрсетіледі)
Әйтеке би (1644 – 1700 жж)

Әйтеке Байбекұлы – қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Әлім тайпасының төртқара руынан шыққан. Әмір Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл парсы, өзбек, қырғыз, қазақ жұрты «Синесоф буа» (жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің үшінші ұрпағы. Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Есім ханның тұсында Самарқанды билеген Жалаңтөс батырдың жақын туысы. Әйтеке бес жасында молдадан оқып сауаты ашқан.
Шешндік қасиетінің ашылуына әкесі мен Қосуақ бидің ықпалдары тиеді.
Әйтеке ресми түрде хан кеңесшісі болды.
«Жеті жарғыда» Әйтеке ұсынған баптардың ішінде – «Сүйек құны», «Өнер құны» белгілі.
Ел аузында Әйтеке айтқан билік, шешендік сөздер, толғаулар, баталар көп сақталған. Биді «айыр тілді Әйтеке» деп атаған.
Ол Ташкентен 75 шақырым жердегі Қауыншы және Шыназ ауылдарының маңында жерленген.
Төле би (1657 – 1756 жж)
Қазіргі Жамбыл облысындағы Шу өзенінің жағасында, Жайсаң жайлауында дүниеге келген, 1756 жылы Шымкент облысы, Леңгір ауданының Ақбұрхан ордасында қайтыс болған. Қазақтың қоғам қайраткері, атағы жер жарған шешен, Ұлы жүздің бас биі, «Жеті жарғыны» жасаушылардың бірі. Құдайберді әулетінің өкілі болып табылатын Әлібекұлы Төле биге дейін ешкім биде, бай да болмаған. Төле бидің ата-бабалары қарапайым шаруалар екен.
Төле би өз халқының шешендік-поэтикалық өнерінің дәстүрлерін жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болған. 15-20 жасынан билердің бас қосқан жиналысына қатысып, өзінің әділдігі мен шешендік өнері арқасында таныла бастайды.
Сонымен бірге Төле би Ұлы жүзбен Ресей арасында байланыс орнатып, дамытуға көп еңбек сіңірді.
Халық ауыз әдебиетінде Төле би туралы көптеген тарихи аңыздар сақталып қалған.
Төле би өзі 12 жыл билік жүргізген Ташкентте, атасы Жүніс ханның қасына жерленген.
Қазыбек би (1659 – 1765 жж)
Қазақтың атақты биі. Қазақ жүздерін басқаруды ретту ниетімен Тәуке хан Ұлы жүздің биі етіп Төле биді, Кіші жүзге Әйтеке биді, Орта жүзге Қазыбек биді тағайындайды. Халық ауыз әдебиетінде сақталып қалған аңыздар мен кейбір архивтік мәліметтер бойынша, Қазыбек би Келдібекұлы «Тәуке хан заңдарының жинағын» өңдеуге қатысқан. Тәуке, Сәмеке, Әбілмәмбет және Абылай хандар тұсында мемлекет басқару ісіне белсене араласып жүрген Қазыбек би ішкі және сыртқы саясат мәселелерінде ықпал ете алатын. Ол – жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресті ұйымдастырушылардың бірі. XVІІІ ғасырдың 40-жылдары Абылай хан жоңғарлар қолына түсіп қалған шақта, оны тұтқыннан босатып алуға белсене атсалысты.
XVІІІ ғасырдың 60-жылдары Цинь империясы Қазыбек биді өз жағына шығару мақсатымен елшілерімен бірге көптеген бағалы сыйлықтар жіберген. Бірақ Қазыбек би Қытай жағына мүлде қарсы блған. Ол Абылайды Цинь империясымен қарым-қатынас жасамауға шақырған.
Ел ішінде Қазыбек биді Қаз дауысты Қазыбек би деп атап кеткен.
Тәрбиеші: Қазақ халқы азат болуы үшін елі үшін, жері үшін басын бәйгеге тіккен, талай сұрапыл шайқастарда ержүректікпен, батылдықтарымен көзге түскен қаншама батырлар белгілі. Енді балалар батырлар – ел қорғаны демекші батырларымызға тоқталайық.
Жалаңтөс батыр (1576 – 1656 жж)
Қазақ батыры, әскербасы, Самарқан әмірі. Жалаңтөс Сейітұлы ХVІІ – ХVІІІ ғасырларда өмір сүрген Әйтеке бидің атасы болып келеді.
1640 жылы Жалаңтөс батыр қазақ және өзбек жерлеріне шабуыл жасаған қалмақ ханы Батурға қарсы қол бастап, оны жеңіліске ұшыратты. Ташкент пен Түркістанға үш жорық жасап, Қабыл мен Мешхедті бағындырды.
Жалаңтөс батыр Самарқанның орталығы Регистанда 1619-1633\36 жылдары «Ширдор» (арыстан медресесі) медресесі мен 1674-1660 жылдары «Тилла-Кори» «Алтынмен апталған» медресесін салдырды, кейінірек олар бүкіл елге әйгілі болды.
Жалаңтөс батырдың сүйегі Самарқаннан 12 шақырым жерде орналасқан Дагбит қыстауындағы зиратқа қойылған.
Қарасай Алтынайұлы (1589-1671 жж.)

Қарасай Алтынайұлы – қазақтың қаһарман батыры, әйгілі қолбасшы, есімі шапырашты руының ұранына айналған аса көрнекті тарихи тұлға. Қарасай батыр Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты Суықтөбе тауының етегінде Қарасаз деген жерде дүниеге келіп, Арқа жерінде Көкшетау үшін болған шайқаста ауыр жараланып дүние салған. Топырақ Көкшетау алабындағы Айыртау сілемінің Құлшынбай деп аталатын төбесінен бұйырған. Қасына өзінің қанды көйлек досы арғын Ағынтай батыр жерленген.
Айта кеткен жөн, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осы Қарасай батырдың тікелей ұрпағы.
Тәрбиеші: Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақтың ұл-қыздарының орны бөлек. (слайд көрсетіледі )
Бауыржан Момышұлы (1910 – 1982 жж)
Бауыржан Момышұлы – Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, Халық Қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Туған жері – Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені. Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргненнен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады.
1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен, Бауыржан даңқты генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады, батальон, полк командирі қызметін атқарады. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады.
Соғыс кезіндегі жеке басының қаһармандық ерлігімен және ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігімен ерекше көзге түседі.
Соғыстан кейін Бауыржан Кеңес Әскері Бас штабының Жоғары әскери академиясын бітіреді. 1956 жылы полковник атағымен отставкаға шыққан Бауыржан біржола шығармашылық жұмыспен айналысады.
Бауыржан бірнеше орден, медальдармен наградталады, Кеңес Одағының Батыры атағын алады. Алайда халықтың өзі «батырым» деп танып, ардақтаған қаһарман ұлына бұл атақ Отан соғысы біткеннен кейін жарты ғасырдай уақыт өткенде барып берілген болатын. Ел тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаев жарлығымен оғпн «Халық қаһарманы» деген атақ берілді.
Рақымжан Қошқарбаев (1924 – 1988 жж)
Рақымжан Қошқарбаев Ұлы Отан Соғысында жасаған ерлігі баршаға аян. Ол алғашқылардың бірі болып Берлинде Рейхстагтың үстіне қызыл туды тікті.
Рақымжан Қошқарбаев Ақмола облысының Астанаға жақын орналасқан Тайтөбе селосының маңындағы қыстақта дүниеге келді. Ол ата-анасынан ерте айырылды: 4 жасында анасы дүниеден өтті, ал әкесі болса, жалған саяси жаламен сотталып, ГУЛАГ лагерьлерінде болды. Рақымжан Тайтөбе балалар үйінде тәрбиеленді. 1942 жылы 18 жасында әскер қатарына келді.
Рақымжанның майдандағы соғыстарға қатысуы мерзімді баспасөзде және көркем әдебиетте жан-жақты жазылды.
Рейхстагқа ол Григорий Булатов деген солдатпен бірге жетті және бұйрықты орындап, Рейхстагтың фронтанына туды тікті. Бұл сәуірдің 30-ы күні 18 сағат 30 минутта болған еді. Тарихи ерлік жайындағы бұл хабар бүкіл әскери бөлімдерді шарлады, баспасөзде кеңінен хабарланды.
Батырдың жұлдызын тапсыру сәтіне Қошқарбаевтың жары Рахила, қызы Әлия және майдандас досы Ж.Жанасов шақырылды. Награданы тапсыру кезінде еліміздің езиденті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қошқарбаевтың батырлық ерлігіне барынша жоғары баға берді, оның тәрбиелік және патриоттық мәнін атап айтты.
Тәрбиеші: Берілген жоқ әлі нағыз бағасы,
Жазылған жоқ желтоқсанның жарасы.
Біле білсең, дәл осыдан басталған,
Еркіндігің ей, қазақтың баласы?
Желтоқсан оқиғасы ХХ ғасырдың ірі оқиғаларының бірі. 1986 жылдың желтоқсанындағы қазақ жастарының төгілген қанымен бүгінгі тәуелсіздігіміздің тұңғыш парағы жазылды.
(слайдтан желтоқсан оқиғасы көріністері, құрбандарының суреттері көрсетіледі)
Қайрат Рысқұлбеков (1966 – 1986 жж)
Қайрат Ноғайбайұлы 1986 жылғы желтоқсан көтерілісіне қатысушы. 1987 жылы 1-ақпанда Қайрат тұтқындалып, ату жазасына кесіледі. Бұл шешім әлемдік қоғамда наразылық тудырады. АҚШ, Польша, Венгрия, Чехославакия саясаткер-интеллегенттері өздерінің наразылық хаттарын жолдайды. Бұл туралы Қазақстан халықтары білегн емес. 1992 жылы 21-ақпанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Пленумы Қайрат Рысқұлбеков ісін қайта қарап, оған тағылған барлық кінәні жоққа шығарды.
1996 жылы «Халық қаһарманы» атағы берілді.
Ләззәт Асанова (1970 – 1986 жж)
Ләззат Алтынайқызы Асанова Алматы облысы Понаселов ауданының Ақжазық ауылында дүниеге келген. 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің құрбаны. Ол Орталықтың билеп төстеушілігіне наразылық білдіріп, қаладағы жаңа алаңға (қазіргі Республика алаңы) алғашқы ереуілшілер қатарында «Қазақтар! Кіріптарлық құлдықта өмір сүргеніміз жетеді! Біз еліміздің Тәуелсіздігін жеңіп алған кезде ғана азат бола аламыз!» деген ұранмен шықты.
Көтеріліс қатыгездікпен жанышталғаннан кейін ұсталған 87 адам қатарында Ләззатқа Қазақ КСР ҚК-нің 65-бабымен айып тағылып, қамауға алынды.

Қорытынды: балалар бүгін біз сіздермен бірге қазақ тарихына бір шолу жасадық. Тәуелсіздік Қазақстанға оңай келген жоқ. 2006 жылы Астанада Гумилев атындағы Евразия университетінде студент жастармен кездесуінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев былай деген: «Біздің бабаларымыз Қазақстанның кең байтақ жерін, төлтума мәдениетін бізге мұра етіп қалдырды. Еліміздің келешегі, Қазақстанның ертеңі өз қолдарыңда. Соны дамытатын, жүзеге асыратын мына отырған сіздерсіздер». Ендеше, Қазақстанның болашағы - білімді ұрпағында.
Күй «Көңіл толқыны».
Категория: Личности | Добавил: myzan (2012-03-31) | Автор: Теребаева Айнаш Аргынбековна
Просмотров: 5040 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 10:02 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23299]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru