Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Технология

Интеллеқтуалды ойын сабағы "Ал, кәнекей, жұптар"
Шығыс Қазақстан облысы
Бесқарағай ауданы
"Бөдене орта мектебі " КММ
Акежанова Гүлбаршын Құспековна- технология мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: «Ал, кәнекей, жұптар»
Сабақтың мақсаты:
1. 7-8 сынып оқушылар арасындағы қарым – қатынасты анықтау
2. Достықтары, бір–бірімен тіл табысуы, мәдениетін қалыптастыру
3. Оқушылардың әртістік қабілетін, ойлау қабілеттері,жүріс-тұрыстары, өзгешіліктерін анықтау.
Сабақтың барысы:

I. Құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Ал, кәнекей, жұптар» атты байқауға қош келіпсіздер!
Біздердің бұл байқауға жиналып отырған мақсатымыз: мектебіміздің 7-8 сынып қыздары мен жігіттерінің қарым – қатынастары қандай? Олардың арасында сыйластық, достық, өнерлі оқушылар, бірлік бар ма? Және олардың ақылдылығын, білгіштігін, әртістік қабілеттерін, өзгешіліктерін, досшылдығын көру және оны нығайта түсу..
Ортаға қатысушы жұптарды шақырайық.
(Музыка ойналып, ортаға қатысушы жұптар шығады.)

II. Ерке өсіп, ең жайланған ұл мен қыз,
Асыға сәлем жолдап, жүректен біз.
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп келіп тұрмыз.
- Көп сөйлеп жан жобадан аспайық біз,
Қандай сый болса да, қашпайық біз,
Ал, енді сіздер рұқсат етсеңіздер,
Қанекей, жұптар сайысын бастайық біз.
Сайыскерлерімізге сәттілік тілеп, ізбасарлары атынан музыкалық сәлем жолдаймыз.
(6-сынып оқушысы Оразбекова Зеренің орындауында ән шашу).

III. Сайыс бағдарламасы 10 байқаудан тұрады деп оларды атап өтеміз.
- «Әр топ өздерін таныстыру»
- «Сұрақ-жауап»
- «Егіздер сайысы»
- «Мәдениет деген не?»
- «Мергендік»
- «Өнерлі өрге жүзер»
- «Сән салтанаты»
- «Ән шашу»
- «Бейнелеу өнері»
- «Епті аспазшы»

Әділ – қазы береді, өздеріңе орынды
Бізге айтып береді, кім өнерлі, кім мықты? – деп әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін.
Әділқазылар алқасымен таныстыру:
Оқу ісінің меңгерушісі: Баймұратова Н.Х.
Секция жетекшісі: Алимбаева Н.Г.
Тарих пәні мұғалімі:Тусупбекова А.А.

IV. Таныстыру бастамасы сайыстың,
Әділдікпен оза шауып байысқан.
Кел, балалар, танысайық бәріміз
Әдеппен өздеріңді таныстыр.

1. Дегендей бірінші тур «Әр топ өзін таныстыру»
(Әр жұп өздерін таныстырады)
Сұрақ қоям жауап бергін балапан,
Саған таныс бұл сұрақтар қарасам.

2. Келесі тур «Сұрақ-жауап»
(Әр жұп сұрақтарын алып жауап береді)
1.Сұрақтар:
А) Құрлықтағы ең ірі жануар ?(піл)
В) Сіздің досыңыз шаңғы тебуге шақырады. Ол сізді сағат екіде алып кетпекші болады. Бірақ ол бір сағат кешігіп, сағат үште келеді.Сіз не істейсіз? Барасыз ба, әлде бармай қаласыз ба?
2.Сұрақтар:
А) Кіп – кішкентай не керек,
Күші бірақ керемет .(Құмырсқа)
В) Сізді досыңыз туған күніне шақырады. Бірақ сіздің ата – анаңыз ол баланы ұнатпайтындықтан, сізге онда баруға тыйым салады. Сіз не істейсіз? Барасыз ба, әлде бармай қаласыз ба?
3.Сұрақтар:
А) Бет – ауызыңнан сүйеді,
Сүйген жері күйеді. (Аяз)
В) Сіз телефон арқылы өз қатарыңызбен танысасыз. Ол сізге кездесу орнын белгілейді. Сіз кездесу орнына барасыз ба?
4.Сұрақтар:
А) Тас болып туады,
Күл болып өледі.(Көмір)
В) Сіз күні бұрын туған күніне шақырады. Сол баратын күні сіздің өте бір жақын досыңыз өзініне көмектесуге шақырады. Сіз не істейсіз? Туған күнге барасыз ба, әлде досыңызға көмектесуге барасыз ба?

3. Келесі байқау « Егіздер» деп аталады.
- Сіздер білесіздер ме, олар кім? Бір – біріне ұқсап туылған егіздерді «егіздер» дейміз. Енді сіздер сондай егіздер болып, біздің тапсырмамызды орындайсыздар. Біреуіңіздің бос оң қолыңа қайшы беріледі, екіншіңізге қағаз беріледі. Сіздер осы қағаздан гүл қиюларыңыз керек. Басқа қолдарыңызбен көмек бермейсіздер! Кәне, бастайық! (ойын ойналады). Әділ – қазылар алқасы бағалайды.

Тәп-тәтті еді қандай шіркін көздері,
Егіздердің басталмақшы өнері.
Егіздер келіп түсті сайысқа,
Өнерлерін көрсетсін келіп өздері.

4. Біздің ұлдар өте мәдениетті деп ойлаймыз. Ер балалар қазір қыздарыңызды мәдени және демалыс орындарына шақырасыздар.Ал, қайда шақыратыныңызды және ыммен. Қимылмен көрсетулеріңіз қажет. Ал, қыз балалар шақырған жерді шешу керек. Ал, енді мына жерден жігіттер келіп билет алуларыңызды сұраймыз.
- Келесі байқау «Мәдениет деген не?»

5.Дәлдеп түсіру нысанаға қиын емес,
Мақсатқа жету онай емес.
Мерген бол, көздеп тұрып түсіретін,
Сен ешкім ешқашан да олқы демес.

- Келесі тур «Мергендік» деп аталады.
Сендер бір жұп болып келген соң, келесі тапсырманы бірігіп жасауларыңыз керек. Қазір сіздердің қолдарыңызды байлаймыз. Сол байлаулы қолдарыңызбен атуларыңыз керек. Бірақ мына байқауды нысана мен сауыт, шелек болады, ал, жебеміз кәдімгі пияз болады. Әр жұп үш рет пияз лақтырады. Ал, бастайық. (ойын ойналады)

6. Келесі байқау: «Өнерлі өрге жүзер» (Өз өнерін көрсету)
Әр адамның өз өнері өзгеше,
Ару қыздар бұран қағып билесе.
Әнші ұлдан әсем әуен әуелеп,
Өнерлерін көрсетсін кеп ендеше.
7. Сәнді болу оңай ма?
Қиналып жатсаң мұңай ма.
Әр мамандық өзгеше,
Өз мәнінде, шырайда, - деп келесі «Сән салтанаты» байқауына көшейік.
- Сіздердің алдарыңызда бірнеше заттар тұр: кастрюль, лента, қыстырғыштар, скоч, гүл, шілтерлер, А4 қағаз. Сіздер 5 минуттың ішінде осы заттардан қалпақ жасауларыңыз керек. Сонымен қатар қалпағты киіп көрсетесіздер, оған ат берулеріңіз керек. Топ қалпақ жасап болғанша музыкалық номер жіберейік.(ән орындалады).
Енді әділ – қазылар алқасын тыңдап жіберейік.
8. Ақ ниетпен нәр алған, сенсің менің өлеңім.
Әнге бөлеп әлемді, шымырлатып денемді.
- Келесі байқау – «Ән байқауы». Бұдан бір жұп ән бастайды келесі жұп жалғастырады.

9. Аппақ қағаз бетіне,
Әсем сурет салыңдар.
Бояумен сәнін келтіре,
Тамаша бейне табыңдар.
- Келесі байқауымыз – «Бейнелеу өнері» - деп аталады.
Бұл байқауда әр жұп көздерін байлап, сурет салады. Ал, енді сурет салуға кірісейік.

10. Ас адамның арқауы, қуат күші,
Дәмді тамақ аспаздың шебер ісі.
Ал ендеше сынайық балаларды,
Аспаздыққа қандай екен қимыл ісі.
- Ендігі сайсымыз «Көңілді аспазшы» ойынын бастаймыз. Бұл сайыстың шарты, әр жұп мына столда тұрған алжапқышты байлап, орамалды басына тартып пышақпен 4 картопты үзбей аршып, 2 жуаны әдемі етіп турау керек. Картоптың тазалығына, қабығының үзілмеуіне, жуаның әдемі етіп туралуына әділ қазылар өздеріңіз баға бересіздер. Ал, кәне, дайын болсаңыздар іске сәттілік тілеп, сайысты бастайық.

V. Біздің «Ал, кәнеки, жұптар!» байқауының барлық сындары аяқталды. Қазылар алқасы осы барлық турдың бағасын есептегенше кезекті музыкалық үзіліске береміз.

VI. Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір –күрес, жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімеген,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.
- Ортаға әділ – қазылар алқасын шақырайық!
VII. «Қош» демейміз, әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің шыңдай берсін, қалыспаңдар.
- Осымен сайыс кешіміз аяқталды!
Көріскенше, қош – сау болыңыздар!
Категория: Технология | Добавил: Гульбаршин7506 (2015-03-12) | Автор: Гульбаршин E
Просмотров: 1579 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 5:39 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru