Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Технология

Технология сабағы 5 сынып
Шығыс Қазақстан облысы
Бесқарағай ауданы
"Бөдене орта мектебі " КММ
Акежанова Гүлбаршын Құспековна- технология мұғалімі

Технология сабағы

Сабақтың тақырыбы: «Тоқ машинасын іске қосу»
Сабақтың мақсаты: Тігін тоқ машинасын іске қоспас бұрын техника қауіпсіздігі ережесін еске салу,оқушыларға тоқ тігін машинасын жұмысқа дайындауды, тігін машинасында дұрыс отыру тәсілдерін, тігін машинасының қайығына жіп орап, жоғарғы және төменгі бөліктеріне жіп өткізу ережелерін үйрету.
Сабақтың міндеттері: 1.Машинаны дұрыс сабақтап, жіп таңдай білу.
2. Машинамен жай тігіс тігіп үйрену.
3. ТҚЕ қайталау.
4.Аяқты жай басып тігіп үйрену.
Көрнекі құралдар: Тігін машинасы,жіп,интерактивті тақта.
Сабақтың түрі: Аралас, ойын сабақ
Сабақтың типі: Іскерлікке ұқыптылыққа қалыптастыру.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі,сұрақ-жауап,сарамандық жұмыс, іс жүзінде көрсету.
І. Ұйымдастыру.
1. Сәлемдесу.
2.Енбек құралдарын түгендеу.
3. Бөлме тазалығын қадағалау.
4.Оқушыларды түгелдеу.
5. Ережелерді қайталау.
ІІ. Үй тапсырмасы.
Қайталау сұрақтары арқылы:
1. Тігін машинасының түрлерін атаңыз. (қол машина,аяқ машина,электрлі машина,арнайы машина)
2. Тігін машинасының жобасын ұсынған кім? (Леонардо да Винчи)
3. Мата неден тұрады? (Талшықтан)
4. Матаны ылғалды-жылумен өңдеу дегеніміз не? ( Матаны үтіктеу)
5. Үтіктеу кезінде нені ескеру қажет? (Ереже)
6. Қол тігісінің түрлерін атаңыз. (Көктеу,жөрмеу,көмкеру,тор тігісі,кесте тігістері)
7. Су бүріккіш пен дәке не үшін қажет? (Мата күйіп үтік табанына жабысып қалмау үшін)
8. Кесте тігу үшін қандай еңбек құралдары қажет? (Кергі,ине,жіп,мата,қайшы)
9. Исаак Зингер қай жылдары тігін машинасын ойлап тапты? (1850-1851 )
10. Ресейдің қай қаласында Зингер зауыты ашылды? (Подольск)
11. Еңбек құралдарын атаңыз. (мата,ине,жіп,қайшы,желім,қағаз,тігін машинасы т.б.)
12. Қол инемен жұмыс кезіндегі ескеретін ережелер. (Жұмыс басында ине санын санау,қисық инемен жұмыс жасамау,сынған жағдайда мұғалімге тапсыру,жұмыс аяғында мұғалімге санап тапсыру.)
13. Инешаншым дегеніміз не? (Бұйымның бөлшектерін тігу)
14. Тігім дегеніміз не? (Бірнеше рет қайталанған инешаншым)
15. Тігіс дегеніміз не? (Бөлшектердің біріккен орны)

ІІІ.Жаңа сабақ.
Тігін машинасында жұмыс жасаудан бұрын оны жұмысқа әзірлейді.Ең бірінші қайыққа жіп орап алады.Жоғарғы және төменгі жіптерді өткізеді,тігістің ұзындық жүрісін фрикциялық винт арқылы реттеп отырады.Егер махавик дөңгелекті айналдырғанда ине қозғалса ол жұмыс істеуге дайын болғаны.Бос жүрісте махавик дөңгелек айналып ине қозғалмайды.Жіпті инеге машинаға дұрыс өткізбесе машина дұрыс жұрмейді.Төменгі жіпті шөрікке кигізеді,жіптің тартылысын реттеп отыру үшін шөріктің қабын (қайық) қолданады.
Машинада дұрыс отыру тәсілдері:
-оқушының шашы жаулықпен жиналған болу керек
-жұмыс орнына жарық сол жақтан немесе алдыңғы жақтан түсіп тұру қажет.
-отыратын орындық пен тігін машинасының ара қашықтығы 10-15 см болуы керек.
-құрал – жабдықтар арнайы қорапта тұруы керек.
-тігін машинасының айналатын бөлшектеріне жақындауға болмайды.
-тігін машинасының шнурларын тексеру керек, ашық жерлері болмау қажет
Тігін машинасының жоғарғы жібін өткізу ережесі.
-Тігін машинасын жұмыс қалпына келтіріп инені жоғары көтеріп қой.
-Жіпті қорабымен арнайы шегеге кигізіп ,қажетті тетіктерден өткіз
-Жіпті жоғары жіптің тартылуын реттейтін екі сақинаның арасынан компенсациялық серіппенің ілмегінен өткіз.
-жіпті инеге сабақтау.
Тігін машинасының төменгі жібін өткізу ережесі.
-Жібі оралған шөрікті қабына кигіз.
-Жіпті шөрік қабының жіпті тартып тұратын серіппесінің астынан өткіз.Жіптің ұшын 10-15 см артық қалдыр.
-Шөрікті тігін машинасының астыңғы құрылғысына орналастыр,сырт еткен дыбыс естілгенде шөрік дұрыс орналасқаны.
-Ысырмалы қақпақшаны жауып,инені жоғары-төмен қозғап төменгі жіпті суырып шығару керек.Жоғарғы жіп пен төменгі жіптің ұшын тартып,табан астынан кері жібер.
ІV. Сарамандық жұмыс.
1.Тігін машинасында оқушылар тігіс жүргізіп үйрену.
2.Мұғалім қадағалау,қатемен жұмыс жасау.
3.Тігістің сапасын тексеру.
V. Бекіту сұрақтары.
1.Тігін машинасында дұрыс отыру ережелері қандай?
2.Тігін машинасының жоғарғы жібін өткізу ережесі қандай?
3.Тігін машинасының төменгі жібін өткізу ережесі қандай?
VІ. Сабақты қорытындылау.
Бүгінгі сабақ ұнады ма? Несімен ұнады? Несімен ұнамады?

VІІ. Оқушыларды бағалау, үйге тапсырма беру.
Сабақ барысында сұраққа жауап берген оқушыларды бағалау. Тақырыпты мазмұндау.Үйде кімде қандай машина бар тігіп үйрену, тіккен тігістерін келесі сабаққа алып келу.
Категория: Технология | Добавил: Гульбаршин7506 (2015-03-12) | Автор: Гульбаршин
Просмотров: 1806 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 5:47 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru