Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Технология

Кестелеу жолдары немесе технологиясы
Технология пәні 6-сыныптар
Күні:
Пәні
Технология
6 «а,ә,б,в» сыныптары Мұғалім аты-жөні
Рахимжанова М.М. Cемей қаласы
ШҚО ББ « Шәкәрім атындағы ОДБ ҮТО ММ » КММ
Сабақтың тақырыбы: Кестелеу жолдары немесе технологиясы.
Сілтеме: • 6-сынып оқулығы;
• Слайдтар, журналдар, схемалар
Сабақтың мақсаты: : халқымыздың қол өнері , көркем тігістері туралы ұғымды қалыптастыру
Білімділік мәні: халықтың қолөнерінің бірі кестелеу, көркем тігістері, қолөнері туралы ұғымды қалыптастыру, білімдерін кеңейту.
Дамытушылық мәні: шығармашылық дағдыларын дамыту, өз бетінше жұмыс жасауда білімдерін пайдалана білуге, танымдық қызығушылықтарыын дамыту.
Тәрбиелік мәні: ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу, салт-дәстүрді құрметтеп, әсемдікке, эстетикалық талғаммен жұмыс жасауға тәрбиелеу
Нәтиже: • Жұмыс істеу барысында үнемі қауіпсіздік ережелерін біледі
• Көркем тігістердіңтігу жолдарын жәнетүрлерін білу
• Шығармашылық дағдылары болу, эстетикалық талғамдарының жоғары болуы.
• Салт-дәстүрді құрметтеу,сүйу,бағалау
Түйінді идеялар: • Жұмыс істеу алдындағы қауіпсіздік ережелері
• Ұжыммен бірігіп жұмыс істеу ережесі
• Арнайы көзге жаттығу ережелері
Сабақтың түрі: сарамандық
Әдіс-тәсілдері: баяндау, демонстрация, сұрақ –жауап, теориялық білім және сармандық жұмыс.
Пәнаралық байланыс: математика, тарих, бейнелеу
Көрнекіліктер: слайд, мата, жіп түрлері, қайшы, схема, кергіш, суреттер.
Қауіпсіздік ережелері
1. Қайшыны жолдасыңа үшкір ұшымен берме.
2. Қайшыны арнайы қобдишада сақтау керек.
3. Инені киімге қыстыруға болмайды.
4. Инемен жұмыс істегенде оймақ киген дұрыс.
5. Инені тістеп ауызға салуға болмайды.
6. Тігін машанасының үстінде артық киім жатпау керек.
7. Қозғалатын және айналатын машина бөлшектеріне жақындамау керек.
8. Үтіктеу алдында өткізгіштің үзілген, желінген тексеру керек.

Ұйымдастыру кезеңі (2 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
1. Сәлемдесу.
2. Ұйымдастыру.
3. Топқа бөлу.
4. Сабақ барысымен таныстыру.
5. Бағалау парағын таныстыру.
6. Балалардың назарын сабаққа шоғырландыру • Сәлемдесу
• Өздерін ретке келтіру
• Топқа бөліну
• Жұмыс құралдарын дайындыққа келтіру
Үй тапсырмасын тексеру (7 мин.)
(сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау тәсілі)
Ой қозғау
1. Қол тігістерінің қандай түрлері бар?
2. Екі бөлшекті қосу үшін қандай тігістер қолданылады?
3. Көрінбейтін тігістерді қай кезде қолданамыз?
4. Көркемдеуші жіп пен көктеу жібінің айырмашылығы қандай?
5. Сабақтаулы ине тігілер алдында матаға қалай бекітіледі?
Қызығушылықты ояту (2 мин.)(болжау стратегиясы)
Мақалдың жалғасын тап.
Кесте туралы
1. Кестенің сыры түрінде, Кілемнің сыры ................... (түгінде)
2. Кестені көңіл сызады, қол тігеді, көз .......................(сынайды)
3. Қыз еркем, кестесімен ........................... (көркем)
4. Ұл еркем, өрнегімен .............................. (көркем)
Шебер туралы
5. Шебердің қолы ................, шешеннің тілі ....................(ортақ)
6. Шебер қол шет ..................(қалмайды)
7. Шеберді өнер ......................(асырайды)
8. Шебердің ісі ..............., шешеннің сөзі .................(мерген)
9. Шеберлік шексіз .....................(байлық)
Ине туралы
10. Жолды инемен өлшемес ................(болар)
11. Көк инемен көктеу ..........................(білмеген)
12. Білім – инемен .........................(құдық қазғандай)
13. Іздей білген ирімнен де ине ...............(табады) Мата туралы
14. Мақал атасы- сөз, мата атасы -..............(бөз)
15. Жүніне қарай матасы, теміріне қарай .......... (балтасы)
Оймақ туралы
16. Оймақтай зат пішсең де, ойлап..................(піш)
17. Тігінші тігіншіні оймағына қарап............(таниды)
18. Орақ ұстап әкең қалғанша, оймақ ұстаған шешең .....................(қалсын)
Өрнек туралы
19. Өлең мен еңбек- өмірге ...................(өрнек)
20. Жоғарыға қарап өрнек ал, Төменге қарап ғибрат.................(ал)

Санап кестелеу
Айқас тігіс, 1-тәсіл Айқас тігіс,2-тәсіл
Айқас тігіс, 3-тәсіл (а)

Жартыкеш айқас тігіс. Кері бағытта жүріп шығу.
Айқас тігіс, 3-тәсіл (б)

Сабақты кесте Барқыт тігісі Біз кесте

Мағынаны тану
(Мұғалім жаңа тақырыпқа шығады. Бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндеттеріне тоқталады.)
Қол кестесінің даму тарихы
1. Ежелгі Қытай (б.д.д. ІҮ-Ү ғасыр)-жібек маталарына жібек алтын күміс жіптерімен және аттың қылымен кестелеген.
2. Византия(б.д . ІҮ ғ)-жібек алтын тігістерімен белгілі.
3. Италия, Франция (XVI-XVII )- адамның бейнесін кестелеген картинкалар, жан-жануарларды, қамалдарды-корғандларда, пейзаж, аңшылықтарды кестелеп бейнелеген. Бұндай картинкаларды ПАННО деп атаған.
4. Россия (IX-XII ғ)-алтын күміс жіптермен кестелеген. XI ғасырда Князь Владимир Мономахтың қарындасы князь Анна Янканың ұйымдастырумен Киевте Андреевский монастырында алғашқы кестелеу мектептері ашылды.
Орыстарда кестелеу 2-ге бөлінді:шаруалық, халықтық-бұнда дәстүр сақталған, зығыр жүн маталарына зығыр және жүн жіптерімен кестелеген.
Қалалық- мата мен жіптер, суреттер шетелден алдырылған
Схема бойынша жұмыс.
-Көркем тігіс түрлерін ата?

-Жоғарыдағы аталған көркем тігістер арқылы қандай кесте түрін тігуге болады?

ББҮ (2 мин.)
ББҮ-ны толтыру ББ бойынша флипчартта жазу
Білемін? Білгім келеді? Үйрендім?
Сабақтың негізгі бөлімі (20 мин.)
Сарамандық жұмыс
Нұсқау карта
р/с Жұмыстың орындалу реті Керекті заттар
1. Матаны кергішке керу
2. Матаға өрнекті салу
3. Матаға сызылған өрнекті сызық бойымен кестелеу
4. Ішкі жағын әртүрлі жіптермен толтыру Кергіш, мата
5. Мата, карандаш, ине, жіп, қайшы
Бұл кестені үш түрлі тәсілмен тігуге болады
• 1 - тәсіл 2 - тәсіл • 3 - тәсіл
• -матаның теріс жағынан тік тігіс түсіру. Бір қатарды солдан оңға қарай жартылай айқастырылып тігіледі, сосын осылай кері бағытта қайталанады: -матаның теріс жағынан көлденең тігіс түсіру. Оңнан солға қарай тұтас айқас тігіс тігіледі. Сосын теріс жағынан инені сол жаққа қарай өткізіп, араға бір бүтін айқас тігіс қалдырады да, инені оң жақ бетіне шаншып шығарады • -көлбеу айқас тігісі. Кестелеуді төменнен жоғарыға қарай бастау керек.

Жартыкеш айқас тігіс Бұл кестенің екі жақты тігісі болады, яғни астыңғы және үстіңгі тігістер жіпті үзбей отырып тігіледі. Түзу және қиғаш болып түсетін кестенің бұл түрі қарапайым, әдемі өрнек түзеді. Кесте екі жүріспен тігіледі:
1 - жүріс - "инені алға салу" әдісімен сурет нұсқасының бойымен жүріп шығу;
2 - жүріс - алғашқы жүрісте ашық қалған жерлерді қамти отырып, "инені алға салу" әдісімен кері бағытта тағы да жүріп шығу.

Кесте өнері тарихы мен технологиясы.
Мақсаты:Кестелеу өнерімен танысу.
Тапсырма:1.Кестенің барлық түрінің схемасын сызу.
Құрал-жабдық: мата,қайшы,ине,түрлі-түсті жіп үлгілері.
Сумоншақпен тігу технологиясы
Мақсаты: Сумоншақпен жұмыс істеу, олардан жасалатын бұйымдар технологиясымен танысу.
Тапсырма:1.Сумоншақпен киім үлгілерін сәндеу.
Құрал-жабдық:Сумоншақ, киім үлгісі,қайшы,арнайы ине,жібек жіп.

Рефлексия( 2 мин.)
«Кестені көңіл сызады, қол тігеді, көз сынайды» , «Адам өнерімен әсем, аң жүнімен әсем»
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті

Қызым еркем- кестесімен көркем, Ұлым еркем- өрнегім көркем. Қолөнері кестеде. Сөз өнері- өлеңде.
Жіпті инеге ілемін, Өрнектеп кесте тігемін. Жақсы көрем еңбекті, Қызықты болып өтемін.

Бағалау (2 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Бақылайды, бағалайды.
Оқушылардың формативті бағалауымен өз бағасынан ортақ баға қояды. Екі топ бір бірінің жұмыстарын бағалайды
Үйге тапсырма (1 мин.) Жұмыстарын жалғастыру
Категория: Технология | Добавил: munira2003 (2016-01-08) | Автор: Мунира Рахимжанова E
Просмотров: 1703 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 4:59 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru