Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Технология

ТҰЛҒАНЫҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ТЕХНОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНЫҢ ЭТНОМӘДЕНИЕТТІК АСПЕКТІЛЕРІ.
Кіріспе
Қазіргі күні Республикамыздың білім беру жүйесінде түбірлі өзгерістер жүргізілуде. Білім беру бағдарламасының басты мақсаты - әрбір оқушыға нәтижеге бағытталған білім беру, дәстүрлі мәдениеттің негіздерін үйрету, оқушыға қолайлы жағдай жасау.
Технология пәнін оқытуда – еңбек етудің алғышарттарын үйрену арқылы оқушыны жеке тұлға ретінде тәрбиелеу мақсаты көзделеді. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында, оқушыларға берілетін тәлім-тәрбие үрдісін жетілдіру, жұмыс мәдениетін, адамдар арасындағы адамгершілік қарым-қатынастарды жаңарту, еңбек біліктілігін қалыптастыру арқылы еңбек өнімділігін арттыруға ынталандыру міндеттерін мұғалімге жүктейді. Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «Негізгі мақсатымыз – Қазақстанның әлемнің елу дамыған елдерінің қатарына енуі» делінген. Сол себепті, әр оқушыға оның қабілеттеріне сәйкес келетін білім беру өрісі қажет.
Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында орта білім берудің мақсаты – алған білімнің кәсіби дағдыларының негізінде өзгермелі өмір жағдайында еркін бағдарлай алатын, өзінің білімін іске асыруға, адамгершілік тұрғыдан өз бетінше шешім қабылдауға қабілетті тұлға тәрбиелеп шығару көрсетілген. Жалпы білім беретін мектептің мақсаты – жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзат мұрасының сабақтастығын сақтай отырып, тәрбиелеу және әрбір шәкіртті тұлға деп санап, оның жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау болып табылады. Бұл мақсаты жүзеге асыру үшін технология сабағында оқушы санасына туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялатып, ұлттық рухты енгізу және туған халқының мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу мүмкіншілігі мол.

Негізгі бөлім. Тұлғаның эстетикалық қасиеттері мен шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруда технология сабақтарының этномәдениеттік аспектілері.
Эстетикалық мәдениетті дұрыс қалыптаспаған адам ғылымда, саясатта және қоғамда өзгелермен тіл табысуда мәдениетті түрде адамгершілікпен әрекет жасай алмайды. Сондықтан қазірден бастап мектеп оқушыларына ойлау, эмоционалдық сезімдерді қалыптастыру, экологиялық, патриоттық тәрбиелер ауадай қажет, оны ұлттық қолөнеріміз бен мәдениеттің қатысуынсыз жеткізу мүмкін емес.
Негізгі эстетикалық категориялар
Эстетиканың негізгі категорияларының бірі — сұлулық. Оны ең кең түсініктемесінде кемел үйлесімділік деп қарастыруға болады.
Үйлесімділік
Үйлесімділік деп отырғанымыз — белгілі біртұтастықты құрастырып отырған бөлшектер элементтерінің сыртқы қарама-қайшылық өлшеміне сай бірлігі. Сұлулық — материалдық және рухани дүниенің адамды ләззатқа бөлейтін сипаты, әсемдік, әдемілікпен тектес эстетикалық ұғым.
Асқақтық
Асқақтық — жоғары құндылығымен адамды шаттық сезімге бөлейтін эстетикалық ұғым. Бірақ ол өзінің орасан зор күшімен және ауқымдылығымен адамның қабылдау мүмкіндіктерінен асып түсетін нәрселер мен құбылыстардың эстетикалық құндылығын білдіретін категория.
Трагедиялық
Қатты күйзелістерді бастан кешіріп, қайғы-касірет көру адамның сезімі мен санасын електен өткізіп, жан сарайын тазартады. Соның нәтижесінде, адам бойында келеңсіз, жайсыз құбылыстарға деген өшпенділік туындап, ерік-жігер қаһармандықты шынығады. Трагедиялық парадокс деген осы.

Эстетикалық талғам
Эстетикалық талғам — әр түрлі эстетикалық қасиеттерді көңіл күй сезімімен бағалау, ең алдымен, сұлулықты, әсемдікті ұсқынсыздықтан ажырата білу жөнінде қоғамда практика қалыптастыратын адам қабілеті. Дамыған эстетикалық талғам қалыптастыру эстетикалық тәрбиенің аса маңызды міндеттерінің бірі.
Жас жеткіншектерге ұлттық өнердің қыры мен сырын игерте отырып, олардың эстетикалық сезімталдығын, ой-қиялын, көркемдік талғамы мен шығармашылық қабілетін шыңдау, балалардың өзі өмір сүретін ортасына сұлулық әкелуге деген құштарлығын, туған халқының көркем-мәдени мұраларына, эстетикалық дәстүрлеріне деген сүйіспеншілік қатынастарын тәрбиелеуге зор мүмкіндік туғызады.
Демек, болашақ ұрпақтардың ертеңгі күнгі күш қайраты, білімді болуы, өзінің ісіне жауапкершілікпен қарауы бүгіннен басталмақ. Сондықтан да әрбір оқушының әр уақытта қоғамдық санасының, жеке тұлғасының жан-жақты дамыған ретінде еңбек білігі мен шығармашылық қабілеті қалыптасқан адам болып өсуі бүгінгі таңда өзекті де көкейтесті мәселенің бірі болып отыр. Сондықтан, шығармашылық ұғымының мән мағынасына тоқталайық.
Шығармашылық – адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі және еңбек етуге құлшынысы деп білеміз. Демек, әрбір адам өмірге дұрыс жол табу үшін өздігінше дұрыс ой түйіп, саналы да сапалы және дәлелді шешімдер қабыл дай білуге үйренуі керек. Демек, шығармашылық қабілет тек адамға ғана тән нәрсе деп білеміз. Адам бойындағы қабілетті үнемі дамытып отқанда ғана, олардың өшуіне жол бермеуге, адамның рухани күшін нығайтып отыруына және де өзін-өзі танып білуіне көмектеседі деп білеміз.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда технология пәнінің алатын орны ерекше. Жалпы білім беретін орта мектептерде өтілетін технология пәнінде бастауыш мектеп оқушылары алғашқы рет еңбек әліппесімен танысып отырып, олардың байқағыштығы, ой-өрісі, олардың эстетикалық тұрғыдан көркем шығармашылық белгілері артып отырса, одан ары қарай жоғары сыныптарда олардың ақыл-ой жүйесі дами түсіп олардың шығармашылыққа деген ұмтылыстары дами түседі деп түсінідіреді.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін танып білу, дамыту үшін: 1) балалардың қабілет деңгейі, құрылымы әр алуан болатынын ескеру керек, оны анықтауға психологиялық тестілер, зерттеу, бақылау, дамыту жұмыстары көмектеседі; 2) әр адамда қабілеттің бірнеше түрі болатынын ескере отырып, баланың жетекші қабілетін анықтап, арнаулы жаттығу жұмыстарын жүргізе білген жөн.
Қазіргі кезеңдегі қоғамның жедел дамуы ғылым мен техниканың дамуымен байланысты болса, ал болашақта ғылым мен техниканы, өндірісті дамытатын бүгінгі мектеп оқушылары. Сондықтан, мектеп оқушылары үлкен жауапкершілік пен білімдарлықты қажет етеді. Оқушылардың өз-өзіне сенімін арттыру, олардың шығармашылығын дамыту, өтілетін сабақтың оқу-материалын терең ұғына білуге баулу- мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне де байланысты.
Осы талаптардың орынды атқарылуында ғана оқушыда шығармашылық қабілет дами түсіп, оқушының оқуға, білімге деген құштарлығы дамып отырады. Оқушы құлшынысын ұдайы дамытып әрбір өтетін сабағын жаңаша ұйымдастырып біліп, оқытудың озық әдіс-тәсілдерін қолдана білгенде ғана оқушының шығармашылық қабілеті дами түседі.
Сонымен мектеп оқушылары сәндік-қолданбалы өнер шығармашылығымен етене танысуы негізінде қызығушылыққа бөленіп, сұлулық пен әсемдікке тәрбиеленеді, олардың талғампаздығы жетіледі.
Халык өнерінің шығармашылығын игеру мектеп оқушыларының кәсіби шеберлігін қалыптастыруда сәндік-талғамын тәрбиелеп қана қоймай, олардың саздан бұйымдар жасау, ою-өрнектер түрін кұрастыру, оларды дамыта колдану, ағаш ұксату мен ою жұмыстарын орындау, тоқыма, кестелеу әдістерін меңгеру сиякты шығармашылық тұрғыдағы жұмыстармен жеке айналысуға құштарлығын оятады.
Халық педагогикасы халқымыздың жас ұрпақты тәрбиелеудегі білімінің, біліктілігінің, тәжірибелерінің, танымдық әрекеттерінің, дағдыларының жиынтығынан тұратын педагогикалық ұлттық қазына екендігі белгілі.
Этномәдени білім беру дегеніміз жастарға шығармашылығын дамытатын мүмкіндіктер, ұлтымыздың бай мәдениеті, ұлттық болмыс, тарихы, тілі, ұлттық құндылықтар туралы білім беріп, жан-жақты, Отанын сүйетін, адамгершілігі мол, рухы биік, жаһандық өркениеттің халықтарына төзімді жеке тұлғаны тәрбиелеу. Этномәдениет ата-бабаларымыздың тәрбиеге байланысты ғасырлар қойнауынан сараланып жеткен іс-тәжірбие жиынтығы, қанша уақыт өтсе де тат баспайтын адалдығы айнадай ұлттық қазына. Халық батыры Бауыржан Момышұлы айтқандай «өткенін білмеген, одан тәлім-тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы-тұл, келешегі тұрлаусыз». Олай болса, бүгінгі ұрпағымызды халқымыздың баға жетпес бай салт-дәстүрі негізінде тәрбиелеу, оларға ата-бабаларымыздың салт-дәстүрлерін терең сіңіру қажет.Тәуелсіздік алғаннан бері бұл мәселе біздің еліміздің үнемі назарында болып келеді: 1994 жылы Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру концепциясы, 1995 жылы Қазақстан Республикасының білім саласындағы мемлекеттік концепциясы, 1996 жылы Қазақстан Республикасында этномәдени білім беру концепциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы, 2002 жылы Йоханнесбургте өткен тұрақты дамудың Дүниежүзілік Саммитті декларациясын жүзеге асыруды міндетке ала отырып, Қазақстан Республикасының тұрақты дамуының үш бағыттан тұратын, яғни экономикалық, экологиялық, этномәдени білім берудің 2007-2024 жылдарға арналған Концепциясын қабылдады, «Қ.Р.2011-2020 жылдарға арналған білім бағдарламасы», 2012 жылы «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 – 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары» негіздерінде білім саласының бұрынғы жүйесін қайта қарап, ұлттық мәдениетке негізделген білім жүйесін дамытуды көздеп отыр. Бұл құжаттарда ұлттық сұранысқа негізделген, мәдени, тарихи, ұлттық дәстурлерін есепке ала отырып білім жүйесін реформалау қажеттігі атап көрсетілген.
Тұлғаның қалыптастыруда технология сабақтары кезінде этномәдени білім беру мен тәрбиенің жұмыс тәжірибиесін саралай отырып, мынандай қорытынды жасауға болады:
Өзекті мәселелер:
Әлсіз жақтары:
- материалдық-техникалық база жеткіліксіз;
- әдістемелік және оқу құралдар жүйелі емес;
- этномәдени білімнің қажеттілігін түсінуі төмен;
- арнайы мамандардың жоқтығы;
Жақсы жақтары:
- тұрақты дамудың әлеуметтік бағыты бар;
- жастардың танымдық белсенділігі жоғары;
- этномәдени білім мен тәрбиенің актуальдылығы;
Мүмкіндіктері:
- рухы биік, отаншыл, жауапкершілігі жоғары жас ұрпақ тәрбиеленеді;
- жастардың өзін-өзі дамытуы;
- жастардың қоғамдық белсенділігнің артуы;
Күтілетін нәтиже:
- Терең теориялық білімді, білікті, ұлттық игіліктерді, адамзаттық құндылықтар мен рухани мәдени сабақтастығын сақтай отырып, ой-өрісін, дүниетанымын кеңейте білетін, тәрбиелі, жауапкершілігі жоғары ұлт азаматы.
Проблемаларды шешу жолдары:
-білім басқармасының қызығушылықтарының арттыру;
- оқу-материалдық база жасау;
- әдістемелік құралдар шығару;
- этномәдени білім беру мен тәрбиенің ұлттық жүйесін жасап, насихаттау;
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.
2. Әбдуалиева Ш. «Халық қолөнері» - Алматы. Рауан, 1992
3. Арғынбаев Х. «Қазақ халқының қолөнері.» Алматы. Өнер, 2009.
4. Тәжімұратов Ә. «Шебердің қолы ортақ.» Алматы. Қазақстан, 2005.
5. Қасиманов С. «Қазақ ұлттық қолөнері.» Алматы. Рауан, 2012.
6. «Қазақстан шеберлері.» – Алматы, 2013.
7. «Мектептегі технология», «Технология в школе» журналдары.
8. Ғаламтор материалдары.
Категория: Технология | Добавил: Zhanbo (2016-03-05) | Автор: Жанболат Есенғалиұлы Ешов E
Просмотров: 1922 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 0:15 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru