Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Самопознание

«Әдептілік – адамгершілік бастауы»
Құрметті ұстаздар, оқушылар!
Бүгінгі сабақ ерекше «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының негізін қалаушы С.А.Назарбаеваның мерейтойына арналады.
Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: «Әдептілік – адамгершілік бастауы»
Алдымызға қойған мақсатымыз: әдептілік, инабаттылық, сыйластық туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
Казақ халқының салт-дәстүрлері және әдет-ғұрыптары жайында білімдерін толықтыру.
-әдептілік, инабаттылық сыйластықтың адами қарым-қатынастағы мәнін ашу.
-әдептілік, ізеттілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
І Шаттылық шеңбері
ІІ Әңгімелесу
ІІІ Оқу ақпараты (тарих)
ІV Сахналау (амандасу)
V Мәтінмен жұмыс.
VI Жағдаятты талдау.
VII Дәйек сөз.
VIII Шығармашылық жұмыс
IX Жүректен жүрекке
Жүру барысы:
Сабағымыздағы шаттық шеңбермен бастап, «Қазақ осы» әнін орындайық.
Ал, енді балалар орындарымызға отырып, әңгімелесумен сабақты жалғастырайық.
1. Қандай салт – дәстүрлерді білесіңдер?
2. Қазіргі күндерде қолданып жүрген салт – дәстүрлер бұрыңғы заманда қолданғаннан айырмашылығы бар ма?
3. Ата – бабамыздан тарап келе жатқан салт – дәстүрлер қазіргі күндері жалғасуына көзқарастарың қандай?
Келесі біздің тапсырмамыз «Оқу ақпараты». тарих пәні
Қазақтардың қонақжайлық қасиеті және өзара көмек жөніндегі әдет- ғұрыптары.
Слайд: Ресей зерттеушісі Виктор фон Герн былай деп жазған болатын:
«Жалпы қазақтар осы уақытқа дейін жылы жүздігімен, қайырымды ақкөңілдігімен және қонақжайлылық қасиетімен таңқалдырады. Мұның өзі олардың сүйегіне ежелден сіңіп кеткен керемет асыл қасиеті».
Бұл сөзден біз қазақтарға дәтүрлі қонақжайлылық қасиеті ежелден тән екенін көреміз. Қазақтарда үйіне кез келген адамға міндетті түрде тегін қонақасы беру, оған жайлы төсек орын салып, қондырып жіберу әдет-ғұрпы ежелден орын алды. Ежелден келе жатқан әдет-ғұрыптың бірі – дәм ауыз тию. «Құс үйден құр шығармайтын». Қазақтардың басқа да жақсы әдет-ғұрыптары бар. Қазір өздерің білетіндерін атап көріңдер.
Оқушылар атайды: Ерулік беру, қалау; қымызмұрындық; асар. Толықтырып айтатын болсақ, тағы мынадай әдет-ғұрыптар бар.
- Алыс сапардан немесе жәрдемеңкеден қайтып оралған адам туыстарына базарлық ала келетін.
- Егер бір адам жаңа киім кисе немесе бағалы затқа ие болса оған жақын туыстары байғазы беру.
- Дала тұрғындары бір-біріне қуанышты хабар жеткізсе сүйінші және сәлемдеме ала кететін.
Балаларға жақсы тәрбие, үлгі – өнеге беруе мақал-мәтелдердің атқаратын рөлі зор. Балаларды еңбексүйгіштікке, алды – артын аңдап сөйлейтін сақтыққа, адамгершілікке асыл қасиеттерге баулиды.
Ал қазір балалар өздерің білетін мақал-мәтелдерді айтып, талдап көрейік.
Әдептілік пен сыпайылық әдет-ғұрпы.
Жас келіндер ер азаматты ерекше құрметтеудің белгісі ретінде күйеуінің жақын туыстарының атын атамаған. Күйеуінің әкесі мен шешешіс ата, ене деп атаған. Күйеуінің іні, қарындастарына шырақ, жарқын, гүлім, бауырым деп ат қойған.
Әдептіліктің бір белгісі амандасу.
Әр халық дәстүрінде адами қарым-қатынастағы ең басты әдептілік – бұл сәлемдесу болып табылады.
Ол бір-бірінің саулығын сұрасу, өздерінің аман-есен кездесіп тұрғанына қуаныш білдіру, ниеттері ақ – адал екендерін сездіру.
Әрбір ұлттың сәлемдесу түрлері де әр түрлі. Мысалы, Селеметсіз бе! Здравствуйте! Бонжур! Гутен таг! Халло!
Сәлем беру – имандылық, инабаттылық, мәдениеттілік белгісі. Адамдар бір-бірімен ақ жарқын жымыя амандасуға тиісті.
Қазақ халқының сәлемдесу түрлері көп. Қазір біз оларды орындап көрейік.
Сахналау. Тарих пәні мұғалімі толықтырады.
Шәкірт. Сәлеметсіз бе?
Ұстаз. Саламатта болыңыз.
Аида: Сәлеметсіз бе, Александр Сергеевич!
А. Сергеевич: Сәлемет пе Аида!
Салтанат: Сәлеметсіз бе?
Әже: Аман сау болыңыз.
Ер бала: Ассалаумағалейкүм!
Ата: Уағалейкүмассалам.
Жасы кіші: Сізге амандық тілеймін.
Жасы үлкен: Рақмет. Саған да амандық тілеймін.
Екі қазақ кездесе қалғанда жасы кішісі жасы үлкеніне «Ассалаумағалейкүм!» деп бірінші болып сәлем береді. Жасы үлкен кісі оған «Уағалейкүмассалам!» деп жауап береді.
Дала тұрғындарына тән әдептілік пен сыпайлық, кішіпейліктің бір көрінісі – үлкен кісінің есіміне әке (еке) сияқты жұрнақ сөз қосып айту.
Мысалы: Қазбек-Қазеке, Диқан-Дәке, Бауыржан-Бәке.
Орыс ғалымдарының бірі Л.Балюззек те байқаған: «Қырғыздардың (қазақтардың. – авт) сыпайлығы, кішіпейілдігімен әдептілігінің бір көрінісі – жасы үлкен кісілердің есіміне еке (әке), Мәке, Сәке сөзін қосып айту»
Қазақтарда бата беру әдет – ғұрпы кеңінен етек алды. Ол әрбір іске кірісер алдында міндетті саналатын. Бата поэтикалық тілмен жалпы жұртқа қарап тұрып беріледі.
Бата адамды лайықсыз, теріс қылықтардан сақтандырады, ол жастарды, ізгілікті әрі қайырымды істерге баулиды.
Сахналау. Бата беру.
Өзін-өзі тану.
Қазіргі заманда қазақ балаларының жүріс-тұрысы, киінуі, сөйлесу, және т.б. байланысты қалыптасқан әдеп нормалары өзгеруде.
«Оған себеп болуы не?»-деп ойлайсыңдар.
Мәтінмен жұмыс.
«Студент қыздың әңгімесі» атты мәтінді тыңдап, өз пікірлеріңді айтып көріндер.
Жігіттердің іс-ірекеті сендерге қандай ой қалдырды?
Әрине, мұндай іс-әрекеттерді жасау өте әдепсіздік, көргенсіздік.
Әрбір адам қоғамдық орындарда, көшеде, іс-сапарда, театрда әдеп гормаларын білу және сақтау керек.
Сахналау: «Кинотеатрда кешіккен баланың өз орнына өтуі»
Тапсырма Қоғамдық орындарда, көшеде.
- Біреуді мазалаған немесе оған қолайсыздық тудырған жағдайда кешірім сұра.
- Адамдарды немесе заттарды саусағыңмен нұсқап көрсерпе.
- Тесіле қарама, адамдарға бұрылып немесе артынан қарама.
- Көшеде жүріп бара жатып тамақтануға болмайды.
- Біреудің бөлмесіне немесе кабинетіне сыртқы киіммен кірме.
- Есікті қағып кір. Өзіңе рұқсат жасалғаннан кейін ғана отыруға болады.
Балалар, осы тізімді әріқарай жалғастырайық:
Үлкендердің жолын кеспе
Үлкендердің сөзін бөлме
Қоғамдық жерлерде дауыстап сөйлеме...
Сонымен бүгінгі сабағымыздың дәйексөзі:
«Біз бойымызда әдепті дамытуға тиіспіз. Өйтпесек адамдардың ілтипатынан оп-оңай айырылып қалуымыз мүмкін».
И. В. Гете
Келесі біздің тамсырмамыз сауалнама: «Сен қандай баласың?» Шамаларыңша шындап жауап беруге тырысыңдар, парақтарыңды жинап алмаймын, аты – жөндеріңді жазбауларыңа болады.
Тақтада 9 сұрақ беріліп тұр, өздеріне қажетті вариантын белгілендер. (Кім қанша балл жинады, тақтаға жазу. Сосын нәтижені оқу).
Шығармашылық жұмыс: Үйге тапсырма.
Төменде берілген сөздерден жағдаяттар құрастырып жазу.
1. Сыныптастардың телефонмен сөйлесу әдебі.
2. Қоғамдық көліктегі оқушы мен карияның әдептері.
Бүгінгі сабағымыздың қорытындысы:
Мен бүгін:
- Айналамдағы адамдармен жақсы қарым-қатынаста боламын;
- Барлық ортақ игіліктерге ұмтыламын;
- Кез келген адамның қайталанбас даралығын құрметтеймін;
- Қолымнан келіп тұрғанда адамдарға жәрдем беру мен үшін еш қиындық тудырмайды;
- Өз өмірімде әдепті, әсем, сыйлы, сүйкімді болуды қалаймын;
- Маған сенім артуға болады.
- Ата-бабамыздан тарап келе жатқан әдеп-ғұрыптарды сақтаймын;
Жүректен жүрекке
Ал, балалар жүректен жүрекке шеңберіне тұрып, бүгінгі сабағымызды «Дәстүрлерім-ай» әнімен аяқтаймыз.
Категория: Самопознание | Добавил: Балбикеш (2015-01-21)
Просмотров: 1664 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-19, 2:31 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru