Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Самопознание

Ізгілік –адамның басты рухани –адамгершілік құндылығы.
Ақтөбе облысы,Мұғалжар ауданы
Қандыағаш қаласы №4 қазақ орта мектебі.
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі: Кужаниязова Гулдана Кубантаевна
Ізгілік –адамның басты рухани –адамгершілік құндылығы.
Пікірталас сайысы:
Пікір-сайыс (дебат) сабағымыздың негізгі мақсаты: Адамды белгілі бір білім қорымен қаруландыру ғана емес, білім алушыны рухани –адамгершілік тұрғыда дамыту, өнегелі өмірлік өскелең жолға бастау. Осы тұрғыда «Ізгілік –адамның басты құндылығы» -деп Сара Алпысқызы айтқандай «Мен шын көңілден Сүйіспеншілік дегеніміз қасиетті құбылыс санаймын. Оның әрбір көрінісі қоршаған әлемге деген құштарлық бізді одан әрі ізгілікке бастап, жетілдіре түседі.» Соның ішінде ізгілік ақылдың шешімі, ізгі жүрек, ізгі сезім, махаббат пен жанашырлықтың саналы және санадан тыс әрекеттерден көрінуі. Абай атамыз айтып кеткендей, «Толыққанды адам» қалыптаспақ, яғни адам бойында қандай қасиеттер орын алады, оның жақсы –жаман жақтары бар. Біз осы жайында өз ой-пікірімізбен таразыға салып көрейік. Ізгілік, махаббат, мейірім, адамгершілік, қиянат, дұрыс әрекет, тыныштық т.б. қасиеттерді қалай байланыстырамызосы жөнінде бүгінгі қатысып отырған топтарға сөз береміз.
Қатысушылар
«Мейірімділік» тобы «Сүйіспеншілік» тобы
(Жақтаушы) (Даттаушы)
Сайысымыздың ережесімен таныстырып өтейін:
1. Бос айтыс, тартыстан аулақ болу;
2. Қарсыласыңды қорқытуға әуес болма;
3. Мысқыл сұрақтар қоюға болмайды;
4. Қарама-қарсы сұрақтарға берілген уақытты тиімді пайдалану;
5. Қосымша қойылатын сұрақтарға дайын болу шарт.
Бүгінгі келген қонақтармен таныстырп өтсек:
1.
2.
Сайысымызды бастамас бұрын жеребе тастап, сайысымызды кім бірінші бастайтынын анықтап алайық.
Жүргізуші: Ендеше бірінші бөлімге кезек берейік.
Таныстыру: уақыты 1 минут
Жүргізуші: Қарсыластар өздерін таныстырып, болған сыңайлы, енді негізгі кезеңге кезек берсек дейміз. Оқушылар бұл кезеңде өз пікірлерін айтады, оларды дәлелдейді, керекті факттілер, мысалдар, статистикалық мәліметтер келтіреді. Екі топ дәлел бойынша кезекпен-кезек сөйлейді. Уақыттарыңыз шектеулі – 2 минут.
«Мейірімділік» (Жақтаушы) тобы сөз кезегі сіздерде
Біздің яғни қарарымыз бойынша «Әруақытта жүрегінен мейірім төгіліп тұратын рухани ізгілік негізінде өзінің ізгілікке ұмтылған мақсатын қалыптастыру». Біздің анықтауымыз бойынша: Сара Алпысқызының рухани болмысы-айналаға жарық таратушы, рухы таза, рухани жанашылдықтың бастаушысы, жүрегі жылы әрі үлкен дарқан адам. «Өмір сүрудің ең жақсы жолы –айналаңа жарық тарату» дегендей ақ тілеулі ана тәрізді барлық адамның бойынан жақсылық іздейтін ізгі ниет иесі болып елестейді. Яғни дұрыс белгісі бойынша білімдеріңізді толықтырмаған әр күн сіз үшін текке кеткен және енді қайтып оралмайтын күн.
Жүргізуші; Дәлелдеңіз.
Дәлелдейтін болсақ : Бізге Сара Алпысқызы берген рухани-адамгершілік білімді тану үшін мейірім, сүйіспеншілік, қайырымдылық қажет. Ол сезімдер кез-келгенің бойында лүпілдеп толып тұрғанымен, жарық дүниеге келісімен-ақ оның жүрегінің түбіне ізгіліктің бастауы болатындай адамгершіліктің дәні себіледі. Оны дамытып жағымсыз мінез-құлықты түзету-адамзаттың өз қолында. Қазіргі қоғамның әрбір адамы бұл өмірге бақытты болу үшін келетіндіктен, оның барлық әрекеттеріне өзін өзі тану және бұл өмірде өзін-өзі табу руханилық жолындағы ізгілік тіршілік иесі болуы тиіс.
«Сүйіспеншілік» (Даттаушы )жақ мүшелері кезек сіздерде
Біздің қарарымыз «Өзіңнен өзіңді ізде, өзіңе-өзің бағын, өзіңді өзің тани біл» деген қағидаға қарсы емеспіз. Алайда қазіргі қоғамда бала тек дайын сөзге, дайын жауапқа үйренген. Яғни анықтауымыз бойынша қазіргі білім алатын ақпарат көздері көп. Мысалы бұрынғы ата-бабаларымыздың кітап және кітапхана да жаңалық ашып, ғылым көкжиегін кеңейткен. Дұрыс белгісі бойынша: Жаңа технологияның негіздері арқылы да білімді молайтуға болады.
Жүргізуші; Дәлелдеңіз.
Дәлелдейтін болсақ : Мұғалім өзіне шәкірттердің қаншалықты жоғары бағалап қарайтынын есінде сақтаса, оның балаларға тигізетін ықпалы соншалықты күшті болады, соншалықты оның әрбір мақтауы балаларды шаттандырады, оның әрбір ескертуі баланың жүрегіне терең орнығады. Әрине тағдырдың маңдайға жазғанынан қашып кете алмаймыз, өмірді өзгертіп жіберуге болмас. Жүсіп Баласағұн айтқандай «Өмір-бұл өлшеммен берілген құндылық, қайырымды іс жасасаң» - оның өлшемі сенің ізгі әрекетіңмен өлшенетін құндылық екенін айтқан.
Жүргізуші: Екі топ өз ойларын толық жеткізе білді деп ойлаймын. Енді ұсыныстарыңыз бар ма? Қарсы жақ ұсынысыңыз бар ма? Уақыт-3 минут.
Даттаушы ұсынысы: Қазіргі техника дәуірінде адамның күнделікті өмірі компьютермен өтеді. Оны ешкім жоққа шығара алмайды. Мысалға алатын болсақта қазіргі ата-аналар интернетті балаларына қосып беріп жатады. Өзі білмесе де баламның көзі ашық болсыншы деп. Оны неге айтып отырмын осы тәрбие мейірім, сүйіспеншілік, адамгершілік, ізгілік осы отбасынан басталмай ма. Ал бала болса құр ойнауымен уақытын өткізеді. Ал сабақ жөнінде қалады, оның санасына керә әсерән тигізеді. Әрине мұны барлығыда біледі. Сондықтанда әр уақытымызды тиімді, пайдалы істермен өткізсе деймін. Сонда ғана біз өмірдің мәнін түсіне аламыз., Шәкәрім атамыз айтқандай;
Өмірдің өкінбейтін бар айласы,
Ол айла-қиянатсыз ой тазасы.
Мейірім, ынсап,әділет, адал еңбек,
Таза жүрек, тату дос- сол шарасы – деген өлең жолдары «мейірімділік – тәні де, жаны да жаралы адамның дертіне дауа бола білу, мейірімділік- жәбір көрген жанға көмек көрсету, жылағанда жұбату» - деп түсіндіріп кеткен.
Жүргізуші: Жақтаушы жақ ұсыныстарыңыз бар ма? Уақыт-3 минут.
Жақтаушы жақ ұсынысы: Сіз айтып отырған ғаламторды кұнделікті тұрмыста дұрыс мақсатта қолдана білсеңіз оның пайдасы мол. Кез-келген тақырыпқа қатысты материалдарды, анықтамаларды ала аламыз. Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа түрлері жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. «Білім туралы заңның» 8-ші бабында білім беру жүйесінің басым міндеті ретінде оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық комуникациялық желілеріне шығу деп аталып отыр. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты жан-жақты маман болу мүмкін емес. Біліммен жақсы көруді үйреткен Сара Алпысқызының жылы жүрегімен, нұрлы ақылымен құрылған «Өзін-өзі тану» пәнінің арқасында мен «Ақиқат», «Дұрыс әрекет», «Сүйіспеншілік», «Ішкі тыныштық», «Қиянат жасамау» жалпыадамзаттық құндылықтарды бағалау арқылы ішкі әлемдегі өмірлік бағдарымды түзей алдым. Сндықтанда мен қазір балаларға рухани –адамгершілік білім беру арқылы, әр бала кем дегенде 60-70% -і өмірден өз орнын тауып, отбасы құратынына толық сенімдімін.
Жүргізуші: Егер қосымша айтарларыңыз бар ма? Уақыттарыңыз -2 минут.
Даттаушы жақ қосымшалары: Менің ойымша жас жеткеншектерге ата-ана жауапты. Ата-аналар тарапынан қатаң талаптар болса бала ешқандай жаманшылдыққа бармайды. Баланы бағып-қағып өсіретінде, ертеңгі рахатында көретін ата-ана. Сондықтан да баланы сүйіспеншілікке, ізгілікке тәрбиелеу қажет. Ізгілік-сезімді сергітіп, ой-санаңды жарықтандырып, қиялыңа қанат бітіреді. Ізгілік- көкіректегі жақсылыққа ұмтылған нәзік сәуле. Сондықтанда сүйіспеншілік адамға ғана тән. Тек адамша сүйе білсе ғана- ол Адам. Отбасында рухани-адамгершілік тәрбие болмаса, өз бетімен шешім қабылдамаса, жауапкершілікті сезіне алмаса, «Бұл адам санасын ойсыз бос кеңістікке тәрбиелеу деген сөз» дейді ғалымдар.
Жақтаушы жақ қосымшалары: Бұның бәрі адамның намысы, ерік –күші мен ұлтжандылығы, рухани-адамгершілігі, ізгілігі тәрбиесіне байланысты. Бұл қазір жас ұрпаққа тіреліп тұрған үлкен бір даулы мәселе. Сондықтан аға буын да осы жастарды ұлтжанды, адамгершілігі мол етіп тәрбиелеуі тиіс. Тәрбие беру тек қана педагогтардың ғана міндеті емес, бұл әрбір отбасының және барлық ересектердің айналысатын ісі. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсын.» деп бекер айтылмаған. Баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуі рол атқарады. Қазақстан Республикасындағы рухани-адагершілік білім жобасы жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу болып отырғандықтан. «Өзін-өзі тану» -баланы өз қадірін білуге, өзін сыйлауға өзін-өзі жетілдіруге өз бетінше шешім қабылдай алуға, өз сөзі мен әрекетері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелеу. Өйткені адам, адам болып дүниеесігін ашқаннан бұл дүниеден озғанша өзін-өзі тану керек. Өзін таныған өзгені де тани алады, түсіне де алады, қабылдайда алады.
Жүргізуші: Екі топ мүшелері ойларын жеткізді деп ойлаймын. Сұрақтарыңыз бар ма? Бар болса, уақыттарыңыз- 2 минут.
Жақтаушы жақ сұрақтары: «Өзін-өзі тану пәні дегеніміз не?»
(Даттаушының жауабы)-Өзін-өзі тану пәні дегеніміз адамның өзін-өзі тәрбиелеуі. Бұл үздіксіз жүретін процесс. Өзіңді –өзің тәрбиелеу арқылы мінезіңдегі жағымсыз қасиеттерден арылуға болады. Ұлы Абай «Егер менің қолымда закон болса мен адам мінезін өзгертуге болмайды деген кісінің тілін кесер едім» деп бекер айтпаған. Жағымсыз, келеңсіз мінезді өзгертуге болады, бірақ оны ешкім өзгертпейді, тек сол адамның өзі ғана өзгерте алады.
Даттаушы жақ сұрақтары: Рухани-адамгершілік , ізгілік тәрбиесі бізге не береді?
(Жақтаушының жауабы) Ізгілік-бұл адамға деген адамгершілік, сүйіспеншілік қатынас, бұл өзге адамға жақсылық жасаудың негізі болып табылады. Және балаларға ізгілікті тәрбие беруде ұстаздармен ата-ананың белсене араласуы заман талабына сай бала тәрбиесіндегі білімдері мен құзырлылықтарын жрғарлату. Ұлттық тәрбие қүндылықтарын сақтай отырып балаларға рухани ізгілікті тәрбие беру болып есептеледі. Ы.Алтынсарин «Адамгершілікке тәрбиелеу қүралы-еңбек пен ата-ана үлгісі» дегені бала тәрбиелеп отырған ата-ананың өзі тәрбиелі, өзі адамгершілігі мол, өз еңбекқорлық адам болуы керек делінген.
Жүргізуші: Екі топта сұрақтарына жауаптарын алған сыңайлы, енді біз келесі сөзді келген қонақтарымызға берейік.
Жүргізуші: Өркениет өркен жайған бүгінгі өскелең дәуіріндегі өрелі жаңалықтардың бірі жалпыадамзаттық құндылықтардың өзекті мәселесі болып отырғандықтан, мұғалім-нұр себуші, нұр таратушы,, бала- сол нұрды іздеуші, сол нұрға ұмтылушы болып табылады. Оларға сүйіспеншілікті, мейірімділікті, ізгілікті, адамгершілікті, шабыттандыру, құлшындыру, өмірлік бағытын іздеуге бағыт-бағдар беретін біз және сіз. Дегенменде «таяқтың екі ұшы бар» дегендей, жаман-жақсы тұстары бар. Санасы бар адам баласы саралап , тура жолдан таймай өзіне қажеттісін алып, қалғанын сызып тастап отырса ұрпақтарымызды мәңгүрттік жазылмас ауруға ұшыратпас деп ойлаймыз.
Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» атты өлең жолдарын оқып кетсем деймін.
Тау суындай гүрілдеп,
Айбдынды алаш елім дер.
Алтын арқа жерім дер,
Мен жастарға сенемін.
Қажу барма сұңқарға,
Талу барма тұлпарға.
Иман күшті оларда
Мен жастарға сенемін
Мен сенемін жастарға
Алаш алтын аспанға
Шығарар олар бір таңда
Мен жастарға сенемін.
- Дегендей,еңсесі биік, егеменді еліміздің адалдықты ту еткен алғыр ойлы адал азамат ұл-қыздары көп болғай деп осымен сайысымыз аяқталды. Сау болыңдар!
Категория: Самопознание | Добавил: Гуми9659 (2015-04-07) | Автор: Кужаниязова Гулдана Кубантаевна E
Просмотров: 778 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2016-12-09, 1:06 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1474]
Школьный психолог [501]
История [695]
Опыт [471]
Научная кафедра [216]
Воспитание души [217]
Мастер-класс [205]
Семья и школа [173]
Компьютер-бум [247]
Английский язык [770]
Великие открытия [17]
Университет здоровья [127]
Математика [1139]
Химия [374]
Классному руководителю [622]
Биология [578]
Думаем, размышляем, спорим [89]
Казахский язык и литература [1762]
Краеведение [92]
Начальная школа [3905]
Беседы у самовара [15]
Мировая художественная культура [38]
Новые технологии в обучении [353]
Сельская школа [70]
Профильное обучение [68]
Демократизация и школа [23]
Физика [289]
Экология [179]
Дошколенок [1491]
Особые дети [271]
Общество семи муз [56]
Школа и искусство
Уроки музыки [612]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [440]
Мой Казахстан [227]
Школьный театр [66]
Внеклассные мероприятия [1154]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [72]
ИЗО и черчение [212]
Физическая культура [517]
Немецкий язык [51]
Технология [280]
Самопознание [379]
Профессиональное образование [101]
Школьная библиотека [73]
Летний лагерь [13]
Дополнительное образование [8]
Педагогические программы [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • Статистика

    Рейтинг@Mail.ru