Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Самопознание

өзін өзі тану
Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Мектеп Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназия Мерзiм 19.11.15ж
Тақырып Кешірімді бала-кішіпейіл бала
Құндылық Дұрыс іс-әрекет Қасиеттер қарым-қатынасты бұзбау, үлкенге, досқа деген құрмет,кешірімді болу.
Мұғалiм: Кошеметова Рымкүл Каукарбаевна Cынып 2 Оқушылар саны 29
Мақсаты: Оқушыларға кешірімді бала-кішіпейіл бала тақырыбын түсіндіре отырып дұрыс әрекет жасау құндылығының мағынасын ашу.
1. Білімділік. Қарым-қатынасты бұзбаудың өмірдегі маңыздылығын түсіндіру.
2.Дамытушылық: үлкенге,досқа құрмет көрсету іскерліктерін дамыту;
3. Тәрбиелік: Кешірімді болуға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, прича,дәптер, оқулық, жағдаяттар, эссе,фото коллаж,ән: Не деу керек? Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)
Интерактивті тақта, нақыл сөздер, оқулық,дәптер, суреттер,
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру
Тыныштық сәті. №1.
Нұрға бөлену
Жайлап, жақсылап отырыңыздар. Арқаларыңызды түзу ұстаңыздар. Аяқ, қолдарыңызды айқастырмай, тізеге немесе үстел үстіне қоюға болады. Денеңізді бос ұстап, көзіңізді жұмыңыз.
Нұр сіздің төбеңізден кіріп, денеңіздің ортасына қарай жылжып барады деп ойлаңыз. Кеудеңіздің ортасында гүл шоғы бар. Күннің жылуымен кеудеңіздегі гүл шоғының күлтелері бір- бірден ашыла бастайды. Сіздің жүрегіңізде әдемі, керемет гүл әр сезіміңіз бен тілегіңізді орындай гүлдей түседі.
Нұр біртіндеп түгел денеңізге жайылып жатқандай. Ойша осы нұрды қолдарыңызға таратыңыз. Сіздің қолдарыңыз нұрланып, тазарды. Енді қолдарыңыз тек жақсы, игі істер ғана жасап, баршаға көмектеседі. Нұр біртіндеп сіздің аяқтарыңызға тарап жатыр, аяқтарыңыз нұрланып, тазара түсті. Енді сіздің аяқтарыңыз тек жақсы қадамдар жасап, жақсы жерлерге игі істер жасайтын жерлерге ғана апарады. Олар нұр мен сүйіспеншіліктің құралы болады. Нұр сіздің аузыңыз бен тіліңізге де жетті. Тіліңіз шындық пен мейірімді сөздер ғана айтатын болады. Енді нұрды ойша құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз жақсы сөздер естіп, тамаша әуендерді еститін болады. Басыңыз жап- жарық болғандай, ол тек жақсы ойлар ғана ойлайды.
Нұр кеңейіп, сіздің денеңізден асып шықты, осы нұрды барлық туған- туысқандарыңызға, ұстаздарыңыз бен достарыңызға, таныстырыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша ренжісіп қалған таныстырыңызға да бағыттаңыз. Нұр мен жылу олардың жүрегін толтырсын. Осы нұр барлық жер бетіне тарасын, ол жан- жануарлар, өсімдіктерге де жетіп, оларды өзінің жылуымен баурасын. «Ойша, Мен.. НҰРМЫН, НҰР МЕНІҢ ІШІМДЕ. Осындай нұрлы, сүйіспеншілік, тыныштық жағдайда сәл болыңыз».
Енді нұрды қайтадан өз жүрегіңізге салып қойыңыз. Нұрланған барша әлем сіздің жүрегіңізде. Жүрегіңізді осы тамаша жағдайда сақтаңыз. Біртіндеп көздеріңізді ашыңыздар. Рахмет.
Оқушылар бір-біріне кезекпен жылы сөздер,сәттілік тілейді.
Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылардың «Үлкенге- құрмет, кішіге-ізет» тақырыбына жазған эссені оқыту. (оқушылар қол соғып қошемет көрсетеді)
Сыныпта баяу музыка ойнап тұрады.
прича
«Екі дос» әңгімесін оқушыларға интерактивті тақтадан көрсету арқылу баяндап айтып беремін.
Екі дос шөл далада саяхаттап жүреді. Бір кезде екеуі ұрысып қалады да, біреуі екіншісінің жағынан тартып жібереді. Соңғысы ауырсынса да, ештеңе айтпайды, тек құмға былай деп жазады: «Бүгін менің ең жақсы досым менің жағымнан шапалақпен тартып жіберді».
Олар әрі қарай жүріп келе жатып, көлге кездеседі, сол жерде шомылып алмақшы болады. Шапалақ жегені суға секіріп кетеді де, батып кете жаздайды. Бірақ досы оны құтқарып қалады». Ол өз-өзіне келген кезде, тасқа былай деп жазады: «Бүгін менің ең жақсы досым менің өмірімді құтқарып қалды». Сол кезде оны жағынан тартып жіберген, құтқарып қалған досы сұрайды:
-Мен сені ренжеткенде сен құмға жаздың, ал енді тасқа жазып жатырсың. Неге?- деп сұрайды.
Досы былай деп жауап береді:
-Бізді біреу ренжеткенде, жел оны өшіріп тастауы үшін біз оны құмға жазуымыз керек. Ал біреу жақсылық жасаса, оны өшірмейтіндей етіп, тасқа қашап жазуымыз керек. Өкпеңді құмға, қуанышыңды тасқа қашап жазып үйрен.
Сұрақ:
1. Мәтін кімдер туралы? Достар туралы.
2. Неліктен досы ренішін құмға жазды деп ойлайсыңдар? Бізді біреу ренжеткенде, жел оны өшіріп тастауы үшін біз оны құмға жазуымыз керек. Өкпе,ренішті тез ұмытып кешірімді болу керек.
3. Неліктен қуанышын тасқа жазды деп ойлайсың?
Ал біреу жақсылық жасаса, оны өшірмейтіндей етіп, тасқа қашап жазуымыз керек. Жүрекке тек жақсылықты ұстау керек.
4. Достық берік болу үшін адамдарға қандай қасиет керек? Кешірімді, кішіпейіл болу керек.
Ендеше бүгінгі өтетін тақырыбымыз балалар «Кешірімді бала-кішіпейіл бала» деп тақырыпты ашамын. Сабақ барысын талқылау:
Дәйек сөз.
«Кешірім сұрау-бақыттың бастауы» Мұхтар Шаханов Мұхтар Шаханов 1942 жылы 2 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шілік ауылында дүниеге келген. Мамандығы тракторшы, филолог. 1969 жылы Шымкент педагогикалық институтын сырттай оқып бітірген.
КСРО Жазушылар Одағының мүшесі,КСРО Жазушылар Одағының пленум мүшесі, «Жалын» журналының бас редакторы, Қазақстанның халық жазушысы,Қазақстан Жазушылар Одағы Басқармасының хатшысы.
Оқушыларға жаппай және топ бойынша айтқызып жаттату. Мағынасын түсіндіру. Адам адам болған соң қателеспей тұрмайды, қателескен жағдайда біз көбінесе кінәліні іздейміз. Өзгелерге кінә қойып өкпе-реніш танытамыз. Қателеспейтін адам болмайды сондықтан кешіре де білу керек. Ал кек сақтау адамдарға деген жек көрушілік, сенімсіздік туғызып, жағдайды ушықтырып жібереді. Өкпе,реніш адамдар арасындағы жағымды қарым-қатынасқа нұқсан келтіріп,өзара түсінбеушілік туғызады. Сол себепті өкпе,ренішке бой алдырмай,адамдарға түсіністікпен,ізгілікпен,құрметпен қарауға ұмтылу керек.
Өкпе,реніш-адамның көңіл күйіне,денсаулығына кері әсер етеді.Айналаңа ылғи өкпелеп,ренішпен қарау,риза болмау түрлі ауруларға шалдықтырады. Ал өзгелерді кешірген кезде, бойымыз жеңілдеп, ол адамға жақсылық жасағандай боламыз. Алайда біреуді кешіру – ең алдыменен, өзімізге жасаған жақсылық екенін түсінгеніміз абзал. Өйткені өмір сондай тамаша, біз алға қарай тек қана адал ниет, ізгі істермен жүрсек,тек жақсылыққа қол жеткіземіз.
«Кешірім сұрау-бақыттың бастауы» деген сөздің мағынасы осы.
Оқушылардан өздері біреуді ренжіткен жағдай немесе біреуге ренжіген жағдай болды ма? Сол туралы айтқандарын тыңдаймыз.
Ал енді өкпе - реніштің зиянынан бойды аулақ ұстау, іштегі өкпе - реніштен құтылу мақсатында тыныштық сәтін өткізейік.
Классикалық музыка ойнайды.
- Көздеріңізді жұмып, денелеріңізді еркін ұстаңыздар.
- Демдеріңізді ішке алып, сыртқа шығарыңдар және содан соң аз ғана үзіліс жасаңдар.
- Енді соңғы кездердегі өкпе - реніштеріңді еске түсіріңдер.(Кімге, не себепті ренжідің?)
- Осы өкпе - реніштер бұлт болып сенің ішіңде орналасып алған екен. Ол мына кіндіктеріңнің тұсында тұр. Енді сол жерге саусақтарыңды апарып, өкпе - реніш бұлтын көтеріп алғандай сезініңдер. Бірте - бірте бұлтты жоғары көтеріп ауыздарыңыздан шығарып жіберіңіздер.
Енді оның орнын жақсы қасиеттермен толықтырайық.
Күннің шуағындай осы жақсы қасиеттердің ішінен бүгінгі сабағымызға қатысты қасиетті алып, ішімізге орналастырайық.
Осының ішіндегі ең маңызды қасиет деп нені көрсетер едіңіздер.
- Адамгершілік,достық әрине.
Олай болса, оны жүрегімізге орналастырып алайық.
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Үш топқа бөлінеді. Енді бұлттардың суреті жапсырылған ватманның бетін түрлі түсті гүлдермен толтырыңдар. Гүлдерге жақсы сөздер жазу керек. Үш топ сөздерді дауыстап оқып береді.
Топпен ән айту. Ә. Дүйсенбиев «Не деу керек»
Апаң сенің базардан
Алма сатып әкелді
Ең үлкенін жақсысын
Саған таңдап әперді
Не деп барып жеу керек?

Балалар жүр көшеде
Естіледі шу айқай
Сенде шықтың көршіңді
Қағып кеттің байқамай
Мұндайда не деу керек?

Осы келген бетіңде
Допты қудың, жарыстың
Көшенің сол шетінде
Кезікті бір танысың
Ұмыттың сен не деуді?
Оқулықпен жұмыс
Р. Әбілқадырованың «Кешірім» әңгімесін оқып беремін.
1.Балалар өз қателіктерін қалай түсінді?
2.Атай балалардың қылығын кешірді ме?
Дәптермен жұмыс
1-тапсырма: «Кешірім»әңгімесіндегі атаның орнында болсаң не істер едің?.
2-тапсырма: Тұрсынның орнында болсаң ше?
Тапсырма орындалып, әр оқушы өзінің жазғанымен бөліседі.
Дос туралы мақал-мәтел сайысы

Соңғы тыныштық сәтi. Жайлап, жақсылап отырыңыздар. Арқаларыңызды түзу ұстаңыздар. Аяқ, қолдарыңызды айқастырмай, тізеге немесе үстел үстіне қоюға болады. Денеңізді бос ұстап, көзіңізді жұмыңыз.
Енді бүгінгі өткен сабақты көз алдымызда елестетіп өтеміз. Балалар мен сендердің сыпайы, мейрімді, адамгершілігі жоғары оқушы екендеріңді білемін.Бүгінгі сабаққа өте жақсы қатысқандарың үшін Рахмет айтқым келеді.
Категория: Самопознание | Добавил: Дюсенбаевна (2016-01-19) | Автор: Кошеметова Рымкүл Каукарбаевна E W
Просмотров: 969 | Теги: rrimkul_7@mail.ru, Кошеметова Рымкүл Каукарбаевна | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-19, 10:16 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru