Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Самопознание

Адалдық пен әділдік
Тақырып: Адалдық пен әділдік
Құндылық: дұрыс әрекет
Қасиеттер: адамгершілік
Мұғалiм: Бопанова .А.О
Сынып: 5

Сабақтыңмақсаты: оқушыларға адалдықпен әділдіктуралы түсінік беру; олардың құндылық ретіндегеі мәнін ұғындыру.
Міндеттері:
-адами қарым – қатынастағы адалдық пен қоршаған ортадағы,өмірдегі әділдіктің орны мен маңызы туралы түсіндіру;
-оқушылардың адалдық пен әділдікті дұрыс ұғына білу біліктіліктерін дамытуға ықпал ету;
-оқушыларды адалдыққа,әділдікке және шынайылаққа тәрбиелеу.
Сабақбарысы:
1. Ұйымдастырукезеңi. Тыныштық сәтi.
ОРМАНҒА ОЙША СЕРУЕН.
(Ескерту: егер бұл сабақ ашық алаңда өткізілсе, онда серуенді сыныпта емес, бақтағы бір орыннан бастау керек).
Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).
Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!
Ресурстар:
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге оқулықта берілген «Адал бала» ертегісін оқып келу тапсырылған болатын.
1.Бала неліктен алтын,күміс балталардан бас тартты?
2.Баланың ісін адал деп айтуға бола ма?
3.Ақсақал қабылдаған шешімді қалай бағалауға болады?
Сабақ барысын талқылау:

3. Әңгiмелеу (сұхбат).Оқулықта берілген жағдаяттарды талдау.
1 – жағдаят
Ажар мен Алмагүл сабақтан келе жатыр еді.Ажар жарнамадан жаңа фильмнің басталғанын көріп:
-Менің қалтамда апам «самса алып жерсің» деп берген ақша бар.Кеттік,кино көрейік, - деді.
Алмагүл:
-Үйден сұранып шыққан жоқпыз.Іздеп қалады ғой, - деп іркіліп калды.
-Ештеңе етпес, «мектепте болдық» деп айта саламыз...
Ажардың ұсынысына сен қалай жауап берер едің?
2 – жағдаят
Менің ең жақын досым мектепте бір баламен достасқан, ол күнделікті кешке қарай мені өзімен бірге серуендеп жүруге шақырды.Ол: «Менің анам сенімен бірге жүргенімді білсе,қарсы болмайды», - дейді.Досыма үйінде ата – анасы ұрыспауы үшін,мен бірнеше рет оларға өтірік айттым.Басында мен қиналмастан оларды жасырып жүрдім, ал қазір олар мені пайдаланып жүр, ал мен күнде өтірік айтуды ұнатпайтын болдым.Мен досымнан ажырағым келмейді.Сонда мен не істеуім керек?

Сендер баланың сұрағына қалай жауап беретін едіңдер?

4.Дәйек сөз.
«Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ»
Ш.Уәлиханов
Адалдықтың таза ниет,ақ көңіл,имандылық қасиеттен туындаған адам екендігін айтады.Әр адамның өзіне тапсырылған іске жауапкершілікпен қарап,оны адал ниетпен орындай алуы мәдениттілікті көрсетеді.Әрқашан әділ сойлеп,шынайы пікір білдірген адам ғана адал бола алады.

4. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Дәптерге жомарттық пен қайырымдылықтың өзара ұқсастығы мен айырмашылығын тауып жазу.

5. Топпен ән айту.
«Білім мен өнерді сүй,сусында»
Қ.Нақысбеков
Білім мен өнерді сүй,сусында,
Деп айтасын ел: «Осындай ер тусын да!»
Арың – адал,әділ болсаң әрқашан
Дүниенің бар бақыты уысыңда...

Түспегені абзал гой арға дақтың,
Күйін кешпе түнде ұшар жарғанаттың.
Адал адам әрқашан- еңсесі тік,
Әділдікті ту еткен,қолғанатым.

6. Үй тапсырмасы. Оқулықта берілген «Қаз дауысты Қазыбектің шешімі» атты аңыз әңгімені оқып келу.

7. Бағалау. Сабаққа ат салысып қатысқандары үшін алғыс білдіріп,сабақ барысында алған жұлдызшалары арқылы бағалау.
Категория: Самопознание | Добавил: bopanovaa (2016-02-22) | Автор: Бопанова Айгерим Онгарбаевна E
Просмотров: 1632 | Теги: школа, самопознание, беседа | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-03-28, 9:47 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru