Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Самопознание

разработка урока
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
«Өзін- өзі тану» гимназиясының
өзін- өзі тану пәнінің мұғалімі
Кошкеева Гульнар Уксукбаевна

Мектеп: «Өзін-өзі тану» гимназиясы
Мерзiмі: 01.10.15ж
Тақырып: Сыр мен Сымбат
Сабақ: № 5
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: қарапайымдылық, адамгершілік, мейірімділік.
Мұғалiм: Кошкеева Г.У. Сынып: 7« А» Оқушылар саны: 16
Сабақ мақсаты: оқушыларға адамның сыртқы тұлғасы мен ішкі жан-дүниесінің үндестігі, сұлулық туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
1. Білімділік: адамның сыртқы тұлғасы мен ішкі жан-дүниесінің үндестігі, ойдың, сөздің, істің тазалығы, сұлулық туралы түсіндіру;
2. Дамытушылық: қарапайымдылық, адамгершілік, мейірімділік қасиеттерін дaмытy.
3. Тәрбиелік: оқушыларды өмірде қарапайым болуға, жақсы ойлауға, жaқcылық жacayғa тәpбиeлey.
Әдic-тәciлдep: әңгiмeлесу, шығapмaшылық iздeнic, caлыcтыpy.
Құpaл-жaбдықтap: мyльтимeдиa тaқтacы, үнтаспа. Ресурстар:
(құралдар, мәлiметтер)
Күнделік,
оқулық,
дәптер,
бейджик,
қалам, маркерлер
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi.
Оқушылардың құрал жабдықтарын түгендеу
5 «Т» ұстанымын еске түсіру.
1. Тәртіп
2. Талап
3. Тыныштық
4. Тазалық
5. Татулық

Тыныштық сәтi:«Нұрға бөлену»


2. Үй тапсырмасын тексеру:

Абай 23-24- беттегі М.Әуезовтың Абай жолы романынан
«Тоғжан ауылында» үзіндісін оқып келу.
ТОҒЖАН АУЛЫНДА
(«Абай жолы» романынан үзінді)
М.Әуезов

Сүйіндіктің аппақ үлкен үйі жылы екен. Үйдің іші жүк жиған теңдер мен сандықтарға толы . Оның ар жағы екі босағаға шейін текемет, алаша, түс киізбен қоршалыпты.Саптама етік пен тиін ішікті әлі тастамаған Абай бұл үйде тоңазитын емес. Мұнда бір жеңіл салқындық, кең тыныс бар. Көктемгі киіз үй Абайға әрқашан таңсық болатын.
Үлкен үйдің ортасында ала көлеңкелеу жанған тас шам бар. Сүйіндіктің отбасы қонақтармен бірге болды. Бұл үйге өзгеше көктем нұрын енгізген бір жан бар. Ол Сүйіндіктің қызы – Тоғжан. Абай келгеннен бері Тоғжан үлкен ағасы Асылбектің отауынан осы үйге бірнеше рет келіп кетті. Сылдырлаған шолпысы, әлдеқандай былдырлаған тілменен Тоғжанның келерін паш етеді. Құлақтағы әшекей сырғасы, бастағы кәмшат бөркі, білек толған күміс білезіктері – баршасы да бұл өңірден Абайдың көрмеген бір сәні сияқты. Толықша келген, аппақ жүзді, қырлы мұрын, қара көз қыздың жіп-жіңішке қасы да айдай боп қиылып тұр. Тоғжан үйдегі сөзге құлақ асып, не күліп, не қымсынса, сұлу қастары бір түйіліп, бір жазылып, толқып қояды.
Жастар кешкісін алтыбақан тебуге шықты. Әткеншек теуіп тұрған Абай іркілместен шырқап әдемі ән бастады.
Қарсысына мінген Керімбала болатын. Ол «Топайкөкті» айтайық деп өзі тілеген. Бірақ қосылғанда теріс айтты. Жалғыз қайырмасын ғана емес, орта тұсын да бұзып айтады екен. Тыңдап тұрған қыз-жігіттер:
– Абайдың айтуы басқарақ.
– Керімбала бұрып айтады.
– Үйреніп еріп айтсаңшы десіп, – Керімбаланы қаға берді. Ол күліп тоқтады да:
– Ал ендеше басқа бірің айта ғой. Тоғжан! Тоғжан, сен айт!-деп, еркіне қоймай Тоғжанды жетектеп әкеп, өз орнына мінгізді. Өзі жіптің бір жағын алып, Абайларды тербете бастады. Тоғжанның келгенін өзгелер де қостады.
Құлаштап сермеген әткеншекке Абай мен Тоғжан кезек-кезек биіктей, теңселіп тұрып ән шырқасты. Тоғжан әннің бір-екі тұсында Абайды тыңдап айтып, үшінші ауызға келгенде еркін сермеп қосылды.
– Ән жаңа түзелді.
– Тоғжан оңай үйренді, – деп тыңдаушылар тегіс құптай жөнелді. Жақсы жігіт, сұлу қыз соншалық бір ерекше жарастықпен жақсы үйлесті. Тоғжан жүзі айға келгенде, Абай өзгеше бір нұр көрді. Бетіне жұқалаған қызыл сәуле беріп,іштегі терең сырдан, дос көңілден белгі етті.

Сұрақ- жауап:

1. Мәтіннен қандай сұлулықты байқадыңдар?
2. Тоғжанның сыртқы сұлулығы мен ішкі сұлулығы сәйкес деп ойлайсыңдар ма? Неден байқадыңдар?
3. Сұлулық дегенді қалай түсінесіңдер?
4. Сыртқы сұлулық пен ішкі жан дүниенің сұлулығын қалай ажыратуға болады?
5. Сен үшін кімдер және нелер сұлу? Неліктен?

Оқушылардың айтқан пікірлері тыңдалып, түйіндеме айтылады.
3. Дәйексөз.

Адам бойындағының бәрі де – бет пішіні де, киім-киісі де,
жан дүниесі де, ақыл-ойы да сұлу болуға тиіс.
А.П. Чехов
Дәйексөзді қыздар содан кейін ұлдар соңында бәрі дауыстап оқиды.


4. Әңгiмелеу.
Адамның сұлулығы
Лариса Маштакова

Бұл оқиға баяғы заманда болыпты. 12 жасар көзі көрмейтін бала көшеден ары- бері өткен адамдардың портретін салып отырады екен. Адамдардың барлығы оның ерекше шеберлігіне, суреттерді айнымастай етіп салғанына таң қалыпты.
-Ғажап,- қалайша соқыр адам басқа адамның бейнесін айнытпай салады?- деп ел шулапты.
Бір күні көшеде бір бай өтіп бара жатып:
- Әй, бала сен менің портретімді сал, –дейді. Бала үндеместен оның суретін салады. Бала суретті бастап кетті. Біраздан соң бай өтіп бара жатқан адамдардың бойын үрей билегенін байқайды.
Ол:
- Мен, соқыр менің сұлулығымды сала алмайды деп ойлап едім. Маған суретімді көрсетші, - дейді.
Сонда ол өзінің портретінен есектің құлағы мен аттың құйрығы бар шошқаны көреді. Қатты ашуланған бай баланы ұстап алып, жазалауға бұйрық береді.
Сол сәтте ортаға жыртық -жамау киінген бір адам шығып:
- Тоқта! Баланың ешқандай кінәсі жоқ. Сен оны түсінбедің, ол адамның ішкі жан дүниесін салды, - дейді.
Сасып қалған бай жас суретшіні жіберіп, үндеместен кетіп қалады. Бай, жас суретшінің не себепті оны жануарға теңеп салғанын ойлап, түнімен көз ілмей, аунақшып шығады. Таң атысымен қалаға келіп, кешегі адамды іздейді. Ол адамды табады. Сонда кедей:
- Сен өзіңді өзгерте алсаң, сенің портретің де өзгереді, – дейді.
Осы кезден бастап бай ел танымастай өзгереді.
Ол барша адамға жақсылық жасап, мейірімді болады.
Кедей- кепшіктерге көмектесіп, қамқорлық жасайды.
Бір жылдан соң бай баяғы суретшіні тауып, менің портретімді салып бер деп өтінеді. Бірақ ол портретте ешнәрсе өзгермейді.
Ол тағы да кедей адамды тауып, оған:
- Неге бұлай болды? Мен өзгердім емес пе?- депті.
Ол:
- Ия, тек сыртқы бейнең ғана, -деп жауап береді әлгі кедей.
Айлар өтеді, жылдар өтеді. Бай жақсы болуға тырысып, тек жақсылық жасап, өмір сүреді.
Бір күні көшеде келе жатып, -Мейірімді адам, сенің портретіңді салуға рұқсат бер, - деген дауысты естиді. Қараса, алдында бояулары бар бір суретші екен. Бұл баяғы кішкентай көзі көрмейтін суретші бала еді. Ол есейген.
- Мен ешқашан да мұндай тазалық пен сұлулықты кездестірмеп едім, - дейді. Сонда мейірімді адам балаға басын иіп:
- Мен осы үшін саған қарыздармын- деген екен.

Сұрақ- жауап:
• Неліктен бала бай адамды жануарға теңеді?
• Байдың өзгеруіне не себеп болды деп ойлайсың?
• Көзі көрмейтін суретші баланың адамдарды дәл суреттей алуының сыры неде?

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Оқушылар 2 топқа бөлінеді.
1- топқа тапсырма:

«Сұлулықпен сырласу» сахналап, өз пікірлерін айту.


СҰЛУЛЫҚПЕН СЫРЛАСУ
Б.Айтуқызы
Кейіпкерлер: Әсем, Әйгерім, Ақбота,Дархан, Жарқын.
Автор: Жазғы демалысқа аталарының үйіне келген Әсем, Әйгерім, Ақбота, Дархан және Жарқын кештің қалай батқанын да байқамайды. Мал өрістен келген соң олар күнде бір ермек тауып алады. Кейде ертегі оқыса, кейде лото немесе дойбы ойнайды. Көбінесе теледидарды тамашалайды. Бірде «Хабар» арнасынан «Адам әлемі: Ақылыңа көркің сай болсын» деген тақырыпта белгілі шетел әншілермен сұхбат жүріп жатты. Сұхбатты қызықтай отырып олар өзара қызу әңгімеге кірісті.
Әсем: Менің де әдемі болғым келеді.
Әйгерім: Сен өзің де өте сұлусың ғой.
Дархан: Мен қыздарды түсінбеймін. Сұлулыққа неге қызығады екен? Менің ойымша, ең бастысы адамның дені сау болуы керек.
Әйгерім: Әрине, денсаулық бәрімізге қажет. Дегенмен әдемі болуды кім жек көрсін.
Әсем: Біздің сыныпта сұлу қыздар көп.
Жарқын: Сол сұлу қыздардың мінезі қандай? Олар үлкендерді сыйлап, кішілерге қамқорлық жасай ала ма?
Әсем: Иә, олардың мінездері де жақсы. Сабақты да жақсы оқиды. Достықты да бағалай біледі.
Ақбота: Ендеше олардың сыны мен сымбаты сай екен ғой. Әсем: Мен де солай деп ойлаймын.
Дархан: Ал біздің сыныпта бір өте әдемі қыз бар, бірақ оның бойында мақтаншақтық, өзімшілдік көп сияқты. Менің ойымша, әдемі болу шарт емес. Ең бастысы адамның ішкі дүниесі таза, жан әлемі сұлу болуы керек.
Әйгерім: Ұлдар осы қызық. Сұлулықты, әсемдікті түсінбейді. Әйгілі артистер сияқты сұлу болу арман ғой.
Әсем: Шынында, адамның сыртқы келбетіне ішкі жан дүниесі сай болса, болды емес пе?
Ақбота: Өзін-өзі күтіп, өзін-өзі жақсы көрген адамның сұлулығы ерекше болады, өйткені ондай адамның бойында өмірге деген құштарлық басым болады.
Жарқын: Қыздар, олай болса табиғат берген таза сұлулықты сақтап, айналаға жылы көзбен қараңдар. Барлық адамға жақсылық тілесеңдер сендердің жүректерің де нұрға бөленеді. Ал жүректің нұрға бөленуі дегеніміз бақытқа жету деген сөз.
Автор: Балалардың таласа айтқан пікірлері олардың өздерінің де сыры мен сымбаты келіскен жандар екендігін көрсетеді. Олай болса, сұлулықты жыр етіп, адамдықты ардақтай білейік, достар!

2- топқа тапсырма:
Оқушыларға 2 стакан су беріледі. Бір стаканда тұнық су, екіншісінде лай су. Осы суларды немен салыстыруға болады?

Екінші стакандағы су лайланған сана. Соны қалай тазалауға болады?
Көрсетіңдер.

6. Топпен ән айту.

Өмiрiңе немқұрайлы қарама

Сөзі: Серік Сейтман Әні: Сәкен Дәрібаев

Тыңда, досым, мен айтайын от тілек,
Дүниеден кетті бай да, өтті бек.
Өміріңе немқұрайлы қарама
Дәулетіңмен тұрсаң-дағы көк тіреп.

Әр күн сайын тек сен үшін атып таң,
Зерлі шапан киінсең де жақұттан.
Өміріңе немқұрайлы қарама
Шақша басың айналса да бақыттан.

Қайырмасы:

Бақ құсыңды қонған кезде бағала,
Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.
Кенелсең де, досым, қанша шаттыққа,
Өміріңе немқұрайлы қарама.

Бақ құсыңды қонған кезде бағала,
Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.
Қанша азап көрсең-дағы, бауырым,
Өміріңе немқұрайлы қарама.

7. Үй тапсырмасы.
Оқулықтың 31 – бет, М. Жұмабаевтың «Сен сұлу» өлеңін жаттау.

8. Соңғы тыныштық сәтi.

- Ал енді балалар,бір минут тыныштықта бүгінгі сабақта үйренген жақсы қасиеттерді еске түсіріп, жүректеріңе түйіп алыңдар.
Құрметті қонақтар сабағыма қатысқандарыңызға рахмет!
Көріскенше күн нұрлы болсын!

Источник: http://Өзін- өзі тану оқулығы, Самопознание учбник 6 класс
Категория: Самопознание | Добавил: gkoshkeeva (2016-03-27)
Просмотров: 1873 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 9:17 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru