Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Самопознание

Махаббат – өмір нәрі
Сабақтың тақырыбы:
Сыныбы:
Сабақтың мақсаты:

Міндеттері:

Білімділік:

Дамытушылық:

Тәрбиелік:

Көрнекіліктер:

Сабақта қолданатын
әдіс-тәсілдері:

Пән аралық байланыс:

Сабақтың типі:

Сабақтың түрі:

Сабақ жоспары:

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Қызығушылықты ояту:

Пікірлесу сұрақтары:

Жаңа ақпарат:

Сабақтың дәйексөзі:

Тапсырма:

Шығармашылық жұмыс:

Тыныштық сәті:

Тапсырма:

Түйіндеме:

Үй тапсырмасы:

Рефлексия:

Қорытынды:

Махаббат – өмір нәрі

Оқушыларға «Махаббат» құндылығы туралы түсінік беру, адам бойындағы махаббат сезімін, сүйіспеншілікті танып, оны құрметтеуге баулу.

 махаббаттың бар адамға ортақ көп қырлы сезім екенін, ал сүю мен ғашық болу жаратылыстың адамға берген ерекше нұрлы іңкәрлігі екенін білдіру;

 адамды, өмірді, табиғатты сүйе білуге, оны құрметпен қадір тұтуға баулу; өз сезімін дамытуына, сезім шуағынан ләззат алуға жетелеу

 Оқушыларды сүйіспеншілікке, сезімталдыққа, нәзіктікке тәрбиелеу;

Сабақтың дәйексөзі жазылған плакат, рефлексия элементі.
Қызығушылықты ояту, пікірлесу сұрақтары, жаңа ақпарат беру, сабақтың дәйексөзі, шығармашылық жұмыс, тыныштық сәті, тапсырма, үй тапсырмасы, қорытынды, рефлексия.

Әдебиет

Жаңа білім, білік, дағдыны қалыптастыру сабағы

Дәріс сабақ

1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Қызығушылықты ояту
3. Пікірлесу сұрақтары
4. Жаңа ақпарат
5. Сабақтың дәйексөзі
6. Тапсырма
7. Шығармашылық жұмыс
8. Тыныштық сәті
9. Тапсырма
10. Түйіндеме
11. Үй тапсырмасы
12. Рефлексия
13. Қорытындылау

Сәлеметсіздерме ме, балалар? Көңіл – күйлерің қалай?

Бір күні Кембридж университетінің психология профессоры өзінің оқушыларына сұрақ қойыпты.
- Неліктен, адамдар ұрсысқан кезде, дауыстарын көтеріп, айқайлайды?
- Себебі, тыныштығын жоғалтып, ашуланады -, дейді біреуі.
- Бірақ, адам жаныңда тұрса не үшін айқайлайды? – деп сұрады профессор. Жаймен, баяу сөйлесуге болмайма? Ашуланған кезде неліктен айқайлау керек?
Оқушылар өз жауаптарын ұсынды, бірақ ешқайсысы профессордың көңілінен шықпады.
Сендер қалай ойлайсыңдар?
Сонда профессор , оның неліктен солай болатынын түсіндірді:
Адамдардың бір – біріне көңілдері толмай, ұрсысқан кезде, олардың жүректері алыстайды. Сол аралықты жауып, бір – бірін есту үшін олар айқайлайды. Ашулары қаншалықты қатты болса, соғұрлым олар айқайлайды.
Ал олар бір – біріне ғашық болғанда не болады? Олар айқайламайды, керісінше, өте баяу, жай сөйлеседі. Себебі олардың жүректері бір – біріне өте жақын, жүректер арасындағы арақашықтық өте аз. Ал адамдар бір – біріне өте қатты ғашық болғанда , олар млдем сөйлеспейді, тек қана сыбырласады және одан әрі махаббаттарына жақындай түседі. Соңында тіпті сыбырласудың өзі де қажет болмайды. Олар бір – біріне қарап, ешқандай сөзсіз бір – бірін түсінеді. Мұндай екі адам бір – бірін қатты сүйгенде болады.
Міне, дауласқан кезде, жүректеріңнің бір – бірінен алыстауына жол бермеңдер, бір – біріңе арақашықты одан сайын алыстатуы мүмкін сөздерді айтпаңдар. Себебі, бір күні арақашықтық өте ұзақ болып кетуі соншалық, оған қайта оралу мүмкін болмайды.

• Махаббат неліктен құдіретті де қасиетті ұғым?
• Адамға махаббат қаншалықты қажет?
• «Ғашықтық» және «құштарлық» ұғымдарының мәнін қалай түсінесіз?

Құрметтеу, бағалау, сыйлау, махаббат деген ұғымның ортақ. Махаббаттың бар адамға ортақ сезім, егер махаббат болмаса өмірде мән де, құн да болмайды.

Махаббат – адамды жақсы көру сезімі.
Батыс философиясында Эмпедокл өзінің космологиялық ілімінде махаббатты бүкіл әлемді ұйымдастырып тұрған бастапқы күш деп білді.
Платон махаббатты 2 – ге бөліп қарастырды:
1- сезімдік махаббат – сұлулыққа сұқтанатын Махабаттың төменгі сатысы
2- рухани махаббат — адамның белсенді танымдық қызметінің қайнар бұлағы
Махабат адам жанының асыл қасиеті, асқақ мұраты, таным тұғыры, риясыз, ынтық, нәзік сезімі.
Махаббат – әлемді ұстап тұрған алтын білік.
Ата – ана мен бала – тәрбие
Туған – туыс(аға, апай, бауыр, іні, қарындас, сіңілісі)- бауырмалдық, туысқандық.
Достар ( мектептегі достар, қоғамдағы достар) – сыйластық, достық.
Туған жер, отан мен адам – ұлтжандылық
Мұғалім мен шәкірт – білім
Адам мен құдай - имандылық (кесте)

«Бұл – өмірде махаббаттан асқан қазына жоқ.»
І. Есенберлин

Д. Хамзабекұлының мысал әңгімесін басшылыққа ала отырып, «мөлдір махаббат», «шынайы махаббат», «ана махаббаты», «ғашықтық», «бір көргеннен ғашық болу», «құштарлық», «құмарлық» ұғымдарына анықтама берілу керек.
Ғашықтық – адамның махаббат сезімінің алғашқы сатыларының бірі, сезімінің рухтануы.

Махаббат «Синквэйн» құру
1.Зат есім-1 сөз. 3.Етістік-3 сөз
2.Сын есім-2 сөз. 4.Сөз тіркесі, сөйлем. 5.Синоним

Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз…
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет.
• Оқушылар өз әсерлерімен бөліседі.

Бір күн ішінде өз басынан кешкен жақсы көру және жек көру сезімдері туралы есеп жүргізіп, нәтижесін сұрыптап, көңіл-күйіңе әсері туралы тұжырым жасаңыздар.

Кабуснамадан алынған үзіндіні оқушылармен бірге талдау.

«Бәрінің бастауы – махаббат» тақырыбында эссе

• «Рефлексивті экран». Әрбір оқушы экрандағы сөйлемнің басын оқып, соңын өзі жалғастырады.

1. Бүгін менің білгенім......
2. Қызықты болғаны.......
3. Қиын болғаны .......
4. Мен мынадай тапсырмалар орындадым.......
5. Менің ұққаным.......
6. Енді мен жасай аламын.....
7. Менің сезгенім.......
8. Өзім үшін үйренгенім.........
9. Мен үйрендім.....
10. Менің қолымнан келгені.......
11. Мен жасай алдым.......
12. Мен жасап көремін........
13. Мені таңқалдырғаны........
14. Сабақ менің өмірім үшін.........
15. Менің жасағым келеді...........

Махаббат ғалам жаратылысының сыры, әлемді ұстап тұрған білік, адамның рухани кемелденуінің жебеушісі, адам өмірінің сезімдік рухани мәні. Әлемдегі барлық жақсылық махаббат арқылы келеді.
Категория: Самопознание | Добавил: Мака (2016-11-12) E
Просмотров: 1148 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-03-28, 1:56 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru