Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Самопознание

Сабақ жоспары 7 сынып "Өнеге отбасынан"
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы
«№19 жалпы орта білім беретін мектеп»КММ

Сабақтың тақырыбы:
«Отбасы жарастығы»
5 сынып

Өткізген: Өзін-өзі тану пәні мұғалімі:
Садыбекова С.Ж

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп № 19 Мерзім 12.08.2016 № 1 Тақырып «Отбасы жарастығы» Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер:Отбасы жарастығы, татулығы туралы түсінік қалыптастыру
Мұғалім Садыбекова С.Ж. Сынып 5 Оқушы саны 26

Мақсаты: Отбасының бір шаңырақта бірге өмір сүретін, бірін бірі жақсы көріп, бір-біріне көмектесетіп тұратын туыстар туралы түсініктерін кеңейту.Ата-анасына, туыстарына деген сүйспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.
Міндеттері:
–отбасындағы сыйластық,татулық туралы ұғымдарын кеңейту.
–отбасында өзара сыйластық, қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
–отбасына деген бауырмалдыққа тәрбиелеу.
Ресурстар sad құралдар, мәлiметтер)
Релаксация, видеоролик, түрлі түсті қағаздар
1.Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi. 5-Т ережесін сақтау.
1.Тәртіп.2.Тазалық.3.Тыныштық.4.Талап.5.Татулық
2. Тыныштық сәті.Тыныс алуға шоғырлану( Баяу әуен ойналады)Мұғалім сөзі.
2.Үй тапсырмасын тексеру - Үйде отбасы туралы мақал-мәтелдер жазып келу тапсырылған болатын. Сабақ барысын талдау:
Оқушылар жаңа сабақты бастамас бұрын, тыныштық сәті арқылы сергіп алады.
3.Сабақ барысын талқылау:
Дәйексөз: Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің.
Дәйексөздің мағынасын түсіндіріп, өмірде алатын орны жайлы әңгімелеп беру. Отбасында баланы жақсы тәрбиелесе, өскенде ол әдепті, ақылды азамат болып шығады. Үлкенге көмектесу, қамқор ұқыпты болу.

Оқушылар ұлағат сөздер мағынасын ашып, өз ойларын ортаға салады.
4.Мұғалім сыйлығы:
Әңгімелеу
Аңыз әңгіме «Отбасы татулығы»
Сұрақтар.
1. Сендер қалай ойлайсыңдар-ауыл ақсақалы патшаға қандай жауап берді ?
2. Отбасындағы татулық пен бірлік болу үшін қандай қасиеттер қажет?
3. Өзгенің баласын өзіңдікіндей сүю кез-келген ананың қолынан келе ме?

Бейнесюжет көру «Ата-ана» бейнесюжетті көргенде қандай әсерде болдыңыздар? Оқушылар аңыз әңгімені талдап, өз ойларын ортаға салады және әрбір оқушы қорытынды жасайды.
5.Шығармашылық жұмыс: Топқа бөлу. (топшамаларды таңдайды,сол арқылы топқа бөлініп отырады)
І-топ «Гүл»
ІІ-топ «Күн»
Ш-топ «Жүрек»
І-топ «Біз бақытты жанұямыз!» тақырыбына сурет салу.
ІІ-топ «Отбасы татулығы» тақырыбына өлең шығару
Ш-топ «Отбасы жарастығы» тақырыбына көрініс көрсету.

6.Бүгінгі күніміз көңілді әрі жарасымды аяқталуы үшін барлығымызға жақсылық, көтеріңкі көңіл тілей отырып, Ғ.Қайырбековтың сөзіне жазылған Ш.Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әнін үнтаспаға қосылып айтайық.
Міне көңіліміз бір серпіліп қалды.
Осы «Ана туралы жыр» әнін айтқан, естіген кезде қандай сезімде болдыңыздар?
-Отбасы деген ұғымды қалай түсінесіздер?
-Отау дегеніміз не?
-Отағасы деген кім?
-Отанасы деген кім?
(оқушылардың жауаптары тыңдалады)
Оқушылар топпен бірігіп, орындарынан тұрып, әсем әуеннің сүймелдеуімен ән шырқайды.
7.Үй тапсырмасы
Дәптермен жұмыс.
«Менің отбасымдағы құндылықтар» атты эссе жазу үйге тапсырылады

8.Соңғы тыныштық сәті. Осы сабақтан алған нәтиже:
- Мейірімділік, сүйіспеншілік қасиеттерді бойға жинақтады
- Өзіне талап қоюды қайырымдылықпен үйлестіре білді
- Татулық,сыйластық,тыныштық,бірлік, жылулық, мейірімділік, сүйіспеншілік, ұғымдарының мәнін меңгерді.
- отбасы-қоғамның ең маңызды ұйтқысы, отбасы тәрбиесінің қадір-қасиеті, құндылығы, сыйластығын түсіндірді.
Баяу әуен қойылады.Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.
Мұғалім жәй дауыспен:
- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік.Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.
Категория: Самопознание | Добавил: sadybekova70 (2016-11-23) | Автор: Садыбекова Сандугаш Жумасияновна
Просмотров: 1171 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 10:12 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru