Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Самопознание

Өзгерістер мен кеңейтулер жайында...
Өзгертулер мен кеңейтулер жайында
(«Өзін өзі тану» пәнінің өзегін өзгертіп,керегесін кеңейту атты мақаланың жалғасы)
Білім беру жүйесін жетілдіру үшін оқу орындары қызметіндегі -тәрбилеу әдіс тәсілдерін,ұйымдастыру амалдарын, олардың өзара үйлесімдік,сабақтастық байланыс заңдылықтарын дұрыс аша білу өте қажет.Тәрбие әдіс-тәсілдерінің ықпалын неғұрлым күшейтуге қол жеткізу үшін жасөспірімнің ақыл-парасаты, ой-санасы, ар-ожданы, психикалық тұрақтылық көрінісі, мінез-құлық сапа деңгейі, отбасылық, туысқандық, қоғамдық-әлеуметтік қарым-қатынас ерекшеліктері, ұлттық әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерді тиімді пайдалану мүмкіндіктерін алдын ала терең зерттеп, үйлестіре білудің маңызы зор.Осы жағдайды пайымдау үшін кәзіргі мектепте оқытылып отырғанан «Өзін-өзі тану»және « Құқықтану негізі» пәндерінің мақсат,міндеттеріне көз жүгіртіп көрелік.
Өскелең ұрпақ өкілдерін құқықтық, демократиялық мемлекетіміздің жасампаз азамат ретінде тәрбиелеу-Қазақстан Республикасында үздіксіз білім беру жүйесінің негізгі міндеті болып табылады. Бұл жылдам өзгеріп жатқан қазіргі уақытта азаматтық қоғам алдында тұрған маңызды мәселелердің ең өзектісі. Мектеп оқушысы тек белгілі бір дәрежедегі ілім-білім иесі ғана емес, сонымен бірге, азаматтық тұрғыдан алғанда үлгілі тұлға да болуға тиісті. Осыған байланысты мектептердің алдында тұрған ең бір көкейкесті және әлеуметтік маңызды міндеттерінің бірі бүгінгі күні, сөз жоқ,құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру; кәмелетке толмағандарға құқықтық тәрбие беру жолдарын іздестіру:құқықтық білімді қолдану арқылы түрлі өмірлік жағдайларда іс-әрекеттің заңды тәсілдерін жобалау қабілеттерін қалыптастыру болып табылады.Осы негізде балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмысты азайту,мүмкін болса мүлдем болдырмау.
Құқықтық тәрбие беру арқылы жастарды өз құқықтарын пайдаланып, азаматтық міндеттерін орындай отырып, қоғамда өмір сүруге, заңдар мен ережелерді тәжірибеде белсенді қолдана білуге үйретуге болады. Тұлғаның құқық саласындағы дамуы (құқықты тану, өзін тұлға ретінде сезіну, құқықты сыйлау және т.б) құқықтық тәрбиенің мақсатын құрайды. Құқықтық тәрбие беру арқылы жастарды өз құқықтарын пайдаланып, азаматтық міндеттерін орындай отырып, қоғамда өмір сүруге, заңдар мен ережелерді тәжірибеде белсенді қолдана білуге үйретуге болады.
Оқушыларды құқықтық тәрбиелеу негізі құқық нормаларын тану болып табылады. Барлық тәрбиелеу шаралары сияқты, құқықтық тәрбиелеу үрдісі де екі бағытта (сабақ барысында, сабақтан тыс) жүзеге асатыны белгілі
Өзін-өзі тану пәні- әлемдегі ең басты құндылық – адамның өмір сүруі үшін, бақыт үшін, қуаныш үшін жаралғандығына негізделеді. Өмірдің осындай қарапайым ақиқатына – жақсы адам болуға, өз елінің патриоты болуға баланы жастайынан үйрету керек. «Өзін-өзі тану» пәні әр оқушының ішкі жан-дүниесін байытуы және өзіндік қайталанбас жеке даралығын пайымдауы арқылы табиғи қабілеттіліктері мен жасампаздық әлеуетін ашуға бағытталған мақсатты білім беру үдерісін ұйымдастыруды көздейді. Өзін-өзі тану пәнінің оқу-әдістемелік құралдары оқушылардың қоғамға және өз-өзіне қызмет етуіне бағытталып, олардың жасампаздық белсенділігін танытуға мүмкіндік беретін өмірлік маңызы бар, кең ауқымды біліктілік дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі.
Тұлға мәдениетінің негізі оның жалпыадамзаттық құндылықтарының негізінде көрінеді. «Құндылық» термині болмыстың белгілі құбылыстарының адами, әлеуметтік және мәдени мән-мағынасын білдіру үшін қолданылады. Адам өмірінің өзегі-құндылықтар, ал басқа мақсаттар оған жеткізетін баспалдақтар ғана. Осы қағидаға сүйенсек, қоғамның жаңару кезіндегі жаңаша көзқарастардың бірі-құндылық бағдар.Құндылықтарды зерттейтін ғылым «аксиология» деп аталады.Аксиология (грек, axios -құңды, logos -ілім)-құндылықтардың табиғаты, олардың әлеуметтік орны және құндылық әлемінің құрылымы туралы философиялық ілім. Құндылықтар өмірге, еңбекке, шығармашылыққа, адам өмірінің мәніне баға беруден тұрады. Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет-ғұрыптар мен нормалар қызметін өзіне бағындырады және реттейді Жалпыадам-заттық құндылықтар -уақытқа бағынбайтын, өзгермейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор мәңгілік құндылықтар. Жалпыадамзаттық құндылықтар адам бойында тумысынан болады.Негізгі бес жалпыадамзаттық құндылықтарды атап айтар болсақ: ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау.Оқыту үрдісіне жалпыадамзаттық құндылықтарды енгізу арқылы адамның рухани өсуіне жағдай жасаймыз. Жалпыадамзаттық құндылықтарды адамның бойынан жарыққа шығару ізгілікке апарады, яғни, мінезін өзгертуге болады. Адам ақиқатты танып, сүйіспеншілікпен дұрыс әрекет еткенде оның жан дүниесінде ішкі тыныштықтың хош иісті гүлі шешек атады. Яғни, шынайы жан тыныштығы жүректің нұрымен келеді. Адам баласы ақыл мен жүрек қосылғанда ғана эмоцияға берілмей, өз сезімін бағындыра алады. Сөйтіп саналы түрде жақсы мен жаманды ажырата алатын деңгейге жетеді. Сосын ар- ұжданына сүйеніп, шабытпен, интуиция арқылы ең жоғарғы, рухани деңгейге жете алады. Өзін – өзі тану» пәнін оқыту процесінде жүзеге асырылатын рухани-адамгершілік білім берудің табыстылығы – пәнді жүзеге асырудың мақсат, қағидалар, міндет, мазмұны және жағдайымен шартталады
Өзін – өзі тану пәнін оқытудың шарттары:
1. Сүйіспеншілік, сенім, өзінің шығармашылығын ашуға мүкіндік жасау, өзін – өзі зерттеу, өзін және әлемді сезіп, ұғынуын дамытуға жағдай жасау.
2. Рухани – адамгершілік білім беруде тек жағымды адамгершілік тәсілдерді қолдану .
3. Рухани-адамгершілік білім беруді мектептің тұтастай педагогикалық үдерісімен ықпалдастыру
Ал кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық қоғамда үлкен алаңдаушылық туғызып отыр. Жас балалардың құқық бұзушылығына- бос уақыттың көптігі, пайдалы іспен айналыспау, ата-ана және мектеп тарапынан бақылаудың өз дәрежесінде болмауы, құқықтық білімнің аздығы, сан-салалы жақсы істермен қызықтырып, өзіне тартатын пайдалы қосымша іс-шаралардың, қоғамдық ұйымдардың дұрыс жолға қойылмауы басты себептер болып табылады. Жалпы айтқанда, кәмелетке толмағандарға құқықтық тәрбие берудің міндеті олардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін көтеру болып табылады.
Құқықтық мәдениеттің негізгі белгілері: заң нормаларын білу; заң талаптарын орындау; қоғамдық тәртіпті бұзбау; заң күшіне сену,т.б. құқықтық мәдениеті дамыған тұлға – құқықтық мемлекеттің үлгілі азаматы. Тұлғаның құқықтық мәдениетімен қоса құқықтық санасын қалыптастырып, дамыту – құқықтық тәрбиенің негізгі мақсаттарының бірі. Адамның құқықтық санасы қалыптаспай, оның құқықтық мәдениеті жетілмейді. Сол себепті құқықтық сананы қалыптастыру мәселесіне көп көңіл бөлген дұрыс.
Құқықтық сана – Қазақстан Республикасы азаматтарының жүзеге асырылып жүрген заңдарға, оларды қолдануға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына және қалауына, құқыққа, құқықтық құбылыстарға деген сезімдерінің, көзқарастарының, пікірлерінің, бағаларының жүйесі.
Тұлға құқықтық білім алмай заңды әрекет пен заңсыз әрекетті ажырата алмайды; сондай-ақ заң мен құқықтың күшін сезінбейді; өздерінің құқықтары мен бостандықтарын біліп, қорғай алмайды; өз міндеттерін орындамайды. Осы орайда тұлғаның алған құқықтық білімі арқылы құқықты ұғыну үрдісінің жүзеге асатындығына көзіміз жетеді. Әрине, кез-келген адамның санасындағы құқық ұғымы құқық нормаларының ортаға оң немесе теріс әсер етуші норма сипатында, яғни жалпылама түсінік ретінде орын алатындығы анық. Сол себепті бұл жағдайда құқықтық білім беру – оқушының құқықтық санасын қалыптастыру мақсатында орындалатын құқықтық тәрбиенің негізгі ықпал етуші әдісі. Нақты айтсақ, құқықтық білім беру арқылы жасөспірім құқықты ұғынады және оның санасы қалыптасып, дамиды.
Құқықтық ұғынумен қоса, тұлғаны заңды құрметтеуге, қорғауға, орындауға дағдыландыру мен заңның әділдігіне сендіру - құқықтық сананың негізгі белгілері. Аталынған белгілер оқушыларды құқықтық тәрбиелеу негізінде мектеп табалдырығынан бастап жүзеге асатыны белгілі. Себебі бала тәрбиесі біздің өміріміздің ең маңызды саласы. Дұрыс берілген тәрбие - бұл бақытты болашақ, ал нашар тәрбие – бүкіл ел алдындағы кінәміз болып табылады. Сонымен тұлғаның құқықтық санасы мектептегі құқықтық білім беру мен тәрбиелеу жүйесі арқылы қалыптасатындығына көзіміз жетеді.
Жалпы Қазақстан Республикасы үздіксіз білім берудің тәрбие тұжырымдамасында жалпы білім беретін мектептердің І-ХІ сынып оқушыларына арналған сыныптар бойынша құқықтық тәрбие жұмыстарының бағыттарына сәйкес атқарылатын жұмыстың мазмұны берілген. Олар:
-қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу;
-құқықтық және саяси мәдениетке тәрбиелеу;
-әскери-патриоттық тәрбие;
-кәсіби бағдарға тәрбиелеу.
Мақсаты: қоғамдық қатынастарға араласуға дайындығын және өз құқықтарын қорғауын қамтамасыз ету қабілеттерін қалыптастыру.
Міндеттері:
-өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға дайындығын, құқықтық нормаларды жұзеге асыру барысында жауапты шешім қабылдау қабілетін қалыптастыру;
-заң терминологиясы мен заңдық пайымдауларды дұрыс қолдану қабілеттерін қалыптастыру;
- құқықтық білімді қолдану арқылы түрлі өмірлік жағдайларда іс-әрекетін заңды тәсілдерін жобалау қабілеттерін қалыптастыру;
-өмір құбылыстарына, өзінің және басқа адамдардың іс-әрекетіне заңды баға беру қабілетін қалыптастыру;
-арнайы заң білімін қажет етпейтін кейбір ресми қағаздарды (арыз, сенімхат, еңбек келісім шарты,т.б) дұрыс толтыра білу қабілеттерін қалыптастыру;
-түрлі жағдайларды сараптау және жауапты шешім қабылдау қабілеттерін қалыптастыру;
-іскерлік қарым-қатынас жүйесі мен дағдыларын қалыптастыру.
Осы бағыттағы жұмыстың түрлері мен бағыттарын жетілдірген жағдайда, оқушының құқықты білуге деген қызығушылығы оянары сөзсіз. Айта кететін бір нәрсе, адамның құқықтық сауатының жоғары болуы оның құқықтық мәдениетіне қатысты болатынын ұмытпағанымыз жөн. Ал құқықтық мәдениет дегеніміз- қоғамның қазіргі даму кезеңінде құқықтық жетістіктерін айқындайтын азаматтардың құқықтық білімінің мазмұны, сипаты, деңгейі мен дағдысы.
Құқықтық мәдениеттің көрсеткіштері:
-Танымдық сферада: құқықтық сауаттылық, құқықтық білім негізін игеру, ҚР Ата Заңын білу, құқықтық реттеудің механизмдерін, даулы мәселелерді шешудің заңды тәсілдерін білу.
-Мінез-құлық сферасында: субъективтік міндеттер мен өз құқығын сауатты пайдалана алу, мектепте адам құқығын қорғауға бағытталған адамгершілік-құқықтық іс-әрекеті, даулы мәселелерден шығудың дұрыс жолын таба білу.
-Мотивациялық сферада: құқықтық жүйені сыйлау, өз азаматтық құқығы мен міндеттерін орындауына дайындық және ұмтылу, заңды жауапты шешім қабылдай алу мүмкіндігі. Оқушыны демократиялық құныдылықтармен адам құқықтарына оқыта отырып, олардың бойына адамзаттықты сіңіру.
Тәрбие жұмысы-бүкіл педагогикалық ұжымның қызметі. Жекелеген мұғалімдердің күшімен тәрбие жұмысын жетілдіру ісінде елеулі табыстарға жету мүмкін емес. Бірыңғай басшылықпен, бірыңғай жоспармен біріккен педагогикалық ұжымның мүшесі ретінде әр қызметкердің іс-әрекетінің жүйесі ғана бұл күрделі істе табыс әкеле алады. Бұндай жүйені жетілдіру мектеп жұмысында бірінші кезектегі міндеттердің бірі болып табылады.
Тәрбиенің әдістері дегеніміз- тәрбиенің мақсатына жету жолдары, тәсілдері, құралдары және амалдарын дұрыс таңдап алу,ұтымды пайдалана білу болып табылады. Тәрбие әдістері арқылы тәрбие үрдісінің әрбір элементінің шешілуге тиісті педагогикалық мәселелері жан-жақты қарастырыла отырып, оны шешудің тиімді амал-тәсілдері таңдап алынады. Тәрбие әдіс-тәсілдерін терең және шебер меңгерген, тәрбие теориясы мен педагогикалық үлгілі іс-тәжірибелерді ұтымды ұштастыра алатын, оқушының әлеуметтік-психологиялық ахуалынан толық мәліметі бар ұстаздар мен тәрбиешілер қана тәрбие мұратына жете алады.
Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибе мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көз қарасын және соған сай мінез – құлқын қалыптастыру.Тәрбиелеу қазақ іліміндегі сыйласым, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық дәстүрлері құқықтың уәждер арқылы қалыптасқан құқық мәдениет көріністері болып табылады.Құқықтық міндеттер, уәждер, борыш парыз әдет-ғұрпында құқықтық өмір заңы болып сіңісіп кеткен. Ол кез-келген мемлекеттік заң баптарынан әлдеқайда қуатты да құзырлы.Малым-жанымның садағасы, жаным-арымның садағасы деп қазақ ар-ұждан құқығын бәрінен жоғары қойған.Қазақ халқында құқықтық парыз ұлттық салт-сананың тәлімдік әдептілік әсерлі үрдісі. Ата-анаға, отанға қызмет ету парызы- перзеттік парыз деп аталады. Перзентік парыз құқықығы: сыйлау, құрметтеу, қызмет көрсету, өнеге тұту, үлгі тұту, антты орындау, қайырым, мейірім шапағат болып қалыптасады.Отанға қызмет ету. Құқығы мен ел белгілерін (рәсімдерін, рәміздерін) қастерлей білу міндеттері ұрпақты Отансүйгіштікке тәрбиелейтін қуатты құралы екені белгілі. Халықтың әдет-ғұрыптары жөн-жаралғылары, кәделері, рулық, қауымдық, топтық,ұлттық дәстүрлері құқықтық міндеттері мен уәждері орындау қажеттілігін іске асыру тәжірибелері өмірден айқын көрінеді.Мектептерде құқықтық тәрбие жұмыстары шәкірттің өзіне-өзі қызмет ету құқықығынан басталады. Құқықтың міндеттері сәлем беру, сәлемдесу, аялаған ананы, әлпештеген әкені сыйлау, ұлағатты ұстазға инабатты шәкірт бола білу әдеппен сөйлеп әдептену арқылы орындалып, іс-әрекетте құқықтың сана болып қалыптасады. Құқық-жеке тұлғаның өз еркін –қайрат, жігерімен еркіндік ниетін іске асыруы, ол қоғам қабылдаған шешім, әлеуметтік өмірде қалыптасқан әдеп, ереже, нұсқау бойынша іске асатын әрекет еркіндігінің көрінісі.Баланың ұдайы, үздіксіз құқықтық білім алу барысында білім беру жүйесінде үлкен міндеттер жүктейді.Ол міндеттер Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы мен басқа да мемлекеттік құжаттарда нақты көрсетілген.Білім заңы негізінде бала құқығы туралы конфенция мен деклорияциясымен ел Президентінің дәстүрлі жолдауында, жастар саясат туралы заңдар аясында көрініс тапқан.Міне екі пәннің оқытылу мақсат,міндеттері мен шарттарына жалпылама пайымдау жасасақ олардың өзара байланыс сабақтастығы тым терең екенін аңғарамыз.Енді,тәрбиелеу қазақ ілімінің алтын өзегі болушы имандылыққа келейік.«Иманды» деп қазақ жүректегі «Құдай бір, пайғамбар хақ» деген берік сеніміне қоса терең адамгершілік қасиетке ие, ізгі мінез-құлықты жанды ғана атаған. «Жүзінен иманы төгілген» деп жүректегі жылуы жүзінен танылатын нұр келбетті жандарға сүйсінген. Мұндайда ол адамның бес уақыт намазын оқитын-оқымайтыны, басқа мұсылманшылық парыздарын өтейтін-өтемейтіні, яғни сенімін амалмен дәлелдейтін- дәлелдемейтіні негізгі өлшем болып саналмайды. Бұл мұсылманшылық парыздардың ұлтымыз үшін маңызы кем болған дегенді білдірмейді. Дегенмен қазақ қашанда жүректегі иманды басты орынға қойған, ішкі сенімі берік, ниеті түзу адамның мұсылмандығына шүбә келтірмеген. Бұл орайдағы қазақы пайымдаулар ханафи мәзһабы ғұламаларының тұжырымдарымен толық үйлеседі. «Сырт тазасы не керек, Тазарт әуел ішіңді» деп, риякерліктен тыйған бабаларымыз бес уақыт намазын қаза етпегенімен, өз нәпсісіне ие бола алмаған адамды көрсе, «имансыз» деп айыптаған. Яғни атамыз қазақ алдымен сырт пен іштің бірлігін пір тұтқан, «иман» ұғымының жан тазалығынан бастау алуын қамдаған, көркем мінез-құлықтарды кемелдендіру үшін келген Пайғамбарымыздың ар тазалығына негізделген имани іліміне адал болған. Содан кейін барып ниет пен амалдың бірлігін өсиет еткен. Кешегі қазақтың «иман» ұғымы жөніндегі дәстүрлі түсінігі осындай болатын. Тек қазақ халқы ғана емес, исі Орталық Азия мұсылмандары «иман» дегенде ең алдымен жүрекке бекіген сенімді, сол сеніммен тәрбиеленген көркем мінез-құлықты, сол мінез-құлықтың жемісі болған, отан мен отбасын береке-бірлікке ұйытқан ізгі істерді түсінетін. Ал қазіргі буын осы дәстүрлі түсінікті біле бермейді. Өкінішке орай, бүгінгі буынның шетін көзқарасқа еліткен бір бөлігі «иман» десе сенімін сыртқы амалмен – бес уақыт намазбен дәлелдеуді ғана түсінеді. Жүректегі иман, көркем мінез-құлық, ізгі амал – иманның негізгі көріністері екенін ұмытқан жастар намаз оқымағаны үшін ғана ата-анасын «кәпір» санап, шариғат заңымен басқарылмағаны үшін ғана діни сенім бостандығын қамтамасыз ететін зайырлы мемлекетті кәпірге шығаруда. «Кәпірстаннан ислам мемлекетіне хижра жасадық» деп алданып, жат жұртқа ауа көшіп, «шәһид боламыз» деп шатасып, құдай жаратқан жанына қол салып, мезгілсіз, мәнсіз қазаға ұшырауда. Бір ғана «иман» ұғымының дәстүрлі түсініктен ауытқуы осындай зардапты салдарға соқтырып отыр Тәрбиелеу қазақ ілімі-тамыры тереңнен тартылар,тым тұғырлы,ілімгерлердің өзекті ойлары мен түйіндері өзара өте мықты байланысқан,сабақтастығына сана марқаятын,ұласпалы тоерия.Қорқыттан басталатын «Өлмейтін адам», Фарабида «Бақытты адам» болып түрленсе, Абайға жеткенде,ол «Адам болу» заңдылығына ұласып, Жүсіпбек «Адам болу» ілімін жүйелеп,шыңдап ал, міне енді білім беру,тәрбиелеу ісінде қолдана бер деп қолға ұстатқан екенҚазақ тәлім-тәрбиесі дегеніміз-қазақ әдебін жас ұрпаққа игерту амалы,жол-жобасы болса; әдептілік жеке бастың оны орындай алу,игеру дәрежесі,кісілік өресі болмақ. Қандай бір салт пен ғұрып,өзінің әдебі арқылы бекем ғұмыр кеше алады.Ешбір ережеге симайтын салт та жоқ, ғұрып та жоқ.Әдептің жазылмаған заң түрінде болуына болады,заң әдепке негізделмей шығарылмайды. Мысалы,«Жеті жарғы»-тұрмыстық-әдептік заң. Жазылмаған кейбір заңдар, үкіметтен қолдау тапқан, жазылған заңдардан күшті болады деген қағида да бар. Айталық. шариғат кесімдері, хадис шарифтер әуелі ауызша таралғанымен,ешбір ереже, заңдардан кем емес.Кәзіргі шақта фиқһ үкімі кеңінен жайылып,асқақтаған мерзімде оның қуаты толыса түсуде.
Имандылықты,әдептілікті,жібек мінезді жас ұрпақ тек арнаулы үлгі-өнеге көру арқылы,ұзақ уақыт жаттығып, дағдыланып,машықтану арқылы игере алады. Сондықтан барлық сатыдағы мектептерде,әулетте,балабақшада жүріліп жатқан тәлім-тәрбиелік іс-өнегелерді,оқытылып жатқан сабақтарды,пәндердің өзегін өзгертіп, тәрбиелеу қазақ іліміне негіздеу керек.Адамгершілік-рухани тәрбиені білім берумен шектемей,жібек мінез,биязы әдеп,асыл қасиеттің машық-дағдысын игерту үшін олардың өресін биіктету қажет.Ол үшін,«Өзін-өзі тану,әдептану , құқық--тану,дінтану,валелогия т.б.пәндерді,бұтарлап,жеке-жеке пән жасап, олардың табиғи сабақтастығын алшақтатпай,әулеттен-акедемияға дейін үзіліссіз оқытатын бірізді,тұтас,кешенді пән оқыту керек.Бұл турасында бірнеше,үлгі ашық сабақты жеке ұсынамыз.Алдыңғы мақаланың жалғасы жайында бір-екі ауыз сөз айталық.
4.Жыл сайын соңғы қоңыраудың алды-артына сиыстырып,сынып жетекшісінің есебін,ата-ана,пән мұғалімдері мен оқушылар алдында есеп беру сағатын ұйымдастыру қажет.(Бұл шара мектептің әр сатысын бітірушілер үшін қажеті жоқ)Осы кезде,келесі оқу жылының алғашқы қоңырауына дейін әр оқушылың игерер тұнық иманы сапалар,адами қасиеттер,жібек мінез,биязы әдеп,ерекше өнер жайындағы сынып жетекшісінің пікірі тыңдалады.Ол,әрине,өткен оқу жылында сынып жетекшісі тарапынган ұйымдастырылған іс-шаралардың сыныпқа келтірген пайдасы,әсерімен қалдырған үлгі өнегесін талдаумен ұштасады.Ата-анаға,оқушыға,сынып жетекшісіне арналып,бір парақ қағазды қарындашпен үшке бөліп сызып,ең басына игерілетін машгық дағды туралы,сынып жетекшісінің пікірі,екінші бөлігіне ата-ана пікірі,үшінші бөлігіне оқушы пікірі жазылып үш еселенеді.(Оқушы да,ата-ана да,сынып жетекшісінің пікірінен алып тастауға немесе оған қосып жазуға ерікті).Бір есесі ата-анада,екіншісі оқушыда,үшіншісі сынып жетекшісінде сақталады.Ата-ана келесі оқу жылының алғашқы қоңырауына келгенде баласының игеруге тиіс машық дағдысын қалай игергені туралы бағалау пікірін ашық жазып тапсырады.Оқушы Наурызда болатын талқылауға дейін кем-кетіген толтырып,есебін жазып,тапсырады.Бағалау осы күнде «есептелді,есептелмеді»-деген тәрізді түсініксіздеу сөзбан белгіленсе, он үш жасқа дейінгілерге «айбат»,онан үлкендерге «абыройлы», «абзал» деген белгілер арқылы өрнектелуі дұрыс.

Қобдабай Қабдыразақұлы(ғалым,жазушы)
10.05.2017
Категория: Самопознание | Добавил: superchabdrazahk2017 (2017-05-10) | Автор: Қобдабай Қабдыразақұлы E
Просмотров: 1217 | Теги: сабақ, кеңейтулер, өзін өзі тану, өзгертулер | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 2:24 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru