Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Профессиональное образование

Отбасы құқығының негіздері
Сәуле Серікжанқызы Бекбосынова,
Еуразия гуманитарлық институты колледжінің
құқық пәндерінің оқытушысы,
Астана қаласы

Пәні: Құқық негіздері
Тақырыбы: Неке және отбасы құқығының негіздері

Сабақтың мақсаты: Отбасы құқығы туралы жалпы білім беру.
Білімділік: Отбасы және неке түсініктерін анықтау, некеге тұру және оны тоқтату мен бұзудың тәртібін зерттеу, ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері туралы білім беру.
Дамытушылық: есте сақтау мен жаңғыртуды, өзінің ой-пікірін ғылыми, тілде еркін жеткізе білуді дамыту, мәселелерді өз бетінше зерттеу және іздестіру арқылы пәнге деген қызығушылықты арттыруды дамыту.
Тәрбиелілік: білім алуға ынтасын арттыру, тұлғаның жалпы адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, әділдікке, құқықтыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі және түрі: жаңа білімді игеру; өз бетінше жұмыс жасау сабағы.
Сабақтың әдістері: түсіндіру, «оймышты ара», сұрақ-жауап, зерттеу әдістері.
Пәнаралық байланысы: геометрия, қоғамтану.
Көрнекіліктері: ҚР Конституциясы, «ҚР Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексі, тақырыптық слайдтар, сызбалар.
Материалдық және техникалық құрал-жабдықтар: компьютер, интерактивті тақта, оқулық.
Үлестірмелі материалдар: хаттар, мәтінді парақтар («ҚР Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексінен үзінді).
Әдістемелік және оқу әдебиеті: «ҚР Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексі , Т. Ағдарбеков, А. Әлайдар, А. Алайдаров «Құқық негіздері» оқулығы.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, студенттерді түгелдеу. (білімгерлер үш топқа алдын-ала бөлініп отыр, әр топта 6 білімгер,әр топтың жауапты мүшелері бар, 1 көмекші).
Мұғалім: Жаңа сабаққа көшпес бұрын, алдымен осыған дейін біз сабақта құқықтың қандай түрлерімен таныс болдық, соны еске түсірейікші. Ол үшін тақтаға назар аударайық.
слайдта көрсетілген
Мұнда сіздерге көмекші фигуралар көрсетілген, осыған қарап сұраққа жауап берейік:
• Төртбұрышта жазылған анықтама құқықтың қандай түрін білдіреді? (Конституциялық құқық)
• Ромбтағы ше? (Азаматтық құқық)
• Трапецияның жауабы қандай? (Кәсіпкерлік құқық)
• Овалдікі? (Еңбек құқығы).
{Фигуралар слайдта}
Дұрыс. Ал енді мына ребусты шешсеңіздер, бүгінгі сабақта қарастыратын құқықтың түрімен танысасыздар. (Жауабы: «Отбасы»)
{Ребус слайдта}
Дұрыс-ақ, бүгінгі біздің қарастыратын тақырыбымыз: «Отбасы құқығының негіздері».
ІІ. Жаңа сабақ:
Дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді және тақырыпты жазайық.
Осы тақырыпқа байланысты үйге тапсырма мынадай:
1. «ҚР Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексінің І-ІІ бөлімін оқу;
2. Неке шартының оң және теріс жақтарын жазып келу.
3. «ҚР балалар құқығы туралы» Заң мен «Балалар құқығы туралы» Конвенцияның құрылымына талдау жасау.
Қалай ойлайсыздар, бүгінгі тақырып қандай пәнмен байланысты?... Дұрыс-ақ, қоғамтану пәнімен байланысты, өйткені ол пәннен болашақта оқитын тақырыптарыңыз «Жанұя және неке» деп аталады, сондықтан мұқият болыңыздар.
Алдымен отбасы құқығы дегенде ойымызға қандай ассоциациялар туындайды, ол туралы не білеміз, нені білгіміз келеді, соны мына кестелерге толтырайық: «Білемін. Білгім келеді. Білдім»
{ әр топқа бір-бір кестеден таратылады, кесте үлгісі слайдта}
Ал, енді оқимыз.... Қосатындарыңыз бар ма? Жоқ болса, кесте бізге керек болады, алысқа қоймаймыз. Бүгінгі сабақ барысында кездесетін мынадай негізгі жаңа ұғымдарға тоқталайық:
неке - ерлi-зайыптылар арасындағы мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгiленген тәртiппен тараптардың ерiктi және толық келiсiмi жағдайында жасалған еркек пен әйелдiң арасындағы тең құқықты одақ. (түсіндіру) 3мин.
отбасы - некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиiстi адамдар тобы. Осы анықтамаларды жазып, еске сақтап алыңыздар.
{анықтамалар слайдта}
Әрі-қарай біздің іс-әрекетіміз өзімізге таныс «Оймышты ара» әдісі арқылы жүреді. Сіздер қазір «үй тобында» отырсыздар. Әр топтың жауапты мүшелері, топ мүшелерін 1-ден 6-ға дейін номерлеңіздер және сабақ барысында әркімнің сабаққа қатысуына қарай, соңында бағалайсыздар.
Енді «1» мен «2»-лер бірінші оң жақтағы үстелге, «3» пен «4»-тер ортадағы, «5» пен «6»-лар сол жақтағы үстелге жиналсын. Қазір сіздер «Жұмыс топтарыңызда» отырсыздар.
(Мұғалім мәтінді қималарды үлестіреді)
«1»-лер – Некеге тұру шарты мен неке жасын қарастырасыздар, «2»-лер – Некеге тұру тәртібі мен неке шарты, «3»-тер – Некені тоқтату мен некені АХАЖ органымен бұзуды, «4»-тер – Некені сот тәртібімен бұзу, «5»-тер – Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерін, ал «6»-лар – Ерлі-зайыптылардың меншігін қарастырасыздар. Осылайша біз меңгеруге арналған үш сұрақты қарастырып шығамыз. Сіздердің міндеттеріңіз алдымен оқып түсіну, содан кейің өзара түсіндіру, талқылау.
(Мұғалім әр білімгерге сәйкесінше қима қағазын үлестіріп шығады).
Оқыдық, таныстық, ал енді әр топ ішінде талқылайық.
Жұмысымызды аяқтасақ, «үй тобына» барайық. Ендігі сіздердің міндеттеріңіз – «жұмыс тобында» алған білімдеріңізді «үй тобының» мүшелеріне жеткізу, түсіндіру.
(«1»-лер бастайды, рет-ретімен «6»-лар аяқтайды).
Түсінбеген жерлерің, сұрақтарың бар ма? Жақсы, түсіндіріп болсақ және бәрі түсінікті болса, тақтаға көңіл аударайық. Әр құқық саласының өзінің қағидалары болады. Отбасы құқығының да өзінің қағидалары бар. Соларды талдауға көшсек.
Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңдары:
1) еркек пен әйелдiң некелi одағының ерiктiлiгi;
2) ерлi-зайыптылардың отбасындағы құқықтарының теңдiгi;
3) отбасының iсiне кiмнiң болса да өз бетiнше араласуына жол берiлмеушiлiк;
4) отбасы iшiндегi мәселелердi өзара келiсiммен шешу;
5) балаларды отбасында тәрбиелеуге басымдық беру, олардың өсiп-жетiлуi мен әл-ауқатты болуына қамқорлық жасау;
6) отбасының кәмелетке толмаған және еңбекке қабылетсiз мүшелерiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғауға басымдық беру;
7) отбасы мүшелерiнiң өз құқықтарын кедергiсiз жүзеге асыруын қамтамасыз ету, бұл құқықтарды сот қорғауының мүмкiндiктерi;
8) отбасының барлық мүшелерiн салауатты тұрмыс салтына ынталандыру принциптерiне негiзделедi.
{Қағидалар слайдтарда бар}
Енді, жаңа тақырыппен таныстық, оның қағидаларын қарастырдық, онда сіздерге келіп түскен мына хаттарға жауап беріп көрейікші:
Бірінші хат:
“Сәлеметсіз бе, осы хатты оқушы заңгер. Менің аты-жөнім – Маратов Ерсұлтан Ескенұлы, туған жылым 1988 жыл 30 сәуір. Мен 1991 жылы 24 желтоқсанда дүниеге келген Жансейітова Гүлбике Хамзақызына үйленгім келеді. Ол да, екеуміздің ата-анамыз да қарсы емес. Бірақ ол 18-ге толған жоқ. Асығыстығымыздың себебі, Гүлбикенің жүрегі қатты ауырады және дәрігерлер оны емдеу мүмкін еместігін айтты. Өмірі кез келген сәтте қиылып қалуы мүмкін екенін біле тұра мен оны бір сәтке де жалғыз қалдырғым келмейді, оның жанында болғым келеді. Гүлбикенің әлі 18-ге толмағанын біле отырып және оның өмірге қауіпті жұқпалы емес аурумен ауыратынын ескере отырып, біздің арызымызды АХАЖ органы қабылдар ма екен? Ол үшін не істеу керек? Қандай кеңес бересіздер? Алдын-ала рахметімді айтамын”.

Екінші хат:
“Сәлеметсіз бе, құрметті хатты оқушы заңгер! Аты-жөнім: Айдарова Сәния Сәкенқызы. Айдаров Азамат Жасұланұлына тұрмысқа шыққалы 8 жыл болды. Бір баламыз бар. Басында екеуміздің жұмысымыз болды да, бәрі жеткілікті болатын, тіпті шетелге де демалып қайтатынбыз. Елде экономикалық дағдарыстың кесірінен, күйеуім жұмыс істейтін компания жабылып, жұмыссыз қалды. Енді ақша табатын жалғыз мен ғана. Күйеуім мұндай өзгерісті көтере алмай, арақ ішетін болды, үйде күнде жанжал, бәрінен бұрын баламды аяймын. Өзім біразға дейін шыдасам да, былай өмір сүру мүмкін еместігін түсіндім, сөйтіп ажырасамын деп шештім. Бірақ, ажырасқанның өзінде заң бойынша мүлік 50/50 болып бөлінеді екен. Бізде бағалы заттардан 2 бөлмелі пәтер, 1 жеңіл автокөлік, гараж, жұмсақ жиһаз, баламыздың атында банкте счет ашылған, менің туған күніме 1 каратты бриллиант сақина сыйлағаны бар. Осы заттардың қайсысы кімде қалады? Бөлінуге жата ма?”

Үшінші хат:
“Сәлеметсіздер ме! Мен осыдан 1 жыл 4 ай бұрын әйелім мен екі баламды тастап, ақша табу мақсатында үйден (Тараз қ.) Ақтауға кеткен едім. Жұмыс бірден табыла қойған жоқ, біраз қиындықтар болды, сөйтіп мен үйіме 6 ай бойы хабарласа алмадым. Бірнеше апта өткен соң, үйге хат жаздым, бірақ жауап келген жоқ. Тағы жаздым – жауап жоқ. Сөйтіп Таразға қайтуға сайланғанда, үйге телефон соғып, әйеліме келе жатқанымды айтып едім, ол маған “Сені сот бір ай бұрын хабар-ошарсыз кеткен деп шешім шығарған, сондықтан үйге некеміз тоқтатылды деген куәлік келді және мен ертең басқаға тұрмысқа шығамын, сен енді келмей-ақ қой! ” - деді. Мен үйіме жеткенше, ол шынында да басқаға тұрмысқа шыққан екен. Менің өзімнің некемді қалпына келтіруге құқығым бар ма? Не істеу қажет? Рахмет”.
{Хаттар мәтіні слайдта}
Әр топ өзінің нұсқасын немесе жауабын ұсынсын. Сіздерге көмек ретінде алдарыңызда «ҚР Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексі жатыр, қолдануларыңызға болады. (Хаттарды көмекші білімгер дауыстап оқиды).
Жақсы, хаттың авторлары жауаптарыңызға риза болады деген сенімдемін. Рахмет.
Енді тақтадағы сызбаларға назар аударайықшы. Осы сызбалар нені білдіреді? Кімнің қандай ойы бар?
1)Таныстық → Достық → Махаббат →Неке → Отбасы
2)Таныст → Келісім → Неке → “Отбасы”
Қайсысы дұрыс?
1) еркек – екі әйел, 2) әйел – екі еркек, 3) еркек – еркек, 4) әйел – әйел, 5) еркек – әйел
{Сызбалар слайдта}
Жақсы, енді бүгінгі тақырып бойыша сұрақтарға жауап беріп көрейікші. Сұрақтар әр топқа рет-ретімен қойылады.
7. Некеге тұрушы адамдардың келісімі немесе ерлі –зайыптылардың некедегі және ол бұзылған жағдайдағы мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын
келісім қалай аталады? Неке шарты
8. Некені қию некеге тұруға тілек білдірушілер азаматтық хал актілерін жазу органына арыз берген күннен бастап неше ай өткен соң жүргізіледі? 1 ай
9. «ҚР Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексі нешінші жылы және қай күні қабылданды? 2011 жылғы 26 желтоқсанда
10. Қайсысы бұрыс?
А) Жылқайдарова Айым Болатқызы Ә) Дастан-Жылқайдарова Айым Болатқызы
Б) Дастан-Мұса-Жылқайдарова Айым Болатқызы Дастан-Мұса-Жылқайдарова Айым Болатқызы
11. Некеге тұрғанда күйеуі әйелінің тегін алуға құқылы ма? иә
12. Неке шартының негізінде ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі 40/60 пайызға бөлінуі мүмкін бе? мүмкін
{Сұрақтар мен олардың жауаптары слайдта}
Жаңа сабақты бекіту: Жаңа білімімізді бекіту үшін, Бірінші кестедегі Білдім деген бағанға бүгін сабақ бойынша біз немен таныстық, нені білдік, соны қысқаша жазыңыздар. ... Ал енді оқимыз.
Сабақты қорытындылау. Сонымен біз бүгін сабаұта құқықтың қандай түрімен таныстық?... Дұрыс айтасыздар, біз бүгінгі сабақта отбасы құқығын, яғни некеге тұру тәртібі мен неке жасын, неке шартын, некені бұзу мен тоқтату, ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары мен міндеттерін қарастырдық.
Бүгінгі тақырып бойынша сұрақтарыңыз бар ма? Сабақтың мақсатына жеттік деп ойлайсыздар ма?
Бағалау. Жақсы, бүгінгі сабақ бойынша жауапты мүшелер бағалау кестесін тапсырыңыздар.
Рефлексия. Бүгінгі сабаққа «өте жақсы» деген баға берсеңіздер, стикерді жасыл түске жапсырасыздар, «жақсы» болса – көкке, ал «қанағаттанарлық» болса – онда қызылға жабыстырамыз. Енді, жауапты мүшелер, тақтаға жабыстырыңыздар. ...
Жақсы, осымен бүгінгі біздің сабағымыз аяқталды. Барлығыңызға рахмет. Сау болыңыздар.
Категория: Профессиональное образование | Добавил: Саулеша (2013-12-26) | Автор: Бекбосынова Сауле Серикжановна E
Просмотров: 4251 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 4:48 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

• Теги

презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

Статистика

Рейтинг@Mail.ru