Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Школьная библиотека

Кітапхана қорын қалыптастырудағы автоматтандырылған технологиялар
Кітапхана қорын қалыптастырудағы автоматтандырылған технологиялар.
Ақтөбе қаласы
№1 орта мектеп кітапхана меңгерушісі:
Шакибаева Гулсім Мухамбетовна

Мен кітапханаларды ақыл-білім,адамгершілік,парасат ордасы деп білемін. Ал кітапханашыларды сол ешқашан жоғалмауға тиісті асыл қазынаның сақшылары деп санаймын.
Әбіш Кекілбайұлы
Ел Президентінің «Қазақстан-2030» бағдарламасында: «XXI ғасырда білімсіз өмір сүру мүмкін емес, халықты салауатты да сауатты өмірге бағыттауымыз керек» деген сөздері бүгінгі ұрпақ, ертеңгі ел азаматтарына білім мен тәрбие берер жандарға міндеттелген тапсырма іспетті. Бүгінгі күні жас ұрпаққа берілер білім мен тәрбиенің өз мәнінде сапалы болуы бірінші кезекте тұрғаны анық. Кітап–білім қазығы, өмір азығы болса, кітапхана–халықты әлемдік өркениетпен таныстыратын, ұлттық болысымызды әлемдік руханиятпен табыстыратын қасиетті орда, сана мен ойдың шамшырақ сарайы.
«Кітапхана – мәңгілік парасаттың ең киелі ғимараты», - деп Әбіш Кекілбаев айтқандай, тарихтың небір құпиясы мен әлемдік ақыл-ойдың інжу-маржанын қойнына сақтап тұрған кітапхана. ХХІ ғасыр - руханият, мәдениет, ақпарат ғасыры. Қай қоғамның да тұрақты дамуында мәдениеттің алар орны зор екенін алға тартсақ, біздің рухани-мәдени тынысымыздың өзекті мәселелерінің бірі-кітапхана.Оқушылардың рухани қазына кітапқа деген талап-тілегі мен сұранысын қанағаттандыруды күннен-күнге жақсарта беру-уақыт талабы. Жас ұрпақты тәрбиелеуде кітапхананың орны ерекше.Бүгінгі шәкірттер-ертеңгі ел тұтқасы. Өйткені, тәрбие мен тәлім-егіз ұғым десек, тәрбие мен білім берудің жаңа жолын кітапханадан табамыз.Тәуелсіз кітапхананың келешегі –жас ұрпақты тәрбиелейтін мектеп дейтін болсақ, сол мектепте орналасқанКітапхана да осы міндетті бірге атқарады. Мектеп кітапханасы – мектептің бір бөлігі. Жаңа заман компьютер дәуірі болғанымен, рухани азық іздеген, көзі ашық,әрбір адамның келер шанырағы-кітапхана.Кітапхана –адамның білім көкжиегін кеңейтеді десек,ал Жүсіп Баласағұнның сөзімен айтқанда: «Білім-адам баласының ортақ қазынасы». Сондықтанда кітапханаға келіп, әдеби көркем шығармаларды, түрлі газет-журналдарды оқыған адамның мерейі өсіп,рухани азық алып, дөңгеленген дүниеден хабардар болады.Жаңа ғасыр электронды технологиямен сауаттылықты қажет етеді.Осы заманғы ақпарат құралдары дамыған,жаңа технологиялар заманында да кітап-адамның ішкі дүниесіне, ой өрісіне ықпал жасап, мұқтажын қанағаттандыратын, рухани азығы болып қала береді.Қазіргі кітапханалар-ақпараттық мәдени-ағартушылық, ғылыми-зерттеушілік мекеме болу керек. Заман талабына сай технологияны біліп қана қоймай, сонымен бірге оны сауатты түрде қолдануы керек.Кітапханашылардың алдында тұрған мақсаты-ХХІ ғасыр азаматтарына алуан түрлі ақпараттар ағымында жөн сілтеп, пайдалыларын өз игіліктеріне жұмсауға үйрету,ақпараттық қоғам тіршілігіне әзірлеу.Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі– білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы.
«Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» - деген еді. Қазақтың көркем тілі – қазақ тілі қазақтың көркем әдебиетінде. Ал әр ұлттың әдебиеті мен тілі ең алдымен әр ұлттың өзіне керек. Қазіргі қазақ қоғамының алдында жас ұрпақты кітапқа, оның ішінде қазақ тілінде жазылған кітапқа баулу. Бүгінгі оқушы, ертеңгі ел маманының еліне, жеріне деген сүйіспеншілігінің артуы, оларды бойында ұлттық намыс, отаншылдық, адамгершілік қасиеттерінің ұлғая түсуі жолында кітапхана қызметкері- халқымыздың қилы тарихын, өнегелі әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін, мәдени мұраларын, әдебиет қазыналарын, тереңнен толғайтын сөз өнерін оқырмандарға кітап арқылы насихаттайды.Халқымыз ғасырлар бойы білімді ерекше қадірлеп өзінің алдына мақсат етіп қойған.Сонымен қатар, кітапты ерекше ақылшы ұстаз санаған. «Артық ғылым кітапта,ерінбей оқып көруге» - деп Абай бабамыз айтпақшы барлық адам баласы үшін кітап рухани азық. Кітапхана қабырғасына келіп, кітап бұлағына сусындайтын, кітапхана жұмысын жандандыру, оқушылардың рухани-мәдени дамуына кітаптың, оқудың рөлін көтеруге басты назар аудару бағытында атқарылып жатқан жұмыстар аз да емес.
Электронды кітапхана – заман талабы. Электронды кітапхананың мақсаты мектеп кітапханасы жүйелі ұйымдастырған,қызмет көрсететін және қолдайтын электронды қатынасатын электронды нысандағы әр алуан ресурстар. Жалпы автоматтандыру жұмысының негізгі мақсаты- кітапханаға келген оқырман талабын, сұранысын сапалы қанағаттандыру барысында қызмет көрсету дәрежесін көтеру.Бұл арқылы кітапханалық қызмет көрсетудің саны мен сапасы жоғарылады, ізденістерді тездетуге жеңілді туғызады.
«Автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық «МАРК-SQL» бағдарламасымен жұмыс».
Бұл шараның мақсаты: Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдардағы білім беруді дамыту тұжырымдамасы және білім беру саласындағы қазіргі саяси көзқарас; ҚР мемлекеттік білім беру ұйымдарының кітапхана қорының түзілуі туралы нұсқаулық. Жалпы ережелермен таныстыру, МАРК-SQL автоматтандырылған ақпараттық-кітапханалық бағдарламамен жұмыс жүргізуді үйрету. Мектеп кітапханасындағы барлық қажетті құжаттарды, кітаптарды, оқулықтарды электронды каталогқа енгізу; есептен шығарылған құжаттардың есебін шығару, кітаптың берілу санын автоматтандыру, керекті оқулықтар мен оқу құралдарына сұраныс беруді автоматтандыру, кітап оқылымын талдау, электронды каталогты пайдалана отырып керекті құжаттарды, тақырыптарды «кілттік сөздер » арқылы іздеп табу, Интернет жүйесі арқылы және мектеп кітапханасы қорындағы керекті құжаттарды сол күйінде немесе мультимедия түрінде іздеу әдіс-тәсілдермен таныстыру. Автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық MARK-SQL негізінен мектеп кітапханашыларына арналған. Бағдарлама сонымен бірге мұғалім мен оқушыға да керекті құжаттарын тез тауып алуға көмектеседі Ұшан теңіз ақпарат пен білім көздерін бір арнаға тоғыстырып талдауда, іздеуде, табуда алдымен көмекке келетін MARC-SQL автоматтандырылған.
Бағдарламада 5 автоматтандырылған жұмыс орны бар. Олар :«Әкімшілік», «Каталогизатор», «Комплектование Толықтырушы», «Ізденіс-поиск» және «Абонемент». Кітапхана - тек қана кітап сақтайтын орын ғана емес,сонымен катар қоғамның рухани жағынан дамуына,мәдениетін көтеруге ықпал ететін мәдени орта. Халқымыздың тар жол, тайғақ кешуі жолында елі үшін қызмет еткен тарихи тұлғаларымыз – қоғам қайраткерлерінің, ақын-жыраулардың, жазушылардың өмірі мен шығармашылығы туралы әр түрлі мәдени шаралар ұйымдастыру – тарихымызды ұмытпауға,өткеннен сабақ алуға, елімізді, жерімізді сүюге, барды құрметтей білуге, тіпті кітап оқи отырып, ой қиялымызды дамытуға әсер етеді. Қазіргі таңда ақпараттық технологиялардың дамуы, олардың қоғам өміріндегі ролінің артуы, түрлі деңгейдегі салаларының жұмысын автоматтандыратын жүйелердің көптеп пайда бола бастағандығынан байқалып отыр. Алайда әрбір осындай жүйені қайсыбір сала үшін жасау және енгізу, осы салада көп жылдық тәжірибесі бар мамандардың қатысуымен, күрделі талдау жасау негізінде ғана жүзеге асырылатын шара болып табылады.Сонымен қатар автоматтандырылған жүйенің енгізілуі оны пайдаланушылардың, яғни сала қызметкерлерінің ақпараттық технологияны пайдалана алу деңгейін, олардың қазіргі таңдағы және стратегиялық жоспар бойынша анықталған болашақтағы техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып жоспарлы түрде кезең-кезеңмен жүзеге асырылуы тиіс. Осыған орай мектеп кітапханасы жұмысын автоматтандыру жүйесін енгізу келесі кезеңдер бойынша жүргізіледі.
1.Электронды құжат алмасу жүйесін жасау және оның тұрақты жұмыс жасап тұруын қамтамассыз ету.а) кітапхана жүйесіндегі барлық құжат түрлерінің электронды жалпыға ортақ нұсқасын жасау;?) осы құжаттарды алу толтыру және орталыққа жіберу жұмыстарын автоматтандыру;б) әрбір мектеп кітапханасының қалыптағы жағдайын анықтайтын (кітап қоры, оқырмандармен жұмыс, кітап берілімі т.б.) мәліметтерді электронды бақылауға алу.в) веб-портал негізінде сала қызметкерлерін қажетті ақпаратпен тұрақты түрде қамтамассыз ететін құрылым жасау.г) веб-портал негізінде әрбір оқушының мұғалімнің және ата-ананың мектеп кітапханасы мүмкіндіктерімен танысуына және өз ұсыныс-пікірлерін, сұранымдарын білдіруге мүмкіндік жасау
2. Әрбір кітапхананың электронды каталогын жасау
3. Кітапханалар жүйесінің бірегей ақпаратық кеңістігін жасау.
Ақпараттық мәдениет – ақпаратты құрастыру, өңдеу, сақтау, іздестіру мен пайдалану деген ұғымды білдіреді, сондай – ақ,кітапхананың ақпараттық кеңістігінде өзінің орнын сезіне білу, өзін ақпаратты құрастырушы, тұтынушы ретінде қабылдау, ақпараттық жағдайды түсіне білу. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің кезекті жолдауында «Қазақстан әлемінің бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарынан лайықты орын алу үшін өзінің мәдениеті мен ғылымын, білімі мен білін, рухани байлығымен елімізді айдай әлемге паш ете білуі керек» - деген болатын. Қазіргі ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы жас ұрпаққа заман талабына сай білім беруде оқытудың озық технологияларын меңгеру қажеттілігі туып отыр.

Қолданылған әдебиеттер:
1. Мектептегі кітапхана №2, 2012
2.Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар № 4,2012
Категория: Школьная библиотека | Добавил: Венера0789 (2014-05-12) | Автор: Шакибаева Гулсум Мухамбетовна E
Просмотров: 2687 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-04-16, 7:33 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru