Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Школьная библиотека

Елі сүйген, елің сүйген Елбасы
«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №9 орта мектебі» ММ

Бексұлтанова Рсалды Қасымқанқызы
№9 орта мектебінің кітапхана меңгерушісі

Елі сүйген, елін сүйген Елбасы

Костанай қаласы
Тақырыбы: Елі сүйген, елін сүйген Елбасы
Мақсаты: Елбасы өмірбаянымен,еңбек жолымен, шығармаларымен,елбасы туралы жариялымдармен таныстыру.
Көрнекілігі: портреті,интерактивті тақта, слайдтар,Елбасы кітаптары,Елбасы туралы жазылған кітаптар.
Жұмыстың мақсаты:
 Елбасы өмірінен кеңінен мәлімет беру;
 Қызмет жолымен таныстыру;
 Еңбектерімен таныстыру;
Сөйлесіп бір жүрген қай сөзіңде де халықты биік қоясың,
Халықпен бір ашығасың да,халықпен бірге тоясың.
Жастықтың жалын шақтарыменен бірге айтып арман әндерін,
Қазақстанның бақтарыменен бірге жапырақ жаясың.
Т.Молдағалиев

КІРІСПЕ

Көп жылдар бойы қазақ халқы тәуелсіз ел болуды армандады. Бақытты өмір сүруді қалады. Қазақ халқының бұл арманы 1991 жылы 1 желтоқсанда орындалды. Осы күні Қазақстан Республикасының алғаш президенті ретінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Қазақстан 16 желтоқсан күні өз тәуелсіздігіне ие болды. Бұл Қазақстанның жаңа өмірге басқан үлкен қадамы еді. Ал оның елбасшысы ешқашан берілмейтін, құрметті ұлы тұлға. Осы күнге жетіп отырғанымыздың өзі елбасымыз Н.Назарбаевтың арқасы. Қазақ халқының ең қиын кездерінде билікті қолыны алып, қандай қиын жағдайлар болсын шыға білді. Елбасымыздың есімі тарихта мәңгі қалады. Елбасымыз не жасаса да біздің игілігіміз бен жарқын болашағымыз үшін жасайды. Еліміз өте тез дамып келеді. Біздің елбасымыз дүниедегі ең керемет елбасы. Олай ойлауымның себебі президент рөлінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің бар жан-тәнімен қазақ халқын тек алға басады. Елді бірлікке шақырды. Қазақ тілінің тәуелділігін асырды.
Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Адамның ұлты бейбітшілік пен достастыққа кедергі емес. Елімізде түрлі ұлт адамдары татулықта бірге жұмыла отырып, қызметін әр түрлі саласында еңбектенуде. Біздің халқымызда елін ардақтау сезімі өте терең дамыған. Халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз өз елің сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Біздің осы бір қасиетіміз жанымызға ана сүтімен тарап, мәңгілік сақталып келген. Өйткені Отан бізге оттан да ыстық. Мен осындай елде туғанымды мақтан тұтамын. Өйткені қазіргі кезде басқа елдерде соғыстар, көтерілістер, ашаршылық болып жатыр. Ал біздің елбасымыз мұңдай жағдайларға жол бермей, елді тек жақсы өмірге бағыт беруде. Қазақстанның қарулы күштері болса біздің болашағымызға қауіп-қатер толмауына дәлел бола алады. Біздің еліміз әрқашан да бейбітшілікті құрметтеген. Елбасымыз Қазақстанымызды соғыстардан алуақ ұстаған. Н.Назарбаев әрбір отбасына бейбіт өмір сыйлады. Халықтың денсаулығын ойлап көптеген көмек жобаларын, тегін ауруханаларды ашқызды. Халықтың санын көбейтті. Қазір Қазақстан халқының саны 17 миллионға жетті. Басқа елдермен дипломатиялық қарым-қатынастарын жақсарта түсті. Елді адал басқарып, халықтың құрметіне ие болды. Қазақстан дамыған елдер қатарына кірді. Осындай елде өмір сүру арман емес пе?! Әр адам өз туған жерін құрметтеуі және сүю керек. Себебі, адам баласы туған жерсіз, Отансыз өмір сүре алмайды. Әр адамның тұрақты үйі, мекені болуы қажет. Сонда ғана адам бақытты өмір сүре
Барлық бала өз Отанын сүйеді. Отанды әркім анасындай
Отан-оның қорғаушысы,тірегі. Қастерлейді,қолдайды.
Отан-ана,Отан-пана, Өйткені Отан баласындай
Қазакстан-туған ел. Бізді асырап қорғайды

Отбасы және балалық шағы
Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген. 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді.
Әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді.Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін. Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды.
Анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді.Үшқоңырға жер аударылған әкесімен бірге келген Әлжан Әбішпен танысады. Ауыл арасында ән салу мен суырыпсалмалық өнерден оның алдына түсетін ешкім жоқ еді. Жарқын жүзді Әлжан ұлын үлкенді құрметтеуге, сыйлауға баулыды, оның ұлттық дәстүрлерге, ән-жырларға, салт-ғұрыптарға құштарлығын оятты. Әлжан Назарбаева 1977 жылы қайтыс болды.
Жасөспірім шағы Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. Ол өзінің аса құштарлығын білетін ағайын-туыстары әкеп берген кітаптардың бәрін оқып шығуға жан-тәнімен кірісті. Жас кезінде Іле Алатауының баурайында жазғы демалыс күндерінде әкесіне көмектесіп жүргенде тұңғиық жұлдызды аспан астында жанған алау маңына түнеген романтикалық сәттері де болды. Әке-шешесі осы өлкеде ежелгі заманда өмір сүрген бабалардың берік түп-тамырынан сыр шертетін салиқалы әңгімелер айтып, жан-дүниені тербейтін әндер шырқайтын. Кез келген қазақ білмеуі ұят саналатын жеті ата туралы айтылатын. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, қазақтың өткені мен болашағын жалғап келе жатқан халықтың осы бір ауыр, бірақ үйлесімді тіршілігінің мәңгі және аса мәнді екенін сезінетін.Ол, әсіресе, ежелгі аңыздар мен бабалардың наным-сенімдері туралы үлкендер айтатын әңгімелерді ықыласпен тыңдайтын.
Жұбайы — Сара Алпысқызы — Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорын басқарады.
Президенттің үш қызы:
Дариға — саясат ғылымдарының докторы, ЖАҚ "Хабар" Ақпараттық агенттігінің директорлар Кеңесінің Төрайымы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
Динара — Н.Ә. Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады. Forbes журналының мәліметі бойынша 2011 ж. наурыз айына қарасты 1.3 миллиард АҚШ долларын құрайтын әл-ауқатымен Қазақстанның ең бай әйелі боп саналады. Тимур Құлыбаевтың жұбайы.
Әлия — бизнеспен айналысады, «Элитстрой» құрылыс компаниясын басқарады. Н. А. Назарбаевтың жеті немересі және ек і шөбересі бар.


Елбасымыздың қызмет жолы:
1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын, 1976 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірген.
Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.
1969-1973 жылдары Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
1973-1977жж – Қарметкомбинатының партком хатшысы.
1977-1979 жж – Қарағанды облыстық партия комитетінің 2-ші хатшысы.
1979—1984 жж – Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің хатшысы.
1984-1989 жж – Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы.
1989-1991 жж – Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы.
1990 жылы ақпан-сәуір аралығында КСР Жоғары Кеңесінің төрағасы болды.
1991 жылы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық елдің тұңғыш Президентін сайлау өткізілді, сайлау нәтижесінде мемлекет басшысы болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев (98, 7%) сайланды.

.
1991 жылғы 1 желтоқсандағы президенттік сайлау барлық қазақстандықтар үшін тағдыр шешті оқиға болды және бүкіл әлемдік қоғамдастықтың назарын өзіне аударды. Қазақстан тарихының жаңа бір жарқын беті ашылды. Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел азаматтарының тұңғыш рет жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланды. Сайлау шын мәнінде бүкілхалықтық болды. Оның айғағы – сайлаушылардың сайлауға қатысудағы жоғары белсенділігі.
1995 жыл 29 сәуір — Республикалық референдумда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттік мерзімі 2000 жылғы 1 желтоқсанға дейін ұзартылды.
1999 жыл 10 қаңтар — Н. Ә. Назарбаев(79, 78%) Қазақстан Президенті болып қайтадан сай - ланды.
2005 жыл 4 желтоқсан — Қазақстан Республикасының президенті сайлауында Н. Ә. Назарбаев (91, 5%) Президент болып сайланды.


Оқушы:
Болашағым Қазақстанның алдағы,
Орындалсын қазағымның арманы.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев,
Халқымыздың сеніп алған таңдауы.
Асқақ болып еліміздің жалауы,
Мәңгі жансын тәуелсіздік алауы.
Еңбек, достық, бейбітшілік, береке,
Қазақстан Республикасының қалауы.
Еліміздің тыныштығын ойлайтын,
Халқым менің Елбасыны қолдайық.
Бәрімізге тыныш өмір сыйлаған,
Жасай берсін, Нұрсұлтан Назарбаев!

2010 жылдың 14 маусымында «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының қызметін қамтамасыз ету саласында заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 298 - ІV Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы күшіне енді. Кітапханашы: - Соңғы сайлау қай жылы өтті?
2011 жылдың 3 сәуірінде сайлаушылардың 95, 5 процент дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.
- Н. Ә. Назарбаевтың өмір жолдары туралы не білеміз? (ойымызды ортаға салып көрелік)
1 - оқушы:
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6 - шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау - бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз - маз өнімдерін сатып, үй - ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата - анасын қатты құрмет тұтты
2 - оқушы:
Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург – жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.(слайд)
3 - оқушы: Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.
4 - оқушы: Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
Кітапханашы:: Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев туралы біз тағы не білеміз және не айта алар едік?

Оқушы: Білгір саясаткер
Қоғам қайраткері
Нағыз патриот
Талантты адам
Ақылды отағасы
Қамқор аға.

Кітапханашы:
«Қазақстан – бақытты ел, Президенті танымды, халқы қарымды, досы көп ел екенін де мақтан тұтамыз. Ел тарихын тұлғалар жасайды. Тұлға - елдің тұғыры, Тұлға - елдің тұтқасы. Біздің Президентіміз Н. Ә. Назарбаев – осындай тұлға.»
Оқушы: Елбасы үнемі Қазақстанның түкпір - түкпірін аралап, барлық обылыстарда болып, елмен етене араласып, олардың жүрекжарды әңгімелерін тыңдап, жағдайларымен танысты.
Кітапханашы:Н. Ә. Назарбаевтың жазған «Ғасырлар тоғысында» атты кітабында «Қазақтар талай жерде тұтасымен қырылып кетуге шақ қалды. Бірақ өмірге құштарлық, азаттыққа құштарлық қайтадан жығылған еңсені көтеріп, тәуекелге бел буғызды.»
Мен өз халқымды сүйемін. Оның мені бала кезімнен сабыр мен парасатқа баулығанын мақтаныш тұтамын. Қанша қиындық көрсе де, абзалдылығы мен сабырлылығын, басқа халықтарға деген сыйлаушылығын сақтай білген халықты, қазіргідей қиыр - шиыр тарихи сын кезеңде өзім ажырамас бөлшегіне айналып отырған асыл жұртымды, ХХІ ғасыр табалдырығынан аттап, өз талабын тағы бір сынап көргелі отырған тәуекелшіл ұлтымды қалай мақтаныш етпеспін. Қалайша бас имеспін.»
«Халқым менің» әні.
Тұманбай Молдағалиев «Есіл ер»
Оқушы:
Сөйлесіп бір жүрген қай сөзінде де халықты биік қоясың,
Халықпен бір ашығасың да, халықпен бірге тоясың.
Жастықтың жалын шақтарыменен бірге айтып арман әндері,
Қазақстанның бақтарыменен бірге жапырақ жаясың.
Оқушы:
Халықтың мұңы мұңдайтынын да, халықтың жыры жырлар жыр,
Көкірегіңде көнермей әлі өткен де кеткен жылдар жыр,
Соңына ердік сол ғана бізді жеткізеді деп бақытқа,
Бақытқа баста байтақ еліңді, бақытсыздықтан құр қалдыр.

Оқушы:
Нұрсұлтан бар деп нұрыңа сенің шомылғандай боп жүрем мен,
Бейнеңді көрсем беймезгіл кезде қабағымды ашам түнерген.
Сүйеміз сені, санамыз, сөніп қалмай тұрғанда сүйеміз,
Алланың бізге бір өзі сеніп өкілісің сен жіберген.
Оқушы: «Елбасына»
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады - ау кісілік!
Оқушы:
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен - кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.
Оқушы:
Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!
Оқушы:
Уа, халқым, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
Басшысы болмаса, ел жетім.
Көсіле шабар жерім бар,
Тау көтерген елім бар.
Қол бастайтын ерім бар,
Атадан қалған сара жолым бар.

Елбасының лауазымдық мәртебесі:
• Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті - Елбасы

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы
• Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы
• Қазақстан Республикасы Ұлттық Кеңесінің төрағасы
• Дүниежүзі қазақтары Қауымдастығының төрағасы
• Қазақстан халықтары Ассамблеясының төрағасы
• «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының төрағасы
• Назарбаев Университеті Жоғары қамқорлық кеңесінің төрағасы
• Бірнеше жыл Халықаралық Аралды құтқару қорын басқарады
• Экономика ғылымының докторы, академик
• «Ғасыр адамы»
• Әнұранның авторы, жазушы
• Бейбітшілік пен қауіпсіздіктің жаршысы
• Алымды да, алғыр басшы Көреген саясаткер
- Балалар, ойланайықшы! Егемен еліміздің саналы,білімді азаматы болып өсу үшін бірінші парыздарың не деп ойлайсыңдар?


1. Білім алу.
2. Отанды сүю.
3. Ана тілін сүю, құрметтеу.
4. Ұлтжанды азамат болу.
5. Ұлттық рухымыз берік болу
6. Денсаулығымыз мықты,салауатты ұрпақ болу.
7. Ел болашағын берік қолда ұстайтын нағыз азамат болып өсу.
Педагогтың қорытынды сөзі:
Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымызды елбасының сөзімен қорытындылағым келіп тұр.
“... Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы-бергідегі қазақ баласының бірді-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақытты-толыққанды, тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді, білім-білігімді аямай жұмсаймын, қандай да тәуекелге барамын...”
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Сабағымыз аяқталды, тыңдағандарыңызға рахмет!
Категория: Школьная библиотека | Добавил: книголюб4714 (2014-11-29) | Автор: Рсалды E
Просмотров: 1797 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 1:38 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru