Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Школьная библиотека

Өтебай Тұрманжанов "Атам берді бір кітап"
Атам берді бір кітап
(әдеби кеш)
ТОБЫКБАЕВА Г.М – мектеп кітапханасы меңгерушісі
Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия, Семей қаласы

Мақсаты: оқушылырдың кітап оқуға құмарлығын арттыру, кітап оқу арқылы олардың сөздік қорының молаюы, ой-өрісінің дамуы, рухани байлығының толуы, шығармашылық қабілетінің артуы және жазушының айтпақ ойын ұғындыру, әңгіменің идеясын ашу, оқушыларды көрнекті ақын, жазушы. балалар әдебиетінің ірі қайраткері Өтебай Тұрманжановтың шығармашылығымен таныстыру, оқушыларды сахнада еркін ұстауға және қойылым арқылы жат қылықтан жиреніп, жақсылыққа үйренуге тәрбиелеу.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұлттық қасиетіне тәрбиелеу, өз Отанын, туған халқының тілі мен дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Оларды бірлікке, адалдыққа баулу. Жас ұрпақты бейбітшілікті сақтау мен нығайтуға, өз Отанын қорғауға жас ұрпақтар өсиетіне адал болуға тәрбиелеу.
Көрнектілігі: залды мерекелік безендіру, «Балалар кітабы апталығы» атты плакат, Ө.Тұрманжановтың портреті, слайд арқылы кештің жүргізілу жоспарын көрсету, сұрақтарға жауап беру.
Оқушы: АТАМ БЕРДІ БІР ҚІТАП...
«Ақылды бол, балам» деп,
Атам берді бір кітап.
«Айтарсың жайын маған деп,
Әуелі оқып, майын шақ!..»
Судырлатып оқыдым,
Оған көзім талмады
Ойланып енді отырмын...
Ойымда түк қалмады,
Оқып шықтың, не білдің?
Десе, атама, не айтамын?
Судырлатып оқудың
Енді жайын байқадым.
1 Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата-аналар мен жас оқырмандар! Бүгін біз Халықаралық балалар кітабы күні мен Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық қорғау күніне орай өткізілген «Менің сүйікті кітабым» атты кітап апталығы аясында қазақ балалар әдебиетінің классигі, тамаша ақын, жазушы, аудармашы Өтебай Тұрманжановтың туғанына биыл 110 жасқа толуына орай ұйымдастырылған «Атам берді бір кітап» атты әдеби-сазды кешімізді тамашалауға шақырамыз.
Жүргізуші: Тұрманжанов Өтебай 15 желтоқсан 1905 жылы, Оңтүстік Қазақстан облысы Бөген ауданы Жалғызағаш ауылында дүниеге келді. Мәскеудегі Шығыс жастарының коммунистік университетін бітірген. Мұнан кейін Ташкентке қайта оралып келіп, университетте мұғалім болады, қазақ-қырғыз әдебиет кафедрасынДа профессор ретінде дәріс оқиды. Сонымен қатар осы кезден бастап ол газет-журналдарда жауапты қызмет атқарады. Ол 1931 жылы Алматыға шақырылып, Қазақтың мемлекеттік педагогика институтында әдебиеттен сабақ берді. Мұнан кейін «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Әдебиет майданы» (қазіргі «Жұлдыз») журналында редактордың орынбасары болады.
Жүргізуші:Тұрманжанов шығармалары негізінен балаларға арналған. Алғашқы өлеңі Ташкентте қазақ тілінде шығып тұрған “Ақ жол” газетінде 1920 жылы жарияланған. “Таң өлеңдері” жинағы Мәскеуде жарық көрген (1925). 1927 жылы тұңғыш әңгімелер жинағы (“Қошан кедей”), 1929 жылы өлең кітабы (“Таң сыры”) басылған. Тұрманжанов 40-қа жуық еңбектің авторы. Ол Л.Н.Толстойдың балаларға арналған көптеген шығармаларын қазақ тіліне аударған.
Жүргізуші: Өтебай Тұрманжанов поэзиясының бас жанры мен тақырыбы да - ұстаздық шарттар мен мұраттар. Оның өлеңдерінің жүрек жарды аңсары жан-жақты жетілген нағыз адам тәрбиелеуге бағышталған. Балаларды білімге, кітап оқуға насихаттап өлеңдер жазды.
Оқушы: Кітап оқыр бір бөбек
Жаңбыр жауар себелеп,
Жонға шығар ебелек.
Гүлге қонар көбелек.
Атқа қонар бөгелек.
Су жыланды құртуға
Көлге қонар дегелек.
«Ғылым сырын білсем,-деп,-
Көкке күн боп кұлсем»,-деп
Кітап оқыр бір бөлек.
Оқушы: КІТАПТЫ СҮЙ, БАЛАЛАР!
Қітабың болса қолыңда
Жалғызбын деп қынжылма,
Жолдасың бірге жолыңда
Айнымас дос мың жылға.
Кітапта адам өзіңдей
Сөйлесер бірге сөзіңді,
Отырып бірақ сезілмей
Әкетер билеп өзіңді.
Әңгіме айтар, сыр шертер,
Әдепті досың ақылды,
Ұстаз боп өнер үйретер,
Таппассың онан жақынды,
Мінезің болса оғаш, тік,
Ептеп мінеп сездірер,
Жақсыменен жақын қып
Жаманнан мүлдем бездірер.
Қітапты сүй, балалар!
Қітаппен дос бол жасыңнан,
Білім боп бойға таралар
Ықыласпен оқысаң.
ЖЫРТЫҚ КІТАП ЖЫЛАДЫ
Әр беті сатпақ, сатпақ,
Сірескен шимай-шатпақ.
Алма-жұлма жыртық кітап,
Өзіне қарап: жадап, жұтап;
Ашу қысып, ызаланып,
Иесіне бұрылып, назаланып:
— Ей, оқушы балам!— деді,
Қарашы өзің маған!—деді.
Жап-жаңа сүйкімді кітап едім,
Білім бұлағы саған,— деді.
Бірінші тоқсанға жетпей,
Азырақ сыйлап, құрмет етпей,
Белшеден кірге батырдың.
Қолға алғысыз болып жатырмын.
Мұқабамды мылжа-мылжа қып жырттың,
Беттеріме білеулеп қолыңды сүрттің.
Қаламыңмен тесіп, түртіп
Шұрқ тесігімді шығардың,
Бұл қорлыққа қалай шыдармын?
Саған қызмет етуден басқа ниетім жоқ,
Бірақ жұртқа қарар бетім жоқ.
Ойланшы өзің, балам!
Не жазығым бар саған?— деп,
Ызалы, жыртық кітап жылады.
Жүргізуші: Өтебай Тұрманжановтың творчестволық жолын шолып қарасақ, ол ауыз әдебиеті мұраларын жинаушы, өңдеуші, насихаттаушы есебінде де бір кісідей іс тындырған. Өзгелерін айтпағанда, ауыз әдебиетінің інжу-маржаны - мақал-мәтелдерді жинап жариялауының өзі өшпес мәні бар еңбегі дер едік.
Оқушы: “Қазақтың мақал-мәтелдерін” (1934, 1957, 1959, 1972, 1980)
Балаларға арналған нақылдарды “Асыл сөздер”, (1963) құрастырып шығарған.
Жүргізуші: Өтебай атаның көп өлеңдері халқымыздың ежелден бергі ата кәсібі - төрт түлік мал өсіру тақырыбына жазылған. Бұл тұста ол елдің ұғымына қанықты кейбір көне тақпақ сөздерді өңдеп, жаңғыртып, жетілдіріп суреттейді. «Жан-жануардың баласын сүюі», «Төрт түліктің төлдерін сүюі» деген өлендерде тың деректер берілген.
Оқушы: Кім нені сүйеді?
Кесіртке құмын сүйеді,
Тасбақа тыңын сүйеді.
Сұңқар шыңын сүйеді,
Тұлпар қырын сүйеді.
Байғыз түнін сүйеді,
Құмырысқа күнін сүйеді,
Бал ара гүлін сүйеді,
Төрт түлік төлін сүйеді,
Бақа көлін сүйеді.
Бозторғай шөлін сүйеді,
Бұлдырық белін сүйеді.
Егінші жерін сүйеді,
Ер жігіт елін сүйеді.
Жүргізуші: Қай өлеңнін ақырында да жарасымды түйін беріліп отырады. Ол табиғат әлемінің жарастығын, келісімін бұзбауға үндейді, көбелекті де, гүлдің де өмірі қиылмасын, «гүлдің досы көбелек, доссыз өмір не керек» деп қорытындылайды.
Оқушы: ҚАҢБАҚ
Безіп келед қаңбақ,
Жүрген жолын шаңдап
Сұрайын деп «жол болсын!»
Жол азығың мол болсын!
Әдейі алдын орадым.
— «Жол болсын!» деп сұрадым.
— «Қөшерімді жел білсін,
Қонарымды сай білсін»,
Деді де, жөнелді дөңгелей,
Езбе емес екен-ау езгедей.
Жүргізуші: Өтебай ата көп өлеңдері халқымыздың ежелден бергі ата кәсібі - төрт түлік мал өсіру тақырыбына жазылған. Бұл түста ол елдің ұғымына қанықты кейбір көне тақпақ сөздерді өңдеп, жаңғыртып, жетілдіріп суреттейді. Дәстур мен жаңашылдық дегеннің парқын жақсы айыратын ақын ертеден ел аузында жүрген сөздер мен тіркестердің қажетті нәрін ала білді, сол ұғымдардың ескірмес мазмұнын жаңа талапқа сай етіп шығарды. Соның арқасында көне баламалар жаңаша сипат алып отырады. «Қошақан», «Ешкі деген жануар», «Әукім, әукім ақ бұзау», «Ақ ешкіні баптап бак» секілді тақпақ өлеңдер үлкен ойды жатық тілмен жеткізген.
Оқушы: АҚ БҰЗАУ МЕН КӨК ЛАҚ
Көк лаққа бала шөп салды,
Аз салмады, көп салды.
Ақ бұзау оған көз салды,
Көз салмады, сөз салды:
«Мен де жейін»,— деді,
Жеуге бейімделді.
Көк лақ оны сүзді,
Сүзем деп жібін үзді.
Ақ бұзау қаймықты,
— Мынау өзі қай мықты?..
Дегендей одырая қарады,
Ернін жалады.
Көк лақ оны аяп:
— Қуғаным жай-ақ.
Мұнда кел,— деді.
Сен де «же!» деді.
Жеп болған соң, ойнайық!
Ақ селеуге бойлайық.
Секіріп жарысайық!
Сергіп, алысайық!
Тату, тәтті тарайық,
Үйімізге барайық.
Жүргізуші: Сонымен бірге ақын атамыз жылдың әр мезгілінің өзіндік қайталанбас ерекшелігін, ғажайып сұлулығын көре де, айта да біледі. Мұндай шығармалары бізді елге, жерге деген мақтаныш сезімін тудыруға көмектеседі. Ақын үшін табиғаттың қысы да, құсы да, қызғылықты тақырып. «Төрт аққу», «Тоғыз үйрек -топ үйрек», «Жау, жау жаңбыр, жау жаңбыр», «Қарағайдың қайда кеткен бұтағы», «Осы біздің Оңтүстік», «Көктем көріністері» тәрізді өлеңдер мазмұнына түрі сай.
Оқушы: АРША ДЕЙТІН АҒАШ БАР
Арша дейтін ағаш бар
Тасты жарып шығатын.
Бір қарысын аталар
Тіс тазартқыш қылатын.
Жанап кетсең жанына
Жұпарын сыйлап себетін,
Қайсарлық құйып қаныңа,
Батырлык, дәнін егетін.
Аталар сүйген ағашты
Қалаға әкеп егейік.
Жанынан өтсе жарасты
Жұбайға жұпар себейік.
Жас аршадай жұпарлы,
Жігерлі болсын жасымыз.
Оқуға салып құмарды
Білімге толсын басымыз.
Жүргізуші: Өтебай Тұрманжанов қазақ елінің ежелгі мәдениетін, ерте дәуірдегі Фараби сынды ұлы ғүламалардың өмірін бүгінгі қауымның есіне салады, көне өркениеттің ошағы болған Отырар, Сыр, Қаратау өлкесін тебірене жырға қосады. Ол, әсіресе, күллі жақсылықты, жаңалықты жаратушы еңбек адамдарын айрықша бағалайды, «темірге жан бітіріп, құрал соққан, тас қиып, сарай салған» ұсталарды ұлықтайды.
Оқушы: ТУҒАН ЖЕР, ТОПЫРАҒЫҢНАН АЙНАЛАЙЫН!
Туған жер, топырағыңнан айналайын!
Гүліңді жаңа шыққан аймалайын.
Құшақтап көктеміңді гүлмен келген,
Жанымды нұрмен сылап жайланайын,
Көк-жасыл орманыңды аралайын,
Жұпарлы желдеріңмен таранайын.
Жанымды жаз үндері тербеткенде,
Жаңарып, жан сарайын тазалайын!
Суыңа шарапатты шомылайын,
Туғызсын кеудемнен бір көңіл айын!
Сайрандап туған жердің қырын, ойын
Жадырап рахатыңа молығайын!
Қыз мінез қылымсыған бұйра қайың,
Жағынып жағада тұр жұпар майын,
Алайын құмыңа аунап күн бұлауың
Секілді ең сүйікті еркетайың.
Ауаңда мөлдір, таза тынығайын,
Қуат ап жүрегіңнен жылайын.
О туған жер! Топырағыңды қасиеттеп,
Тәжім ғып, саған ғана сыйынайын!
Жүргізуші: Қазақ әдебиетінде мысал жанрын жетілдіріп, дамытуға үлес қосқан санаулы қаламгердің де бірі - Өтебай ата екенін атап өту ләзім. Кілтін тауып айта білсе, бұл көне жанрдың да мүмкіндігі көп екенін көреміз. «Шырша мен шеңгел» деген мысалда өмірдің биік мұраты елге, көпке пайдалы болу екендігі сөз болады. Енді бір мысалда («Жеке ағаш пен топ ағаш») бірлік пен ынтымақтың күдіретті күші айтылады. «Мысық пен жолбарыс», «Түйе мен тышқан», «Терек пен жиде» секілді мысалдардың да ұқтырарлық ойы, өнегесі бар.
Жүргізуші: Кейбір ертегі-хикаялар аңдар тіршілігін сөз ете отырып, адамдар арасында болатын қайшылық, тартыстардан хабар береді. Сондай ертегінің бірі - «Аңғал бұғы, алдамшы түлкі, аң патшасы ауру арыстан туралы хикая».
Жүргізуші: Ақынның «Төрт өгіз туралы ертегі», «Қарлығаш», «Дәуіт, жылан», «Жолаушы мен жеті қасқыр», «Жолбарыс», «Хан қызының мысығы болды», «Орман ертегі», «Алтын мен нан», «Сауысқан, сауысқан», «Ғажайып бағбанның алтын алмасы мен Асан бала туралы ертегі», «Алтын балта» секілді ертегілік дастандардың әрқайсысында салмақты ой, салдарлы кеңес бар.
Жүргізуші: Аңыздық, ертегілік негізде жасалған тамаша тағлымды туындылар ішінде шоқтығы биік тұрғандардың енді бірі -«Құмырсқалар, аралар қиыспас дос құдалар». Бала ұғымына өте қонымды, әрі тартымды берілген бұл ертегінің айтпақ ойы үлкен. Дүниедегі ең зор мәртебе - еңбекшілік деген ұғымды ақын аңдардың өнер жарысын келістіре суреттеу арқылы айқын елестете алған. Жәндік атаулының ішінде ең қадірлісі құмырсқа болып шығуы әрі тосын, әрі ұтқыр қорытынды. Шынында, құмырсқалардың мына «сөздері» кімді де болса еңбек құдіретіне иландырарлық.
Қоңырқай қара шаруамыз,
Астыққа толы ауламыз.
Біз кәдімгі құмырсқа,
Туған жанбыз жұмысқа...-
Жүргізуші: Балалар әдебиетінің классигі көрнекті ақын, жазушы, фольклорист Өтебай Тұрманжановтың - «Құмырсқалар, аралар қиыспас дос құдалар» атты ертегісі желісімен қойылған көріністі тамашалаңыздар.
Категория: Школьная библиотека | Добавил: Гуня (2017-01-16) E
Просмотров: 2527 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-04-23, 9:54 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru