Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Летний лагерь

"Шуақты жаз" Мақала
Шуақты жаз

Жаймашуақ жаз жетті жүректерге жылуын төгіп. Жыл бойына тынбай еңбек еткен үлкендер мен тоғыз ай бойы білім алып, тәрбиеге сусындаған балалар да мәз-мейрам. Шат-шадман көңіл күйге бөленудің де себебі бар. Өйткені жаз – демалып, тынығатын, күш-қуат жинайтын мамыражай мезгіл. Айнала құлпырып, табиғат ана түрленетін, гүлденетін мезгіл...

Жаз келсе, балалардың тәрбиесі назардан тыс қалады деген сөз емес. Қайта бала біліміне, тәрбиесіне жауапты маман иелерінің жұмысы артады десек артық айтқандық болмас. Олардың қауіпсіздігі, қылмыс жасауға қадам баспауы, сана-сезімінің қалыптасуы, денсаулықтарының нығаюы жаз кезінде де қырағы бақылауда болады. Каникул басталғаннан білім мен тәрбие беру орындары оқушылардың уақытын демалыс айларында қызықты әрі пайдалы өткізуді мақсат етіп, іс-шараларды қолға алады. Яғни мектеп жанынан лагерлер ашылады, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру және сауықтыру орындары қызу жұмысқа кіріседі.

Облыстық түберкулезге қарсы балалар шипажайы да әр жыл сайын емделуші балаларға жазды есте қалдыратындай іс-шаралар ұйымдастырады. Дертіне дауа іздеген, жарқын өмірге деген үмітін үзбеген, құлан таза сауығып кетіп, биік белестерді көздеген балаларға бақыт сыйлау, шуақты жаздың нұрына шомылдыру біздің басты міндетіміз. Сондықтан олардың көңілдеріне көлеңке үйірілмес үшін, ертеңгі күннен күдерлерін үзбес үшін шипажай ұжымы әр баланың денсаулығын түзеуге қолынан келгенін жасап қана қоймай, атқан таңдарын арайлы етуден жалықпайды. Оның үстіне біздің мекеменің көмегіне жүгінгендердің арасында көп балалы және аз қамтылған отбасыларының балалары, балалар үйінің тәрбиеленушілері, ауылдық жерлерден келген балалар көп. Сондықтан олардың барлығына біздің мейіріміміз, аялы алақанымыз, жылы сөзіміз, дұрыс тәрбиеміз аса қажет. Әсіресе дені сау балалар жазда ата-анасымен алыс-жақын жерлерге барып демалып жатқанда, ауыр дертке шалдыққан балалар шипажайда уақыттарын өткізуге мәжбүр. Міне, біз осының барлығын түсіне отырып, күнделікті

әртүрлі іс-шаралар өткізу арқылы емделушілердің жадында жаз ерекше жаңғырып тұрсын деген мақсатпен жұмыс жасаймыз.

Биыл да жылдағы дәстүрден жаңылмай, шипажайда емделіп жатқан балаларға ем-домдарын жасаумен қатар, бос уақыттарында сана-сезімдерін дамытып, салауатты өмір салтын ұстануға үйрету секілді пайдалы іс-шаралар қолға алынды. «Балаларды қорғау күні», «Рәміздер күні», «Астана күні» мерекелерінде концерттік және ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылды. Жастарымыздың құқықтық сауаттылығын арттырып, әр бала бақытты өмір сүруге лайықты екендігін сезіндірдік. Елордамыз – Астананың дамуымен таныстырып, балалар суреттері мен өлеңдері арқылы бас қалаға деген махаббатын жеткізді. Рәміздер күнінде өскелең ұрпақтың патриоттық рухы асқақ екенін аңғардық. Мемлекеттік нышандардың авторларын жатқа біледі, әр қазақтың жүрегіндегі әнұранның әр сөзін жанынан өткізіп орындайды.

Шығармашылық байқауларда балалардың таланттарын дамытуға үлесімізді қостық. «Шипажай аруын» ұйымдастырып, ақылымен, ажарымен көпшілікті таңғалдырған сұлуларды анықтап, марапаттадық. «Екі жұлдыз» байқауында әнге құмар балаларымыздың өнерін ұштадық. Олар әр тілде ән салып,шипажай іші әсемге күйге бөленді. Қуыршақтар театрында балалар актерлік шеберліктерін шыңдап, белгілі шығармаларды тамашалады. Ал көңілділер мен тапқырлар сайысында балалар әзілдерімен, қызықты да ой саларлық қойылымдарымен күлкіге қарық қылды.

Әртүрлі көрмелер де ұйымдастырылды. Мәселен, шебер қолды балаларымыздың қолөнер көрмесі, түрлі тақырыпта суреттер көрмесі, әсіресе жолға сурет салып, балалардың жай-күйін, арман-мақсатын біліп, психологымыз жеке жұмыс жүргізді. Зияткерлік сайыстарында балаларымыздың білімдерін таразылап, білмегендерін айтып, ақылдарына ақыл қостық десек артық айтқанымыз емес. Біздің шипажайдағы балалар үшін спорттық қимылдардың пайдасы орасан. Сондықтан біз спорттық сайыстарға ерекше ден қойып, денсаулықтарын нығайтуға атсалыстық.

Әлбетте, жүзден жүйрік шыққандар жүлдесіз қалмады. Грамоталармен марапаттап, мәртебелерін асқақтатып отырдық.

Бұдан бөлек көрнекті орындарға экскурсия жасап, өлкеміздің тарихымен танысты. Мұражайлар мен кітапханаларға барып, таным-түйсіктерін тереңдетті. Ал хайуанаттар бағына барғанда балалардың көңілдері тіптен көтеріліп, арқа-жарқа болды. Аң-құстардың түрлерімен танысып, қай жерде, қалай мекен ететіндерін өздері естіп, біліп қайтты. Бұдан бөлек табиғатты қорғау, ата-ананы сыйлау,адамгершілік қасиеттерін жоғалтпау, Отанды сүю, тақырыптарында балалармен еркін әңгемелесу жүргізілді.

«Шынымды айтсам, өткен жылдардағы жаз айлары менің есімде қалмапты. Ал шипажайда мен жаңа достар тауып қана қоймай, каникулды қызықты өткіздім. Ұмытылмас сәттер мен оқиғалар көп. Күн сайын байқаулар мен сайыстар ұйымдастырылады, экскурсияларға бардық. Емделуге келгенімді ұмытып кеттім, құдды бір демалуға келген сияқтымын. Мұндағы барлық қызметкерлерге алғысымызды айтамыз», - деп ****** ағынан жарылды.

Бұл бала көңілі, бала лебізі. Осындай пәк пейілмен айтылған балалардың сөзінен артық біздің еңбегімізге берілер баға болмас. Иә, бұл облыстық түберкулезге қарсы балалар шипажайында атқарылған істердің бір парасы ғана. Бірнеше айдан бастап жарты жылға дейін уақытын шипажайда өткізетін балалар үшін жаз мезгілінің әр күні осылай есте қалғанына қуаныштымыз. Еткен еңбек пен төккен тер зая кетпеді деп білеміз. Басты тілегіміз - балалар ешқашан ауырмасын!
Категория: Летний лагерь | Добавил: oryntaymukhtarova (2017-01-11) | Автор: Мухтарова Орынтай Сейдуалиевна E
Просмотров: 1596 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 8:15 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru