Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Дулат Исабеков "Ата үміті"
[ Скачать с сервера (13.3 Kb) ] 2014-02-02, 9:32 PM
Пән мұғалімі: Бүркітова Г.Б.
Пәні: әдебиет Класы: 6 а Уақыты: 14.05.2013
Сабақтың тақырыбы: Дулат Исабеков «Ата үміті» (талдау жұмысы)
Мақсаты: талдау тапсырмалары арқылы шығарма бойынша оқушылардың ойын тиянақтау, кейіпкерлерге талдау жасап, өз көзқарасын жүйелі айтуды қалыптастыру, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге баулу.
Күтілетін нәтиже: оқушылар шығарманың тілін, құрылысын, кейіпкерлер әлемін талдай отырып, шығарма бойынша ойын тиянақтайды, өз көзқарасын анық жеткізеді.
Кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті Ресурстар
Ұйымдастыру кезеңі
(3 мин) Оқушылардың сабаққа қатысымын, класс тазалығын тексеру;топқа бөлу Мұғаліммен сәлемдесу, сабақтың ұранын орындау, кезекшінің мәліметі Түрлі-түсті қағаздар
Үй тапсырмасын сұрау
(10 мин) Оқушылардың жауабын мұқият тыңдау, қызықты әрі ерекше мәлімет ұсынған топты атап өту Дермене және тағы да басқа емдік қасиеті бар өсімдіктер туралы қосымша мәліметтерге сүйене отырып дайындаған таныстырылымдарын қорғау Оқушылар дайындаған таныстырылым
Жаңа сабақ
(25 мин) Жаңа сабақтың тақырыбын хабарлау;тапсырма беру, орындау бағытын түсіндіру
1-тапсырма бойынша дұрыс нұсқаны ұсыну:
Әңгіменің басталуы - Тоқсанбай мен Ергешбайдың дермене ору үшін жаңа жерге қоныс аударуы немесе көшіп келуі
Әңгіменің дамуы- Омашпен күтпеген кездесу, Омашпен серіктес болуы
Әңгіменің байланысуы –
Күтпеген жағдай. Омаштың дермене ұрлап әкелуі
Әңгіменің шиеленісуі –Тоқсанбай мен Ергешбайдың Омашпен серіктес болудан бас тартуы, олардың арасындағы кикілжің
Әңгіменің шарықтау шегі –
Ауылға оралған Тоқсанбай мен Ергешбай. Ауылды ауызашарға шақырып той жасауы
Әңгіменің шешімі- «Жарлы болсаң да, арлы бол». Омаштың кезекті ұрлығы немесе Тоқсанбай мен Ергешбайды алдап соғуы. Жалғыз баласын жетілдіру үшін ақ ниет тілеген Тоқсанбай.
2-тапсырма бойынша әр оқушыға деңгейлік тапсырма тарату, орындалуын қадағалау, жауаптарын тыңдау
3-тапсырма бойынша шығармашылық жұмыс орындату, әр топтан 2-3 оқушыға оқыту;
4-тапсырма оқушыларға адамның бет-келбеті бейнеленген сурет қиындыларын беру, тапсырма бағытын түсіндіру
5-тапсырма оқушыларға дермене суретін тарату Дәптерге жаңа сабақтың тақырыбын жазу;
1-тапсырма: Әңгіме құрылысына талдау (сәйкестендіру) топтық жұмыс
№ Оқиға желісі Оқиға өрісі
1 Әңгіменің басталуы Тоқсанбай мен Ергешбайдың Омашпен серіктес болудан бас тартуы, олардың арасындағы кикілжің
2 Әңгіменің дамуы Ауылға оралған Тоқсанбай мен Ергешбай. Ауылды ауызашарға шақырып той жасауы
3 Әңгіменің байланысуы «Жарлы болсаң да, арлы бол». Омаштың кезекті ұрлығы немесе Тоқсанбай мен Ергешбайды алдап соғуы. Жалғыз баласын жетілдіру үшін ақ ниет тілеген Тоқсанбай.
4 Әңгіменің шиеленісуі Тоқсанбай мен Ергешбайдың дермене ору үшін жаңа жерге қоныс аударуы немесе көшіп келуі
5 Әңгіменің шарықтау шегі Күтпеген жағдай. Омаштың дермене ұрлап әкелуі
6 Әңгіменің шешімі Омашпен күтпеген кездесу, Омашпен серіктес болуы

Ұсынылған нұсқа бойынша өздерін тексереді.

2-тапсырма: әр оқушы өзіне берілген деңгейлік тапсырманы орындайды. (жеке жұмыс)

1. Ергешбайдың Омаштан қашқан кезін мәтіннен тауып оқы. Үш адамның арасындағы тартысқа көзқарасың.
2. Баланың Омашты ұнатпауына қандай жағдайлар себеп болды?
3. Әжесінің Ергешбайға деген аналық сезімін білдіру үшін жазушы қандай сөздер қолданған?
4. Ергешбай туралы ананың ойы, екі қарттың арманы.
5. Ергешбай бейнесіне ұқсас кейіпкер балалардың бейнесін есіңе түсір.
6. Қарттың омаш туралы ойлары. Қарттың ойы арқылы Омаш бейнесін берудегі жазушының сөз қолданысы.
7. Қарттың көнбіс мінезін беруде қандай көркемдік тәсіл қолданылған?
« ...кәрі емендей тұлғасы шыбықтай иіліп, еңгезердей жігіттің айтқанына құлдық ұрып, құрдай жорғалады, шыбықтай идірген, құлдай жорғалатқан ана бір жапырақ жаман неменің қамы...»
8. Омаштың ұрлығына қиналған сәттегі қарттың портретіне талдау жаса.
9. «Тұжырым кесетін» толтыру

Бөлімдері Қарттың көңіл-күйі Себебі
Шығарманың басында
Шығарманың ортасында
Шығарманың соңында

10. Омаш портретін мәтіннен табу.
11. «... түйенің жарты етіндей біреу» тіркесі қандай бейне жасау үшін қолданылған?
12. Омаштың табиғат пен адамдарға жасаған зорлығына талдау жаса.
13. Омаштың қатігездігін дәлелдейтін оқиғаны мәтіннен тауып оқу.
14. Жазушы кейіпкердің аузына неге орыс тіліндегі сөзді салған? «Неужели мені какой-нибудь торғай үшін ақиретте сотқа тартады? »
15. Омаштың Тоқсанбай қарттан тосылған сәттерін анықта.
16. Сөздікпен жұмыс
Дермене
Шайла
Қада
Құлқайыр
Зорекерлік

17. Сүйінбайдың «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңіндегі Омаш бейнесіне лайық жолдарды теріп жаз.
18. Торғай ұясын бұзған, жұмыртқасын жеп, балапанын отқа тастаған Омаштан не күтуге болады? Қазіргі таңда Омаш секілді адамдар бар ма? Ондай адамдардың түзелетініне үміттенуге бола ма?
19. Шығарма үзіндісі неліктен «Ата үміті» деп аталған? Сеннен атаң қандай үміт күтеді деп ойлайсың?
20. Егер сен осы шығарманың авторы болсаң, үзіндіні қалай аяқтар едің? Тақырыбын қалай атар едің?
21. Обал, сауап, адал, арам тәрізді ұғымды қалай түсінесің? Бұл ұғымдар шығармада қалай берілген?

3-тапсырма: «Адамгершілік – асыл қасиет» тақырыбында эссе жазу (жеке жұмыс) дәптерге жазу, 2-3 оқушы оқу

4-тапсырма: кейіпкерлердің фотороботын құрастыру арқылы оларға мінездеме беру, кейіпкерлер фотороботын тақтаға ілу. (топтық жұмыс)

5-тапсырма: «Бала жүректен бір тілек»
Таратылған суреттің артқы бетіне әр кейіпкерге өз тілегін жазып, тақтада ілулі тұрған кейіпкер фотороботының тұсына жапсыру
Таратпа кесте, слайд

Таратпа тапсырмалар

слайд
сурет, плакат

сурет, стикер
Сабақты қорытындылау (7 мин) Сабақты бекіту мақсатында шығарманы сатылай талдау сызбасын ұсыну,

Үйге тапсырма беру: «Даналы ойдан дән ізде»(Ұлы адамдардың адамгершілік туралы айтқан қанатты сөздері)
Бағалау: бағалаушылардың бағалауын ескере отырып оқушыларды бағалау,мадақтау.
Шығарманы сатылай талдайды
Шығарманың аты:
Авторы:
Кейіпкерлері :
Оқиға желісі немен аяқталды?
Әңгіменің түйіні:
Үй тапсырмасын күнделікке жазып алу

Бағалаушылардың өз тобындағы оқушыларды бағалауы
Слайд, сурет, плакат

Бағалау парақшасы
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Айнур7598
Просмотров: 6124 | Загрузок: 163 | Рейтинг: 4.7/10
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-11, 10:23 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru