Главная » Статьи » В помощь учителю » История |
Өскемен қаласы , «Көпбейінді №3 мектеп-гимназия» Камбасова Мөлдір Мұратбекқызы Пәні: Қазақстан тарихы Уақыты Сыныбы 7 сынып Сабақтың тақырыбы §40 Халықтың әлеуметтік құрылымы Мақсаты Білімділік мақсаты: Қазақ хандығының ішіндегі әлеуметтік топтардың құрамымен танысады, олардың қоғамдағы рөлдерін ажыратады, Үш Жүздің тайпалық құрамдарымен танысады, көшпелілер қоғамындағы қарым-қатынастың мазмұнынан хабардар болады. Дамытушылық мақсаты: Топтаса жұмыс істей отырып, өзге пікірімен санасады, тыңдайды, өз ойымен бөліседі, көшпелілер қоғамындағы өзгерістер мен қатынастарды саралауға дағдыланады; Тәрбиелік мақсаты: Өз халқының тарихымен таныса отырып, қазіргі қоғаммен байланыстыра отырып, туған тарихын сүюге, құрметтеуге, құрбыларын сыйлауға тәрбиеленеді. Оқыту нәтижелері Жаңа тақырыпты топтаса отырып еңбектену барысында меңгереді. Аталған тақырыпқа қатысты ақпаратты талдайды, сараптайды, жүйелейді, жас ерекшеліктеріне сай аталмыш кезеңдегі қазақ ұлтының тарихын бағалайды. Негізгі идеялар Мұғалім тек бағыт – бағдар беруші. Оқушы өз бетінше жаңа ақпаратты игереді. Өзін-өзі, бірін - бірі оқытады. Тақырыппен таныса отырып, өз білімдерін еске түсіреді және топтық жұмыс барысында бірін – бірі толықтырады, пікір алмасады, салыстырады, өз деңгейлеріне сай ой қорытады, сараптайды, қорытынды жасайды, Ұжымға ортақ нәтижені таныстырады. Өзін-өзі оқыта отырып, бірін-бірі оқытады. Іс-шаралар Сынып ұжымын топтарға бөлу (реттік сан бойынша) «Ой қозғау» «ЖИГСО-І» «Конверт-сұрақ» Тапсырмалар І. Қызығушылықты ояту «Ой қозғау» - Ұжымға жұмбақ – төмендегі даталар нені білдіреді: 1465-1466жж., 1582-1598жж., 1643ж., 1598-1628жж.1538-1580, 1511-1518жж. Жеке оқушы пікірі – ұжымға айтылады, мұғалім тарапынан толықтырылып тұрады. Сынып ұжымын 4 топқа бөлу – «Әлеуметтік топтар бойынша – сұлтандар, батырлар, билер, қожалар» Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті ІІ. Мағынаны ажырату «ЖИГСО-І» -тақырыпқа байланысты топтарға талдайтын жеке тапсырмалар беріледі: 1 – Қазақ қоғамы қандай принциптермен жікке бөлінді, және жоғарғы топтардың құрамына кімдер жатқызылды? 2 –Жүздер, құрылуының мақсаты, құрамы, алып жатқан аумағы? 3 –Қазақ қоғамындағы діни әлеуметтік топтарға кімдер кірді және олардың қоғамдағы орыны қандай болды? 4 – Қоғамның қарасүйек топтары кімдер? Олардың қазақ қоғамындағы өзіндік рөлі туралы не айтуға болады? Мәтінмен жеке жұмыс- топпен талқылау- ұжымға баяндау Ой бөлісу арқылы өзгелерді толықтырады. Өзін – өзі оқыта отырып, өзгені оқытады. Өздеріне қажетті ақпаратты сабақ бойында дәптерлеріне түртіп отырады. Топтарға берілген сұрақтарды таныстыру барысында оқушыларға бірін-бірі толықтыруға мүмкіндік беру, мұғалім тарапынан жанама сұрақтар арқылы білімдерін бекіту. ІІІ. Ой толғау «Конверт - сұрақ»- топтардың білімін бекітуге арналған құпия тапсырмалар беру (тест тапсырмалары) Әр топтағы белсенділігі төмен, үлгерімі орташа оқушылармен жұмыс Топтар арасындағы тізбекті сұрақ-жауап әдісі (белсенділігі төмен оқушылармен, топтармен жұмыс жасау мақсатында Үйге тапсырма §40+негізгі даталар мен терминдерді жазу Кейінгі оқу §41 танысып келу Бағалау - Бағалау парағымен таныстыру - Формативті бағалау Мұғалімнің қортынды бағасы, әр оқушының жауап парағы, «Бес саусақ» арқылы әр оқушы өзін формативті әдіспен бағалайды. • Бас бармақ – неден қиналдыңыз? • Балан үйрек - кімге көмектестіңіз? • Ортан терек – көңіл - күйіңіз қалай? • Шылдыр шүмек – не үйрендіңіз? • Кішкене бөбек – қандай жетістікке жеттіңіз? - Өздерінің сабақ барысындағы іс-әрекеттерін сыни тұрғыда бағалау; - «Бес саусақ» бойынша сұрақтарға жауап бере отырып, формативті бағалауды жүзеге асырады. Мұғалімнің жазбалары Жаңа сабақ, Кембридждық деңгейлік оқыту құрылымына негізделген СТО жобасының әдіс-тәсілдері, топтық жұмыс Мұғалімнің ескертпелері (болған жағдайда) | |
Просмотров: 788 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|