Главная » Статьи » В помощь учителю » Физика |
Каирова Асем Айтбаевна Қарағанды қаласы Ә. Молдағұлова атындағы спортқа бейімді, дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының физика пәні мұғалімі Сабақ тақырыбы: Линза. Линзаның оптикалық күші. Линзадан кескін алу. Жұқа линзаның формуласы Сабақ мақсаты: 1.Линза, линза түрлермен таныстыру.Линзаның оптикалық күшін, жұқа линзаның формуласын анықтау. Линзада кескін алу қаблеттерін қалыптастыру. 2. Жауапкершілікке, ұқыптылыққа, адамгершілікке, топпен жұмыс істеуге, сыйластыққа тәрбиелеу. 3. Ғылыми көзқарастарын, ой-өрістерін. Ойлау , есеп шығару қаблеттерін дамыту. І. Ұйымдастыру. ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. 1.Жарық. Жарық көздері. 2. Жарық заңдары. ІІІ. Жаңа сабақ Презентация көрсетіліп сабақ түсіндіріледі. Линзалар деп екі сфералық бетпен шектелген мөлдір шыны денені айтады. Линза түрлері: дөңес - жинағыш, ойыс – шашыратқыш. F- фокустық қашықтық d- нәрседен линзаға дейінгі қашықтық f- линзадан кескінге дейінгі қашықтық D- оптикалық күш D=1/F – оптикалық күш 1/d+1/f=1/F 1/d+1/f=D – жұқа линзаның формуласы Сұрақтар: Линзалар дегеніміз не? Түрлері. Линза фокусы, оптикалық ось дегеніміз не? Оптикалық күш формуласы. Жұқа линзаның формуласы. ІV.3- топқа каточка арқылы эксперименттік тапсырма беріледі. Тапсырма: Жинағыш линзаның фокустық арақашықтығы мен оптикалық күшін анықтау Құрал-жабдықтар: жинағыш линза, сызғыш, экран, жарық көзі(шам). Жұмысты барысы: Жарық көзін, линзаны, экранды бір түзудің бойына орналастырыңдар. Жарық көзімен линзаны экранда жарық көзінің анық кескіні шыққанша қозғаңдар. Экранда үлкейтілген кескінін алыңдар. Жарық көзінен линзаға дейінгі қашықтықты d-өлшеңдер. Линзадан экранға дейінгі қашықтықты f-өлшеңдер. Кестені толтырыңдар. Кескіннің түрі d, см f,см D, дптр Үлкейтілген Кішірейтілген Тең Линзаның D- оптикалық күшін формуласы бойынша есптеңдер. Қорытынды жасаңдар ІV.Сабақты қорытындылау. Бүгінгі сабақтан не білдің, не үрендің? Қолданылуы. V. Бағалау VІ. Үйге тапсырма §70-72оқу | |
Просмотров: 6387 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|