Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » История

Қазақстаннын жеті кереметі.
[ Скачать с сервера (19.8 Kb) ] 2012-03-13, 7:01 PM
Тақырыбы: Қазақстаннын жеті кереметі.
Мақсаты:Халқымыздың қайталанбас өнері түрлерін, олардың ерекшеліктерін оқыта отырып, шығармашылық қабілетін шындап,ой – өрісін дамыту. Халқымыздын тарихи мұраларын,әдеп- ғұрпын сақтауға, мәдениетке деген қызығушылығын арттырып, тәрбиелеу.
Түрі: саяхат сабағы.
Әдісі: баяндау, насихаттау.
Көрнекіліктері:Домбыра суреты, атақты ақындар суреттері, қанатты сөздер,
Пәнаралық байланыс: әдебиет, сурет, дүние жүзі тарихы, музыка,география
Барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Мұғалім: - Балалар,жеті керемет дегеніз не? Бүгінгі тәрбие сағатымызда бұл жайылы айтамыз.Адамзат тарихында әлем кереметтерінің саны жетеу ғана.Неге жетеу?
Оқушы: Аспан әлемінде жеті шырақ: Күн, Ай,Меркурий, Сатурн,Марс,
Юпитер, Шолпан .
М: - 2007 жылы 7 шілдеде Португалия астанасында Лиссабонда әлемнің 7 кереметі аталып өтті:
1.Ең үлкен ежелгі рим амфитеатр –ол Колизей.
2.1630-1648ж. салынған Тадж – Махал мавзолей
3 Адамзат құрылысының ең керемет қорғаны –Ұлы Қытай қорғаны.
4.Ежелгі Иордания қаласы - Петрақаласы 1812ж. құм астынан қазып алған.
5.30 метр бойыХристосты Исагигант мүсіні Рио-де Жанейро, Бразилия.
6Шамамен 1440ж.қасиетті тау да орналасқан қала – Мачу – Пикчу ал 1532ж. қала тұрғындары бірдей жоқ болып кетті
7 Чичен – Ица –саяси және мәдени майя пайпалардың орталығы б.з,7ғ.
Негізгі салынған.
М:,-- Бүгінгі қазақстандықтар да ондай бақыттан кенде болмаса керек.
Бүгінгі жас буын «Міне, біздерде мынандай бар!» деп, өз Отанының тарихы мен мәдениетін мақтаныш етіп, сүйе білуі тиіс
Бірінші керемет деп біз ежелден атағы жер жарған Түркістан қаласында орналасқан, орта ғасырдан қалған көгілдір күмбезді ғаламат ғимарат – Ахмет Иассауи кесенесін алып отырмыз
1-Оқушы: .Ахмет Иассауи Оңтүстік Қазақстанның Сайрам\бұрынғы Испиджб\ қаласында 1103 жылы дүниеге келген.Ол алғаш білімді жергілікті дінбасы Арыстан бабтан алады.Қыпшақ, қаңлы, қоңырат және көне түркі тайпалары арасында Ислан дінін уағыздаушы Ахмет Иассауиді рухани басшы санаған халық оны «Әулие ата»атап кеткен.
Бүкіл Шығысқа әмірін жүргізген атақты қолбасшы Ақсақ Темір,күніне
Жүз мәртебе тағызым етіп, мінәжат қылатын Қожа Ахметке зәуілім ескерткіш тұрғызуға қолға алды.Екі жағы мұнарамен жалғасқан бас портал еңселі арқадан тұрады. Оның көлемі 46,5 × 65,5 метр.Орталық залдың айналысына әр түрлі мақсатқа пайдаланылған үлкенді-кішілі 35 бөлме орналасқан. Оның бірінде сопы ақының мүрдесі жерленген. Орталық бөлмеде қолымен жазылған Құранның көшірмесі,діни кітаптар,шежірелер сақтаулы.
2-Оқушы:Бұл күнде Қожа Ахмет Иассауи ғимаритты- шығыс халықтарының тамаша сәулет өнері жулдыздарының бірі.Жылда 100-150 мыңнан астам адам келіп тамашалайды.Оларды мұнда сұлулық пен ұлықтың тылсым сырын білуге деген құштарлық сезімдері жетелейді.
Қожа Ахмет Иассауи ғимаратындағы бағалы ескерткіштердің бірі-тайқазан.Петербург Эрмитажынан өз тұғырына қайта қонған тайқазанды Әбділәзиз шебер құйып жасаған.
Мұғалім: Тамғалы шатқалының тастағы суреттер галереясын 1957 жылдың 19 қыркүйегінде Қазақстанның тұңғыш кәсіби археологы Анна Георгиевна Максимованың жетекшілігімен Қазақ КСР Ғылым Академиясы Тарих және археология институтының Оңтүстік-Қазақстан археологиялық экспедициясындағы Жетісу отряды ашқан. Петроглифтер Тамғалы шатқалының аса маңызды және көптүрлі ескерткіштерінің бірі болып табылады. Тамғалы шатқалы Алматы қаласынан солтүстік-батысына қарай 170 км, Алматы облысының Шу-Іле тауларының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Петроглифтер мерзімі б.э.д ХIY ғ., б.э YI -YIII ғасырлар аралығы, яғни қола дәуірден түркі халықтарының Ұлы даланы жаулап алғанға дейінгі уақытты қамтиды. Петроглифтер кең аймақта жайғасып, өлшемі 3 км х 10 км құрайды.
Олардың ең маңызды бөлігі 250 м х 500 м, онда 2 000 петроглифовтер бар, жалпы Тамғалыда 5 000 суреттей бар. 2004 жылы Тамғалы археологиялық петроглифі Юнеско Әлемдік Мұралар Тізімі енген.
Оқушы: Таңбалы деп шатқалды жергілікті халық атаған. Жартылай шөлейт аймақтарында орналасқан шатқалдың жылы мезгіл кезінде қалың бұтамен жабылып, көктемде гүлдерден көмкерілген кілем төселеді. Тамғалы тек табиғатымен қызықтырып қоймай, бұл жерден сирек өсімдіктер мен жабайы қасқыр, түлкі, қоян, тасбақа, жылан және балабан, сұңқар, дала бүркіті сынды құстарды кездестіруге болады. Бәрінен де адам қолынан туындаған Тамғалы петроглифы қызықтырады. Тамғалы – бұл ежелгі шығармашалық көрме, оның суреттерінде адамдар мен жануарлар, ежелгі адамдардың өмір қалпы суреттелген.
Оқушы: Б.э.д, екінші мыңжылдықтың ортасындағы мерзімге жататын ерекше композициялар мен бейнелер болды. Оның бірі Күнбасты құдай. А. Г. Максимов, А.С. Ермолаев, Н. Марьяшевтың «Тамғалы шатқалының қырма суреттері» кітабында Тамғалының күнбасты алыптары ежелгі антропоморфты құдайдың бейнесі болса керек деп жазған.
Петроглифтер бейнелері ішінде ежелгі құдайларды бейнелеген дөңгелек, тамға, дұға жазбалары, салттық билер көрінісі, керемет түйелер бейнесі, доңыздар болған. Қазақстан тарихында із қалдырған көптеген халықтар үшін Тамғалы шатқалы әулие жер деп саналып, салттық рәсімдер жүргізілді, құдайға табыну, ата-баба рухына тағзым жасалды. Аспан астында біріккен сарай болды.
Суреттер тақырыбы әртүрлі: адамдар, жануарлар, ат шабармандар, аң аулау сәті, адам өміріндегі құрбанды шалу рәсімі, салттық-жоралғылық билер. Ежелгі шеберлер тас заттарын тегістігіне қарай қолдануда, Күнге қарай төзімділігін үнемі ескеріп жүрген. Күн сәулесінің түсуі тәулікке қарай жылжып, суреттер түрлі-түсті болып көрінген. Петроглиф орындарының ыңғайлылығы сондай, бірнеше срует көруге мүмкіндік болатын. Алқап бойында шатқалды бірнеше суреттерін топтасқан түрде көріп, күрделі композицияларға біріліктірілгенін аңғаруға болады.Сол жерде акустика мықты, дауысты қатты шығармай-ақ 100 метрден қашық жерде естіледі.
Мұғалім: 2001 жылдың 5-қазанында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Тамғалы Археологиялық кешені республикалық маңзы бар ескерткіш мәртебесін алып, қорғау аймақтары белгіленіп, 2003 жылдың 14-қазанында № 1052 Үкіметтің арнайы қаулысымен Мәдениет министрлігінің қолдауымен Алматы облысы Тамғалы шатқалында 3,8 га жалпы ауданы бар «Тамғалы» Мемлекеттік тарихи-мәдени, табиғи қорық-мұражай ашылады. Ескерткіш кешенінде 2-мыңжылдық бойы адамдармен қолданған молалар, петроглифтер, діни орындар орныққан.
3- Оқушы:Қола дәуірінің тасқа салынған суреттері көрген адамды таң қалдырады.Ертедегі адамдар күнге күйген жылтыр тау жартастырына жануарларды, адамдарды,арбаларды,соғыс көріністерін қашап салды. Бұл адамзаттың рухани мәдениетін,анық дүниетанымын білдіретін аса маңызды деректер жиынтығы саналады.Қазақстан жартастығы суреттер, петроглифтердің саны және әр алуандағы жөнінен әлемдегі ең бай жерлердің бірі Тамғалы жартастығы танғажайып суреттерді археологтеріміз әбден зертеді.Нәтижесінде олар дүниежүзі мәдиниетінің қазыналы қорына қосылды.Мына суреттер ежелгі адамдарының өмірі, көне тайпалардың салт- дәстүрі, діни нанымдары, аңшылық пен соғыс існе байланысты салынған туындылар.Алматы облысындағы Тамғалы кешені жартас суреттер-бүкіл әлемдек мәдени жәдігерлер қатарында.
4-Оқушы: 1960жылдардың аяқ кезінде археолог археолог ғалымдар Есік қаласына жақын жердегі обадан «Алтын киімді адамды» тапты.Ол мұнан 2500жылдай бұрын жерленген жас жігіт екен.Марқұмға кигізілген бас киімнің ,етігінің қонышының сыртына алтыннан жасалған түрлі ұсақ аттың,барыстың таутекенің, құсиардың беинелері жапсырылған.Олардын саны төрт мыңдай.Есік қорғанынан табылған олжа бүгінде әлемге әигілі .
Оқушы: Есік қорғанының диаметрі 60 метр, биіктігі 6 метр.Бір қорғанда орталық зират және қырынан жерленгендердің зираты бар.
Тонаушылар қырынан жерленген зиратты таба алмаған, ол ешкім тимеген күйінде түгелдей сақталған.Жерленген адаммен бірге киімі-
Нен алтын пластиналар , белбеу, қару-жарығы, жанынан тқола айна, жақұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылған.Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, жылқы, түрлі құс бейнелерін беретін хайуанаттар стилі деп аталатын скиф – сақ зергерлік өнерінің үздік үлгісі.
Оқушы: Бас киім 150-ге жуық әшекей заттармен безендірілген. Биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70см шамасындағы бас киімі әшекейлердің орналасуына байланысты үш бөліктен тұрады: көк әлемі, жер әлемі және жер асты әлемі. Арқардың алтын статуэткасы бас киімнің ең ұшында орналасқан.
Бас киімде бір-біріне қараған екі жылқы бейнесі кездеседі.
Сақ жауынгерінің бас киімінің дәл ортасында таңғажайып қанатты тұлпар орналасқан.
Мойнында домалақ жүзік сияқты үш оратылған алтын алқа, екі ұшында жолбарыстың бас пішіні бейнеленген.
Қысқа қамзол – құрастырмалы ауыр белбеумен буылған.
Белдіктің оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер.
Аяғында өкшесі жоқ ұзын қонышты етік.
Сақ жауынгерінің киімі өте күрделі де үйлесімді композиция.

Мұғалім:Ендігі сөз қазақ халқының жан сезімі,жан серігі-домбыра туралы.Домбыра қазақ халқының даналығы.Домбыра-көшпелі елдің көнекөз шежіресі,көпті көрген қарияның көкірек күйі.Ол хаықтың тарихи тағдырмен тамырлас .Тарихтың хатқа түспеген талай беттерін паш етіп халқымыздың тарихнамасына аиналды .Ғалымдар осыдан кемінде2мын жыл бұрынғы беинелердегі қос ішек аспаптың қазақ домбырасыменұқсастығын аита келіп, оның Қазақстан жеріндегі баиырғы көшпелілер арсында ең тараған аспаптың бірі болғандығын дәлелдейді.
5-оқушы:Домбыра – әр дәуірде мәдиниетімізде дарынды тұлғалардын дүниеге келуіне мүмкіңдік туғызды .Аты аңызға айналған Кетбұға,Асанқайғы сияқты ең тандаулы есімдері біздің заманымызға да жетті.
6- оқушы. Мәдениетіміздің дәстүрінде көптеген кәсіби күйші – композиторлар қалыптасып, күйшілік дәстүр көптеген мектептерге бөлінді.Төкпе күй шеберлері: Құрманғазы. Дина.Дәулеткерей т.б.
Шертпе күй шеберлері:Тәттімбет,Сүгір т.б. Қазіргі заманда атақты
Домбырашы – күйшілер: Н.Тілендиев,Б.Тілеуханов.
7.Домбыра құрылысы бірнеше бөліктен тұрады: басы, құлақтары, пернелер, мойын, шанақ, бетқақпақ, ілгек және ішектер.Сондаы-ақ
Қосымша бөлшектері бар: тиек, кемер ағаш, бастырма ойық т.б.
Домбыра тиегі үш түрлі болды – шайтан тиек, негізгі тиек, табалдырық тиек.
Аңыз – ертегілер. Оқушы.
Психолог – маман.Домбыра аспабынын ерекше бір қасиеті оның бұрауы адам мінезіне сәйкес, психологиялық ерекешеліктерінің сипатын көрсетіп тұрады. Адам – табиғат мінезінен үндес, домбыра –
Адам мінезімен сабақтас. Күй тарту алдында келтіретін құлақ бұрауды байқар болсақ,олар адам мінезінің психологиялық типтеріне сәйкес бұрылатынын аңғарамыз. Мысалы: бос бұрау – меланхолик,
Қатаң бұрау – флегматик, орташа бұрау – сангвиник, шіңкілдек бұрау – холерик.
Домбыра –тек күй тартуға ғана емес, ән айтқанда сүйемел үшін де қолданылатын аспап.
Мұғалім: Киіз үй — Орталық және Орта Азия халықтарының негізгі баспанасы; Орталық және Орта Азия халықтарының көшпелі тұрғын үйі.
Ол — көшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуге, яғни көшіп-қонуға ыңғайлы үйі.Көшпенділердің киіз үйі — тарихымыздағы ең бірінші сәулеттік қүрылыс. Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын. Сондықтан, шопандар да, туристер де пайдаланады.
Оқушы: Киiз үй — ғаламның моделi. Бүкiл ғалам мен адам арасын байланыстырушы. Рухани мәдениет ретiнде қарастырсақ, киiз үй баспана ғана емес арғы әлеммен байланыстырып, қаскөй рухтардан қорғайтын киелi орын. Қазақ үйдiң киесi шаңырақтан бастау алады.

Шаңырақ — қасиеттi. Шаңырақ — күннiң символы. Шаңырақ көтерiлiп жатқанда ешкiм сөйлемейдi. Өйткенi ұлы iс атқарылып жатқанда үнсiздiк орнауы тиiс. «Жетi уық шаншылғанша жетесiз ғана сөйлейдi» деген сөз осының дәлелi. Шаңырақтың төрт күлдiреуiшi — төрт тарапты бiлдiредi. Уықтарды күннiң шашырандысы деп ұғыңыз.

Шаңырақтың астында ошақ орналасады. Ошақ — адамның оты. Шаңырақтың үстiнде Алланың оты маздаса, төменде адамның оты лаулайды. Киiз үйдiң есiгi әдетте шығысқа қаратылады. Бұл — күннiң сәулесi үйге бiрiншi түссiн дегендi бiлдiредi.

Есiкке қарама-қарсы бетте — төр. Төрдегi адам есiкке қарап отырады.
Егер ол малдас құрып отырса, оның әкесi жоқ деп есептеңiз. Әкесi тiрi адам малдас құрмайды. Отырудың өзiнiң осындай таңбалық мәнi бар. Қазақта: «Едiл үйдiң — есiгi, Жайық үйдiң — жапсары, Түркiстан — ұлы төрiмiз» деген сөз бар.
Сосын төрге қыз бала отырған. Өйткенi, қыз — қонақ. Бабалардан қалған бiр сөз — «Қыз бала — төр иесi, ұл бала — үй иесi».
Босаға — екеу. Оң жақ босаға және сол жақ босаға.

Сол жақ босағаға кебеже, саба, мес, күбi т.б. қойылады. Сол жақ босағаға келген дүниенi ғалымдар «құт» категориясымен белгiлейдi. Өйткенi жоғарыдағы аталған ыдыстарға айран, iркiт, қымыз, шұбат т.б. құйылады.

Демек сол жақ босаға — әйелдiң символы. Дәл осындай түсiнiк әлемнiң бiрқатар елдерiнде де бар. Ал қазақ шұңғыл ыдысты да әйелдiң символы ретiнде бағалайды. «Аяғын көрiп, асын iш, анасын көрiп, қызын ал» деген мақалдағы «аяқ» осындай мағынасы үшiн де мақалға енген.
Ал оң босаға — еркектiң символы. Оң жаққа ер-тұрман, ат әбзелдерi, бүркiт т.б. қойылады. Қатты жауын-шашында малдың жас төлiн де оң босағаға кiргiзетiн болған. Оң жақ — аралық меже. Босаға аттап келген келiндi оң жақта қарсы алады. Аяғына «биязы болсын» деп ақсарбастың терiсiн төсейдi. Босағаны пәк болып аттаған бойжеткен аралық межеден өтiп, жанұялық өмiрiн бастайды. Үйленген соң, төсек-орнымен сол жаққа өтедi. Шаңырақты көтергенде бақанның екiншi ұшы тиген жерге, яғни үйдiң дәл ортасына ошақ орналасады.Ошақ орналасқан соң, қазан асылады. Ал қазан асылған соң мiндеттi түрде оған бiрдеме құйылуы керек.

Оқушы2: Киіз үйдің сүйегімен таныстырады. Кереге – киіз үйдің негізгі қаңқасын құрайды. Қанат саны (3 қанаттан бастап 12 қанатқа дейін) үй көлеміне қарай көбейе береді. Керегенің бас санына қарай уық саны азайып, көбейіп отырады.
Уық – кереге басы мен шаңырақты ұстастыратын ағаш. Ол сәмбі талдан жасалады.
Киіз үйдің ішкі баулары:
Киіз үйдің сүйегін бір-бірімен ұластыру мақсатында бау-құрлар қолданылады.
Таңғыш – екі керегенің сағанағын (жігін) кіріктіріп таңатын өрнекті жіңішке құр.
Бас арқан – керегенің басын сыртынан бастыра орап таңатын қыл – арқан.
Шалма – уықтарды ығып кетпеуі үшін шалмалап байлайтын құр.
Желбау – өрнекті, төгілме шашақты құр, шаңыраққа үш жерден байланып, керегеге асылады, киіз үйге сәндік жиһаздық сипат береді.Оның негізгі міндеті – дауыл кезінде шаңырақты салмамен басып тұру.
Басқұр – киіз үйдің ішін безендіру үшін, әр туырлықтың кереге басына үйкелмеу үшін уық пен керегенің түйіскен жерін сыртынан бастырып тағатын, өрнекті жалпақ құр.
Үзік бау – үзіктің екі жиегінен екі немесе үш жерден айқастыра тартып керегеге байлайтын жалпақ терме бау.
Бел- бау – туырлықтың керегеге тығыз жатуы және жел көтеріп кетпеуі үшін сыртынан бастырып буатын қыл арқан.

Киіз үйдің шилері. Киіз үйдің сыртқы жабдықтары – күн сәулесін және тамшы өткізбеу, жылу сақтау қызметін атқарады. Оларды пісірген ақ шаңқан киізден пішіп, ою - өрнектермен безендіреді.
Туырлық – керегенің іргесінен уықтың ортасына дейінгі жерді, үзік кереге басынан шаңырақ шеңберіне дейінгі аралықты жауып тұрады.
Киіз есік – сықырлауықты жауып, шаңырақ арқылы өткізіп байланады. Киіз есіктің сыртқы киіз, ортасы ши, астары жарғақ теріден жасалады.
Түндік – шаңырақты, киіз есікті туырлық шетін бастыра жабылады. Түндіктің төрт бұрышына түндік бау байланады. Түндікті ық жақтан қайырып ашады, әйтпесе жел көтеріп, желпіп кетуі мүмкін.
Үй жиһаздары.
Абажа – тамақ пен ыдыс-аяқ сақталатын кебеженің үлкен түрі. Ағаштан жасалып, киізбен, былғарымен қапталған.
Кебеже – сүр ет, құрт, шай салып сақтау үшін ағаштан жасап, өрнектеген үй жиһазы.
Әбдіре – зат сақтайтын үлкен сандық. Сырты қаңылтырмен әшекейленіп
қапталады.
Ағаш төсек – жату үшін пайдаланатын үй жиһазы.
Асадал-тамақ пен ыдыс-аяқ сақталатын кебеже.
Жастықағаш – ерте кезде жастықтың астына салынатын ағаш тиянақ.
Адалбақан – киім ілуге арналған үй жиһазы.
Жүкаяқ – үйде жүк астына қоятын ағаш зат.
Сандық – киім-кешек т.б. зат салуға арналған үй жиһазы.
Мұғалім: «Бәйтерек» монументі Есіл өзенінің жағасындағы Қазақстанның астанасы Астана қаласында орналасқан. Металлдан, әйнек пен бетоннан жасалған бұл «терек» сәулеттік мағынасы жағынан да, жасалуы жағынан да бірегей: биіктігі 105 метрлік металл құрамасынан, салмағы 1000 тоннадан жоғары бес жүзге жуық қададан тұрады. Монументтегі барлық дүние – төбесіндегі алтын күн, 97 метрлік биіктігі, және аспан әлемінің үш негізін кейіптейтін үш аймаққа бөлінген ішкі архитектурасы белгілі бір символды білдіреді. Әлемде бірінші рет диаметрі 22 метрлік және салмағы 300 тоннадан тұратын күннің түсуіне қарай түсін өзгертетін «хамелеон» әйнегінен жасалынған шар биіктігі жағынан рекордқа ие болды. Қазақстан астанасында асқақтаған бұл «терек» жаңартулардың сәулеттік символы, тәуелсіз Қазақстан символы ретінде орын алады.
1-Оқушы: Бәйтерек», «Астана – Бәйтерек» – Астанадағы архитектуралық құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. Оның негізгі идеясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың эскиз-нобайы негізінде өмірге келді. Ол бейбіт өмір мен келісімге ұмтылған барлық қазақстандықтардың ғұмырлық мұратын білдіреді. Бұл нысан әлемдік сәулет өнерінің жоғары талаптарына толығымен жауап береді. Есіл өзенінің сол жағалауында бой көтерген зәулім «Бәйтеректің» биіктігі 97 м, диаметрі 27м; негізгі есікке бастайтын әшекейлі темірбетон саты жер бетінен 4,8 м жоғары орналасқан. «Бәйтерек» нысаны үш бөліктен тұрады; жер асты бөлігі ұлттың тамыр жаюы, ал одан кейінгілері өркендеу кезеңдерінің нышандарын білдіреді.
2- Оқушы: Ең жоғарғы жағында «Аялы алақан» композициясы орын тепкен; оған қол табы тигенде шиыршық түрінде жарық ағып түсіп, сәуле алақанға құйылады және Қазақстанның мемлекеттік әнұраны ойналады. Одан әрі қосымша түріндегі композиция өз негізінен бөлініп, жер бетіне қалықтап тұрғандай әсерге бөлейді. Ұшар басында алтын шар орналасқан. Арнайы шынылармен әйнектелген «Бәйтерек» күмбезінің салмағы 70 т, ал алтын шардың үстіңгі ауданы 1553 м. Осынау ғаламат шардың панорамалық залынан Астананың кешегі және бүгінгі сәулеті – «ескі» және «жаңа» көрінісін тамашалауға болады. Алтын шар мен ғимараттың негізгі кіре берісі бір-бірімен «оқпан» деп аталатын салмағы 695 т металл құралыммен байланысып, жалғасқан. «Бәйтерек» кешенінде келушілердің демалып, асықпай отырып төңірегін көруге мүмкіндік беретін дәмханасы да бар.
Мұғалім: Астананың орталығында көкке бой созып тұрған «Бәйтерек» – қазіргі Қазақстанның нышан-символы, қазақ халқының қайта өрлеуі мен түлеуінің, мемлекеттілігінің, биіктік пен тереңдіктің, кеңдіктің белгісі, дархандықтың көрінісі іспетті. Ол елорданың халық көп баратын жерінің бірі.

3-Оқушы: Бәйтерек

Қазағым, қара орманым-байтақ елім,
Жақсыны, жаманды да байқап едің.
Асырған мерейіңді асқақтатып,
Елбасы-бойлап өскен Бәйтерегің!

Нұрсұлтан-ел тірегі, алтын діңгек,
Алыптың халқы ғана нарқын білмек.
Қазағым, шаттанатын кезің келді,
Алашқа қорған болар ұл тудым деп.

Танытып терезесі теңдігіңді,
Әлемге әйгіледі елдігіңді!
Тереңге тамыр жайды Бәйтерегің,
Сақтай біл, ұлан-байтақ кеңдігіңді. Н. Айтұлы
4-Оқушы:
Панорамалық зал ортасында 17 жапырақтан тұратын, 17 әртүрлі әлем діндерінің уәкілдері қолы қойылған ағаш глобусы орналасқан. Ал қасында монументті жасау ойы туындаған Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алақанының ізі бар. Егер алақанға қолды қойып, арман-тілек тілесе орындалады деп айтылады. Күшті қарқынды даму қалаға астананы ауыстыру туралы шешімді қабылдағаннан кейін келді. 10 жыл ішінде Астана өзінің өзгеше және заманай көркін табуына бұл оқиғаға міндетті. Қала көз алдында өсіп жатыр. Бұл жергілікті тұрғындарды ғана емес, сонымен қатар, астана қонақтарын қуантады. Әрбір біздің қалаға келуіңізде, сіз барлық жаңа және жаңа объектілердің куәгері, астананың қалай қарқынды өсіп және өзгергеуіне таңдана қарайсыз.

5-Оқушы: «Бәйтерек» - берік тұғырлы, болашаққа талпынысы мол өмір ағашы, Қазақстан символы. Өмір ағашында («бәйтерек» қазақ тілінен аударғанда - терек) бірегей әлемдік мифтік тұжырымдаманың бірі бейнеленген. Ежелгі көшпенділердің аңыз-әңгімесі бойынша Әлемдер тоғысында Әлемдік өзен ағып жатқан. Оның жағасында тамыры жерді ұстаған, биіктігі көк тіреген Өзен ағашы – алып Бәйтерек өскен екен. Бұл ағаштың тамырлары жерасты әлемінде, ағаштың өзі мен оның діңі жер үстінде, ал биігі – көкте орналасқан. Алып қанаттарымен бүкіл аспанды жауып, қасиетті Самрұқ құсы Бәйтерекке ұмтыла ұшады. Жыл сайын ағаштың басына өзінің алтын жұмыртқасы – Күнді қалдырады. Алайда ол жұмыртқаны ағаштың төменгі жағында өмір сүретін зұлым Айдаһар жұтып отырған. Символды тұрғыдан алып қарағанда бұл жаз бен қыстың, күн мен түннің ауысуы, Жақсылық пен Зұлымдықтың күресін білдіреді.

Қазақстан Жақсылық пен бейбітшілікке ұмтылады!
Категория: История | Добавил: tas_YO
Просмотров: 4577 | Загрузок: 212 | Комментарии: 6 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Воскресенье, 2024-05-05, 9:37 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru