Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » История

XXI ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ
[ Скачать с сервера (18.5 Kb) ] 2012-04-27, 10:02 AM
№8 жалпы орта білім беретін көркемдік – эстетикалық білім және тәрбие беру мектеп кешені.
ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ: Кабдуллин Т.Б.
5 СЫНЫПТАР АРАСЫНДА ӨТЕТІН « XXI ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ» АТТЫ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ОЙЫННЫҢ ӨТУ ЖОСПАРЫ.
ӘДІЛ ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ: №8 жалпы орта білім беретін көркемдік – эстетикалық білім және тәрбие беру мектеп кешенінің директоры: Турсбекова К.С.
№8 жалпы орта білім беретін көркемдік – эстетикалық білім және тәрбие беру мектеп кешенінің математика пәнінің мұғалімі: Мукатаева А.Қ
№8 жалпы орта білім беретін көркемдік – эстетикалық білім және тәрбие беру мектеп кешенінің тарих пәнінің мұғалімі: Төлеуқоңыр А.Ж.
МАҚСАТЫ: XXI ғасыр көшбасшысы интеллектуалдық ойыны арқылы болашақ олимпиада ойыншыларын іріктеп алу және жаңа заманның талантты ұрпақтарын бейімдеу.
ДАРАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ:
1. ОҚУШЫЛАРДЫ ОЙЫНҒА ІРІКТЕУ;
2. ОЙЫННЫҢ СҰРАҚТАРЫН ДАЯРЛАУ;
3. ТРИБУНА, АТЫ – ЖӨНІН ЖАЗУ;
4. ЖҮРГІЗУШІЛЕРДІ ДАЯРЛАУ;
5. ӘДІЛ – ҚАЗЫЛАРДЫ ТАҒАЙЫНДАУ;
6. ЖАЛАУША ДАЯРЛАУ;
7. СӨЗ СОҢЫ ӘДІЛ – ҚАЗЫЛАР СӨЗІ.
8. Марапаттау.
1 – кезең “Бәйге”:
(Сұрақ жалпылай қойылады, кім бұрын жалаушаны көтерсе, сол жауап береді, әр жауапқа 10 ұпай. Кезең біткен соң қорытынды шығарылады.)
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы неше бөлімнен, неше баптан тұрады?( 9 бөлімнен, 98 баптан)
2. Ұлттық теңгеміз қай жылы, қай күні айналымға енгізілді?(1993 жылы,15 қараша)
3. Қазақстан жер көлемі жағынан Дүниежүзінде нешінші орында?( 9- шы орында)
4. Қазақстан Республикасының жер көлемі қанша?( 2 млн 724,9 мың шаршы шақырым)
5. Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлы қай жылдары өмір сүрді? ( 1910 -1982 жылы)
6. Ұлы Отан соғысы жылдары қанша млн қазақстандық армия қатарына алынды? (1млн 200 мың)
7. Гитлерлік Германия Польша мемлекетіне қай жылы, қай күні басып кірді?( 1939 жылы 1 қыркүйекте)
8. Соғыс жылдарында күріш өсіруден рекорд жасаған кім?( Ыбырай Жақаев)
9. Фашизм – терминін қалай түсінесің? ( дүние жүзіне үстемдік орнатуға тырысатын кертартпа топ, бірлестік)
10. Қазақстанда жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беру жөніндегі қаулы қай жылы, қай күні қабылданды? (1930 жылы 27 тамызда)
11. Этнография нені зерттейді?(халықтардың шығу тегін, рулық-тайпалық және әлеуметтік құрамын, тұрмыс- тіршілігін, салт – санасын, әдет – ғұрып ерекшелігін зерттейтін ғылым)
12. Қазақстанда орналасқан Хантәңірі шыңының биіктігі қанша метр?(6995 метр)
13. Тың игеру жылдары Қазақстанға қанша миллион басқа ұлт өкілдері көшіп келді?(2 миллиондай)
14. Қазіргі күні жер бетінде қанша мың этнос өмір сүреді?(3000 – дай)
15. Қазақстан Республикасында 2004 жылғы есеп бойынша қанша облыс, қанша қала, қанша қала тектес кент, қанша аудан тіркелген?(14 облыс,200 – дей қала тектес кент, 150 – ден астам аудан тіркелген)
16. Қызылорда қаласы қай жылдары астана міндетін атқарды?(1924 – 1928 жылдары)
17. “Алтын киімді адамның” мүрдесін қай жылы, кім тапты?(1969 жылы К. Ақышев)
18. Ұлы ұстаз, ойшыл Әл – Фарабидің толық аты – жөнін ата?( Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Узлағ Тархани)
19. Әл – Фараби түрлі ғылым салаларынан қаншаға жуық іргелі еңбектер жазып қалдырды?(150 – ге)
20. Жошы ханның ескерткіші қай өзеннің бойында орналасқан?(Кеңгір өзені)
21. Қазақ хандарының тарихы қай жылдар аралығын қамтиды?(1466 – 1847 жыл)
22. “Жеті жарғы” заңын құрастыруға қатысқан үш биді ата?( Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)
23. Қабанбай батырдың шын есімін ата?(Ерасыл)
24. Сырым Датов бастаған көтеріліс қай жылдарды қамтиды?(1783 – 1797 жылдар)
2 – кезең “Полиглот”
(Бір сөз алып, содан анограмма сөз құраңдар. Құраған әр сөзге 5 - ұпай беріледі)
1. Қауіпсіздік;
2. Қанағаттанарлық;
3. Қарсылық;
4. Құттықтаймын;
5. Құрметтеймін;
6. Қамқорлық;
7. Сүйіспеншілік;
8. Сұлулық;
9. Сыйластық;
3 – ші КЕЗЕҢ “Сөз тапқанға қолқа жоқ.”
(Әр оқушыға бір мақал – мәтел беріледі, сол берілген мақал – мәтелдің мағынасын түсіндіруі қажет. Толық жауап берген қатысушыға 20 ұпай қойылады.)
1. Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез.
2. Бес саусақ бірдей емес.
3. Ұқпасқа айтпа, тоймасқа берме.
4. Атың жаман болса, сатып құтыласың,
Әйелің жаман болса қайтіп құтыласың.
5. Жақсы әйел туыстың арасын жақын етер,
Жаман әйел туыстың арасын қашық етер.
6. Абысын тату болса, ас көп,
Ағайын тату болса, ат көп.
7. Қазан бұзар, үй тентек.
8. Ақыл жастан, асыл тастан.
4 – ші КЕЗЕҢ Жүйрік болсаң тауып көр.
(Бұл кезеңде математикалық есеп беріледі, сол есептің жауабынан басталатын мақал – мәтел құра. Дұрыс жауапқа 30 ұпай.)
1. 1558 – 1518 = 40( Қызға қырық үйден тыю)
2. 1017 – 1010 = 7 (Жеті рет өлшеп, бір рет кес)
3. 5960 – 5954 = 6 (Алтау ала болса, ауыздағы кетеді. Төртеу түгел болса, төбедегі келеді)
4. 10455 – 10454 = 1(Бір қарын майды, бір құмалақ шірітеді)
5. 10740 – 10710 = 30 (Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге таралады)
6. 25638 -25631 =7 (Ит жеті қазынаның бірі)
7. 17395 – 17388 =7 (Жігітке жеті өнерде аз)
Жанкүйерлер көз – қарасы.
Қорытындылау.
Марапаттау.
Категория: История | Добавил: анарка
Просмотров: 3067 | Загрузок: 208 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-05-18, 3:36 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru