Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » История

Алғашқы адамдардың пайда болуы. Алғашқы адамдар өмірі. Еңбек құралдарының жетілуі.
2014-04-05, 9:07 AM
Пән: Ежелгі Қазақстан тарихы. 6- сынып
Тақырыбы: §1-2. Алғашқы адамдардың пайда болуы. Алғашқы адамдар өмірі. Еңбек құралдарының жетілуі.
Сабақтың мақсат-міндеттері:
Білімділік: Адамның пайда болуы туралы эволюциялық және діни ілімдердің қалыптасып, даму тарихы және адамның даму сатысы туралы білім беру.
Дамытушылық: Адамның дамуының әр сатысындағы қол жеткізген жетістіктерін салыстыра отырып, айырмашылығын, ортақтығын тауып, ой қорытындылай білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларға бүгінгі адамзат баласы осындай қалыпқа жетуі үшін ұзақ та қиын кезеңді басынан кешіргенін, оған еңбектің арқасында жеткенін айта отырып еңбексүйгіштікке, ал адамның пайда болуы туралы діни түсінікті қалыптастыра отырып оларды имандылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа материалды меңгеру сабағы
Оқытудың әдісі: баяндау (әңгіме, диалог).
Көрнекілік: Адамның пайда болуы туралы діни наным-сенімдерді сипаттайтын суреттер, «Алғашқы адамдардың даму сатысы» суреті. «Алғашқы адамның пайда болуы» тақырыбындағы презентация
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру сәті – бүгінгі сабақта қатысатын оқушылардың санын
тексеру, оқушылардың сабаққа назарын аударту.
ІІ. Жаңа материалды белсенді меңгеруге оқушыны дайындау кезеңі: Өткен жылдың материалын қайталау.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Интерактивті тақтадан «Алғашқы адамдардың пайда болуы» тақырыбындағы презентацияны көрсету
А) Адамзат баласының шығуы.
Ғалымдар алғашқы адамды «епті адам» деп атайды. «Епті адам» Африкада Кения жеріндегі Олдувай шатқалында табылған. Ол осыдан 1 млн 750 мың жыл бұрын өмір сүрген. Алғашқы адамның бірі питекантроп деп аталады. Питекантроптың қаңқасы алғаш рет Ява аралынан 1891 жылы табылды. Ол мөлшермен бұдан 1 млн жыл бұрын өмір сүрген. Адамзат дамуында бұдан кейінгі сатыда синантроп тұрады. Солтүстік Қытайда табылуына байланысты оған «қытай адамы» деген ат берілген. Синантроптар бұдан 500-200 мың жыл бұрын өмір сүрген. Питекантроп пен Синантропты «тік жүретін адам» деп атайды.
Көне адамның тағы бір түрі неандерталь деп аталады. Ол Германиядан табылып 100-35 мың жыл бұрын өмір сүрген. Неандертальдақтардан кейін, мөлшермен бұдан 40-35 мың жыл бұрын «саналы адам», яғни қазіргі адамдар қалыптасты.
В) Алғашқы адамдардың кәсібі.
Адамдар қарапайым еңбек құралдарын пайдалануды үйренген соң, табиғатқа тәуелділігі азая бастады. Әуелде олар баспана жасауды, тамақ пісіруді білмеді. Жеуге жарамды тамырларды қазып алды. Құстардың жұмыртқаларын жинап қорек етті. Мұндай кәсіп терімшілік деп аталды. Бірлесіп тамақ табу мен жабайы жануарлардан қорғану үшін топтанып жүрді. Ертедегі адамдардың мұндай ұжымы адамдар тобыры деп аталды.
С) Алғашқы адамның қазақстандағы іздері.
Қазақстандық ғалымдардың пікірі бойынша, Сібірге алғашқы адам Еуропадан және Азиядан қоныстанған. Қазақстан аумағына алғашқы адамдар шамамен бұдан бір миллиондай жыл бұрын пайда болды. Мұны Жамбыл облысының Арыстанды өзенінің бойынан және Қазақстанның оңтүстігіндегі Қаратаудан табылған тастан жасалған сол заманның еңбек құралдары дәлеледейді. Қазақстан аумағында өмір сүрген алғашқы адамдар питекантроптың замандастары еді.
Д) Еңбек құралдары.
Алғашқы жасалған құралдардың ұзындығы 20 сантиметрге, салмағы 1 киллограмға дейін жетті. Жануарлардың терісін тазалайтын, етін боршалайтын тас шапқылар мен қырғыштар жасалды. Жамбыл облысынан табылған палеолит дәуірінің бес мыңнан аса еңбек құралдарының бәрі қашау мен үшкір заттар. Неолитте тас өндеу неғұрлым биік деңгейге көтерілді. Бұл кезеңде адамдар тасты жылтыратып тегістеуді үйренді, еңбек құралдарының жаңа түрлерін – дәнүккіш, келі, балта, қайланы т.б. ойлап тапты.
Е) Отты пайдалану және жердің сууы.
Бұдан 100 мың жыл бұрын Жер беті күрт суи бастады. Қыс ұзаққа созылды. Қар мен мұз жаздың қысқалығынан еріп үлгермеді. Еуропа мен Азияның солтүстігінде алып мұздық пайда болды. Ғалымдардың айтуынша, оның қалыңдығы екі километрге жеткен. Бұдан 13 мың жыл бұрын мұздық ери бастайды.
ІV. Жаңа тақырыпты бекіту сұрақтары.
А) Адамның еңбек құралдары қалай өзгерді?
В) Оқулықта берілген суретке қарап, адамның алғашқы еңбек
құралдары туралы әңгімеле?
С) Адамдар отты неге пайдаланған, оның қандай пайдасы болды деп
ойлайсыңдар?
V. Дәптерге жазу
VІ. Қорытындылау. Сонымен біз бүгін адамдардың пайда болуын, олардың алғашқы өмірімен, олардың алғашқы еңбек құралдарымен, тіршілігімен, жер бетін мұз басып, оның қайтадан жылынуын қарастырдық.
VІІ. Үй тапсырмасы. Жаңа тақырыпты оқу, есте сақтау. Әңгіме құрастыру.
Категория: История | Добавил: Kimbat_Karshigovna
Просмотров: 13069 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 3.6/5
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-05-08, 9:23 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru