Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » История

: ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік – демографиялық дамуы
[ · Скачать удаленно () ] 2014-05-13, 7:55 AM
Сабақтың тақырыбы: XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-демографиялық дамуы
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: XIXғ.соңы мен XXғ.басындағы Қазақстанның
әлеуметтік-демографиялық дамуын түсіндіру,
халықтың этникалық құрамына тоқталу;
б) дамытушылық: Алынған деректермен жұмыс істеуге, жаңа
деректермен ақпарат көздеріне сүйене отырып,
логикалық ойлай білуге дағдыландыру;
в) тәрбиелік: Туған өлкенің тарихына құрметпен қарауға,
еңбекқорлыққа мақсат қоя білуге тәрбиелеу;
Сабақ типі: аралас сабақ
Сабақ түрі: Жаңа ұғымды меңгерту сабағы
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, картамен, топпен жұмыс, СТО технологиясы
Пәнаралық байланыс: География
Көрнекілігі: карта, слайдтар, тірек сызбалар
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру
а) Оқушылармен амандасу;
б) Сабақтың мақсатын, міндеттерін хабарлау;
в) Топтарға бөлу;
II. Жаңа материалды меңгерту кезеңі
Жоспары:
1. 1897 жылғы Бірінші бүкілресейлік санақ
2. Халық санының өсуі.
3. Халықтың этникалық құрамы.
4. Қазақстандық қоғамның әлеуметтік құрылымы
а) Ой толғау:
1. Әлеумет дегеніміз не?
2. Демография сөзін қалай түсінеміз?
б) Мағынаны ажырату
1897 жылы өлкеде халықтың саны 4147,8 мың адам, оның ішінде қазақтар 3354 мың, 1915 жылы 4205,2 мың, ал 1917 жылы- 3615,1 мың адам болды. Сонымен, осы жылдар ішінде қазақтар саны небәрі 231 мың адамға, яғни 6,8 пайызға өскен. Қорытындысында өлке халқының құрамындағы қазақтардың үлес салмағы 1897 жылғы 81,7 пайыздан 1917 жылғы 59,8 пайызға дейін кеміп кетті. Қазақтар арасындағы демографиялық жағдайдың нашарлауы, бірінші кезекте оның табиғи өсуінің төмен болуымен түсіндіріледі.
Қазақ халқы табиғи өсімінің төмен деңгейіне көшпелі тұрмыс салтының ауыр жағдайы, эпидемиялық аурулардың кең таралуы және медициналық қызмет көрсетудің болмауы себепті оның қатарындағы, әсіресе балалар арасында өлім-жітімнің жоғары болуы себеп болды. Қазақтардың 1916 жылғы көтерілісінің зардаптары да ерекше келеңсіз роль атқарды. Көтерілісті патшаның жазалау отрядтары басып, жаныштап сол кезде осы ұлт-азаттық қозғалысқа қатысушылар ғана емес, сонымен қатар бейбіт тұрғындар да мыңдап қаза тапқан еді. Қазақтардың едәуір бөлігі империя шегінен Қытайға, Туркияға және басқа елдерге үдере көшіп кетті. 1916 жылы Жетісу облысынан ғана шетелге 150 мыңға жуық қазақ көшіп кетті.Қазақстанның байырғы халқының үлес салмағының азаюына ғасырдың басында орыстардың, уркраиндардың және басқа да ұлт өкілдерінің империяның ішкі аймақтарынан қоныс аудару ағымының ерекше көп өскен көші-қон үрдісі де қатты әсер етті.Халық өсімі Столыпиннің аграрлық реформасынан кейін қоныс аударушылардың жаппай келуінен арта тусті. XX ғ. басында Қазақ өлкесінде құрылған «Қоныстандыру қоры» қазақтардың жерін тартып алып, қоныстанушыларға берумен айналысты. Қаладағы ірі әлеуметтік топ-сауда буржуазиясы (20,3%), одан кейін жұмысшылар мен қызметкерлер (33,1%).
XIX ғ. соңы - XX ғ. басында өлкеде 19 жаңа қала болды. Ақмола облысындағы ұсақ қалалар саны – 20. 1897 жылғы тұңғыш халық санағы бойынша: Оралда -36446, Верныйда –22744, Семейде – 20216, Қостанайда – 14175 адам тұрған.
Қала халқының көбеюі жолдары:
1.Қоныстанушылардың көптеп келуі.
2.Жатақтар санының артуы.
3.Ішкі демографиялық өсім.
4.Сауда қатынасының дамуы.
Құрамына қарай қала халқы қанаушы әкімдерге, дворяндар, офицерлер, саудагерлер және оларға сыбайлас қазақтардың дәулетті бөлігі және жәй еңбекшілерге (мещандар, шаруалар, жұмысшылар) бөлінді.

1897 1907 1917 1927 1926 1939 1970 1989 1999 2009

III. Топпен жұмыс
а) Сұрақ – жауап
1- топқа : 1897жылғы санақ бойынша Қазақстанда қанша ұлттың өкілдері тұрған және қазіргі кезеңде қанша ұлт өкілдері тұрады?
2 – топқа: 1897 жылы бүкілресейлік санақ бойынша Қазақстанда қанша орыстар мен украиндықтар тұрды?
3- топқа: XXғ.басында Қазақстан қоғамында кәсіптеріне орай неше топ қалыптасты және оларды ата?

б) Картамен жұмыс
1-топ:Этникалық құрамы жағынан қазақ және орыс халқы негізінен қай аймақтарда халықтың көпшілік бөлігін құрады?
2-топ: Украиндықтардың басым бөлігі қай жерлерде тұрды және татарлар өлкенің қай қалаларында тұрды?
3-топ: Ұйғырлар мен дүнгендер және немістер қай аймақтарда орналасты?

в) Терминдермен жұмыс
1- топ: Этнос
2 - топ: Жатақ
3 - топ: Санақ

г) Оқулықпен жұмыс
Мына даталарда қандай оқиғалар болды?
I топ: 1917 жыл –
XVI-XVII ғасырлар –
II топ: XVIIIғ.II жартысы -
XIXғ. ортасы –
III топ: XIXғ.соңы мен XXғ.басы –

IV. Сабақты бекіту:

2009 Қазақ Орыс Украин Татар Ұйғыр Неміс Беларусь
3870 +

424 +
242 +
227 +
221 +
87 +
9541 +

V. Қорытынды:

XXғ.басындағы Қазақстандағы әлеуметтік- демографиялық ахуалға талдау
(схема түрінде)
1.Өлкедегі халықтың көпұлтты құрамының қалыптасу үрдісі күшейді
2. Байырғы халықтың үлес салмағы кеміді
3. Қалалармен олардағы халықтың біршама өсуі байқалды

VI. Үйге тапсырма: §50. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-демографиялық дамуы және Атырау облысында тұратын ұлттар туралы мәлімет жинау

VII. Бағалау
Категория: История | Добавил: @liy@
Просмотров: 479 | Загрузок: 115 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2016-12-03, 9:45 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [165]
Педагогика [291]
Математика [775]
Физика [242]
История [335]
Классному руководителю [518]
Русский язык и литература [696]
Физическая культура [200]
Английский язык [408]
Искусство [181]
Родительский совет [14]
Биология [319]
Информатика [365]
Начальная школа [1868]
Мой Казахстан [237]
Технология [126]
Самопознание [170]
Технология труда [49]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [40]
Профессиональное образование [155]
Дошколенок [461]
География [129]
Школьная библиотека [48]
Казахский язык и литература [542]
Химия [33]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • Статистика

    Рейтинг@Mail.ru