Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » История

Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру
2014-05-16, 4:16 PM
САГИНГАЛИЕВА БАКЫТГУЛЬ ТАСКИНБАЕВНА
Ақтөбе қаласы, № 34 орта мектебі
тарих пәні мұғалімі



Класы: 9
Сабақтың тақырыбы: §11. Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру
Мақсаты: Қазақстандағы ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру салдары мен зардаптары,
шаруалар қарсылығы ауқымы мен санатын анықтап білу.
Міндеттері:
Білімділік: Республиканың ауыл шаруашылығын қайта құру негізінде 1929-1931 жылдардағы
жүргізілген ұжымдастыру саясатының зардаптары мен нәтижелерін түсіндіре отырып, ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық шаруашылық дамуының кенеттен тоқтауы, оның үлкен дағдарысқа ұшырау себептерін айқындау. Оқушыларға тақырып бойынша алған білімдерін пысықтап, аса маңызды білім элементтерін берік қалыптастыру.
Дамытушылық: Қосымша материалдар арқылы сабаққа қызығушылығын арттыру білімін шындау өзіндік ой қорытуға, өздігінен жұмыс істеуге үйрету, оқушылардың саяси көзқарасын қалыптастыру
Тәрбиелік: ұлт қайраткерлері мен үкіметтің солақай саясатына қарсы шыққан саяси қайраткерлердің іс-әрекеті негізінде оқушыны ұлттық – патриоттық тәрбиеге баулу; ұйымшылдыққатәрбиелеу
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың әдістері: сын тұрғысынан ойлау технологиясы (ой қозғау, топтастыру, кубизм ассоциация, кластeр) Оқушылардың өзіндік жұмыстарын зерттеу, сахналық қойылым.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, математика, география
Көрнекілігі: карта, әдеби кітаптар.
Сабақтың көрнекілігі: Голощекиннің хаты үзінді, жылдар-фактілер, Сталинге хат(үзінді)
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Бүгінгі сабағымыздың қанатты сөзі.
«Өткенді білмей- қазіргі жағдайды білу, келешекті болжау қиын» Әл Фараби.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Тележүргізуші (мұғалім):
1925 жылы БК (б) П-ның ХІV съезінде ндустрияландыру бағыты жарияланды. Бұл саясаттың жүру барысы туарлы жергілікті тілшімізге сөз берейік:
Тілші : (оқушылардан төмендегі сұрақтар арқылы үй тапсырмасы сұралады)
Индустрияландыру дегенді қалай түсіңесің?
Қиыншылықтары қандай болды?
Ф.Голощекиннің «Кіші Қазан» төңкерісінің бағыты
Қазақстанды индустрияландыру мәселесі бойынша пікір-таластар.
Қазақстан индустриясының жетекшісі объектілері қандай?
Түрксіб магистралы салынуының мемлекеттік және әлеуметтік – экономикалық маңызы
Индустрияландыру барысында қандай жаңа терминдермен таныстыңыздар?
Индустрияландыру саясатындағы кемшіліктер қандай болды?
Индустрияландыру ерекшеліктерін ата.
Индустрияландырудың Қазақстанға тигізген теріс әсерін ата.
Индустрияландыру саясатының тарихи маңызы
Тележүргізуші: «Қазақстан отар болып келді және отар болып қалады» (С.Сәдуақасов) деп қорытынды жасалынды.
ІІІ. Жаңа сабақ барысы:
Тележүргізуші:
- Енді бүгінгі күннің басты жаңалығы – БК(б) П-ның ХV съезіндегі ұжымдастыру болмақ. Ұжымдастыруды 1932 жылдың көктеміне қарай аяқтау көзделді. Ұжымдастыру туралы оқушылар не дейді екен ойларын білейік.
Тілші: Ұжымдастыру дегенде көз алдымызға не елестейді? деген сұрақ қою арқылы оқушылардың ойы сұралады.
1. Ұжымдастыру кезіндегі ауыл бейнесі (оқушылар орындаған тапсырмалардың жауаптары)
Тікелей телехабардан үзінді:
- Тележурналист:
Құрметті телекөрермендер. Бүгін, бізде қонақта Партияның XV-съезд делегаттары.
- Қош келдіңіз. Сізге съезд шешімдері туралы бірнеше сұрақтарым бар еді.
- Қандай қандай ұстанымдары бар?
Біріншіден, Ауылшаруашылығын ұжымдастыру идеясы неден туындады?
- ия, бұл КСРО-дағы социализм құрылысының құрамдас бөлігі.
- Қандай қандай ұстанымдары бар?
- Қазақстандағы еріктілік, дербестік, материалдық мүдделік және ұжымдастыру кезең-кезеңімен өту керек.
- Қазақстандағы ұжымдастыру қашан аяқталуға тиіс және қандай формалары бар?
- 1932 жылдың көктемінде астықты аудандарда колхоз құрылысы негізгі формасы – ауылшаруашылық артелі, малды аудандарда жерді бірлесіп өңдеу және шөп шабу жөніндегі серіктестіктер болуға тиіс.
Келесі сөзді өзімнің әріптесіме берейін, ол тәркілеу жұмысының жүру барысы туралы айта өтсін. Қазақ Орталық Атқару Комитетінің және Қазақ КСР Халық Комиссарлары Кеңесінің «Байлардың шаруашылығын тәркілеу туралы» қаулысы.
1928 жылы 27 тамызда Қаз ОАК мен Қаз ХКС-нің «Байлардың шаруашылығын тәркілеу туралы» қаулысы шықты. Ол күшіне енген сәттен бастап шаруа қожалықтарына өзіндік ауыл шаруашылық өнімдерінің артығын қалауы бойынша иелену құқығына кепілдік беретін. Жаңа экономикалық саясаттың принциптерінен бас тартылды. Қаулыға сай, байлардың шаруашылығын тәркілей отырып, оларды тұрғылықты жерінен қоныс аударып жіберуге рұқсат етілді.
Тәркілеу жөніндегі науқан, мақта шаруашылығы аудандарынан басқа, республиканың барлық жерлерін қамтыды. Тәркілеу нәтижесінде 657 анағұрлым ірі байлар қоныс аударылды, олардан 145 мың бас ірі қара тартып алынды, ауыл шаруашылық құралдары 877 колхозға және 24491 жеке шаруашылыққа берілді.
Астық өнімдерін, егіндік пен шабындық жерлерді және малды тәркілеу науқаны барлық жерде де заң нормаларын бұзумен: халықты қорқыту және зорлау арқылы, байсымақтарды күштеу арқылы іске асырылды.
Тәркілеу жөніндегі шараларды жүргізу барысында тәркілеу шегіне жеткізу үшін жеке шаруашылқтарды әдейі біріктіру де бой алды.
Тәркіленіп кетпес үшін кейбір байлар өзінің мүлкі мен малын орта шаруалар мен кедейлерге бөліп берді, малының бір бөлігін базарда сатты.
Жарайды сұхбаттарыңызға рахмет.
Тележүргізуші: тілшілердің хабары бойынша 1928 жылы Қазақстанда барлық шаруашылықтардың 2%, ал 1931 жылдың қазан айына қарай 65 % ұжымдастырылды.
Асыра сілтеушілік зардаптары
Ұжымдастыру барысы
Шу ауданы 400 киіз үй «қала үлгісіндегі поселке»
Үш күн ішінде құрылған жалған ұжымшарлар
Абыралы ауданы 70 %
Жымпиты ауданы 60 %
Жәнібек ауданы 95 %

1931-1932 жылдары Шұбартау ауданы 80 % малдың етін мемлекетке өткізді.
Балқаш ауданы 173 мың малға 297 мыңдың салғыртын салды
Торғай «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын!» ұранымен млн-ға жуық малдың не бары 98 мыңы қалды.


Ақмола округі сотталғандарды үй ішімен 24 сағатта жер аудару
Алматы, Петропавл округтері қара бойкот жариялау
Ақтөбе, Павлодар округтері кедейлерді ұрып-соғу, суық су құйып азаптау, суық қоймаларға қамау, кулак үйінде жаназа рәсімін өткізу

Қылмыстық жауапқа тарту

1929-1933 жылдар аралығы
БМСБ үштігі (Біріккен Мемлекеттік Саяси Басқарма) 9805 іс қаралды 22933 адам жөнінде шешім қабылданды
Ең ауыр жаза – ату 3386 адам
3 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге концентрациялық лагерьге қамау 13151 адам
Қамауға алынғандар 21 мыңнан астам
Әлеуметтік құрамы бойынша
Байлар мен кулактар 4832
Орташалар 1509
Кедейлер 505
Дін өкілдері 181
Әлеуметтік-зиянды элемент (зиялылар) 242
Демографиялық ахуал
1931-1933 жылдары 6,2 млн тұрғын болды.
1930 жылы 313 мыңнан астам
1931 жылы 755 мың
1932 жылы 769 мыңнан астам шетелге көшіп кетті.

Аштықтан қырылғаны 2,1 млн (40 wacko
Қазақтан басқа халық шығыны 0,4 млн
Тыс жерге көшкендер 1 млн-нан астам
Оның елге оралғаны 414 мың
Елге оралмағаны 616 мың
1930-1932 жылдар аштық тарихта «ҰЛЫ ЖҰТ» ретінде енді.
1969 жылы 40 жылдан соң қалпына келтірілді

Ұжымдастыру
дейінгі кейінгі
Мал саны
40,5 млн 4,5 млн (1933 ж. 1 қаңтар)

Хаттың мәні Жолданған уақыты Хат жазушылар
Аштық және оның себептері туралы 1932 жыл шілде Ғ.Мүсірепов, М.Ғатауллин, М.Дәулетқалиев, Е.Алтынбеков, Қ.Қуанышев«Бесеудің хаты» Ф.И.Голощекинге жолданды.
Аштық жылдарының сұмдығын айқын ашып беретін тарихи айғақтар 1933 жыл наурыз Тұрар Рысқұлов И.В.Сталинге, М.М.Кагановичке, В.М.Молотовқа жолданды.

Сталинге жазылған хаттар. «Нәубет шындығы» О.Исаевтан (оқушылар оқып баяндады)
1. Қарсылық формалары (Слайд арқылы түсіндіру)
2. Қазақ ауылы жағдайы туралы Голощекин хаты
3. Ауыл шаруашылығының Сталиндік үлгісіне қарсы күрес. (Слайд арқылы)
4. Республика аумағынан шетке қашу жиіледі

Кінәлілерді өлтіру Қалаға құрылысқа кету
Қазақ отрядын құру

Ашық көтеріліске шығу Басқа аймақтарға кету Хат жазу
Қазақ БК (б) П комитетінің жауапты хатшысы Ф.И. Голощекиннің партияның орталық комитеті хатшыларына мағлұмат хатынан үзінді оқылды.
Шаруалардың жаппай ұжымдастыру саясатына қарсылығы
1929-1931 жылдары
1929 ж. қыркүйек Қарақалпақстандағы Тақтакөпірде
Сырдария округіндегі Бостандықта
1929 ж. қараша Қостанай округіндегі Батпаққарада
1930 ж. ақпан Сырдария округіндегі Созақта,
табанды, шебер ұйымдастырылды (басшысы – Жақыпов)
Ақтөбе округіндегі Ырғызда басшысы - Қанаев
1930 ж. наурыз Алматы округіндегі Сарқантта
1930 ж. ақпан-мамыр Семей округіндегі Зырянов, Өскемен, Самар, Шемонаиха, Қатонқарағай
1930 ж. Торғайдағы Батпаққара «Қазақ өлкелік комитеті бандиттік-басмашы қозғалысының көрінісі»
1931 ж. көктем Қарқаралы округіндегі Абыралы, Шыңғыстау, Шұбартау шаруалар түгел дерліктей қырылып тасталды.
Жалпы 372 жаппай толқулар мен көтерілістер

Жаңа сөздер:
Конфескация - тәркілеу
Оңшыл оппортунизм – капиталистермен ымыраласушылар
Кулак – ауқатты шаруа
Бойкот – елеп-ескермеу, шет қақпайлау
Ауылшаруашылық артелдері - астықты аудандарында колхоз құрылысы
Коммуна - өндірісті қоғамдастыру
ЖӨС - жер өңдейтін серіктестік

ІV. Жаңа сабақты бекіту.
Онлайн тест тапсырмасы:
1. Ұжымдастыру бағыты қай съезде жарияланды?
1) XIIсъезде 2) XVсъезде 3) XVI съезде
2. Ұжымдастыруды аяқтау мерзімі белгіленді?
1) 1932 ж. көктемде 2) 1932 ж. күзде 3) 1932 ж. жазында
3. Қаз ОАК мен Қаз ХКС-нің «Аса ірі байлардың шаруашылығын тәркілеу туралы» қаулысы қашан шықты?
А) 1928 ж. 27 тамыз 2) 1927 ж. 27 тамыз ә) 1928 ж. 28 тамыз
4. Шаруашылықта ұжымдастыру 1931 ж. қаншаға жетті?
1) 70% 2) 55% 3) 65 %
5. «Қазақ жерінде көршілес өлкелерге көшулер саны артуда» -деп жазған кім?
1) Ф.И.Голощекин 2) Т.Рысқұлов 3) М.Дулатов
6. Ауыл шаруашылығында ұжымдастыруда негізгі ұстанымдар?
1) еріктілік пен дербестік 2) материалдық мүдделікпен ауыл шаруашылығын ұжымдастыру кезең-кезеңмен өтуі 3) барлығы дұрыс
7. 1933 ж. малдың саны қанша?
1) 40,5 млн. 2) 4,5 млн. 3) 3,5 млн.
8. 1931-1933 жылдары республиканың 6,2 млн халқының аштықтан қырылғандары:
1) 1 млн-нан астам 2) 2,1 млн 3) 0,4 млн
9. Аштық апаты мен себебі туралы Голощекинге хат жазды?
1) Мүсірепов, Ғатауллин, Алтынбеков, Қуанышев, Дәулетқалиев
2) Сейфуллин, Жансүгіров, Рысқұлов, Мүсірепов, Қуанышев
3) Майлин, Жангелдин, Алтынбеков, Мүсірепов, Голощекин
10. «Қазақ өлкелік комитеті бандиттік-басмашы қозғалысының көрінісі» деп бағаланған көтеріліс:
1) Батпаққара 2) Созақ 3) Сарқант
11. Ұжымдастыру жылдары лаңкестік әрекеттерді,өрт салуларды есептемегенде, республика аумағындағы толқулар мен көтерілістер саны:
1) 372 2) 372 3) 327
12. 1930-1932 жылдардағы аштық тарихқа «.................» ретінде кірді.
1) «ұлы жұт» 2) индустрияландыру 3) ұжымдастыру

V. Үйге тапсырма.
1. § 11 мазмұндау
2. Ұлы нәубет жылдары туралы мәлімет: Т.Рысқұлов

VІ. Бағалау.
VІІ. Қорытындылау.
Категория: История | Добавил: happy1986
Просмотров: 4882 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 6:15 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru