Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » История

"Қазақ хандығына 550 жыл" тарихи танымдық ойын
2015-02-16, 5:24 PM
Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл
(тарихи-танымдық ойын)

Балтабеков Марат Қуанышұлы
Қарағанды облысы Шет ауданы
Қызылқой орта мектебінің тарих пәні мұғалімі

Мақсаты: Тарихи-танымдық ойын арқылы оқушыларды қазақ хандығының тарихымен таныстыра отырып,қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушыларды Отанын сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, нақыл сөздер
Түрі: сайыс.
Барысы:
1.Сәлемдесу, сайыс тақырыбы, мақсат-міндеттері.
2.Ұйымдастыру:
1.1.Қатысатын оқушыларды таныстыру (5 оқушы қатысады)
1.2. Әділқазылар алқасын сайлау.
1.3. Сайыстың кезеңдерімен таныстыру.
Сайысымыз бес кезеңнен тұрады:
I. Сұрақ - жауап
II. Жасырын ұяшық
III. Хронологиялық жорық
IV. “Әріптер сөйлейді”
V. Қорытынды
I. Сұрақ - жауап
1)Аңыз бойынша қазақ хандығының арғы атасы болып кім саналады? (Алаш)
2)Қазақ хандары әулетінің арғы атасы кім? (Жошы)
3)Қазақ хандығының іргесін қалаған алғашқы хандар (Керей мен Жәнібек)
4)Қазақ хандығы алғашында Қазақстанның қай аумағында құрылды? (Батыс Жетісу жерінде)
5)Қазақ хандығының құрылуы туралы қай тарихшы жазды? (Мұхаммед Хайдар Дулати)
6)Қасым ханның заңдары (Қасым ханның Қасқа жолы)
7)Есім ханның тұсында жасалған далалық заңдар (Есім ханның Ескі жолы)
8)Қазақ сөзінің мағынасы (бостандық сүйгіш, ержүрек, еркін адамдар дегенді білдіреді)
9)«Дарабоз» атанған батыр (Қабанбай)
10)XVIIғ. 80-жылдары қай хан Ресейге 5 елші жіберді, осындай 5 елшілік Қазақ хандығына келді? (Тәуке хан)

II. Жасырын ұяшық. Тақтада 4 түрлі тақырыптағы тапсырмалар берілген. Жауап берген оқушы ұпай санына ие болады.

Хандар 10 20 30
Билер 10 20 30
Батырлар 10 20 30
Ержүрек қыздар 10 20 30

Хандар
10- Абылай ханның шын аты (Әбілмансұр)
20- «Жеті-Жарғы» заңдар жинағы қай ханның тұсында жасалды?(Тәуке)
30-Жәнібек ханның баласы. Бұл ханның кезінде Қазақ мемлекеті халқының саны 1млн-ға жетті (Қасым хан)
Билер
10- Ұлы жүздің биі (Төле би)
20-90 биді бастап Жоңғар хандығына барып, Абылай ханды босатып әкелген би (Қазыбек би)
30-93 жасында қайтыс болып, Ташкентте жерленген би (Төле би)

Батырлар
10- Қабанбай батырдың шын есімі (Ерасыл)
20- Түркістан өңірінде, Бөген өзенінің жағасында дүниеге келген батыр (Бөгенбай батыр)
30- Ұлы ақын Мағжан Жұмабаев бұл батырдың ерлігін дастанында жақсы бейнелеген (Батыр Баян)

Тарихтағы қыздар
10-Қабанбай батырдың әйелі (Ғауһар)
20-Кенесары ханның қарындасы (Бопай)
30-Абылай ханның қызы (Айтолқын)

III. «Хронологиялық жорық» - сәйкестендіру

1 Қасым хан А 1598-1628
2 Хақназар хан Ә 1680-1715
3 Тәуекел хан Б 1480-1511
4 Есім хан В 1582-1598
5 Жәңгір хан Г 1538-1580
6 Тәуке хан Д 1628-1652
7 Бұрындық хан Е 1511-1518
Жауабы:1-е,2-г,3-в,4-а,5-д,6-ә,7-б

IV. “Әріптер сөйлейді”. Бұл бөлімде экраннан әріптер көрсетіледі. Әріпті таңдағаннан кейін сұрақ қойылады, ал жауап сол әріптен басталады.

А Ш К Б Н
Т Ә С Қ Ж
Х Р Қ М Ж
Ж Ә Б М С
1) Аты аңызға айналған қазақ ханы (Алаша хан)
2) Қару-жарақ (шоқпар)
3) Қазақтың соңғы ханы (Кенесары)
4) Астана қаласының символы (Бәйтерек)
5) Ұлы жүздің шапырашты руынан шыққан батыр (Наурызбай)
6) Дана, әділ деген атағы шыққан хан (Тәуке)
7) 21 жасынан ол бүкіл Бұхара, Самарқан төңірегіндегі қазақ, өзбек, қарақалпақ құрама жұртының бас биі болған (Әйтеке би)
8) Ханның мұрагерін қалай атаған? (сұлтан)
9) Бүкіл қазақ ұлтының бас қосқан кеңесі қалай аталды? (Құрылтай)
10) XVII ғ. қай мемлекет Қазақстанға қауіп төндірді? (Жоңғар)
11) Ел билеушісі (Хан)
12) Руды басқаратын басшы (Рубасы)
13) Қазақ хандығы ту тіккен жер (Қозыбасы)
14) Қазақ ханы (Мұрындық)
15) Әйгілі қазақ билері жасауға қатысқан заң (Жеті Жарғы)
16) Қазақ хандығының басқару жүйесі неше тармақтан тұрды? (жеті)
17) Қазақтың қай ханы алғаш Ресей бодандығын қабылдауға ниет білдірді? (Әбілқайыр)
18) Жеке ерлігімен ерекше көзге түскен ержүрек, қаһарман адам (батыр)
19) Абылай ханды қалмақ тұтқынынан босатуға қатысқан батыр (Малайсары)
20) Абылайдың лақап аты (Сабалақ)

Сабақты бекіту ойын сұрақ «Не үшін»
1.Екі көзің не үшін керек?-жақсыларды көру үшін
2.Екі қолың не үшін керек?-елге көмек беру үшін
3.Құлақ не үшін керек?-ақыл кеңес тыңдау үшін
4.Тіл мен жақ не үшін керек?-ақиқатты айту үшін
5.Ал аяғың не үшін керек?-шетте жүрсем,туған жерге қайту үшін
6.Ал бүгінгі сабақ не үшін керек?-оқушы ойларын тыңдау

V. Соңғы қорытынды сөз-әділқазыларда, жеңімпазды анықтау, марапаттау.
Категория: История | Добавил: tolganai-83
Просмотров: 2668 | Загрузок: 0 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 3.3/3
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 6:27 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru