Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Классному руководителю

Қазақтың ару қыздары
2017-02-03, 1:44 PM
Мақсаты:

• - Ұлттық құндылықтарды ұғынып, адамға деген мейірімге қыз баланы, ұстазды, ата – ананы қадірлей білуге және олардан елін, жерін, халқын сүйетін, өз шаңырағын ардақтайтын, қамқор ана, қайратты жан, нәзік ару шығару, бойжеткендердің ұлттық киім үлгілеріне деген құрмет сезімін туғызу;
• студенттерді қазақ қызының бойына тән өнерлік-тәлімдік қасиеттермен таныстыру, қазіргі жастардың киімі мен бұрынғы қазақ ұл-қыздарының киім кию мәдениеттерін салыстырып, саралауға үйрету;
• студенттерді шығармашылыққа баулу, сахна мәдениетіне тәрбиелеу, олардың тәрбиесін жүйелі түрде өз – өзіне басқарту немесе бір – біріне таныстыру.
Көрнекілігі:
– қанатты сөздер, мультимедия тақтасы
Барысы:
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы - «Қазақтың ару қыздары». «Қыз өссе – елдің көркі» деп халық айтқандай қыз баланың әр отбасына ерекше сән беріп отыратыны белгілі. Өзіне тән табиғи ерекшелігімен бірге оларға тәрбие беретін ортаның да айтарлықтай әсер беретіні рас. Ал оларға дұрыс тәрбие беріп, өмір атты кең арналы тіршілікке жол сілтеу бірінші ата-ананың міндеті дейтін болсақ, екінші кезек - қанатын қатайтып, болашаққа жол сілтеп, қарлығаштай ұшыратын колледжі ұясының ықпалы. колледжі – білім берумен қатар тағылымды тәлім тәрбие түрлерін ұйымдастратын өнеге ордасы. Бұл жөнінде өздеріңіз біздің тәрбие сағатының барысында тамашалайсыздар!
(Сахнаға батыр киімін киген қыз бала дөрекілене жүгіріп шығады. Қолында найзасы және қалқаны бар)
Батыр: «Қане, қайсысың барсың менімен күш сынасатын! Шығыңдар жекпе-жеке! Деп айналасына алақ-жұлақ қарайды. Осы кезде ұлттық киім киген жүргізуші ортаға шығады. (Осы кезде ұлттық киім киген жүргізуші ортаға шығады)
Жүргізуші қыз: Оу, батыр, саған не болған? Қанша батыр болсаң да сен жаны нәзік ару емессің бе? Сен болашақ асыл жар, ардақты ана, аяулы әже емессің бе?Сенің мына қылығың жарамайды, сенің алдыңда да қаншама батырлар, ержүрек аналар өткен. Сұлулардың да сиқырлы әлемі бар. Маған еріп, сол әлемге саяхат жасағың келе ме?
Батыр: Жарайды құрбым, сол сенің сиқырлы әлеміңде не сыр бар екенін байқап көрейік!
(Жүргізуші қыз батырды жетектеп, көрермендердің арасына отырғызады)
1 студент:
Арулар-асыл жандар, сағыныштар,
өкініштер, құшақтар, жалыныштар
Жек көрсе олар жүрегін мұз жасайды
Жақсы көрсе, балқытып жанына ұстар.
Арулар -аяулылар, ардақтылар,
өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар
арулар – тіршілікке түре тамыр
өмірді бір-біріне жалғап тұрар!
2 студент:
Биіктеп тау менен тасқа өрлеген,
Жүрегін шерменен жас кернеген.
Мен-сақ қызымын, мен Томирис,
Аялап өз Отанын қастерлеген!
Сезімге ән әуелеп жыр боп қонар,
Жүрегім сүйінішке тұнған болар.
Мен-қазақ қызымын Әлиядай,
Ел үшін қажет болса құрбан болар!
(Осы кезде мультимедиялық тақтадан Томирис және Әлия мен Мәншүктің суреттері, өмірбаяны көрсетіліп отырады да, оның жалғасы Әлия мен Мәншүктің соғысқа аттанып, қаза табуы туралы көрініспен аяқталады)
3 студент: Біздің жастарымыздың ортасында өз шығармашылықтарымен де бөлісу үшін келіп отырғандар бар. Қанекей, олар да өз пікірлерімен бөліссін!
4 студент: Әр халықтың тарихында өшпес із қалдырған, аңыз ретінде айтылып жүретін, ұрпақтан ұрпаққа тарайтын, өмірі үлгі-өнеге болатын абзал адамдар болған және бұдан былай да бола бермек! Дүниені дүр сілкіндіріп, қазақ елінің бостандық руын көтерген ерлеріміз мәңгі есте қалары сөзсіз! Сол бір 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында қазақтың қазақтығын сақтап қалу үшін, біздің тәуелсіз ел болып, ата-бабаларымыздан аманат болып қалған өз жерімізді өзіміз басқаруымыз үшін қан төгіп жазықсыз жазаланған ерге бермес әпкелеріміз бар!
5 студент: Елім-жерім деп еңіреген Ләззат пен Сәбира әпкеміз туралы тарих былай деп жырлайды.
(Желтоқсан құрбандары Ләззат Асанова мен Сәбира Мұхамеджанова туралы қысқаша мәлімет айтып кетеді. Мультимедиялық тақтадан слайд арқылы суреттер көрініп тұрады)
Менің есіме С. Тойлыбаев ағамыздың мына бір жыр шумақтары есіме түсіп тұр:
Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым,
Бет, бағдарын бақиға бұрғандарым,
Қарлы жырлардай боп қарауытып,
Халқымның мәңгі есінде тұрғандарым!
Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым,Кеудемдегі қоламта қоздатқаным,
Тұншықса да түрмеде тозбапты әнің!
Жазықсыз жапа шегіп бұл жалғаннан,
Жалтақтап кете барған боздақтарым!
6 студент: Біздің байтақ елімізде талай жезтаңдай әнші, суырып салма ақын, керемет биші, мақтан тұтар тұлғаларымыз өте көп, оларды айта берсек уақыт жетпейді. Солардың ішінде атап айтатын күйші Дина апамыз, жезтаңдай әншілер Бибігүл мен Роза апамыз туралы айтпай кетсем сын болар. Иә, неге қазағымыздың біртуар өнер қайраткерлерімен мақтанып, оларға да жыр арнамасқа!
(Дина Нұрпейісованың суреті мен өмірбаяны слайдтан көрініп тұрады)
Жүрекке ән әлдиін жаттағанмын,
Ұрпақпен келешекке аттанамын
Қастерлеген адалдықты барлығынан
Мен қазақ қыздарымен мақтанамын.
Кең өлке бар ма қазақ даласындай,
Ал дана бар ма қазақ данасындай,
Қазақтың ән мен күйін асқақтатқан,
Бар ма екен қазақ қызы Динасындай?
Күй орындалады.
7 студент: «Домбыра – қазақтың қасиетті дүниесі, өзің алмасаң да, қастерлей біл» деп Бауыржан Момышұлы айтып кеткендей, домбыра тартуды біле тұрып күй тартпауым жарамас! Құрманғызының күйі «Балбырауынды» қабыл алыңыздар!
8 студент: Қазақтың күйші қызын мадақтап жатқанында, әнші апаларым Бибігүл мен Розаның мадақтамай болмас.
Қызғалдағы қазақтың гүл қыздары,
Жайнаған гүлдей қырда қырмыздары,
Роза мен Бибігүл таризтағы
Халыққа нұрын шашқан жыр қыздары.
9 студент : Қазақтың қыздарына қайран қалатын жалғыз мен емес қой, бүкіл ақын-жазушы ағаларымыз қазақтың қыздары туралы жырлап кеткен емес пе?
Би билейді біздің қыздар тамаша,
Әуеді әнмен құлпырып бір жараса,
Жігіттерім қалыспайды қыздардан,
Халқымыздың ұлттық биі «Қаражорға»
Би «Қаражорға»
10 студент: Бағанадан бері байқасам, тарихымызды түп тамырынан қозғап, қазағымыздың батыр қыздары мен әнші – күйші қыздарын дәріптеп жатырмыз. Неге, осындайда қазағымыздың біртуар ақын қызы Фариза Оңғарсынова мен ұрпақ алдында маңдай терін төгіп, білім мен нәр берген, ұлтымыздың керемет тұлғаларын тәрбиелеуде еңбек сіңіріп келе жатқан ұстаздарымыз, өзіміздің қара шаңырағымыздың мақтанышына айналып, ұстаз бақытына бөленген (лицей ұстаздары, ө/о шеберлері) жәйлі сөз қозғасақ нұр үстіне нұр емес пе?
(Экраннан суреттері мен өмірбаяндары көрсетіледі)
11 студент: Иә, Фариза апамызды білмейтін қазақ кемде-кем. Оның бірде-бір өлеңін жатұа білмеу өзім үшін үлкен сын деп білемін. Ақын апамыздың «Сіңліме» өлеңін ұсынамын. «Сіңліме» өлеңі
12 студент : «Ұстаз болу- жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы» деп ақын Ғафу Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін.
«Ұстазым» әні орындалады.
13 студент: Спорт та қазіргі өмірдің басты арнасы болып табылады. Осы салада еңбек сіңіріп жүрген еліміздің ер сынды тұлғалары туралы менің де қосарым бар. Солардың ішінде атап айтқым келетіні,- көркем гимнаст шебері, әлемнің алты дүркін емпионы, «Афины-2004» олимпиадасының алтын жүлдегері, жас қазақ аруы Әлия Юсупова. Бұлар біздің қоғамымыздағы алар орны ерек, ерекше үлгі тұтар мақтаншақтарымыз.
14 студент: Қазіргі қазақ қыздарының киім кию үлгісі де өзгеріп бара жатқандай ма, қалай? Батысқа еліктеушілік тым қарқынды жүріп жатқан жоқ па?
15 студент : Иә, мен оған келісемін. Бірақ жалт еткенге, қызылды-жасылға қызыққыш жігіттер емес пе?
16 студент: «Қыз қылығымен» дейді атам қазақ. Қыздарымыздың инабатты, ибалы, ақылды, үлгілі, өнегелі, өнерлі болуы алдымен ата-анасынан, екінші білім ордасынан басталары хақ. Сондықтан қыздарымызға дұрыс тәрбие беріп, еліміздің болашағына атсалысайық дегім келеді.
17 студент:
Ата – баба дәстүрін ұмытпайық,
Ұл – қызымыз салтымызға болсын лайық
Болашағы елімнің жарқын болсын,
Ұрпағы бүгінгінің бас қосайық.
18 студент:
Сенімі асқар, аптабы күн қыздар-ай,
Сәуле шашқан өмірге нұр қыздар-ай,
Көрік болған көгімде жұлдыздар-ай,
Құдіретпен жаралған жан қыздар-ай.
Батыр: Иә, құрбым! Мен бүгін мына тамаша саяхаттан кейін қанша батыр болса да, елге танымал атақты тұлға болса да қазақ қыздарының бойына тән инабаттылық пен қарапайымдылық, ізгілік пен әдептіліктің маңыздылығын түсінгендей болдым! Қанша батыр, керемет тұлға бола тұрып қазақ қыздары ешқашан ұлтымыздың қанына тән қарапайымдылық пен адалдық, әдептілікті ұмытпай, оларды алдыңғы орынға қойып ту етіп ұстауы керек екен! Осы орайда шабытым келіп тұр, мына бір жыр шумақтарын арнасам деймін.
Қыз емес, қыздың аты – қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын.
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,
Халқымның сақтаймын енді ізгі салтын!
(қолын көкірегіне қойып бас иеді)
Ө/о шебері: Міне, студенттер және ашушаң батыр! «Жаңылмас жақ болмас, сүрінбес тұяқ болмас» дейді шешендер. Өз күнәсін өзі көтеріп, өзгелерге өлең арнаған бұл достарымның орнында кезкелгенің тұрмасына кім кепіл? Сондықтан «Ақырғанның бәрі арыстан емес, тақылдағанның бәрі данышпан бола бермейтіндігін» ескерте отырып жақсы тілекті терең түсінікпен ой таразысына өлмешекке тарту етемін және ойымды Жәудір Артықбаеваның мына жыр шумақтарымен аяқтаймын.
Батырлық кімге керек ойланбаса,
Ақындық кімге керек тойды аңдыса?
Мансапсыз, тойымсызды кім сыйлайды,
Ұрлық етіп қорадан қойды аңдыса.
Күш қарай неге керек ойдан тайса,
Абырой неге керек ойдан тайса,
Абырой негекерек тойланбаса?
Ақылды көп тыңдайды аздау сөйлеп,
Ал ашу – ызың қағып тойған маса!
Адамның абыройы мен қадірлі ақылы мен бідімінде! Ендеше, оқушылар, әрқашан ақылды да білімді, абыройлы да парасатты болайық!
Категория: Классному руководителю | Добавил: mendi6161
Просмотров: 1014 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 7:25 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru