Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Классному руководителю

Тақырыбы: «Күз сыйы»
[ Скачать с сервера (38.2 Kb) ] 2013-11-23, 11:06 AM
Тақырыбы: «Күз сыйы»
Мақсаты: Балалардың күз мезгілі туралы алған білімдерін тиянақтау, күз ерекшеліктерін, күз сыйын ұғындыра отырып, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау. Оқушылардың шығармашылық қабілеттірін дамыту.
Сахна меркелік іс-шараға сай безендірілген. Залда ақырын көңілді музыка ойнап тұрады.
Жүргізуші-1: Армысыздар, халайық!
Жүргізуші-2: Бармысыздар, халайық!
Күзгі тойды жұп жазбай,
Бірге: Келіңдер қарсы алайық!
Жүргізуші-1: Күз - халқымның ежелден берекесі,
Жерден ғой адамзаттың несібесі.
Тойлаймыз біз де бүгін күз мейрамын,
Алтын күз құтты болсын мерекесі!
Жүргізуші-2: Алтын күз сізбен бірге шуақ шашсын,
Көңілдің серіппелі күйін ашсын.
Бақ пен шаттық бірге қатар қонып,
Береке бірлікпенен ортақтассын!
Сахнада табиғат дыбыстарын білдіретін музыка ойнап тұрады.

Көрініс. Сахнаға қоян жылап шығады.
1-ші бала: Құстар қайтып барады.
2-ші бала: -Сәлеметсіңбе қоян! Көңіл-күйің жоқ қой?
Қоян: -Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мені анам сәбіздерге жіберген. Жолшыбай менің сәбіздерімді түлкі тартып алды. (жылайды)
1-ші бала: -Түлкі жүрген жерде үнемі айқай-шу. Қайда өзі бір қу!
Сахнаға майысып түлкі келеді.
Түлкі: -Сендер балалар орманда не істеп жүрсіңдер?
2-ші бала: -Біріншіден амандасу керек!
1-ші бала: - Бүгін біз күз мерекесіне жиналдық. Ал сен барлығын бүлдірдің.
Түлкі: - Күз мерекесі? Бұл не?
2-ші бала: Жетті желмен алтын күз
Жеміс жинау салтымыз.
Толтырады да қамбасын,
Той жасайды халқымыз.
Түлкі: -Той дейсіңдер ме? Тойда тамақ көп болады ма?
1-ші бала: Күздің кереметі, байлығы өте көп. Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдарға, көкөністерге, жеміс-жидектерге толы болады.
Түлкі: -Менде сендермен тойлауға қалайыншы!
Балалар: -Жарайды.Түлкі Қоянға сәбіздерін береді.
Барлығы бірге шеңбер құрып музыка әуенімен айналады.
Торғай орманға ұшып келіп хабарлайды:
Торғай: Қарсы алайық бәріміз,
Жасымыз бен кәріміз.
Қырдан кепті қыдырып,
Алтын күз нұрын төгіп.
Әдемі әуенмен Алтын күз билеп келеді.
Алтын күз: Береке, бақ, дарыған
Жомарт көңіл, жарқын жаз.
Сары алтынға малынған,
Алтын күз деген мен болам.
-Армысыздар, құрметті қонақтар,оқушылар! Оқушылар Алтын күзбен амандасады.
Алтын күз:-Мен мерекеге кешігіп қалдым ба?
Балалар: Жоқ!
1-ші бала:Қош келдің, Алтын күз!
2-ші бала: Төрлет!
Алтын күз: -Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.
Ағайынды бәрі
Шықса-жасыл,
Түссе-сары.Бұл не?
Балалар: жапырақ
Алтын күз:Жарайсыңдар, балалар!
0 сынып:
Әй, алақай тамаша!
Шашу шашты жапырақ
Алтын-сары, қызыл, көк
Алуан-алуан жапырақ
Орманның іші алаша
Кел, тойлайық, қуана!
Көрініс: қоян ойланып отырады
Түлкі: Не ойланып отырсың? Жүр тойлайық!
Қоян: Күз маған тапсырма берген.
Түлкі: Қандай? Жапырақты алып оқиды. Мезгіл ол жейтін нәрсе ме?
Қоян: иықтарын көтереді.
Түлкі: Жүр, балалардан сұрайық.
1 сынып:
Көктем:Нұрлы шақта құс келіп
Біздің бақта сайрады
Қырдан қызық көреміз
Қызғалдағын тереміз.
Жаз: Жазда дала ысып тұр
Жайнап егін пісіп тұр
Айран, қымыз ішеміз
Айдын көлге түсеміз.
Күз: Мол өнімді жинаймыз
Елдің бәрін сыйлаймыз!
Жиып теріп болған соң
Той жасаймыз
Қыс: Айналаның бәрі де
Ақ көрпемен оранды
Әсем әнін жырлаймыз
Би билейміз бәріміз.
Бала: Ой, балалар тұрмайық
Ән шырқайық, бастайық!
Көрініс:
Қоян: Мен түсіндім, төрт мезгіл бар екен.
Түлкі: Иә, тіпті жеуге келмейді.
Жел соғады: күз айлары ортаға шығады.
Қыркүйек: Бірінші қыркүйек
Білімге бастады.
Мал мен аң жүр билеп,
Құс шарлап аспанды.
Ерте күз деп күз мезгілінің басталғанын айтамыз, яғни күздің басталуы
Қазан: қазанда халқымыз-тойшыл.
Ол-салтымыз.
Береке байлығын
Беріп тұр алтын күз.
Алтын күзде айнала сары алтынға боялады, міне осы кезді айтамыз.
Қараша: Қараша айында
Қыс қамын дайында.
Үйін жұрт жылытқан
Мал қора жайында.
Қара күз деп айтатын себебіміз ағаштардың жапырақтары түсіп, шөптер қурап, жер қараяды. Соны қара күз деп айтамыз.
Алтын күз: Менің бауырларымда келіп қалыпты. Көңілділермен тапқырлар ауылынан көңілді жігіттер келді, жүріңдер, қарсы алайық. Барлығы кетеді.
2сынып
Қоян отырады түлкі келеді.
Қоян: Сен қалай ойлайсың не пайдалы: алма ма, сәбіз бе ?
Түлкі: Соны ойламаппын.
Көрініс «Көкөністердің таласы»
Бұршақ: мақтаншақ бұршақ ортаға жүгіріп шықты.
Кішкене түймедеймін мен,
Ұнаймын мен бәріне!
Дәмді тағамдарыммен
Сый жасаймын бәріңе!
Қызылша: ызыланған қызылша қып-қызыл болып қалыпты.
Мен де бір сөз айтайын,
Мақтанайын сіздерге.
Менсіз борщ болмайды
Винегрет те үстелде.
Қырыққабат:
Мақтанғаннан не пайда?
Менсіз дәмді щи қайда?
Мені қосса самсаға,
Бәрі жейді тамсана!

Қияр:Дәмім тілді үйірген
Мен тұздалған күйімде!
Жаңа піскен кезімде
Жейді бәрі сүйсіне!
Шалқан:Кім білмейді шалқанды?
Талайлар маған таң қалды.
Бәріне сый боламын
Тауып көр менен дарханды!
Сәбіз:Кім бар сәбіз шырынын
Жастайынан ішпеген?
мені жеген адамдар
Кем болмайды күшке де!
Қызанақ:Піскен кезде қызанақ,
Көз тартар қызыл түсімен.
Бар ма адам сүйсінбей
Томат шырынын ішпеген?
Пияз:Боламын мен демеуші,
Барлық-барлық тағамға.
Көкөністер ішінен
Мен пайдалы адамға!
Картоп:Мен ұялшақ картоппын
Мен емеспін мақтанар.
Мені жақсы көреді
Үлкендер мен балалар!
Бос айтысты қояйық,
Дауласуды тоқтатайық
Көкөністер:Жиналып қаппыз бәріміз,
Қайсымыз ең дәмдіміз?
Ішішмізден адамға
Тиеді көп пайдамыз?
Медбике-бала:
Көкөністер бәрі де,
Денсаулыққа пайдалы
Мұны жатқа біліңдер,
Оларды жақсы көріндер!
Әуенмен аю ашуланып келеді.
Аю: Бұл не сұмдық?
Қайдан келген айқай шу?
Түсінбеймін, білмеймін!
Кім айтады жауабын?
1-ші бала: аю, ата кешіре ғой
Бүгін бізде мереке-той.
Ашуыңды тастаңыз,
Бізбен бірге тойлаңыз.

3сынып:Аю би билейді.
оқушыҚуандырып біздерді
Мерекелі күз келді
Кел жемісті алтын күз,
Ән шырқайық бәріміз!
Оқушылар ән айтады, аю ұйықтап қалады.
Түлкі: әлі қыс келген жоқ қой!
Аю:Рахмет сендерге, балалар!
Маған қысқа дайындалу керек. Сау болыңдар, балалар! Балалар аюмен қоштасады.
Көрініс:2 бала, қоян, түлкі отырады.
Қоян: Түлкі, сен қысқа қалай дайындаласың?
Мен тонымды ауыстырамын, қыста аппақ боламын.
Түлкі: Қысқа қайтем дайындалып.
1-ші бала: Бізде дайындаламыз: отын жарамыз, көмір кіргіземіз, астық жинаймыз.
2-ші бала: Қыс қамын жаз ойла, жүр кеттік. Барлығы кетеді, түлкі қалады.
Түлкі: Осылар қысқа неге дайындалады? Дайындалмаса не болады?
4сынып
Көрініс «Шегіртке мен құмырсқа»
Оқушы
Бүгін мейрам бүгін той,
Қуаныш күн біліп қой.
Күзгі бақтай сыңғырлап
Алақанды соғып қой.
Алтын күз: Ой балалар, менің көңіл-күйімді көтергендеріңе сендерге көп-көп рахмет. Өнерлерің үстем болсын өте талантты балалар екенсіңдер, келесі күз келгенше білімдеріңді де өнерлеріңді де өрістете беріңдер.
Астық, жеміс – береке
Барымды мен сыйлаймын.
Менде көп-ақ мереке.
Барлығыңды қимаймын.
Сау болыңдар, балалар!
Әдемі әуенмен Алтын күз билеп кетеді.
Жүргізуші-2: Құттықтау сөз кезегін Амралина Қ.А беріледі
Жүргізуші-1:
Залда ақырын көңілді музыка ойнап тұрады.
Қызыл, сары жапырақты күз қандай,
Айналада бар тіршілік қызғандай.
Жан аямай терін төккен адамға
Бар байлығын таратады қызғанбай.
Берекелі бақ дәулет,
Арта түссін тойланып.
Сау болыңдар, балалар!
Келгенше жыл айналып.
Категория: Классному руководителю | Добавил: shynar
Просмотров: 1688 | Загрузок: 202 | Рейтинг: 2.0/4
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-27, 3:40 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru