Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Классному руководителю

Жігіт сұлтаны 2013
[ Скачать с сервера (0.0 Kb) ] 2014-12-18, 10:22 PM
Шағын орталықта ортаңғы топта өткізілетін сайыс сабақ
«Жігіт сұлтаны 2013»
«Курчатов қаласының №3 орта мектебі» КММ
шағын орталық тәрбиешісі Смагулова Гүлжанат Смақанқызы

Армысыздар құрметті ата – аналар, ұлағатты ұстаздар мен балалар!
Бүгін біздің шағын орталығымызда тұңыш рет болғалы отырған
«Жігіт сұлтаны 2013» байқауына қош келдіңіздер!
«Жігіт сұлтаны 2013» байқауының үміткерлерін ортаға шақырайық.
1. Муратов Мирас
2. Тұяқ Береке
3. Қуанышұлы Шапағат
4. Бейбитов Али
5. Сәтбек Саян
6. Жұбатхан Нұрмұхамед
Жүргізуші:Қазағымның жігіттері сынға түсті,
Салт – дәстүрлер жаңарып еске түсті.
Сұлтанымыз анықталып сын сағатта,
Бұл сағатты ата – ана көптен күтті.
Қуаныш бүгін мынау құтты болсын,
Ұлдарымыз өсе берсін болып күшті!
Байқауға қатысытын үміткерлеріміздің өнерін бағалап сараптау үшін әділқазылар алқасын тағайындап алайық.
Енді байқауымыздың тапсырмаларымен таныстырып өтейін.
1- тапсырма: «Өзге емес өзім айтам өз жайымды» (өзін таныстыру)
2- тапсырма: «Бар ізгілік тек білімнен алынар» (білім сайысы)
3- тапсырма: «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»( тапқырлар сайысы)
4- тапсырма: «Шебер қолдар»( оригами )
5- тапсырма: «Ойлайық та, ойнайық » (үстел үсті ойыны )
6- тапсырма: «Сегіз қырлы, бір сырлы» ( сән – киім үлгісі)
Жүргізуші:Құрметті ата – аналар мен қонақтар, байқауымыздың алғашқы тапсырмасын «Өзге емес өзім айтам өз жайымды» сайысын бастайық. (жігіттер өздерін таныстырады )
Береке:
Армысыздар жалпыңыз,
Сәлем беру салтымыз.
Бәйшешектей бүршік атқан ,
Балапандай тәй – тәй басқан,
Жігіттер сұлтанына қатысып,
Сайысуға мен – Тұяқ Береке әзірмін!
Али:
Армысыздар асыл халқым ақ жүректі ,
Баласына арнаған ақ тілекті.
Сыңға түскен достар арасында,
Бейбитов Али мен боламын!

Шапағат:
Тұлпармын шабысынан жаңылмаған,
Батыр бабам қылышындай жарқылдаған,
Бұл байқауда алға ұмтылып , жасқанбаған
Ер намысты , ер жүректі ұлдарың - Қуанышұлы Шапағат мен боламын!
Мирас:
Сәлем бердім, туған елім,
Тал бесігім, туған жерім
Сәлем берді бәріңізге
Ақ пейілмен , шын көңілмен –Муратов Мирас ұлдарыңыз мен боламын!
Саян:
Анамның мен жанымын,
Әжеме мен ермекпін,
Ата ізін қуар тұяғымын
Сәтбек Саян ұлдарың ағайын – мен боламын!
Нұрмұхамед:
Кезек маған келіп қалыпты ,
Ең сүйкімді бөбегің,
Нұрмұхамед ұлдарың мен боламын!
Жүргізуші: Білім жолы сара жол,
Білімді адам бастар қол.
Сұрақтарды тындап ал,
Жауап беруге дайын бол демекші екінші тапсырмасы«Бар ізгілік тек білімнен алынар» білім сайысын бастаймыз.
- Балалар, мынау не?
- Садақ пен жебе.
- Дұрыс , ендеше осы жебелердің басында сұрақтар оралған, әр бала бір – бір жебеден алып, ондағы сұраққа жауап береді.
1-сұрақ: Қазақстанның рәміздерін ата.
2-сұрақ: Жыл мезгілдерін ата. Қазір қай мезгіл? Осы мезгілдің айларын атаңыз.
3- сұрақ: Үй жануарларын ата.(олардың төлдері )
4- сұрақ: Қазақстанның ел ордасы қай қала? Елбасы кім? Астананың жүрегі неде?
5- сұрақ: Көлік түрлерін ата.
6- сұрақ: Жеті түсті атаңыз.
Жүргізуші:
Ән: «Отаным»
Жүргізуші:
Енді жігіттеріміздің үшінші тапсырма «Мың бір мақал, Жүз бір жұмбақ» сайысы. Бірінші кезекте жұмбақтарды қалай шешеді соны көрейік.
Кесе, шыны, пияла –
Оларсыз шай құя ма?
Қасықсыз тамақ жемейді,
Бәрінің атын не дейді? (Ыдыс )
Орманда тұрады, өзі бір қу,
Жүрген жері айқай да шу. (Түлкі )
Мұртын сипап күн бойы,
Бетін сусыз жуады .
Тырсылды андып күні бойы,
Тышқанды көп қуады.( Мысық)
Шөлің қанбас ішпесең,
Кірің кетпес түспесең.(Су)
Дегендей ешкім тимесін,
Алыпты қадап инесін.(Кірпі )
Құс сияқты,құс емес,
Самғап ұшқан биікке.
Қақпайды бір қанатын,
Жүрсе де тым биікте.(Ұшақ)
Ендігі кезек мақалдарға береміз. Кім қандай мақал біледі тындайық.
1.Отан отбасынан басталады.
2.Туған елдей ел болмас,
Туған жердей жер болмас.
3.Жібек белбеу – белдің көркі,
Батыр жігіт – елдің көркі.
4.Жердің сәні – егін,
Ердің сәні – білім.
5.Еңбек – ата, жер – ана.
6.Жері байдың – елі бай.
7.Өнерлі бала – елдің көркі,
Жүйрік тұлпар – ердің көркі .
Жігіттеріміздің биін тамашалайық. Бәрі бірге «Тұлпар» биін билейді.
Жүргізуші: Енді төртінші тапсырма «Шебер қолдар» сайысын бастаймыз.
Балаларға қағаз беріледі, қағызды бүктеу арқылы қүшік жасады.
Ән «Туған жер» бәрі бірге орындайды.
Жүргізуші: Бесінші тапсырма «Ойлайықта, ойнайық» сайысына дайындаламыз кім жылдам лотоны жыйнайды екен.
Үстел үстіне лотоны таратамыз әрқайсысы жылдам және әр картаны өз орнына қойып шығу керек.
Жүргізуші: «Қазақтың жаны домбыра» демекші қазақ күйі орындалады.
Келесі кезек алтыншы тапсырма «Сегіз қырлы , бір сырлы» сайысы жігіттеріміз сән – киім үлгісін көрсетеді.
«Жігіт сұлтаны 2013» байқауының қортынды сөзі әділқазылар алқасына беріледі. Байқау қортындыланып, балаларды мақтап – мадақтап, дипломдармен мараптталады.
«Жігіт сұлтаны 2013» осымен аяқталды келесі кездескенше қош сау болыңыздар!
Категория: Классному руководителю | Добавил: OnE_SouL
Просмотров: 947 | Загрузок: 18 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 5:20 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru