Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » Журнал "Творческая педагогика" » ВОСПИТАНИЕ ШКОЛЬНИКОВ

Менің Отаным Қазақстан!
2018-01-02, 7:05 PM
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының
«Жетім және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық мектеп - интернат» ББ КММ
Тюребаева Баян Кенжабековна
Тақырыбы: Менің Отаным – Қазақстан!


І. Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: «Менің Отаным – Қазақстан» модуліндегі тақырыптар бойынша балалардың алған білімдерін байқау, сұрақтарға жауап беру, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру.
2. Дамытушылығы: Балаларды тапқырлыққа, дәл жауап беруге баулу.
3. Тәрбиелігі: Балаларды өз Отанын, халқын, жерін сүюге, Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: викторина сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, кинофильм, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері, Ту, Елтаңба, Әнұраны, Н. Ә. Назарбаевтың портреті, мемлекеттік рәміздер, интерактивтік тақта.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Балаларға психологиялық ахуал туғызу.


Күлім қағып қолымды,
Бір, екі, үш деп соғайын.
Қарап тұрған көршіме,
Қолымды мен бұлғайын.
Жылы-жылы сөзбенен,
Маңдайынан сипайын.

Жылы-жылы сөзбенен,
Жүрегімді сыйлайын.
Ыстық алақаныммен,
Қолыңды бір қысайын.
Амандасып өзіңменен,
Құшақтап бір алайын.


Бүгін сабақты қазақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың өлеңімен бастаймын:слайд
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бұл өлең не туралы айтылған?
— Туған жер, Отан туралы.
— Отан деген не?» Отан» туралы не білеміз?
— Отан деген адамдардың туып — өскен жері.
— Балалар, бүгін сендердің мойындарыңда екі түрлі лента бар. Бұл ненің белгісі? Бұл түстерді қай жерден көруге болады?
— Тудан.
— Көк түс нені білдіреді?
— Ашық аспанды білдіреді.
— Сары түс нені білдіреді?
— Күн сәулесін білдіреді.
— Осындай күн сәулесі төгілген, ашық аспанда тұрып жатқан біздің Отанымыз қалай аталады? Қазақстан!

Балалар, « Отан» туралы өлең кім айтып береді
Құрманбек:
Елімнің атын айтсам- Қазақстан!
Жерімнің атын айтсам – Қазақстан!
Қойнауы қазынағы толған мекен,
Байлығымды айтсам-Қазақстан


Айдар:
Қазақстан –бабамнан қалған мұра,
Сенбейсіңбе даламнан бар да сұра.
Ел мен жерді дұшпанға таптатпаған
Батырларым демесем болар күнә.

Руслан Салқынбаев:
Отан — сенің ата — анаң,
Отан — тарих, Отан — тіл,
Отан — досың, бауырың.
Жасаған елің, ер халқың.
Отан — өлкең, астанаң,
Отан — өлең, Отан – жер,
Отан – аудан, ауылың.
Көтерген көкке ел даңқын.

Әділ:
Казахстан — наше счастье!
Казахстан — наша гордость!
Казахстан — наш общий дом!
Родина — в которой мы живём!
Руслан Кусков:
Отан деген атамекен
Отан деген туған жер.
Отан ана, Отан үлкен
Қазақстан туған ел.

Данияр:
Арыстандай айбаттым.
Жолбарыстай қайраттым,
Аспандаған байрақтың
Қанша жұлдыз жайнаттың.
Қанша бұлбұл сайраттың ,
Қазақстан ардақтым.

Дулат:
Қазақстан - ұлан байтақ кең далам,
Қазақстан - өзіңе арнап ән салам.
Қазақстан - ортақ біздің үйіміз,
Отаным деп бар әлемге жар салам.

Қарлығаш:
Естігенде көк аспанның астында,
Тік тұрындар айтылғанда Әнұран.
Бар қазақтың үніндей шарықта,
Шарықташы, Әнұраным, шарықта!
Оны айтуға, жас ұлан, жалықпа.


Мемлекеттік әнұран орындалады.

Құрметті, қадірменді балалар, қонақтар бүгін «Отан» тақырыбына арналған викторина іс шарамызды өткіземіз.

Әрбір қазақпын деген азаматтың көкірегінде “Отан” деген сөз ыстық сезіммен сәуле шашып тұрады. «Отансыз адам – қанатсыз құспен тең» демекші, әр адамның Отаны өзі үшін ыстық. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны – Қазақстан тәуелсіз Республикасы. Сондықтан да біз Отанға деген сезімімізді тапқырлық өнеріміз арқылы білдіретіндігімізді қуанышпен айтамыз.. Білімдеріңді жарыс арқылы көрсетейік.
Сайысқа 8 «А» сынып балалары қатысады. Олардың білімдерін бағалау үшін әділ — қазылар сайланады.Қазылар алқасымен таныстыру.

Сайыс 7 — кезеңнен тұрады.
Ойынымыздың кезеңдерімен танысайық.
1 — кезең. «Сұрақ — жауап» «Менің Отаным»
2 — кезең. «Анаграмманы шешу»
3 — кезең. «Cөз құрастыру» сайысы.
4 — кезең. «Бейнесұрақ»
5 — кезең. «Мақал – мәтелдер – сөздің мәйегі.
6 — кезең. «Полиглот» сайысы екі тілде айту.

Ал, ендігі кезек екі топқа беріледі. Әр топ өздеріңізді таныстырып өтіңіздер.
1 — Топ. «Қыран тобы».
Ұраны:«Білімімізді қару етіп, Ізденуден жалықпаймыз.
Содан кейін қыран болып қалықтаймыз.»
2 — Топ. «Тұлпар тобы».
Ұраны: Асау тұлпар! Желдей ескен арынды,
Оқу менен еңбекке сал барыңды.
«Сөз тапқанға қолқа жоқ».

Сөзіне қарап кісіні ал,
Кісіге қарап сөз алма.
Шын сөз қайсысы біле алмай,
Әр нәрседен құр қалма. (Абай ) атамыз айтқандай.

1 — кезең. «Сұрақ — жауап» Блиц – турнир сайысы.
1. Қазақстан мемлекеті өзінің тәуелсіздігін қашан жариялады?
(16 желтоқсан 1991жыл).
2. Қазақстанның тұнғыш президенті кім?
3. Қазақ халқының ең ірі хандары кімдер?
4. Қазақстанның рәміздерін атаңыз.
5. Қазақстанда қанша облыс бар?14 облыс бар.( Ақмола облысы –Астана, Алматы облысы- Талды Қорған, ШҚ облысы – Өскемен, Солтүстік Қазақстан –Петропавл, Оңтустік Қазақстан облысы – Шымкент, Жамбыл облысы – Тараз, Батыс Қазақстан – Орал, Манғыстау облысы – Актау, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар облысы)
6. Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады? 130
7. Қазақстанда қандай ресми мерекелер бар? (1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні , 30 қазан Конституция, 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні.
8. Қазақстан қандай мемлекеттермен шектеседі? (Қырғыз Республикасы, Өзбекстан, Түркімен, Қытай, Ресей)
9. Қазақтың ұлы ақыны кім? (Абай)
10. Қазақтың тұнғыш педагогы кім? (Ы. Алтынсарин)
11. Семей қаласында қандай мұражайлар бар? Абай Достоевский Невзоровтар
12. Біз қай Республикада тұрамыз?
13. Қазақстанның ұлттық валютасы не? (Теңге)
14. Қазақ халқының атақты үш батыры (Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай.)

2 — кезең. Анаграмманы шешіңіз. Бұл шартта балалар адасқан әріптерді дұрыс жазу керек.

1 — топ. «Қыран тобына»
НАТО (Отан)
НАТСАҚЗАҚ (Қазақстан)
Патік ( Кітап)
ТЕКЛЕМЕМ (Мемлекет)
2 — топ. «Тұлпар тобына.
ЗІМӘР (Рәміз)
ЗІСЛЕӘУТ (Тәуелсіз)
ПЕТЕКМ (Мектеп)
ДІМЕНЕГЕ (Егеменді)

3 — кезең. «Сөз құрастыру» сайысы.
1 — топ «Тәуелсіздік»- Ту, ел, сіз, тәуелді, әу, әуелі, тік, ек, әл, әлсіз.
«Бесбармақ»- бармақ, бес, бар, ар, ақ, ес, мас, ас, бақ, бер.

2 — топ«Егемендік» — Егемен, еге, мен, ен, егін, ек, ем, емен, демі,енді.
«Қуырдақ»- қуыр, уыр, ақ, қыр, қу, ыр, дақ, арық, уақ, ардақ, ар, қу
4 — кезең. «Бейне сұрақ»
Слайдта көрсетілген суретке түсініктеме беру.
Берілген ұпайларына байланысты сұрақтар күрделене түседі.
1. Хан мен батырлардың суреттері.
2.Ұшқыш- космонавтардың суреттері.
3.Қалалардың суреттері.
4. Қазақстан спортшылары
5.ҰО соғысының

Сергіту сәті : Ойын: « Нағыз дос болайық».
Балалар шеңбер бойымен тұрып, өлең жолында жақсы қасиеттер аталғанда алға бір қадам жасап қуанышын білдіріп қол соғады. Достыққа жараспайтын сөздер айтқанда, керісінше артқа бір адым жылжиды.

Қосыл, қосыл шеңберге,
Нағыз адал дос болып.
Қосыл, қосыл шеңберге,
Ең сенімді дос болып.
Қосыл, қосыл шеңберге,
Ең зиянды дос болып.
Қосыл, қосыл шеңберге,
Ең мейірбан дос болып.
Қосыл, қосыл шеңберге,
Нағыз сараң дос болып.
Қосыл, қосыл шеңберге,
Нағыз қайырымды дос болып.

Жақсының үлгісі
Жанып тұрған шамдай
Шешенің сөзі
Ағып тұрған балдай

5 — кезең. «Мақал — мәтел — сөздің мәйегі».
1. Туған жердей жер болмас,(туған елдей ел болмас).
2. Туған жер — (алтын бесік).
3. Батыр ел үшін туады,(ел үшін өледі.).
4. Отан үшін отқа түс,(күймейсің).
5. Отан оттан да (ыстық).
6. Отансыз адам -(ормансыз бұлбұл).
7. Бейбіт елде,(береке бар).
8. Аққу көлін аңсайды
Адам туған жерін аңсайды

6 — кезең «Полиглот». сайысы.
Жеті жұрттың, тілің біл,
Жеті түрлі, білім біл.
Екі топқа ортақ сұрақтар. Жауабын орыс, қазақ тілдерінде айтылады.

1.Заң – закон —
2. Мемлекет — Государство —
3. Елтаңба — Герб —
4. Егемен — Суверенный
5. Тәуелсіз — Независимый —
6. Қонақжай — Гостепримный —

7. Атамекен — Земля предков.
Сабақты қорыту кезеңі:
Бүгін балалар, өз білімдеріңізді сарапқа салдыңыздар, біліктіліктеріңізді көрсеттіңдер. Ендігі сөз кезегін әділ — қазыларға береміз.
Сіздерді өз елін шын сүйетін, оның дамуы мен көркеюі жолында қызмет ететін нағыз патриоттар болады деп сенемін.
Қорытынды.
Байтақ дала жерім менің
Арта берсін даңқың сенің
Көк байрағың желбіресін
Егеменді елім менің
– дей отырып, құрметті қонақтар, балалар осымен «Менің Отаным» атты іс шарамыз аяқталды.
Марапаттау
VI .Рефлексия
- Біз бүгін не туралы айттық?
- Балалар сендер елімізге қанадай тілек тілейсіңдер
- Балалар! Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Отансыз адам болмайды. Отанымыз көркейіп, гүлдену үшін біз көп еңбектенуіміз керек. Еңбектену дегеніміз білімді, тәртіпті болуымыз.
Қойнауы мол кенге тұнған
Кең жайлауы малға толған,
Жерұйықтай жері дархан
Жаны жомарт елі дархан
Бәрі: Ол біздің - Қазақстан!
Хор: «Атамекен» (Қолдарына жалаушаларды алып сермейді)
Категория: ВОСПИТАНИЕ ШКОЛЬНИКОВ | Добавил: Ибрагим
Просмотров: 467 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 11:38 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

МОДЕЛЬ 12-летней ШКОЛЫ [4]
ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ ТЕХНОЛОГИИ [12]
УПРАВЛЕНИЕ [63]
ВОСПИТАНИЕ ШКОЛЬНИКОВ [224]
НАУКА И ПРАКТИКА [1]
Школьная практика [6]
Юбилей [9]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru