Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » Журнал "Творческая педагогика" » ВОСПИТАНИЕ ШКОЛЬНИКОВ

Саф алтынды ешқашан тот баспайды
[ Скачать с сервера (36.2 Kb) ] 2013-03-01, 8:18 AM
Ғ. Қайырбеков атындағы
№2 мектеп-гимназиясы
Астана қаласы
2011 жыл

Залетаева Айгүл Құрманғазықызы
Саф алтынды ешқашан тот баспайды
Фанфары
1-жүргізуші: Қайырлы күн! Қадірменді жыр сүйер қауым, әдебиет сүйер қауым! Қымбатты ұстаздар!
2-жүргізуші: Армысыздар ардақты ағайын! Тәуелсіздіктің 20 жылдығы шеңберінде өткізілгелі отырған Сал-серілер шығармашылығына арналған «Саф алтынды ешқашан тот баспайды » атты мәдени іс-шарамызға қош келдіңіздер!

1-жүргізуші: Тәуелсіз ел тарихы – отаншылдықтың, ерліктің, елдіктің не екенін дәлелдейтін тамыры терең бай тарих. Елім, Тілім, Отаным деген қасиетті ұғымдар әр азаматтың өз табалдырығынан, өз ауылынан, өз өлкесінен басталады. Егемен еліміздің ертеңін нұрлы етер «барыс текті» намысты ұрпақ бойында ұлттық сана көрініс тапса, бұл қоғамымыздың қалыпты дамуы, өркениетке ұмытылу жолындағы нәтижелі көрінісі болып саналмақ.

2-жүргізуші:
(фон музыка)
Тәуелсіз ел – Қазақстан тұрағым,
Жарқыратқан нұрлы өмір шырағын.
Көк байрағым еркіндікті паш етіп,
Қыран қанат – көкке самғар жыр әнім.
1-жүргізуші:

Сан ғасырлық орындалып арманым,
Арайланып баққа орнады бар маңым.
Кең тыныстап, көсегесі көгеріп,
Бақыт құшты байтақ елім – қорғаным.

(«Әдемі-ау» қыздар тобының орындауында «Үкілі қыздар» биі.)

1-жүргізуші: Адамның рухын көтеретін де, көңілін құлазытатын да және жайнатып жадырататын да ән. “Адамның жан-дүниесін ақтару үшін оған ән айтқызу керек” дегенінің де түп-төркіні осыған саяды. Сұлу саз, көркем сөз, асқақ ән дегенде, қазақтың сал-серілерінің бейнелері көзге елестейді. Қазақтың кең даласын әнмен көмкерген Сегіз сері, Жаяу Мұса, Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай әндері халқымыздың мәңгі өшпес рухани азығына айналды.
2-жүргізуші: Ос тұста ең алдымен тілге тиек етеріміз қазақ әдебитінде, мәдениетінде аса ірі тұлғаның бірі XIX ғасырдағы қазаң ән өнерінің, сөз өнерінің және Арқадағы үлкен әншілік ортаның ірі өкілі Біржан сал Қожағұлұлы туралы болмақ.
1-жүргізуші: Біржанды тек қана елжұрты емес, сол кездегі қазаңтың аса ірі азаматтары да қадірлеп, сыйлаған. Соның бірі - Абай. Өзімізге белгілі «Абай жолында» айтылғанындай, расында да, Біржан Абай ауылына барып қайтады. Абай Біржанды соншалық ыстык, қүрметпенен, жақыншылықпенен қарсы алады. Оны хан көтеріп күтеді. Өйткені бұл - екі ұлының, бірі әнші, бірі аңынның үндестігі. Бірі әнге, өлеңге қуат берген дарын, талант болса, бірі қазақ философиясына, қазақ ойына, қазаңтың асыл танымына қазық қаққан жандардың жолығуы еді.
2-жүргізуші: Олай болса «Біржан сал Абай ауылынды» атты көріністі тамашалайық.
Сахналық қойылым: «Біржан сал Абай ауылында»

Кейіпкерлері:
1. Біржан сал- Алтынбек Нұржігіт
2. Абай- Нахипов Айбек
3. Базаралы- Кебекбай Арайхан
4. Жиренше – Шахмұратов Мадияр
6. Басқа да ауыл жастары, үлкендер

(Сахнада Біржан сал ән айтып шығады. Абай, барлық кейіпкерлер Біржанның әнін тыңдап бірге шығады)

Баласы Қожағұлдың Біржан салмын,
Жұртыма зияным жоқ жүрген жанмын,
Кісіге өзім қатар бас ұрмаймын-
Өзім ақын, өзім сал кімге зармын.

Дауыстар:
1-дауыс:Уа! Пәле! Жаса, Біржан аға.
2-дауыс : Бәрекелді, Біржан аға.

Абай Біржанға бұрылып:
-Уай, пәлі! Біржан аға! Тілін безеп, жанын жалдап, өнерін сатқан кейбір ақындардай әннің қадірін кетірмей, қайта оны биікке шығардың ғой! Өнердің қадір-қасиетін таныттың-ау! Шынында, қазағым , елім дегенде осы елдің асыл ақын сөзінен, әсем ән сазынан артық қай қазынасы бар еді?!

Біржан:
-Шіркін, айтушы мен болғанда, үнемі ұқтырушым сен болсайшы, Абай!

Абай:
-Бай , бағлан боп қадірлі болмайды жігіт! Өнерлі боп, сол өнерін ұстай біліп, қадірлі болады. «Өнерпаз болсаң -өр бол» дейді Біржан аға. Жалқы бол, жарлы бол, ол кемшілік емес. Өнерлі ақын, асқақ әнші болсаң-ел көңіліндегі мұңды айтып, көзіндегі жасты тыйсаң, сенен зор, сенен қадірлі болмасқа тиісті!
Базаралы:
Осының рас, Абай. Жігіт қадірі өнерімен өлшенсін! (әдейі ойнақыланып, серпе сөйлеп) Пәлей! Мақұл! Ал, ендеше, мен нені айттым?! Менің айтқаным да, істегенім де... Түгел Тобықтыны бәріне танытам дегенім де осы ғана емес пе еді, сығыр-ау! Кедейшілігіме қарама, кісілігіме қара демеп пе ем? Өй, тәйірі-ай, ішің терең жігіт десем, сен де осындай үстірт пе ең, Абай? Саған осыны ұғындыру үшін сонау Көкшетаудан, иісі Арқадан тек Біржан ғана келуі керек пе еді? (назбенен сақ-сақ күледі, өзгелер де күледі)
Абай: (күле отырып, жауап қайтарады)
-Рас-ау, оның, Базеке, бәрі рас! «Кедейлігіне қарама, кісілігіне қара» десе, түгел Тобықтыдан сені атау дұрыс. Бірақ біз өнерді айтып отырмыз. Сол өнерге келгенде сіз екеуіміз ел есінде қалар не көрсеттік, нендей үлгі шаштық?!(Абай қатқыл үнмен сұрақ қойды)
Базаралы:
-Менде жоқты іздепсің, оныңды Базаралы қайдан тапсын?!
Біржан:
Мен сенің ойыңды ұқтым, Абай (домбырасын біраз желдіртіп алып, «Жанбота әнін» айтады)
Жанбота, өзің болыс, әкең Қарпық,
Ішінде сегіз болыс шенің артық.
Өзіңдей Азанбайдың поштабайы
Қолымнан домбырамды алды тартып.
Тартса да домбырамды бергенім жоқ,
Есерді поштабайдай көргенім жоқ,
Қамшымен топ ұрып еді,
Намыстан, уа дариға, өлгенім жоқ.
Жанбота, осы ма еді өлген жерім,
Көкшетау боқтығына көмген жерің.
Кісісін бір болыстың біреу сабап,
Бар ма еді статьяда көрген жерің?...
Абай:
-Азанбайлар мынау жерде, бүгін ғана азынайтын шығар. «Мен жер құдаймын» дейтін шығар. Бірақ ертең олардан із де, тозаң да қалмайды, қалмасы анық! Сонда тек Сарыарқаның атырабынан, Атығай, Қарауыл, керей, уақтың шежіресінен өзіңнің ғана атың қалады, Біржан аға.

Дауыстар: Дұрыс айтасың. Дұрыс.

Жиренше:
Аты қалған деген осы емес пе, осы мына отырған өңшең әнші болам деген жалынды жас екі айдан бері еріп жүріп, Біржан әнін үйренген екен. Енді сол алғанын әсте ұмытар емес. Әнді ұмытпаса, айтушысы, үлгісі Біржанды ұмытар ма?
Абай:
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең - менше сүй.

Біржан:
-Абайжан, менің әнім саған жақсы қозғау салды деуші ең. Сен болсаң әндегі біздің өзіміз байқамай, елемей жүрген түпкірді ашасың. Ендігі өміріме борыш арттың ғой!

Абай:
-Ендеше, мүддеміз бір жерден шыққан екен, Біржан аға?

Біржан:
-Мүдде жолында біріміз ары, біріміз бері шыға жатармыз. Өзіңнің әнді көтеріп қадірлегеніңдей, өлең-сөзді мен де ең алғаш бағалағаным осы десем не дейсің?

Абай:
-Біржан аға, тек өнер қадірін білгеніміз анық болса, өмір тірлікте басқа шауып, төске өрлеген өнерді ғана қадір тұтайық.Рас, онда сіздің аз болып, жалғыздық көруіңіз де хақ. Бірақ сол жақсылық жолы жаманшылықпен жарғыласу екенін ұмытпай сақтайық! (екеуі құшақтасып, қоштасады )

Біржан:
Ей, бозбала-ай,
Өтт-ау, заман-ай,
Қош бол, аман!...

2-жүргізуші: Ел арасында жиі айтылатын “Балқадиша”, “Ләйлім шырақ”, “Қараторғай”, “ Ақбақай”, жан дүниеңе әсер ететін “Гауһартас”, “ Гәкку ” секілді әндер уақыт өткен сайын асылдана түскендей.

1-жүргізуші: Ахмет Байтұрсынұлы «Біздің заманымыз – өткен заманның баласы, келер заманның атасы!» дегендей, бүгінгі іс-шарамыздың мақсаты - кешегінің дәстүрлерін бойға сіңіріп, ертеңгі күні ұлт дамуына үлес қосу. Қазақ халқының ұлы халық екендігін ұғыну. Ұлы халықтың абыройлы ұрпағы болуға тырысу.

2-жүргізуші:
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Қастерлеп сөз асылын, өлеңімен
Мұра ғып, кейінгіге қалдырған кім?

1-жүргізуші:
Ерте оянып, ойланып ер жеткен кім?
Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құба жан, құбақан құм құла қырды,
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?

Сегіз сері :
Мұхаммед-Қанапия болса да атым,
Сегіз деп атап кеткен мені халқым.
Өнердің бойға біткен арқасында,
Үш жүздің сал-сері еттім азаматым.
Арысы Орта жүзде Керей затым,
Үш жүзде болды әйгілі Сегіз атым,
Ұлықтан қуғын көріп кетсем-дағы,
Есімнен ұмытылмас туған халқым.

1-жүргізуші: Ұлы қаламгер Ғабит Мүсіреповтың өзі «атақтының атақтысы» деп баға берген Сегіз сері Баһрамұлы Шақшақов-қазақ халқының маңдайына біткен шоқтығы биік қайталанбас біртуар перзенттерінің бірі. Сегіз серінің азан шақырып қойған есімі Мұхаммед-Қанафия. Сегіз сері аталуына байланысты екі түрлі түсінік беріледі. Біріншіден, Мұхаммед-Қанапия сегіз жасында әксі,ағасы Шағырай салмен және Жанат серімен бірге аңға шыққанда алдарынан қашқан бір киікті құлатады. Содан «сегіз жасында киік атып алды, мұның аты Сегіз болсын!»-деп , ел-жұрт солай атап кетеді.
2-жүргізуші: Екіншіден, Мұхаммед-Қанапия жас кезінен-ақ сегіз қырлы, бір сырлы өте өнерпаз жігіт болып өседі. Әнші, ақын, күйшілігімен қоса, палуан, саятшы,атбегі және он саусағынан өнер тамған шебер болады. Осындай жан-жақты өнерпаздығына тәнті болған ел оған өсе келе сері деген атты және қосады. Сөйтіп, ол ел аузында «Сегіз сері» атанып кетеді.

1-жүргізуші: Қабыл алыңыздар, Сегіз серінің әні «Ақбақай»

Жаяу Мұса :
Мына бір дүние өткен күн,
Кейінгі қуып жеткен күн.
Қара бура қартайып,
Жар басына шөккен күн.
Жаяу Мұса атынан
Зарымды айтқан бұл әнді,
Қалдырдым саған аманат.

1-жүргізуші: Әнші, ақын, композитор Жаяу Мұса Байжанұлы қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданы Жасыбай көлінің маңында туған. Жасынан ән-күйге құмар Жаяу Мұса 1851 жылы Қызылжарға келіп, орыс тілін сонымен қатар домбыра, қобыз, скрипка, сырнай ойнауды үйренеді. Жаяу Мұсаның “Ақ сиса”, “Көгершін”, “Ләйлім” т.б. көптеген әндері белгілі.

2- жүргізуші: Жаяу Мұсаның әні «Ақсиса» (скрипка)

Үкілі Ыбырай
Әнші бар Көкшетауда талай ірі,
Ыбырай топ жарғанның о да бірі.
Қаңбақша қыз-бозбала қағып алып,
Жайылған талай әсем ән мен жыры.
Өзі ақын, ән шығарғыш, домбырашы,
Сауықтың жан думаны, болған пірі.
Ақырып арыстандай ән салады,
Ыбырай жүйрік тарлан, әлі тірі.

1- жүргізуші: Үкілі Ыбырай- қазақтың халық сазгері, белгілі әнші әрі ақын импровизатор, классикалық халық музыкасының ірі өкілдерінің бірі.
2- жүргізуші: Жасынан әнге, өлеңге құмар Ыбырай өз заманында әнші-сазгерлігімен аты шыққан. Үкілі Ыбырайдың мұрасында қырыққа жуық әндер бар.
1- жүргізуші: Құс салып, айдын көлде дабыл қақтым,
Ән салып, талай елдің дәмін таттым.
Жетсін деп осы дауысым Гәккуіме,
“Гәккуді” қоңыр қаздай қаңқылдаттым-деп ақынның өзі жырлағандай «Гәкку» әнін қабыл алыңыздар.
Ақан сері:
Туған жерім Баянауыл,
Кейде тынық ,кейде дауыл.
Ұлытаудың қойнауында
Мекен еткен біздің ауыл.
Үш жүзге атым мәлім Ақан сері,
Қанша қысым көрсетсе де,
Өмір бойы бітпес дауым.

1- жүргізуші: Арқаның ардагері атанған Ақан сері (Ақжігіт) - қазақтың ән өнері аспанында зор даусымен асқақатата жыр нөсерін ақтарып ондағы тамаша таланттың айқын көрінісі есепті сегіз қырлы, бір сырлы ардагер азамат. өзі өмір сүрген дәуір шындығын ән-музыка, өлең - жыр туындылары арқылы бейнелей білген, ұлы суреткер, композитор.

2- жүргізуші: Өмір сүрген ортасынан озат шығып, асыл өнерімен де, жеке бас әдет-мінездерімен де, жүріс-тұрыс, киім киіс, сән-салтанатымен де даралана көзге түскен қазықтың ең қадірлі серісі.
1- жүргізуші: Қабыл алыңыздар, Ақан серінің әні «Балқадиша»
2-жүргізуші: «Ақан сері операсынан Ақтоқтының ариясы»

1-жүргізуші: Тағдырдың түрлі елегінен өтіп, осы уақытқа дейін тамырына балта шабылмай, екі асыл мұрамыз өлмей келеді. Оның бірі — бойымызға ана сүтімен дарыған құдіретті тіліміз болса, екіншісі халықтың асыл қазынасына айналған әндеріміз. Қазақ әні – қазақ жанының ғасырлар көшінде шаң баспаған сырлы айна¬сы, халық рухының ықылымнан тіл қатқан тірі куәгері.
2-жүргізуші: Ән өнері ұлттық музыка мәде¬ниеті¬міздің алтын өзегі, ықылым¬нан бү¬гін¬ге арқауын үзбей жетіп, қазіргі рухани болмысымызға нәр беріп тұрған сарқыл¬мас қайнары.
1-жүргізуші: Осымен Әнші-ақындар шығармашылығына арналған атты мәдени іс-шарамыз аяқталды. Қош сау болыңыздар!
2-жүргізуші: Еліміздің іргесі берік, мәртебесі биік болсын!
Категория: ВОСПИТАНИЕ ШКОЛЬНИКОВ | Добавил: анарка
Просмотров: 2072 | Загрузок: 181 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Воскресенье, 2024-05-19, 2:03 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

МОДЕЛЬ 12-летней ШКОЛЫ [4]
ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ ТЕХНОЛОГИИ [12]
УПРАВЛЕНИЕ [63]
ВОСПИТАНИЕ ШКОЛЬНИКОВ [224]
НАУКА И ПРАКТИКА [1]
Школьная практика [6]
Юбилей [9]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru