Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » Журнал "Творческая педагогика" » ВОСПИТАНИЕ ШКОЛЬНИКОВ

1 КУРС БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫНЫҢ КОЛЛЕДЖГЕ БЕЙІМДЕЛУІ
[ Скачать с сервера (22.7 Kb) ] 2013-04-03, 5:38 PM
Семей қаласының
М.О.Әуезов атындағы
педагогикалық колледж оқытушысы
Ахметова Арман Мұратқызы

1 КУРС БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫНЫҢ КОЛЛЕДЖГЕ БЕЙІМДЕЛУІ
Қазіргі заманның талабы, жас ұрпақты жеке тұлға етіп тәрбиелеу, ол тұлғаның дүниетанымы кең, өзін - өзі қоғамда, өзі білім алып жатқан оқу орнындағы ұжымда бақылай алатын және кез-келген ортада өз-өзін таныта білетін болуы қажет. Бұл міндеттер баланың сол оқу орнына бейімделуімен тығыз байланысты. Осы аталған міндеттерді шешу қазіргі кездегі психолоиялық – педагогикалық ғылымның басты міндеті болып саналады.
Мектеп табалдырығынан кейін оқушылардың колледжде білім алуға келулері, олардың өміріндегі алғашқы дербес басқан қадамдарының бірі.
1 курсқа білім алушыларының колледж өміріне қалыптасу кезінде жақсы ойластырылып ұйымдастырылған жұмыс, көшет егін дайындығы тәрізді өз ісінде жас шебердің кәсіби қалыптасу ісінде көбірек елеулі жетістік әкелетіні баршамызға белгілі.
Баршамызға белгілі, жас, көпті көрмеген ұлдар мен қыздар мектептен басқа оқу ортасына түсіп, жаңа оқу орны, жаңа орта, жаңа тәртіпке-тәуелсіз, қарама-қайшы уәждемемен тиімді түрде бейімделе алмайды, жақсыға ұмтылуға қойып, кәсіби хабардардан алыс басымдық таңдайды.
Осыдан келіп кешегі оқушылармен жұмыс жасағанда олардың сол оқу орнына нәтижелі бейімделуге болысушылық та маңызды акцент жасау керек.
Осы орайда ұстаздар қауымының алдында көп сұрақтар туындайды: болусышылық деген не, оның тәжірибелік мазмұны неде, не нәрседен тап, қай реттілікте орындау керек? Осындай шаралар комплексінде кім маңызды қамқорлық ауыртпалығын алмақ?
Аталмыш сұрақтарға жауап өз бетімен табылады, әріне ол кураторлар, өйткені олар студенттің өмірін толық қамти алады, сондықтан куратор кіші оқу буыны «Колледжендіруде» жоғары табысқа жете алады деген сөз.
Бейімделу кезін бір сөзбен айтып өту қиын. Білімалушылардың педагогикалық-психологиялық жағынан жаңа оқу орнына бейімделулерінің оң және теріс ықпалдары да болады. Сондықтан да осы ықпалдарды шешуде оқу мен тәрбиені қатар алып жүргеннің орны ерекше.
Қазіргі кезде кез – келген оқушылардың мектептен кейін колледге түсіп, сол оқу орнына бейімделуіне көңіл аударуларының орасан зор әлеуметтік мәнге ие, білімалушыларға қойылатын колледждің барша талаптарын оқушылардың орындауларын қамтамасыз ететін мұғалімдер, олардың білім мен білік, дағдыны дұрыс игеру кезіндегі жауапкершілік әрқашан бірінші орынға шығады.
Бейімделу процесі – үздіксіз процес болып табылады, егер де сол жүйеде «еңбек субъектісі – кәсіби орта» болған жағдайда ғана ол тұлғаны белсендіре алады.
Колледж өміріне білімалушылардың бейімделу процесінде 3 түрлі кезеңді алып қарауға болады:
1. Бейімделуге қиналу.
2. Орнығу.
3. Бейімделудегі жүдеу.
Осы кезеңдер іс-әрекет субъектісінің ақпараттық, энергиялық, мінез – құлықтық ресурстардың ара – қатынасын бейнелейді және өнеркәсіптік ортаның талаптарын орындайды.
Бірінші курс білімалушыларының оқу орнына бейімделу үрдісіне орай жүргізілген көптеген зерттеулер келесідей негізгі қиындықтарға жіктеледі екен:
1) кешегі мектептің ұжымындағы оқушылардың оның өзара көмегі мен моральдік қалауының кетуімен байланысты жағымсыз күйзелістер;
2) кәсіпті таңдаудағы мотивацияның белгісіздігі, оған жеткіліксіз психологиялық даярлық;
3) мінез-құлық пен іс-әрекетті психологиялық өзіндік реттей алмаушылық, оның күнделікті бақылауға алынуын педагогтардың талап етуі;
4) жаңа жағдайда еңбек пен демалыстың оптималды тәртібін қарастырып іздеу жұмыс пен өзіндік қызметті реттеу, әсіресе үй жағдайынан жатақханаға ауысу кезінде;
5) соңғысы өзіндік жұмысқа дағдының болмауы, конспекті жасай алмау, алғашқы еңбек көздерімен, сөздіктермен, анықтама сілтемелермен жұмыс жасай алмаушылық;
6) оқу орнында қалыптасқан ішкі тәртіп ережесіне қайшы әрекеттерді жасау, ішкі тәртіпке көнбеушілік немесе үйренбеушілік.
Барлық осы қиыншылықтар өзінің шығуына байланысты әр түрлі. Оның кейбіреулері объективті құрыла алмайтын, енді біреулері субъективті сипатта және де әлсіз даярлықпен, мектеп және жанұя тәрбиесіндегі ақаулармен байланысты.
Білім алушылардың жас кезеңдерінде төмендегідей жаңа жасалулар, мүмкіндіктер анық байқалады:
- ақыл-ой, адамгершілік қатынастағы зерделілік (ересектік);
- наным-сенім, дүниеге көзқарасы;
- өзбеттілік - турашылдық;
- сыншылдық және өзіне сыншылдық;
- ішкі сенімсіздікті тудыратын өзіндік бағасының қайшылығы;
- максимализм, үлкендердің ойына жағымсыз қатынас;
- екі жүзділік, қалжың, дөрекілік, айқаймен әсер етуге талпыныс;
- интеллектуалдық танымдық дамудың жоғарғы шегі.
Бейімделу дегеніміз – грек тілінен аударғанда адаптация дегенді білдіреді. Яғни, ағзаның ортамен өзара тиімді қарым – қатынасы болып табылады. Бұл процесс әртүрлі деңгейлерде: биологиялық, психологиялық, әлеуметтік түрде іске асырылады.
Психологиялық деңгейде білімалушылар бейімделудің табысты шешім қабылдауы, өз мүддесін көрсету, жауапкершілікті қабылдау, ұсынылатын іс - әрекеттердің нәтижесіне дұрыс көзқарас арқылы байқалады.
Басқаша айтсақ, «БЕЙІМДЕЛУ ҚАБІЛЕТ – ешқандай ішкі дискомфортты сезінбей және қоршаған орта мен қарама-қайшылықсыз адамның қоршаған ортаның әлеуметтік, физикалық, әр түрлі талаптарына бейімделе алу қабілеті».
БЕЙІМДЕЛУ – бұл белсенді іс-әрекеттің алғы шарты және оның тиімділігінің қажетті шарты. Бұдан индивидтің қандай да бір әлеуметтік рөлінің жақсы қызмет етуі үшін бейімделудің жағымды маңызы көрінеді.
Білімалушылардың колледжге психологиялық бейімделуі – оқу орнында қалыптасқан талаптар мен бағалардың өлшемдеріне құндылықтар мен нормаларды өзіне иемденудің есебінен білімалушының сол оқу орнына икемдену қабілетін айтады.
Бірінші курс білімалушыларының оқу орнының жағдайына бейімделуінің үш түрі бар:
1) формальды бейімделу, білімалушылардың жаңа ортаға, колледж құрылымына, ондағы оқыту мазмұнына және оның талаптарына қатысты;
2) қоғамдық бейімделу, яғни, бірінші курс білімалушыларының топтық ішкі бірігуі және жалпы алғанда топтардың басқа студенттермен қосылу үрдісі;
3) Дидактикалық бейімделу, колледждегі білімалушылардың оқыту жұмыстарының түрлері мен әдістеріне байланысты бейімделу.
Білімалушылардың оқу орнына оптималды бейімділігін қамтамасыз ететін тактика мен жоспарларды жасау үшін бірінші курс дәрістенушісінің өмірлік жоспарлары мен қызығушылықтарын, басым мотивтерінің жүйесін, тартымдылық деңгейін, өзін бағалауын, мінез-құлқын саналы реттеу қабілетін және т.б. білу маңызды. Осы мәселені сәтті шешу колледждегі психологиялық қызметінің дамуымен байланысты.
Әр куратор болған жағдайда аз шығында үлкен нәтиже әкелетін жұмыс әдістерін және тәсілдерін іздейді.
Тәжірибе бойынша осы бағытта тиімді қадам әр студент бойынша мәнді ақпарат жинау болып табылады. Жинаудың ең еркін-табиғи әдісі сеніп тапсырылған әдісі ұжыммен бірінші танысудан кейін жазбаша сауалнама болып табылады.
1-ші курс оқушыларының жаңа буынға бейімделулерін, қалыптасу деңгейін анықтап, оқушылардың жаңа буынға тез бейімделіп кетуіне жағдай жасалып, көмек көрсетілді.
Филлипс тесті алынып қорытындысы шығарылды. “Кел, танысайық!”, “Колледжде оқу дегеніміз не?”, “Біз және біздің дағдымыз”, “Біз және біздің кемшіліктеріміз бен жетістіктеріміз”, “Біз және біздің сынып” атты тренингтер, сауалнамалар жүргізуге болады.
1 курс білімалушырымен танымдық интеллектуалдық және логикалық қабілеттерін анықтау мақсатында В. Серебрякофтың «Интеллектуалдық» тестін алуға болады. Тест білімалушылардың логикалық даму деңгейлерін анықтаушы тест болып табылады.
Мінез-құлықтағы жағымды қасиетті қалыптастыру, дамыту, өзара әрекеттестікті жетілдіру, ұйымшылдыққа баулу мақсатында Эмоция”, ойындары және “Темперамент тестін” алуға болады.
Кез – келген баланың белгілі бір ортаға және іс-әрекетке бейімделу өздігінен құрыла алмайды. Сондықтан баланың жеке басын қалыптастыруда жалпы балалар ұжымын қалыптастыру жолдарының тиімдісін таңдап алған жөн.
Колледж – кәсіптік білім берудің шешуші факторы ретінде, кез – келген оқытушы мен топ кураторынан білімалушылардың колледжге бейімделуін қалыптастырудың дұрыс та, тиімді жолдарын білуді талап етеді. Тіпті қалыптасып бейімделген білімалушылар тобының өзінде даму үшін бірталай жұмыстар жасау қажет болады.
Сонымен, білімалушылардың колледжге бейімделуі дегеніміз – өз - өзіне деген сенімділік, өз ойын білдіре алуға деген ұмтылысы; ал эмоциялық критерийлердің көрсеткіштері ретінде – таңдаған болашақ мамандығына деген жағымды эмоциялардың болуы, жауапкершілік; белсенді іс- әрекет қажеттілігін ұғынуы, танымдық іс- әрекетке ұмтылысы, жалпы өмірлік жоспарды ұғынуы, жұмыс өнімділігін жоғарылатуға деген ұмтылысы; өзінің тұлға ретіндегі іс-әрекетке қызығушылығын айтады.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Абенова Е.А. Оқушыларының бейімделу проблемалары / Алматы. – Білім жолы. – 2004. – 130 б.
2. Абенова Е. Жас мұғалімдердің кәсіби бейімделуі // Қазақстан мектебі.
- 2003. - № 9. – 44 б.
3. Бап – Баба Сәбет. Жалпы психология / - Алматы. – Дарын. – 2005. – 365.
4. Жұмашева Н. Балалардың мектепке бейімделуі // Бастауыш мектеп., - 2003. - № 10.- 64.
4. Кәсіпке бейімделу мәселесінің психологиялық ерекшеліктері // Қайнар
университетінің хабаршысы. Психология сериясы. – 2004. - № 2. – 70 б.
5. Қалымбетова Э.К. Бейімделу болашақтың бейнесін құру ретінде // Ұлт тағылымы. – 2005. - № 3. – 251 б.
6. Оразбаева Ж.Н. Бейімделу табыстылығының психологиялық ерекшеліктері // Қазақстан жоғары мектебі. – 2005. - № 3. – 258 б.
7. Петровский П.П. Возрастная и педогогическая психология / – М., - 1982.
8. Психология школьника / – М: Просвещение., - 1982. – 248.
9. Эльконин Д.Б. Избранные психологические труды / – М: Педагогика, - 1989. – 555.
Категория: ВОСПИТАНИЕ ШКОЛЬНИКОВ | Добавил: OnE_SouL
Просмотров: 4468 | Загрузок: 361 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-05-08, 10:30 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

МОДЕЛЬ 12-летней ШКОЛЫ [4]
ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ ТЕХНОЛОГИИ [12]
УПРАВЛЕНИЕ [63]
ВОСПИТАНИЕ ШКОЛЬНИКОВ [224]
НАУКА И ПРАКТИКА [1]
Школьная практика [6]
Юбилей [9]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru