Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » Журнал "Творческая педагогика" » ВОСПИТАНИЕ ШКОЛЬНИКОВ

Тақырыбы: Киелі сөз
2013-04-26, 6:19 PM
Мақсаты: Білімділік: Халқымыздың тұрмыс салттық, мәдени
өміріндегі тәлімі зор киелі сөздер бата
түрлерімен таныстыру.
Дамытушылық: Сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін, рухани ой-
өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Өз ұлтының дәстүрін ,тілін қадірлеу,сүю.
Мұғалім:Сәлеметсіңдер ме,балалар! Біз бүгін киелі сөз, бата түрлерімен танысамыз.Батаны халқымыз киелі тілеу деп бағалайды.
Оған дәлел: «Бата сөздің атасы», «Атаңнан бота қалмасың,бата қалсың» деген секілді аталы сөздің ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқандығы. Егер біз батаны кішіге айтқан көл-көсір ақ тілеуі де қана ұқсас, сөз мәнісінде, сөз киесіне тайыз баға берген боламыз.Ең бастысы ,батаның тәрбиелік мәнінің тереңде жатқаның бағамдай білуіміз керек.Тілек пен бата екі бөлек.Батаны кез келген адам айта алмайды. Көбіне елге силы, көпті көрген,басқаға үлгі өнеге бере алатын адамдар береді.Өткен сабақтарда,танысқанбыз,батаның қандай түрлері бар?Оқушылар:Ақ бата,теріс бата.
-Өте дұрыс!Ақ бата қай уақытта,қандай жағдайда беріледі?
-Адамға жақсылық жасағанда,сапарға аттанарда,той жиындарда.
-Ал теріс бата қай уақытта?
-Адамға қастық қылғанда:мысалы:кісі өлтірсе,ұрлық жасаса.
-Жақсы айттындарюАуызында дуа,сөзінде кие бар,данагөйлеріміз елге пана , халыққа қорған болар адамдарды тәрбиелеуде батаның орны ерекше болған.
Соған орай ,боламын, толамын деген әр жас қыран қияға ұшарында әлгідей дана данагөйлердің батасынсыз қия баспаған.
Мысылы:ертеде жорыққа аттанарда, ел қорғайтын батырларымыз арнайы бата алып аттанғанюСендердің өздерін алғашқы мектеп табалдырығын аттағанда ,ер балалар сүндетке отырғанда әке-шешелеріңүлкендерді шақырып бата алған.
Ал айта қойындаршы біз сөз мәдениеті сабағында қандай бата түрлерімен таныстық?
Оқушылар:
1. Ұл балаға бата
Жүсіттің дидарын берсін
Мұхаметтің иманын берсін
Жаныңа даланың кеңдігін берсін
Әзірет Әлидің ерлігін берсін
Абылайдың байрағын бкрсін
Бауыржан батырдың айбарын берсін
2. Қыз балаға бата
Талдай бой берсін
Сұңғыла ой берсін
Жаздай жамал берсін
Қардай жанар берсін
Анаға шуақ болсын
Ағаға қуат болсын,
Нәзік жаны болсын
Елінің ары болсын,
Басына өнердің бағы қонсын,
Ақ орданың шамы болсын.
3. Қарияларға бата
Түндерін тыныш болсын,
Үйлеріңе ырыс толсын
Келіндерің есті болсын
Ұлдарың сесті болсын
Балаларың қуаныш әкелсін,
Немерелерің жұбаныш әкелсін
Орындарың төр болсын,
Дастархандарың мол болсын. Ф. Оңғарсынова

4. Әскерге кетіп бара жатқандарға бата.
Оң болсын балам, сапарың
Молықсын дәмің, татарың
Туған елің тапсырған
Парызын өте Отанның.
Барып келіп жатыр ғой,
Өзеңдей жастар-қатарың.
Халықтың сүйген тірегі,
Сол темірдей білекті,
Арыстандай жүректі,
Анаңның сүтін ақтай біл
Берегөр деп тілекті.

5. Көші-қон батасы.
Көштерің көлікті болсын,
Жолдарың көрікті болсын,
Қоныстарың құтты болсын!
Босағасы мықты болсын!
Бастарыңа айырылмас бақ қонсын
Мейірбанды алла жақ болсын.

6. Балаға берілетін бата.
Атаңның иықтысы бол,
Анаңның сүйіктісі бол
Халқыңа қадіргі асқан,
Мәртебесі биік кісі бол!

7. Жас жұбайларға бата.
Сезімнің пәктігін берсін,
Көңілдің ақтығын берсін,
Жылулы от бастарыңа
Сәбидің шатты үнін берсін!

8. Дастарханға берілетін бата.
Я, Тәнірі-құдірет
Мал-бастарын аман ет,
Басына бер бақыт,
Асына бер берекет
Өмір- жасын ұзақ ет
Мехнат, зақыметтен амал ет
Дұшпанның күнін жаман ет
Ұрақтарын асыл ет
Дүниедегі жақсылықты осы үйге нәсіп ет.

9. Наурыз батасы.
Жаңа-жыл бақыт,
Малың тоқ,
Уайым қайғың жоқ болсын
Көген толы қозы,
Желі толы құлын болсын,
Малың базарлы
Ұлың
Категория: ВОСПИТАНИЕ ШКОЛЬНИКОВ | Добавил: Тамабаева
Просмотров: 1529 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-05-08, 11:18 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

МОДЕЛЬ 12-летней ШКОЛЫ [4]
ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ ТЕХНОЛОГИИ [12]
УПРАВЛЕНИЕ [63]
ВОСПИТАНИЕ ШКОЛЬНИКОВ [224]
НАУКА И ПРАКТИКА [1]
Школьная практика [6]
Юбилей [9]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru