Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » Журнал "Творческая педагогика" » ВОСПИТАНИЕ ШКОЛЬНИКОВ

Рәміздер – ұлт мақтанышы /Сынып сағаты/
2015-02-20, 12:24 PM
Рәміздер – ұлт мақтанышы /Сынып сағаты/ Тақырыбы: Рәміздер – ұлт мақтанышы Мақсаты: Білімділік: Оқушылардың аса маңызды мемлекеттік белгілер- рәміздер жөніндегі білімдерін жан-жақты сарапқа салу, оларға мемлекеттік белгілердің аса маңызды екенін ұғындыру, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін ашып көрсету; Тәрбиелік: Отаншылдық, ұлтжандылыққа, өз елін, тегін, тарихын сүюге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Ой-өрісін, танымдық қабілетін, жеке дара тұлға ретінде дамыту.
Көрнекілігі: рәміздердің суреті, елбасының суреті, кітаптар
Барысы:
Ән ұран
Мұғалім: Мектеп өмірі білім баспалдағы тәрізді. Бір сатыдан екінші сатыға әр түрлі қиындықтар мен қуаныштардан өтіп, жоғарылай бересіздер. Барлық қиындықтарды бірге жеңеміз деген үміттемін. Тек қана білім алуды ғана емес, сонымен қатар дос болуға да үйренеміз. Біздің сыныбымыздағы жақсы қарым-қатынасымыздан әрдайым жылулық сезінсін.
Шаттық шеңбері(Төменде айтылғанға келіссеңіз, қимылдарды жасаңыз)
- Егер сіз мектепке қуана-қуана барсаңыз, оң қолыңызбен бұлғаңыз;
- Егер сіз адамдардың адалдығы мен ар-ұяттылығын бағаласаңыз, бір қадам алға басыңыз;
- Егер өз күшіңізге сенсеңіз, орныңызда секіріңіз;
- Егер біз айналадамыздағы адамдардың ұлтына және әлеуметтік жағдайына қарамай құқықтарын сыйлауымыз керек деп ойласаңыз, бір қадам артқа басыңыз;
- Егер біздің еліміздің тағдыры сізді алаңдатса, алақаныңызбен шапалақ соғыңыз;
- Егер өзіңізді патриот санасаңыз, екі қолыңызды жоғары көтеріңіз;
- Егер біздің мемлекетіміз әлемде беделді орынға ие болады десеңіз, екі қолыңызды алға созыңыз;
- Егер еліміздің болашағы сіздің қолыңызда екеніне сенсеңіз, қолдарыңызды ұстаңыз.
Арай:Қазақ елі ұлан- байтақ. Бір қиырынан екінші қиырына дейін ұшқан құстың қанаты талып, жортқан аңның тұяғы шағылған деп суреттеледі аңыздарда. Айтса айтқандай, батысынан шығысына 3000 шақырым, солтүстігінен оңтүстігіне 1600 шақырым, жалпы аумағы 2717.3 мың шаршы шақырым алып аймақты қалай әсірелесе де тұрарлық.
Санжар: Осындай кең-байтақ жерге ие жас, егеменді еліміздің өзге елдердегідей өз «іңгәсі» бар. Ол- көтерген Туы мен Елтаңбасы, асқақтата әуелеткен Әнұраны. Еркіндікке ұмтылған қай ел, қай халық та өз даусымен сөйлеуді, өз үнімен жар салуды армандайды.
«Қазақтай ел қайда» әні- ұлдар хоры
Мадияр: ҚР-ның Ата заңының 9-бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы және Гимні бар,»- делінген.
Жандос:Сондай-ақ осы заңның 34- бап, 2-тармағында «Әркім Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге міндетті,»- делінген. Олай болса бүгінгі « Рәміздер – ұлт мақтанышы» атты ашық тәрбие сағатына қош келіпсіздер!
Нұртілек: Кез-келген мемлекет өз Елтаңбасымен еңселі, әнұранымен айбатты, туымен тұғырлы болады дейміз. ҚР-ның мемлекеттік рәміздері қашан қабылданды?
Рәміздеріміз туралы не айтасыздар?
(Оқушылар рәміздерді суреттеп береді)
Камила: Ту туралы суреттеп, талдап баяндап береді.
Арсылан: Бәрі болған қазақ сынды көне елде,
Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер де.
Жаһандағы ең жауынгер халықта
Кім сенеді Ту болмады дегенге ?
Алия: Елтаңбаның суріт салып әкеліп, сол туралы баяндап береді
Диас: Бас білгізіп жер тарпыған тарпаңға,
Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға.
Қалай оның Елтаңбасы болмайды,
Түлігіне дейін салса ен – таңба ?!
Диас: Әнұранның авторлары туралы баяндау
Аманбол: Батырлыққа уызынан жарыған,
Ер түркіні байрағынан таныған.
Өзі ақын , өзі әнші халықта ,
Кім айта алар болмаған деп Әнұран ? !
Рахат:: Енді бүгін өлген туым тірілді,
Әнұраным алды жаулап ғұмырды .
Босағада қалып келген Елтаңбам
Баяғыша төріме кеп ілінді.
«Қазақстан» әні – қыздар хоры.
Оқушылар, қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?
«Қыз қуу» ойынын ойнайық
Бұл ойында сіздердің қаншалықты орыс тілін меңгергендігіңізді білеміз. Берілген сөздерді орыс тіліне аударасыздар. Әуен тоқтаған кезде, ойын аяқталады. Егер қыз жеңсе, ұлды қамшымен ұрады. Егер ұл жеңсе, қыздың бетінен сүйіп, тәтті береді.
Аударуға берілген сөздер: отан – родина, елтаңба – герб, тіл – язык, халық – народ, мемлекет – государство, отбасы – семья, ту – флаг, бірлік – единство, татулық – дружба, туған жер – родная земля, әнұран – гимн.
Енді мынадай ертегіні тыңдайық. «Әкесі мен балалары»
Әкесі:
-Балаларым, әрдайым ауыздарын бір болсын. Бір-бірлеріңе көмектесіп, қиындық болғанда бір-бірлеріңізді құтқарыңдар, - дейді.
Бірақ балалары, ешқашан әкесін тыңдамады, күнде ұрыса беретін болыпты. Сонда әкесі ұлдарына сыпырғыш әкелуді бұйырыпты.
Ал, енді сыпырғышты сындырыңдар.
Қанша тырысқанымен, балалары сындыра алмапты. Сонда әкесі сыпырғыштың түйінін шешіп, бір-бірден сындыруды бұйырады. Балалары тез сындырады. Сонда әкесі:
- Сендер де сыпырғыш сияқтысыңдар. Егер ауыздарың бір болса, сендерді ешкім жеңе алмайды, ал егер үнемі ұрысып, әркім өз бетінше жұмыс жасайтын болса, сендерді кез-келген адам ренжітетін болады.
Оқушылар, біздің де ауызбіршілігіміз мол, бір-бірімізге көмектесетіндей дос болуым керек. Сонда ғана мемлекетіміз өркендеп, әлемде беделді орынға ие болады. Еліміздің болашағы сіздердің қолдарыңызда.
Әлия: Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің.
Адина: Ғажап қой сұлу көктем, жазың әні,
Тыңдарсың оң жүректің сазын әлі.
Шіркін-ай, жер жетпейді бір өзіңе,
Қойнауың тұнған байлық, қазыналы.
Әсемдетіп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпағының бақыты үшін,
Жайнай бер, Ұлы Отан- Қазақ елім!
Санжар: Енді оқушылар, біздің ең басты байлығымыз- денсаулық. Деніміз сау болсын десек, салауатты өмір салтын ұстануымыз қажет. Спорт- денсаулық кепілі. Ендеше, қолымыз бос кезінде спорттық ойындармен айналысуымыз қажет.
Адина:Тамыз айында өткен ХХХ жазғы Лондон олимпиадасында Отандастарымыз атой салып, 7 алтын, 1 күміс, 5 қола медальмен әлемге көк туымызды паш еткен болатын.
Алия: Лондон олимпиадасына жанкүйер болған қазақ жұртының спортқа деген ықыласы арта түсіп, көптеген спорттық кешендер ашыла бастады.
Диас: Толағайларымыздың олимп төрінде жасындай жарқылдауына бірден-бір үлес қосқан, рухани көмек көрсеткен Елбасымызға алғыс шексіз. Елбасының ұстанып отырған саясаты арқасында тек саяси жиындарда емес, спорттық шараларда да көк туымыз көк аспанда желбіреуде.
Олай болса, «Бокс» ойынын ойнайық. /Екі оқушыға бокс қолғабы кигізіледі. Сол бокс қолғабымен тиынды алу керек. Кім бірінші алады, сол оқушы жеңімпаз атанады./
Әр оқушы өзі жазып әкелген өлеңдерін оқиды:
Сейтова Алия: «Қазақстан»
Қазақстан, қазақ елі қарыштаған,
Күннен күнге дауысы шарықтаған.
Тәуелсіз ел болып, өз басына,
Әлемге менің елім кең танылған
Сарыарқа төрінде – Елордасы,
Минут сайын өркендеп –Астанасы.
Ұстанып «2030 бағдарламасын»
Жас отаудың көбейді баспанасы.
Оңтүстігі –ақ айын- күріш, мақта,
Солтүстігі сары алтын- бидай арпа.
Батысында қара алтын, балығымен,
Шығысы-орман- тоғай, бұл бір бақша.
Камила: «Отаным менің -Қазақстан»
Желбіреп көктен туымыз.
Төбеге биік тігілді.
Көгінде ашық арайлап,
Шашып тұр сәуле күніміз
Нұрынан жарық түрілді,
Қараңғы түнек түніміз
Астында күннің қырынан
Шомылып нұрға төгілген.
Ендеше оқушылар,
Мемлекетімізге жарқын болашақ, елімізге саналы ұрпақ тілейміз. Айымыз үнемі оңымыздан тусын! Осымен « Рәміздер – ұлт мақтанышы» атты сынып сағатымыз аяқталды. Деніміз сау, санамыз ояу
Категория: ВОСПИТАНИЕ ШКОЛЬНИКОВ | Добавил: Барша
Просмотров: 1206 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 6:32 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

МОДЕЛЬ 12-летней ШКОЛЫ [4]
ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ ТЕХНОЛОГИИ [12]
УПРАВЛЕНИЕ [63]
ВОСПИТАНИЕ ШКОЛЬНИКОВ [224]
НАУКА И ПРАКТИКА [1]
Школьная практика [6]
Юбилей [9]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru