Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » Журнал "Творческая педагогика" » ВОСПИТАНИЕ ШКОЛЬНИКОВ

жылы жүрек, жомарт қол
2016-10-26, 8:58 PM
«Қамқоршылар күніне» байланысты өткізілетін ашық тәрбие сағатының тақырыбы: "Жылы жүрек, жомарт қол"
(ата-ана мен балалар бірлесе қатысуымен өткізілетін іс-шара)
Мақсаты: Әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру. Баланың мейірімді сыпайы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру.
Дайындық кезеңі: Балаларға алдын ала отбасы мүшелеріне арнап өлең шумақтарын, ән жаттап келуге тапсырма беріледі.
Безендірілуі: кітап көрмесі, отбасы мүшелері туралы нақыл сөздер,,гүл, шар, суреттер.
(Ақырын "Балбырауын" күйі ойналады, ортаға жүргізуші шығады)
Жүргізуші: Сәлем, ата - алтын күн
Сәлем, қарты халқымның!
Бақытты болғын балалар,
Ашық болсын күніңіз!
Жайнай берсін жүзіңіз!- дей келіп "Жылы жүрек, жомарт қол" деп аталатын мерекемізді бастайық
- Балалар, жұмбақ шешкенді ұнатасыңдар ма? Олай болса сендерге жұмбақтар жасырам, сендер оларды шешуге тырысыңдар.
1-жұмбақ:Кітапты көп оқитын, қызықты тарихи оқиғаларды жақсы білетін, мақал-мәтелдерді жиі қолданатын , немерелерін еркелетіп, үнемі қасынан тастамай ертіп жүретін ақ сақалды кісі кім?
(Ата туралы тақпақ оқылады.)
1-оқушы: Айтады ертек жан атам,
Ақ сақалын салалап.
Құмарымды тарқатам,
Жер мен көкті аралап.
Ертегілер еліне,
Бір шегетін сапары,
Ардақтаймын өмірде,
Асқар таудай атамды.
Сіздердің қошеметтеріңізбен аталарды ортаға шақырайық.
2-жұмбақ: Ол өте мейірімді, ақ шашты, дәмді тағамдар, тәтті бауырсақ пісіреді, бізге жылы қолғап, шұлық тоқиды, ұйықтар алдында ән немесе ертегі айтып береді. Бұл кім?
Аймалайды күнім деп,
Мейірімді жүзі күлімдеп.
Тәтті-ақ дейді немере
Бал шырындай үнің деп.
Ол кім?
2-оқушы: Маған ақыл беретін,
Әжем менің асыл жан,
Сипап жақсы көретін,
«Құлыным» деп басымнан.
Жақсылыққа үйретіп,
Жамандықтан шектейді,
Ертегі айтып беретін,
Әжеге ешкім жетпейді.
Сіздердің қошеметтеріңізбен әжелерді ортаға шақырайық.

3-жұмбақ:Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған;
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түн бесігін таянған.
Аялы қолда талпынтқан
Айналасына ас қойған.
Өзенді көлдей шалқытқан
Қолын қатты тигізбей
Кірлі көйлек кигізбей
Иісін жұпар аңқытқан.
Қаймақты сүттей қалқытқан
Суық болса жөргегің
Қорғасындай балқытқан.
Әлпештеп өзіңдей өсірген
Нағашы әжеңнің баласы
4-оқушы: Аялаған, баптаған,
Асыраған сақтаған.
Сақтандырып күнде еппен,
Айтып барін үйреткен
Анамызға мың алғыс!
«Адал бол, - деп, - балдырған»,
Әділдікке баулыған.
Жүрегінде - махаббат
Тілегінде – мархабат
Анамызға мың алғыс!
5-жұмбақ: Өзі салмақты, байсалды, бос уақытын балалармен өткізгенді жақсы көреді, циркке т.б. жерлерге апарады, отбасын қорғаушы, асыраушы,сақтаушы.
Атаңның баласы
кей кезде таласып,
Қаласың әкеге
Білгенің асады кәдеге?
Ол кім?
5-оқушы: Атам айтса «Ұлым» деп,
Әжем айтар «Күнім» деп,
Екеуінен именіп
Айтады әкем «Інім» деп.
Ықыласы бар менде,
Бір шытпайды қабағын.
Үйде, түзде жүргенде,
Соған ұқсап бағамын.
Сіздерді ортаға шаттық шеңберіне шақырамын.
1. Шаттық шеңбері:
Дөңгеленіп тұрайық
Керегені құрайық.
Уықтар боп иіліп,
Шаңыраққа киіліп
Киіз үйді құрайық.
Міне, сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үй сияқты біздің мектебіміздің қабырғалары мықты болып, шаңырағы биік болсын дегім келеді.
Танысу: Бір шаңырақ иесі ретінде бір-бірімізбен жақынырақ танысайық. Мына үлгі бойынша: өз есіміңіздің алдына сын есім қосып айтасыз. Мысалы: мен сымбатты Сайрангүлмін. Ал, мен ақкөңіл Анармын… Олай болса барлығымыз орнымызға жайғасайық.

Әңгiмелеу. Оқушыларға сыйлық ретінде «Отбасы татулығы» аңыз әңгіме:
Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті. Отбасындағы адамдар саны өте көп екен, бір қауым ел болып, бірге тұрыпты. Ол отбасы ерекше екен, отбасының өзара келісімді, татулықта өмір сүруі елді таң қалдырады. Оларда ұрыс-керіс, дау-жанжал деген атымен болмайды екен. Бұл отбасы жайлы патшаның құлағына жетеді. Патша естігенін ақ-қарасын білгісі келіп, ауылға келеді. Ауыл тап-таза, барлығы да жеткілікті, тыныштық пен береке қонған. Патшаның көңілі толып, ерекше бір шаттыққа бөленеді. Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде, уайым-қайғысыз, балалары бақытты, мәз-мейрам екен.
Бұған патша таң-тамаша болады. Отбасының қалайша бақытты, тату-тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді.
Ауыл ақсақалына келіп, отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінеді.
Қалай ойлайсыңдар,қария қалай жауап береді?
Қарт үнсіз ғана жүз рет «сүйіспеншілік», жүз рет «кешірім», жүз рет «бірлік», деп қағазға мұқият жазып шығады.
Үш сөзді оқыған патша таң қалып:
- Осы-ақ па?
- Иә, - деді ақсақал – Барлық жақсы отбасылары тек осы қасиеттерден құрылады, - деді де, сәл ойланып, «және шыдамдылық» деген сөзді қосып қойды.

5. Ата – аналар мен оқушыларға тренингтер өткізу
«Суретті жалғастыр» Ата – аналар ойларына келген бір суретті аяқтамай салады, оқушылар жалғастырады. Оқушылар ойларына келген бір суретті аяқтамай салады, ата – аналары жалғастырады.
«Бала деген махаббатым осындай......»
«мама, сен менің ең....» Ата – ана мен балсының арасы 10 қадам. Ата – анасы баласына қарай әр қадам аттаған сайын қалай еркелететінің айтады. Оқушылар ата – анасына қарай аттаған әр қадамдарында, оларға деген махаббаттарын, сүйіспеншіліктерін білдіреді.
«Үш ең сиқырлы сөз,маған берер күш!» Ата – ана өз баласына деген махабатын үш ақ сөзбен жеткізеді. Оқушы ата - анасына деген сүйіспеншілігін
үш ақ сөзбен жеткізеді.

Аялы алақан (тренинг):
Мақсаты: Ата—ананың баласына қаншалықты мейірім, уақыт бөлетінін анықтау, әр кезде уақыт тауып, мейірімділік көрсетуге баулу.
10 ата-ананы балаларымен ортаға шақырамыз. (Ата — аналардың көздері байлаулы өз баласын қолынан танып алу керек)
Балаңызды қалай таныдыңыз?
Балаңызды тани алмаймын —ау деген қорқыныш болды ма?
Балаңызды тани алмаған кезде қандай сезімде болдыңыз?
Балаңызды қолынан ұстап танитыныңызға сенімді болдыңыз ба?

Байлаулы бала (тренинг):
Бір ата-ана ортаға шығады. Төмендегідей сұрақтар қойылады.
 Сіз балаңызбен көл жағасына бардыңыз. Балаңыз суға қызыққаны соншалық суға қарай жүгіріп кетті. Сіз қалай тоқтатасыз? (аяғы байланады)
 Қарасаңыз балаңыз адамдардың тастап кеткен темекінің тұқылын жинап алып, сонымен ойнап отыр. Сіздің әрекетіңіз? (қолы байланады)
 Жұмыстан шаршап келсеңіз бала теледидардан атыс-шабыс, бір сөзбен айтқанда өз деңгейіне келмейтін кино көріп отыр. Сіздің әрекетіңіз? (көзі байланады)
 Балаңыз сізге басқа ұлттың қызын ұнатты. Бірақ сіздің қалауыңыз ол емес еді. Сіздің әрекетіңіз? (кеудесі байланады)
 Балаңыз досымен келіспей қалды да, жаман сөздермен сыбағасын берді. Сіздің айтар сөзіңіз? (аузы байланады)
Міне, баламыз қандай күйге түсті, құрметті ата-ана. Мұндай күйге түспес үшін баламызға неге болмайтынын, «өйткені» сөзін қолдана отырып түсіндіруіміз керек. Сонда ғана сіз бала тәрбиесінде мақсатыңызға жете аласыз.
Категория: ВОСПИТАНИЕ ШКОЛЬНИКОВ | Добавил: miko2073 | Теги: Ахметкалиевна, Аскарбаева
Просмотров: 1086 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-04-16, 7:22 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

МОДЕЛЬ 12-летней ШКОЛЫ [4]
ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ ТЕХНОЛОГИИ [12]
УПРАВЛЕНИЕ [63]
ВОСПИТАНИЕ ШКОЛЬНИКОВ [224]
НАУКА И ПРАКТИКА [1]
Школьная практика [6]
Юбилей [9]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru