Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Психология

Психологтың – оқу жылындағы есебі.
2013-11-04, 7:34 PM
Психологтың – оқу жылындағы есебі.
«Ертөстік» мектепке дейінгі балалар мекемесінің педагог-психологы Тукмухамбетова Айман Мирзалевна. Білімі жоғары, 2 санат
Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Бозой елді мекені.
Балабақша психологиялық қызметке дұрыс әлеуметтік сұранысты қалыптастыру мақсатында және балабақшаның тәрбие беру ортасында арнайы жағдайда қалыптастыра отырып, баланың психологиялық даму жақсарту мақсатындағы міндеті- балалардың психологиялық даму нәтижелерін бақылап отыру,балалардың дамуындағы мәселені шешуге психологиялық көмек көрсету үшін жағдай жасау,балаларды индивидуалды және жастық ерекшеліктеріне сәйкес келуі негізінде психологиялық талдауды жүзеге асыру, көңіл-күйлерін ұйымдастыруға қатысу,педагогикалық ұжымды және ата-аналарды психологиялық ағарту арқылы,сұраныс иелерін психолог жұмысының түрлерімен, ақыл-кеңестермен,бағыттарымен құқықтары және міндеттерімен таныстыру арқылы, педагогикалық ұжымды психологиялық қызметтің жұмыс стратегияларын жасауға қатыстыру болып табылады.
Психологиялық бағыт: - психодиогностикалық -түзету-дамыту - ақыл-кеңестік - ағартушылық - профилактикалық
Журнал: -дамытушылық журнал- түзету журналы - ақыл-кеңестік журналы
Балалармен жұмыс - балалардың балабақша бейімделуі, адаптациялық кезеңнен өтуінепсихологиялық көмек көрсету- балалармен танысып топ тізімін дайындау -жылдың басында және жылдың аяғында зертеу жұмыстар жүргізу -сенсоматорлық карта өткізу - балабақша балаға әсер етуін анықтау (сұрақ-жауап) -Ұ.О.І.Ә-не қатысу топтың ауа райын бақылау- «төмен» деңгейдегі балалармен жұмыс- мектепке дайындығын анықтау (сұрақ-жауап) -жыл бойына психологиялық түзету-дамыту жұмыстар жүргізу
Ата-аналармен жұмыс -«Баланың жас шамасына сай даму ерекшеліктері» ақыл-кеңестер беру-«Бала балабақшаға бейімделуі» кеңестер беру -«балабақшаға деген көзқарасын анықтау» сауалнама - жылдың басында балалардан алынған зертеу жұмыстармен ата-аналарға қорытындысымен таныстыру кеңестер беру- дөңгелек үстел «Отбасы бақыты-ол...»тақырыбында пікірлесу тренинг өткізу -сауалнама ата-ананың Ұ.О.І.Ә-не көзқарасын анықтау - тренинг «Болады,болмайды» ,тәрбиеші мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты анықтау үшін сауалнама алу -«Көңіл-күй терапиясы» тақырыбында жоғары топтың ата-аналармен тренинг ұйымдастыру-жылдың аяғында балалардан алынған зертеу жұмыстардың қорытындымен таныстыру кеңестер беру- жанұялық тәрбие стилін анықтау-ата-аналардың тұлғалық ерекшеліктерін айқындау-психологиялық ағарту және профилактика (дәріс,әңгіме) - түзету және дамыту - жұмыстарына қатыстыру
Педагогтармен жұмыс - әкімшілікке әлеуметтік психологиялық көмек -педагогтардың жаңа оқу жылына психологиялық ахуалын жақсартуға көмек беру - «жас тәрбиешілерді ұжымға бейімдеу, психологиялық тұрғыдан ақыл-кеңестер беру» баяндама. - тренингтер «бала-сәби», «кездесу», «қырықаяқ» педагогикалықкеңесте өткізу-«тәрбиешілердің білім деңгейін анықтау» сауалнама-тәрбиешілерден «баланың даму қылықтарына баға беру» сауалнама алу -педагогтардан «социометрия» алу -сауалнама «өз мамандығының шеберлігін анықтау» -тәрбиешілердің Ұ.О.І.Ә-не қатысып психологиялық тұрғыдан бақылау- жылдың аяғында топтың «даму деңгейін»анықтау -оқу жылдың аяғында «тәрбиешілердің білім деңгейін анықтау» тест -педагогикалық кеңесте ,отырыста балалармен жүргізілген психологиялық зертеу жұмыстармен педагогтарға жыл бойы таныстырып отыру -ата-аналардан алынған сауалнаманың қорытындысымен таныстыру -психологиялық жылдық есеп беру-тұлғаның әлсіз және күшті тұстарын анықтау -жайлы психологиялық микроахуал қалыптастыру.
Жылдық есеп.Мақсаты:психологтың атқарған жұмыстарына тоқталып,шолу жасап,атқарған жұмыстарына байланысты есеп беру.
2012-2013 оқу жылының жылдық жұмысына есеп берер болсақ, көптеген істердің атқарылғандығы көрсетеді. Қыркүйек айынан бастап 6 топпен жұмыс жасадым, оның ішінде зертеу жұмыстар жоғарғы 4 топпен (3,4,5 жас аралығындағы балалармен)жұмыс жасадым.Жылдық жоспар, айлық жоспар және циклограмма құрдым.Қыркүйекайында балалармен адаптациялық кезеңнен өтуіне байланысты психопрофилактикалық, психодиогностикалық жұмыстар жүргізілді.Балалармен танысып топ тізімін дайындадым.Психологиялық ойын арқылы балалардың «ойынды» әртүрлі ережелерді сақтауға үйрету,балаларды біріктіру өзара сенім жағдайын құру мақсатында коррекциялық түзету-дамыту жұмыстары жүргізілді.Оқу жылдың басында қазан қараша айларында және оқу жылдың аяғында наурыз сәуір айларында балалармен зерттеу жұмыстары жүргізіліп,таным процесстерін анықталып мониторингі шығарылды.Жоғарғы топтың балалардың ойлау қабілеттері жылдың аяғында «төмен» екені анықталды,яғни берілген сурет арқылы әңгіме құруға қиналатынын,сөз қоры аз екенін байқалды. Ал «Көгершін» тобында жылдың аяғында 15 бала «5-ке» дейін санды тани алмайтынын анықталды.Тәрбиешілерге әдіскер тарапынан ескертулер берілді.

2012-2013 жылдың «Қарлығаш» тобының психологиялық диогностиканың, даму картаның мониторингі

2012 жыл барлығы бала саны:14 2013 жыл барлығы бала саны:19 Қатысқаны:13 бала. Қатысқаны:19 бала.
2012-2013 жылдың «Гүлдер» тобының психологиялық диогностиканың даму картасының мониторингі.

2012 жыл барлығы бала саны:14 2013 жыл барлығы бала саны:15 Қатысқаны:12 бала Қатысқаны: 12 бала.

2012-2013 жылдың «Көгершін» тобының психологиялық диогностиканың даму картасының мониторингі.

2012 жыл барлығы бала саны: 22 2013 жыл барлығы бала саны:21 Қатысқаны: 20 бала. Қатысқаны: 18 бала
Желтоқсан айында балалармен жүргізілген жұмыстар ретіне келер болсақ, баланың балабақшаға бейімделуіне байланысты «Балабақша балаға әсер етуі» әдістемесі жүргізіліп, тәрбиешілеріге педагогикалық отырыста ұсыныстар тапсырылды. Жалпы балалардың балабақшаға деген әсері жақсы,достары көп екені анықталды тек қана балабақшаның ойыншықтары аз, балаға жеткіліксіз екені сұрақтар қою барысында көп ұпай жиналды.Қантар айында үлгерімі «төмен» деңгейдегі балалар «Көгершін» тобында Дүйсеналы Сағындық, Бахитов Алдаир,Біржанов Досымжан,Орынбаев Бекжан,Сағынбаев Айқын. «Гүлдер»тобында Утегенов Нұртай,Көкетай Ерасыл,Турлан Тасқын,Жетісбайұлы Мади. «Қарлығаш» тобында Аюпнабиева Аянат, Айболсын Нұрайым,Түгелбаев Аслан,Шоханов Жарас екені анықталып психологиялық түзету жұмыстар жүргізгенде балаларға «Артық ұғымның астын сыз», «Суретті есте сақта», «Нүктелерді есіңде сақтап қойып шық» әдістемелері қолданылып жүргізілді. Қорытындысында есте сақтау деңгейлері әртүрлі орташа,төмен немесе жоғары екендіктері анықталып көрсетіліп отырды. Ал сәуір айында оқу жылдың аяғында «Гүлдер», «Қарлығаш» тобының тәрбиешілері сауалнама толтыру барысында даму деңгейі «төмен» бала жоқ екені анықталды, «Көгершін» тобында 4 бала бар екені анықталып,яғни тәрбиешілер жыл бойына осы «төмен»деңгейдегі балалармен ешқандай жұмыстары жүргізілмегенін байқалды.Әдіскер тарапынан тәрбиешілерге ескертулер берілді. Мамыр айында жоғары «Гүлдер», «Қарлығаш» тобында «мектепке дайындығын анықтау» мақсатында сауалнама алынып анықтамасы шығарылып,диаграмма ретінде көрсетілді.Нәтижесінде балалардың мектепке дайындығы жақсы екені анықталды. 2013 жыл мамыр айы «Гүлдер», «Қарлығаш» тобының баланың мектепке дайындығын анықтаудиаграммасы. Барлығы бала саны:30 Қатысқаны:27 бала
Балабақша ата-ана байланысын жақсарту мен тәрбиешілердің ата-аналарымен байланысы,қарым-қатынасын анықтау мақсатында балабақшада ата-аналар жиналысы ай сайын ұйымдастырылды.Қыркүйек айында «Баланың жас шамасына сай даму ерекшеліктері » ақыл-кеңестер берілді, төменгі топтың ата-аналарына «Баланың балабақшаға бейімделуі» туралы яғни үйдегі баланы балабақшаға әкелгенде оңай қабылдау үшін, оған қандай көмек көрсету қажет екенін ата-аналарға әртүрлі психологиялық кеңестер ұсынылды. Қазан айында отбасы арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік,әдеп-инабат үрдістерінің қаншалық кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата-анасын жан жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, құрметтеуіне, инабат тағылымын үлкендерден үйрене отырып, олардың өздеріне деген қарым-қатынастарында мүлтіксіз жүзеге асырып отырылуына байланысты баяндама тыңдалды. Жылдың басында балабақшаға деген көзқарасын анықтау мақсатында ата-аналардан сауалнама жүргізіліп, нәтиже шығарылды.Наурыз айында «Бүлдіршін» тобының ата-аналарына бақыт сыры туралы түсінік беру,бақытты болуға,өмірдің әр сәтін қадірлей білуге тәрбиелеу, отбасы бақытын бұзатын жағдайларды болдырмау мақсатында дөңгелек үстел жүргізіліп, «Отбасы бақыты ол...» тақырыбында ата-аналар өздерінің ой пікірлерін ашық жеткізіп ортаға салды. Барлығы 15 ата-ана, 2 тәрбиеші, медбике, әдіскер тренингке қатысып «тілек шамы» арқылы өздерінің тренингтен алған әсерлерін айтып, психологқа ризашылығын білдіріп, нәтижесінде ата-аналардың бойында көптеген ақпараттармен қамтылып, сергіп қайтты.. Сәуір айында ата-аналардың Ұ.О.І.Ә-не көзқарасын анықтау мақсатында сауалнама жүргізіліп,нәтижесі шығарылып хаттамаға тіркетілді.Сонымен қатар «Балбөбек» тобының ата-аналарымен «Болады,болмайды» атты тренингі өткізіліп,суретке түсіріліп ата-аналардың көңіл-күйлері көтеріліп сергітіп қайтты. «Қарлығаш» тобында ата-аналардың ерікті бақылау дағдысын және көңіл-күйді реттеу мақсатында «Көңіл-күй терапиясы» психологиялық тренингі ұйымдастырылды.Тренингтің барысы таныстыру, сұрақ-жауап, рөлдік ойындар,тренинг «ашулы шарлар»,гүлдің шоғына ата-аналар тренингтен алған әсерлерін жазып,психологқа ризашылығын білдірді.Ата-аналар өте жақсы көңіл-күйде тарқатты.

Мамыр айында 107 ата-аналардан балабақшаның тәрбиешілеріне, оқу іс-әрекетін ұйымдастыруына, жалпы балабақшаға деген көзқарасын анықтау мақсатында сауалнама алынып, қорытынды шығарылды.Сонымен қатар жылдың басында, жылдың аяғында балалардан алынған зерттеу жұмыстары, яғни таным процесстерін анықтау көрсеткіштерімен таныстырып, ұсыныстар берілді.
Педагогтың,баланың, ата-анасымен қатысуының өзіндік ерекшеліктері бар. Ата-ананың өз баласына деген сүйіспеншілігінен тәрбиешінің қылығы мен талабын шектен тыс субьективті деп кездеседі.Ата-анаға өз баласының кейбір қылығы іс-әрекеті тәрбиеге сай келмесе, ол педагогке деген көңіл толмаушылыққа әкеліп соғады, ал оған тәрбиешінің немқұрайлығы қосыласа, оның нәтижесі балабақшаға деген кері көзқарасты тудыруы мүмкін.Сол мәселеге байланысты жыл бойы жеке ата-аналармен кездесіп, барынша кеңес беріп отырдым. Педагогтармен жүргізілген ақыл кеңестік жұмыстар ретіне келер болсақ, жаңа оқу жылына психологиялық ахуалын жақсарту, көңіл-күйлерін көтеру мақсатында тренингтер өткізілді. «Жас тәрбиешілерді ұжымға бейімдеу,психологиялық тұрғыдан кеңес беру » тақырыбында баяндама тыңдалды. Жас мамандардың жұмысындағы қиындықты анықтауға арналған диогностикалық сауал-сұрақтар әдістемесі алынды.Педагогтардың қарым-қатынасын жақсарту, балаға деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыру, балалық шақтарын естеріне түсіру,түйсік,түсіну қабілеттерін одан әрі дамыту, оның «балалық комплексін» (үлкен адамның өзін бала ретінде сезінуі ) қалыптастыру мақсатында «Бала-сәби», «Кездесу», «Қырықаяқ» тренинг өткізіліп, анықтамасы шығарылды.
Қараша сәуір айларында тәрбиешілердің білім деңгейін анықтау мақсатында сауалнама алынып, қорытынды шығарылып, хаттамаға тіркетілді.Жылдың басында жылдың аяғында «баланың даму қылықтарына баға беру» таблицаны толтыру,оны пайыз арқылы шығару, яғни көп пайыз жиналса «төмен» деңгейдегі баланы анықтап көрсету мақсатында тәрбиешілерден сауалнама алынды.Қазан айында педагогикалық отырыста ұжымның лидерін анықтау мақсатында «социометрия» алынды.28 қазан 2012 жыл өткізілді Барлығы:17 педагог Қатысқаны: 16 педагог
Қантар айында педагогтардың өздерінің мамандықтарына деген шеберлігін анықтау мақсатында сауалнама алынып, қорытынды шығарылды. Тәрбиеші мен бала арасындағы қарым-қатынасын анықтау мақсатында Ұ.О.І.Ә-не қатысып, бақылап өздерімен бірігіп сабаққа психологиялық-педагогикалық талдау жасалды. Яғни тәрбиешілерді бақылау барысында балаларға деген дөрекілік немесе нашар қарым-қатынас байқалмады.Жалпы топтарда психологиялық ауа райы жақсы қалыптасқан, әсіресе Журманова Арай, Ильясова Әдемі, Абнагиева Ақтолқын берген Ұ.О.І.Ә-рі тартымды, бала мен тәрбиеші арасындағы қарым-қатынасы өте жақсы,балаға деген сүйіспеншілігі жылулығы жоғары дәрежеде екені байқалды.Жыл бойы педагогикалық кеңесте ,отырыста балалармен жүргізілген психологиялық зертеу жұмыстармен педагогтарға таныстырып отырдым. Педагогтар арасында темпераминт типін анықтау мен өзінің психологиялық ішкі дүниесінің күйі мен қоршаған ортамен қатынасын анықтау мақсатында жыл бойы әдістемелер жүргізіліп, нәтижесі шығарылып, кеңестер берілді. Өз білімімді арттыру жолында жыл бойы ашық сабақтарға, түрлі семинарларға қатысып Шалқар ауданы психологиялық-түзету кабинетіндепедагог психологтармен кездесіп, кеңес алдым.
2012-2013 оқу жылының жылдық есебін қорытындылай келе, жоспар бойынша қойылған жұмыстар жүзеге асырылып,психологиялық анықтамалар берілді.Негізінен қиындықтар ата-аналармен жұмыс барысында туындады.Себебі,өзіндік көзқарасымен, жеке ойлауымен табандылық көрсететін ересек тұлғалардың қандай да бір мәселеге көзін жеткізу қиын болып келеді. Психологиялық қызметтің жұмысының нәтижелілігінтек мынадай жағдайда көруге болады:психолог пен педагогикалық ұжымның білім беру жүйесіндегі оқыту тәрбие жұмысындағы кәсіби қарым-қатынас біртұтас болса, бала тәрбиесіндегі психологтың көзқарасы мен педагогтың балаға деген көзқарастары бірін-бірі толықтырып отырса, ата-анамен, байланыста болса жұмыс өз нәтижесін береді.
Келесі оқу жылына психологиялық қызмет мынадай жұмыстарды іске асыруды жоспарлайды: 1.Оқу жылының жұмыс жоспарын өзіндік жетілдіру;2.Педагогтармен, ата-аналармен және балалармен жүргізілетін бес бағыт бойынша жұмыс мазмұнын толықтыру;3.Өзіндік білімін жетілдіру деңгейін жоғарлату;4.Психолог кабинетін толық жабдықтау;5.Өз тәжірибесін басылымдарда жариялау.
Категория: Психология | Добавил: sultan1001
Просмотров: 32934 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 3.6/34
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-05-11, 4:30 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru