Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Педагогика

Орта білім беру мазмұнын жаңартудағы біліктілікті арттыру жүйесі
[ Скачать с сервера (20.5 Kb) · Скриншот ] 2017-11-21, 9:31 PM
Р.Б. Дюсенбаева,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ,
инновациялық дамуды әдістемелік
қамтамасыз ету бөлімінің маманы
Орта білім беру мазмұнын жаңартудағы біліктілікті арттыру жүйесі

Қазіргі ғаламдану заманында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, индустрияның қарыштап өсуі, дамудың жаңа дәуірінде ұлттық мәдени-тарихи, рухани құндылықтарымызды бойына сіңірген азаматтарға қоғамның сұранысының өсуі мектептерде жас ұрпақ бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып, білім жетістіктерін өркениетті елдердің білім деңгейіне көтеру қажеттілігі туындап отыр.
2017 жылдың 31 қаңтарында Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына жариялаған жолдауында «Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет» деп атап көрсеткен болатын. Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына жеткізетін – білім. Ғылым мен техниканың күн санап өсуіне байланысты педагогика ғылымының теориясы мен оқыту үрдісі де түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Соған орай оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр.
Білім беру сапасын арттыру барлық әлем қауымдастағы үшін маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Еліміздің білім саласында білім беру сапасын арттыруға және оқу мен оқытуды жан-жақты жетілдіру бағытында көптеген бастамалар орын алды. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында орта білім берудің мазмұнын жаңарту міндеті белгіленген болатын.
Білім берудің негізгі мақсаты - білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Оқушылар табысты оқу үшін мұғалімдер білім беру бағдарламасы, оқыту тәсілдері мен бағалау жүйесін өзара үйлестіруді іске асыру маңызды.
Мұнда жаңа оқу бағдарламалары құзыреттілік тәсілге негізделеді. Тұлғаны табысты әлеуметтендіру үшін қажетті функционалдық сауаттылық негізінде құрылған құзыреттіліктерді қалыптастырады. Еліміз үшін маңызды болып табылатын аталған стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыдан ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.
Қазіргі таңда орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы мұғалімдердің біліктілігін арттыру және кәсіби даму мүмкіндіктерінің аясы кеңюде. Біліктілік арттыру курстары бойынша Отандық және шетелдік ең озық үлгідегі ғылыми-теориялық бағдарламалар педагогтар тарапынан туындайтын кешенді проблемаларды көтеріп, жалпы орта білім беретін мектептердегі педагог қызметкерлердің кәсіби құзырлығы мен зияткерлік әлеуетін дамытуға және критериалды бағалау жүйесін енгізуде педагогикалық шеберлікті жетілдіруге бағытталады.
Бұдан соң мұғалімдер білім беру бағдарламасының нақты пәндік аспектілерін меңгеруге кіріседі. Мұғалімдер білім беру бағдарламасына негіз болған теориямен танысып қана қоймай, бұл теорияны тәжірибе жүзінде іске асыруға қабілетті болуын қамтамасыз ету үшін оқыту тәжірибе жүзінде және белсенді өтеді.
Сонымен қатар, оқушылардың белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту және оқудың белсенді әдіс-тәсілдері ұсынылған. Қызметтің мұндай түрлері оқушылардан өздері тапқан ақпаратты талдау және түсіндіру үшін зерттеу және жоспарлау дағдыларын қолдануды талап етеді, болашақта өз дағдыларын жақсарту мақсатында басқа нәтижелерді бақылауды және талдауды қажет етеді.
Ал енді осы және басқа да оқу үдерісіндегі оқушының іс-әрекеті қалай бағаланады деген сауалға тоқталсақ.
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау критериалды бағалау негізінде жүзеге асады. Бұл - оқушылардың жоспарланған оқу мақсаттары мен шынайы нәтижелерінің арасындағы сәйкестік деңгейлерін орнату. Критериалды бағалау алдын-ала белгіленген критерийлерге сәйкес оқушының жеке оқуын түзеуге, дағдыларын дамыту деңгейін бағалауға мүмкіндік береді. Оқыту мақсаттарына жетуде жетістік критерийлерін құрастыру және қолдану– бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу-танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі. Ең маңыздысы – оқу үрдісінің өзі, жетістік критерийлері арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді. Бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны, қалай ойланғаны белгілі болады. Білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім үрдісінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критерийлермен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстырылады.
Осы мақсатты тәжірибе іске асыруда жаңартылған білім беру мазмұны бойынша курстан өткен мұғалімдер келесі іс-әрекеттерді жүзеге асырады:
– оқу мен оқыту тәжірибесіне жаңартылған оқу бағдарламасын, оқу жоспарын, критериалды бағалау басшылығы құжаттарын басшылыққа алады;
– оқу мен оқытуда пәннің ерекшелігіне сәйкес, педагогикалық тәсілдерді таңдайды, қолданады;
– критериалды бағалауды оқыту тәжірибесіне енгізуде жетістік критерийлерін, тапсырмалар, дескрипторлар құрастырады.
«Мақсатыңыз қолжетімсіз екеніне көзіңіз жеткен кезде мақсатыңызды емес, әдісіңізді ауыстырыңыз» - деген екен белгілі шығыс ойшылы. Олай болса, білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында пәндерді оқытуда белгіленген міндеттер, іс-әрекеттер мұғалімдердің кәсіби дамуына негіз болар еді.
Категория: Педагогика | Добавил: Сакен0683 | Теги: жаңартудағы, біліктілікті, арттыру, мазмұнын, Беру, білім, жүйесі, Орта
Просмотров: 692 | Загрузок: 7 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 4:28 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru