Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Педагогика

Мақала "Қазіргі заман талабының ұстазы"
[ Скачать с сервера (18.8 Kb) · Скриншот ] 2019-05-12, 9:45 AM
Сейтжанова Куляш Нуркешовна
бастауыш сынып мұғалімі

Қазіргі заман талабының ұстазы.
«Қажырлы еңбекті қажет ететін,
келешектегі кемел Нұрлы Жолда
бірлігімізді бекемдеп,
аянбай тер төгуіміз керек»
Н.Ә.Назарбаевтың
«Нұрлы жол-болашаққа бастар жол»
Қазақстан халқына Жолдауынан

Күнделікті сабақ барысында алдымда отырған оқушыларымның көздерінен тек ғана саған деген сенімділікті байқаймын. Олардың менен күтетіндері өте көп деп білемін.Қазіргі заман талабына қарай әр мұғалім бір орында тұрмай үнемі ізденісте болып,инновациялық әдіс-тәсілдерді меңгеріп,сабақ беруге тырысамын.
Әсіресе,жеті модульді сабақта пайдаланғанда оқушылар сыни тұрғыдан өз ойларын ашық жеткізе алады және мұғалімнің де сыни тұрғыдан ойлауын дамытады. Қазіргі бір орында тұрмайтын заманда оқыту мен оқуда АҚТ-ны пайдаланған кезде,оқушылардың көздері жанып тапсырманы қызығушылықпен орындайды. Сонымен қатар жас ерекшеліктерін ескере отырып,сабақта ойын технологиясын қолданамын. Оқушылардың жалығып кетпеуін ескеріп, сабақтарды ойын түрінде қимылды-әуенді, ойын-жаттығулар, қимылды-қозғалыс барысындағы тапсырмалар,топтық жұмыс ұйымдастыру, логикалық тапсырмалар, дидактикалық ойындар, ситуациялық тапсырмалар қолданамын.Осы тапсырмаларды ойын арқылы өткізген кезде, оқушыларымның шығармашылық қабілеттері ерекше байқалады. Бірақ бес саусақ бірдей емес қой,күнделікті жұмыс кезінде әр оқушының көңіл-күйі әрқилы болады. Сондықтан,әр сабағымды шаттық шеңбері, жүрек жылуы, жақсы лебіз, психологиялық сәт немесе көңіл көтеретін әнмен бастаймын. Бұл әдіс бір жағынан оқушылардың көңіл-күйін көтереді, екінші жағынан сабаққа деген ынтасын,қызығушылығын арттырады.
Бүгінгі бәсекелес заманда оқушыларымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы,қазақ халқының салт-дәстүрін сақтау арқылы қол жеткіземіз деп ойлаймын. Мұқағали атамыз айтқандай, мектеп табалдырығына тарыдай болып, таудай шыққан оқушыларымызды сауатты, адамгершілігі мол, саналы,білімді азамат болып өсіру өзіміздің қолымызда. Олай болса еліміздің болашағын ойлайтын саналы,білімді,қасиетті тілімізді меңгерген шәкірттеріміз биік шыңдардан көріне берсін дегім келеді.
Ұстаз-барлық мамандықтың,барлық ғылымның негізін қалаушы,құрметті есім. Мен өзім: «Қазіргі заманның ұстазы қандай болу керек?»- деген сұраққа былай жауап берер едім. «Өз пәнін меңгерген,алдында отырған шәкіттерін жақсы көретін,сабақта оқушыларды қызықтыра алатын жан иесі». Ұстаз-бала болмысына өзгеріс енгізуші,өмірге бағыт-бағдар беруші,ата-ананың сенімді көмекшісі. Сондықтан, әр бір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін,ұстазым деп атайды. Осы тұста Абайдың:
Ақырын жүріп,анық бас
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен, жалықпас,
Үйретуден балаға,- деген өлең жолдары еріксіз ойға келеді. Егер әр шәкірт алдағы өмірінде бір кірпіш болып қаланып,ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе?!
Қазіргі білім беру саласы қызметкерлерінің алдында тұрған басты проблема-жаңа формацияның жаңа ұстазын қалыптастыру. Жаһандану дәуірі-әлемдегі елдердің бәсекелестік жағдайында халықаралық деңгейде өзара кірігу үрдістерінің жандану дәуірі де болғандықтан, білім- пайдалы инвестиция саласы ретінде еліміздің экономикалық, әлеуметтік және саяси даму тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Қазіргі заман мұғалімі-рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген,педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман,өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашылық тұлға.
Өмірдегі әр түрлі мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, шеберлікті, мейірімділікті қажет еттетін мамандықта-ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім үнемі шәкірттерімен тығыз қарым-қатынаста болып,білсем,үйренсем деген бала арманына басшылық етуді мойынына алған маман. Осындай қызығы да қиындығы мол мамандықты менде таңдадым. Ұстаз болу бала кездегі арманым.
Мен балалық шағымнан бастап өзімнің алғашқы ұстазым соншалық ұқсағым келгенінен ба, әлде басқа себеп болды ма, бала кезімнен ұстаз болғым келді. Осыдан бірнеше жыл бұрын арманым орындалып, мен мұғалім болдым. Алдымдағы жас бүлдіршіндер әртүрлі, бір-біріне мүлде ұқсамайды, әдемі, ойнақы, нәзік,ерке. Осы ғажайып сәтте, менің бойымды қуанышты сезім баурайды, өйткені мен оларды білім әлеміне алғашқы жетелейтін адамның бірімін...
Бұл керемет ғажайып әлемге мен кішкентай, жан дүниесі таза оқушыларымның көзімен қарай алатыныма ризамын.Өйткені, өзім тандап алған мамандығым бойынша мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет атқарудамын.
Білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп, мамандығы бойынша өз пәнін жеттік білетін оқушының шығармашылығы мен дарындылығына жағдай жасай алатын, тұлғалық бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлікпен өзінің әс-қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген, отандық тәжірибені шығармашылықпен қолдана білетін педагогты айтамыз.
ХХІ ғасыр-білімділер ғасыры. Сондықтан, бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.
Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары көп сыртқа әлі шықпаған.
Шаршасада осы жолдың бойында,
Қандай рахат шын бақытын тапса адам,-деп осы өлең жолдарымен түйіндегім келеді...
Категория: Педагогика | Добавил: Сакен0683 | Теги: Қазіргі, ұстазы, заман талабының, Мақала
Просмотров: 490 | Загрузок: 5 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-19, 12:46 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru