Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Педагогика

Жаңа технологияны пайдаланудағы жетістіктер және қиындықтар
[ Скачать с сервера (6.8 Kb) ] 2012-02-09, 11:55 AM
Мақсұтова Альмира Қадырқызы №8 мектеп-кешені

Жаңа технологияны пайдаланудағы
жетістіктер және қиындықтар
Біздің еліміздің болшағы біздің қазіргі алдымызда отырған балаларға байланысты. Ал, ол балалардың қандай азамат болып шығуын қадағалау қазіргі мектептерге, мұғалімдерге тікелей жауапты жұмыс. Білім беру саласындағы педагогтарымыздың алдында үлкен міндет ауыр жүк тұр. Өйткені, қазіргі оқушылар-егеменді еліміздің болшағы.
Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Осындай сұраныстарға орай оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесінде енуде. Қазірде педогогикалық технология терминіне, мұнадай түсініктеме берілуде педогогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы мен жұмыс істеу реті. Мәселен, академик В.И. Моноховтың технологиясы, В.К.Дяченконың ұжымдық оқыту әдісі, профессор Ж.А.Қараевтың білім беру жүйесін ақпараттандыру технологиясы және т.б. Бұл технологиялар теориялық тұрғыдан дәлелденіп тәжірибеде жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Енді осы технологияларды күнделікті сабақ процесінде пайдалану үшін, әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып педогогтық мақсат мүддесіне байланысты, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады.
Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі өз мамандығы, шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады. Осы жағдайларды ескере отырып өз сыныбының оқушыларына профессор Жауынбай Қараевтың «Деңгейлік саралау технологиясын» таңдап алдым. Мұндағы мақсатым – өз бетімен дами алатын, әр түрлі өмірдің қиындықтарына төзе білетін белсенді, білімді оқушы тәрбиелеу.
-Балаға сенім қалыптастыру үшін «Сен білесің сенің қолыңнан келеді», «Үйренесің» деген сөздер қажет.
-Оқушының өз ойынан шыққан жетістігін жоғары бағалап, мадақтап, көтермелеп отыру керек.
Мысалы: «Туған жер» деген тақырыпта әр баланың қабілетіне қарай тапсырма берілді. Шығарма жазуға қабілетті, сөз байлығы мол оқушыларға тапсырдым. Оқушының қойған сұрақтарына шын пейілмен жауап керек және «Бұлай айтуға болмайды» деп еш уақытта тыйым салуға болмайды. Осы айтылған әдістердің бәрін жүзеге асыру оңай шаруа емес. Оған шығармашылық тұрғыдан ізденіс, шыдамдылық, жүйелі жұмыс жасай білген жөн. Қараевтың бұл технологиясының пайдасы, яғни жетістіктері аз емес. Сонымен қоса мұғалімге қиындық туғызатын жері де баршылық, ең алдымен осы уақыт ішінде бұл технология бойынша жұмыс істеудің тиімді жақтарын айтатын болсақ:
1. Әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады.
2. Оқушының жеке қабілеті айқындалады.
3. Іштей бір-бірінен қалмауға тырысып тіпті үзіліске шықпай талпынғанын көріп риза боласыз.
4. Тапсырманың күрделену деңгейіне сәйкес, оқушының ойлау қсабілеті артады.
5. Әр бала өз деңгейіне қабілетіне қарай бағаланады.
6. Сынып оқушылары толық бағаланады және әр оқушы өзінің алатын бағасын біліп отырады (1 деңгей-«3», 2 деңгей-«4», 3 деңгей-«5»).
7. Жұмыс дәптерінің соңына әр деңгейді орындағаны жайлы белгі қойып, жинаған ұпай санын оқушылар өздері жазып отырады.
8. Даму мониторингін құрып, оқушының дамуын қадағалауға және та-анасымен байланыс жасауға жеңілдік туғызады.
9. Бір сабақта бірнеше тапсырма түрін орындайды.
Өзіме балаларды тексеру ыңғайлы болу үшін, 1-қатарға 3деңгейді бірдей уақытта шығаратын оқушыларды отырғыздым. 2-қатарға 2 деңгейді бірдей уақытты орындайтын оқушыларды, 3-қатарға 1 деңгейді ғана орындайтын оқушыларды отырғыздым. Сонда ары-бері жұмыс азайып бірақ оқушылардың бұл тапсырмаларды қызыға, ынталана орындағандарын еске ала отырып кез келген қиыншылыққа төзуге, жеңуге болады деп ойлаймын.
Бұл технологияда, біріншіден дамыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені ол оқушының ойлауын, елестету мен еске сақтауын, ынтасын, белсенділігін, білім сапасының дамуына көмектеседі. Әр оқушының кемінде мемлекеттік стандарт деңгей алуына кепілдік береді. Деңгейлік сайлау технологиясы оқушының да, мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытуға бағыттылған. Осы технология бойынша жұмыс барысындағы өз әдістемем.
Жылдың басынан бастап деңгейлік тапсырмалар беріп оқушыларды қалыптаситыра бастадым. Деңгейлік тапсырмалар 1-4 деңгейде беріледі. 1-деңгейдегі тапсырма мемлекеттік стандарт деңгей. Бұны орындауға барлық оқушылар міндетті, 2-3-деңгей бірте-бірте күрделенеді және бұл деңгейлік тапсырманы орындауға оқушылар құқылы, ал 4-деңгей оқушының шығармашылық пен жұмыс іытей алатындай өзіндік пікірін жеткізе алатын, ойын дәлелдей алатын қабілетті оқушылар. Бүкіл сынып оқушылары 4 деңгейде түгел орындап шығады деу артық. 1-2 деңгейді түгелге жуық орындайды да озат оқитын оқушылар алға кетеді. Бағалау балдық жүйемен жүзеге асырылады. 1-ші деңгейді орындаған балаға 5 ұпай, 2-ші деңгейге 10 ұпай, 3-ші деңгейге 15 ұпай, 4-ші деңгейге 20 ұпай.
Бұл технологиямен жұмыс істей бастағаныма көп бола қойған жоқ, осы жылдың ішінде мол тәжірибе жинадым деп айта алмаймын, бірақ мұғалімнің ынтасы жұмыс істеуге деген құштарлығы, білім беру жүйесіндегі үлкен нәтижеге жеткізетіндігін байқадым. Сонымен қатар сынып оқушыларының арасынан кімнің қай пәнге қабілетті екенін байқап, ары қарай дамытуға көп көмегін тигізді. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз-оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Кез келген оқушы мұғалімнің басшылығымен орындаған шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады.
Баланың қабілеті мен талантын дамытуды неғұрлым ертерек бастаса, соғұрлым оның қабілеті толық ашылуы мүмкін. Егер бала бойындағы қабілетті мұғалім байқамаса ол бала басқа оқушылармен бірдей болып қалады. Осындай жұмыстарды жүргізу әр мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Күнделікті сабақта беретін деңгейлік тапсырмаларды қызықты етіп құрап, оқушылардың қызығушылықпен орындауын қадағалау керек. Мысалы: сабақта оқулықпен шектеліп қалмай әр түрлі логикалық тапсырмалар берілуі керек. Ол үшін кез келген мұғалім мынаны біліп ескеруі керек-оқушылардың ой еңбегі мен қабілетін арттыру және дамытудың тиімді әдістерін қалыптастыра білуі берілетін тапсырманы ұғынуы
-қосымша әдебиеттер оқып өз білімін күнделікті жетілдіру
-ойын элементтерін пайдалану
Міне, өз білімін осылайша толықтырып отыратын мұғалім оқушыны еш уақытта жалықтырмайды. Мұғалім оқушыны бірте-бірте өз бетімен ізденетін, зерттеулер жүргізетін оқушы етіп шығарады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. «Білім туралы» заң
2. «Қазақстан - 2030» бағдарламасы
3. «Одаренные дети» Москва.Пр.1992
4. Баспа материалдары

[color=red]
Категория: Педагогика | Добавил: анарка
Просмотров: 3550 | Загрузок: 175 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Воскресенье, 2024-04-28, 1:19 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru