Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Педагогика

Ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні
2012-03-13, 9:10 AM
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫНЫҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫНДАҒЫ АЛАТЫН ОРНЫ

А.А.Қалиева Ақсу Жаяу Мұса колледжі


«Бірінші байлық - денсаулық» дейді халық, ал ойын денсаулықты арттырады. Денсаулық – қоғамдық байлық. Сол байлықты күтпей, оған қалай болса солай қарауға болмайды.
Бүгінде Қазақстан әлемдік өркениет көшінде ілесу жолында батыл қадам жасап отыр. Елімізге бойында ата - бабамыздың елге, жерге деген сүйіспеншілік қасиеті дарыған, кісі көңіліне үміт отын жағып жүретін, өз Отанына аянбай қызмет ететін озық ойлы, тапқыр да, табанды, сауатты, салауатты азамат керек.
Елбасының “Қазақстан - 2030” жолдамасындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі – “Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мән әл ауқаты” тармағында, азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сай болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін, азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігі көрсетілген. Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта Қазақстан мектептеріне жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан дара тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған.
Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын ынталандыру туралы елбасының жолдауын, егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын, алтын сүрлеу десе болады.
“Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі” деп тегін айтылмаған.
Қазіргі қоғамымызда халықтың табиғи өсімі төмендеп, сырқаттанушылық және өлім–жітім деңгейі арта түсті. Әсіресе, балалар мен жастардың денсаулығы қауіп тудыруда. Темекі тарту, ішімдік пайдалану, есірткі құмарлық және улы заттарға әуестік, адамгершілікке жат мінез-құлық, ерте жыныстық қатынас кеңінен етек алуда.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының дерегі бойынша халық денсаулығының 49-50 % өмір салтына, яғни адамның өз денсаулығына қалай қарайтынына тәуелді, 17-20 % қоршаған орта ерекшеліктеріне байланысты.
«Байлық та, даңқ та адамды бақытты ете алмайды. Дені сау қайыршы ауру патшаға қарағанда бақыттырақ», - депті Цицерон.
Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсының дене тәрбиесімен айналасуға, дұрыс тамақтануға, есірткілерді, темекі мен алькогольді тұтынуды қойып, денсаулықты түзетуге бағытталған.
Қазақстан Республикасы халқын сауықтыру маңыздылығы мемлекеттік деңгейде қаралуда және Елбасының «Қазақстан-2030» жолдауында атап көрсетілген. Жастарымыздың алғашқы спорттағы жетістіктері өздеріне үміт артқан елін қуанышқа бөлеп жүрген отандастарымыздың жетістіктері дүниежүзілік олимпиадалардағы жеңімпаздардың жетістіктері бізді қуантады.
Қазақ халқының мәдени мұраларымызда құнды бөлігінің бірі ретінде ұлттық ойын спорт түрлерін дамытуға көп көңіл бөлінген. Халқымыздың тарихи - мәдени мұраларының түрлері көп. Солардың бірі адамның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Ол - ұлттық ойындар. Қазақ халқы негізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып, балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген. Нәтижесінде дәстүрлі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойынды орайластырып, дамытып отырған Қазақтың ұлттық спорт ойындары дене қимылы ғана емес, сонымен бірге ұлттық психологиялық әсері зор. Ойындардың тәрбиелік жағынан алатын орны да маңызды: біріншіден, адамның нерв жүйелерін шыңдайды; екіншіден, денесін түзеп, тән саулығына әкеледі, әрі дәлдікке, икемділікке баулиды; үшіншіден, зиянды әдеттерден ( темекі шегу, арақ ішу, анаша тарту, есірткі сату немесе дәмін тату) сақтап, адамдардың жан саулығын қамтамасыз етеді.
Әр ұлттық ойынның мазмұны мен әдістемелерінің өз ерекшеліктері бар. Қазақтың ұлттық ойындары тек батылдық пен табандылыққа емес, сонымен бірге әділеттік пен адамгершіліктің жоғарғы принциптеріне негізделген.
Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, содан үлкен де мәнді- мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Өйткені, ең алдымен ненің болсын бас алып, жол бастар қайнар көзі болатыны белгілі. Ойынды біз бар қайнар көзі болатыны белгілі. Ал қай өнер болса да кең арналы, сулы шалқар дариядай болып кемеліне келгенше жолында кездескен сандаған үлкенді- кішілі арналардан бас құрайтын өзен сияқты ғой. Сол алып өзеннің орта тұсынан шыққан адам, оның басы әуелде жылжып аққан бұлақтан басталып еді дегенге онша илана қоймас та еді.
Ұлттық ойындар біздің көз алдымызға тап осы суреттерді елестетеді. Өйткені бір кезде ол бар өнердің басы, олардың нәр алатын бастауы болғаны анық. Шынында да, көне мәдениет пен әдеби туындылар, ең алдымен, сол халық жиналған думанды- сауықта, ойын-той үстінде дүниеге келіп, көптің игілігіне айналған. Сөйтіп, бүгінгі және болашақ ұрпақ ұлт ойындарының өзі адам еңбегінің жемісі, халықтың фантастикалық ой құбылысының көрінісі, дүниені танып, білуге талпынысының нышаны ретінде өмірге келгенін, оның бар өнердің бастамасы, халықтың әлеуметтік- экономикалық өмірінің айнасы екенін білуге тиіс.
Ұлттық ойындар халықтың әлеуметтік - экономикалық жағдайларына байланысты туып, оның көші-қоны тұрмыс жағдайларына үйлесімді жасалған.
Қазақ халқының тарихи көне жырларының, эпостары мен лиро- эпостарының қай- қайсысын алып қарасақ та, олардың өн бойынан халықтың ұлттық ойындарының, әдет- ғұрып салттарының алуан түрлерін кездестіреміз. Осы жырлардың негізгі кейіпкерлері – болашақ ел қорғаушы батыр, жауынгер, халық қайраткерлері, ойын үстінде көрінеді. Сол ойын арқылы шынығып, өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түседі. Ойынға халық ерекше мән берген. Сондықтан халық оған тек ойын - сауық, көңіл көтеретін орын деп қана қарамаған. Ең бастысы – ел қоғауға қабілетті болашақ қайраткер, өзінің осы қабілеттін шаршы топтың алдында, баршаға тең ( досқа да, дұшпанға да) еркін бәсекеде жеңіп алуға тиіс болған. Сондай- ақ талапты жас ойын өнеріне өзінен жасы үлкен, танымал ұстаздан үйреніп, жаттығатынын, аянбай тер төгетінін байқаймыз.
Ұлттық ойындары осылайша атадан балаға, үлкенннен кішіге мұра болып жалғасып отырған және халықтың дәстүрлі шаруашылық мәдени, өнер тіршілігінің жиынтық бейнесі көрінісі де болған. Әрине, ойын өнер ретінде әдебиет пен мәдениеттің сан алуан түрлерімен қабысып, атасып келіп, бірін- бірі толықтырып, байыта түседі.
Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттікті, батылдықты, шапшаңдықты, ептілікті, тапқырлықты, табандылықты, байсалдықты, т.б мінез-құлықтың ерекшеліктерімен бірге күш- қуат молдылығын, білек күшін, дененің сомданып шынығуын қажет етеді. Сонымен бірге бұл ойындар әділдік пен адамгершіліктің жоғарғы принциптеріне негізделген. Өйткені, ойынға қатыспай тұрып-ақ оған күн ілгері көп адамдардың тер төгіп, еңбек етуіне тура келеді. Мысалы, бәйгені алайық. Ол үшін алдымен бәгеге қосылатын атты таңдап алады. Ол атты баптап бағып, күтуге тура келеді, оның жейтін жемі мен ішетін суына дейін белгілі мөлшерге келтіріледі. Бәйгеге қосылатын атқа мініп шабатын бала күн ілгері осы сынақтарға қатысады( атқа мініп шабатын баланын жасы 11-12-ден аспау керек. Бәйгеге әзірліктің басы - қасында болған бала, осы өнердің сырларын жете біліп, үлкен шаруашылық мектебінен өткендей әсер алады. «Аударыспақ». Ол – қазақ, қырғыз халықтарының арасында кең тараған ойын. Атқа мінген екі жігіт жекпе-жекке шығып, бірін-бірі аттан аударып тастауға тырысады. Аударыспаққа үлкен тойларда арнайы жүлде тағайындалады. Оған он сегіз жастан асқан қарулы жігіттердің қатысқаны жөн. Аударыспақ ойынының ережесі бойынша сайысқа қатысушылар салмақтарына қарай үш топқа бөлініп, күш сынасады. Ептілікті, күштілікті, тапқырлықты, батылдықты талап ететін спорттық ойын.
Сондықтан, қазақтың ұлттық ойындары тек ойын-сауықтық жағынан ғана емес, ол - спорт, ол - өнер, ол - шаруашылық, тәжірибелік маңызы бар тәрбие құралы.
Қазақтың ұлттық ойындары: көкпар, сайыс, күрес, теңге алу, қыз қуу, алтын қабақ ату, жамбы ату т.б. спорттық ұлттық ойындар жасөспірімдерді дене бітімін қалыптастырып, салауатты өмір сүруге бағыт береді.
Үлкен мерекелердің қай- қайсысы болсын халықтың «Көк – бөрі» , «Қыз –бөрі» сияқты спорттық ойындармен жалғастырылып отырылды; бұл ойындар ерте заманғы тотемдік түсініктерден бері қуалап келетін болатын. Жұрт неғұрлым қатынасатын ойындар; әскери мәнді спорттық ойын – ат жарыс, қаумалап аң ұстау болды.
Ұлттық ойындар - ата- бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді.
В. А. Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда: «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған, дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты». Міне, ойын дегеніміз тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан - ойға жетелейтін, адамға қиялмен қанат бітіретін осындай ғажап нәрсе, ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы.

Пайдаланған әдебиет:
1. «Қазақстан кәсіпкері» журналы № 2, №5 2007 жыл
2. «Мектептегі дене шынықтыру» №5 2008 жыл
3. Е. Сағындықов «Қазақтың ұлттық ойындары» Алматы «Рауан»
1991 жыл
4. С. Бегалин «Заман белестері»
5. «Спорт және дене шынықтыру» №6,8 2007 жыл
Категория: Педагогика | Добавил: мир
Просмотров: 5904 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 3.0/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-05-11, 11:33 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru