Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Педагогика

Музыкалық шығарманы жатқаойнауды үйрету
[ Скачать с сервера (20.5 Kb) ] 2012-05-08, 12:48 PM
КМҚК « № 2 Өнер мектебі »

Методикалық баяндама“Музыкалық шығарманы жатқаойнауды үйрету”

Дайындаған халық
аспаптар бөлімінің
оқытушысы - Демесинова А.Ж.

Қарағанды қаласы
2012жыл

Мақсаты :Оқушыларды жатқа ойнауды үйрету , тез әрі дұрыс есте сақтауға көмектесу.

Міндеті :Оқушыларға берілген шығарманы талдап , есте сақтай білуге дағдыландыратын әдіс –тәсілдерді дұрыс қолдануды үйрету .

Сазды, әуенді есте сақтау – бұл бірнеше қабілеттердің бірігуі болып табылады.
Сазды есте сақтау компоненттері :
1. Моторика
2. Бейнелеу : көру арқылы , есту арқылы.
3. Сазды –логикалық

1 . Баланың есте сақтау қабілетін жас кезінен бастап жүйелі түрде дамыту керек. Шыны керек практикада баланың есте сақтау қабілетін дамыту үшін , барлық шығарманы жатқа ойнау керек деген жалған түсінікпен кездесеміз. Дегенмен жатқа ойнай білу үшін алдымен шығарманы нотаға қарап ойнай білу керек .
Шығарманы саусақтар әбден жаттыққанша нотаға қарап ойнау керек . Әрине бұл есте сақтау түрлерінің бірі моторлы болып саналмайды , себебі сазды есту қабілетісіз мулдем еш нәрсе жатқа ойнауға болмас еді. Кейбір композиторлар дәлірек айтсақ неміс композиторы Ганс Фон Бюлов моторлы –механикалық есте сақтау қабілетін – `саусақтардың механикалық танымы ` деп санаған. Барлымызға белгілі аспапты тек асқан шеберлікпен қолдана білетін және табиғатынан шебер әрі жылдам

саусақты орындаушының ғана жұмыстары тез әрі жеңіл орындалады. Бірақ анығында моторлы түрде есте сақтау қабілеті де сенімді емес , себебі ол ноталық мәтінді анализ жасау негізіне қарағанда бірнеше рет қайталауды қажет ететіндіктен уақытты екі есе көп алады, сонымен қатар тыңдау бейнесі мен сазгерлік ойлау қабілетін тұмшалайды.
Домбырашылар мен қобызшылардың аспабымен ондағы механикалық ойынды ескере отырсақ үнемі тыңдалу кезіндегі бейнені , іштей дыбыс деңгейін шығарманың көңіл- күйін мүмкіндігінше сезіне біле алмауы қауіпі сақталып тұрады. Жақсы дамыған есту қабілеті ғана сазгерлік шығарманы сәтті есте сақтай алудың негізі болып табылады.
Мектепке дейінгі балаларды оқытудың алғашқы кезеңінде нота грамотасымен танысуын қолданбау керек .
2 . Есту қабілетін дамыту – оқытудың аса маңызды алғашқы кезеңі.
Шығарманы есту қабілеті арқылы орындап келтіру және басқа дыбыс деңгейіне тасымалдау – оқытудың алғашқы кезеңдерінің негізгі жұмыстарының бірі оқытушыға шығарманы орындау кезіндегі іс – қимылдарына назар аударуға және баланың сазгерлік ой – өрісінің дамуына мүмкіндік береді. Ырғақтық заңдылықтарды бастапқыда қозғау міндетті емес , себебі ырғақ –көру , есту қабілеттері арқылы және мәтіндегі ұзақ – қысқа дыбыстардың салыстыруы арқылы қабылдайды .

Нота граммотасына үйренудің ең ыңғайлы жолы деп оқушының өзінің ойнатын шығармасыныңкөшіруі болып табылады .
Жас ерекшелігі кіші балалармен жұмыс істеу кезінде ең қолайлысы шығарманы ойнай отырып әндету . Ішінен болсын немесе дауыстап тұрып әндетіп ойнау есте сақтау қабілетін барлық кезендерде жақсы дамытуға мүмкіндік береді. Кішігірім ырғақтық сазды құрылымдарды есте сақтауға көмектеседі.
Яғни ішінен немесе дауыстап тұрып әндету – есте сақтау қабілетін барлық оқу кезеңдерінде дамытуға көмектеседі.
Жалпы есту қабілеті арқылы кішігірім сазды құрылымдарды есте сақтау үшін аналитикалық ойлау қабілетіне сүйенуге яғни талдауға тура келеді. Баланың жас кезінен бастап аналитикалық ойлау қабілетін дамыту керек. Бұны венгр оқытушысы Маргит Варро ‘ интеллектуалды есту қабілеті ’ деп атаған .
Интеллектуалды есту қабілетін қалай дамыту керек ?Ол үшін сазгерлік шығарманың қалай құрылғанына мүмкіндігінше ерте назар аудару керек.
Кез - келген сазгерлік шығарманы талдау үшін төмендегі берілген кезеңдері арқылы пайдалануға болады.
1. Салыстыру – айырмашылқ – ұқсастық
2. Әуендік тізбектің анализы
3. Әуеннің жалпы құрылымдық бөліктерін ойнау

Мысал ретінде белгілі бір шығарманы оқушыға аспаптаойнатып көрсетіледі .
Бірінші сынып оқушысы Жазыкбекова Дана халық күйі “ Айжан қызды ” мұғалімнің көмегімен талдай отырып есте сақтауға тырысады.
Бұл күйді оқушы ,бірінші мұғалімнің әрі таспаның орындауында тыңдап көреді. Аналитикалық талдаудың бірінші сатысы ретінде мұғалім күйді белгілі бір бөлімдерге бөледі әрі оларды санмен белгілейді. Оқушының мақсаты есту қабілеті арқылы бұл бөлімдердің ұқсастығы мен айырмашылығын табу . Оқушы бастапқы мен ең соңғы бөлімнің ұқсастығын әрі басқа бөлімдердің ұқсамайтын айырмашылықтарын тапты .
Келесі сатысында бірінші бөлімдегі әуендік тізбектің анализын жасау. Әуеннің ырғағы мен қағыстарына мән бере отырып оқушыға нотаға қарап талдату , әрине оқушымыздың бірінші сыныпта оқығанын әрі нота граммотасын толық меңгермегенін мұғалім ескере отырып оқушыға әндету арқылы талдауға көмектеседі. Әуендік тізбек жақсы шыққанша қайталап ойнатылады. Басқа бөлімдермен де дәл осындай жұмыстар жүргізіледі . Бұл жерде барлық моторикалық , бейнелі , сазды –логикалық компоненттері қолданылған , сондықтан оқушының есте сақтай алу мүмкіндігі өте зор болды.

Аналитикалық талдаудың келесі сатысы ретінде оқушыға әуеннің жалпы құрылымдық бөліктерін басынан аяғына дейін ойнатқызылды. Оқушы әуенді есте сақтау қабілетін пайдалана отырып күйді дәл өзінің ырғағымен болмаса да жатқа ойнауға тырысты. Оқушының есту , көру арқылы бейнелеу қабілеті жақсы дамыған әрі есте сақтау қабілеті жақсы да талабы мол оқушы болғандықтан бұл күйді тез әрі жеңіл меңгере алды.
Қорыта келе, есте сақтай алу қабілеті – оқытушы әрбір оқушының жас ерекшелігі мен қабілеттерінің қаншалықты дамыған деңгейін ескере отырып қолданатын әдіс – амалдарына байланысты болып келеді.
Әрине сонымен қатар оқытушының кәсіби іскерлігі мен әдістерін қолданаотырып оқушыға түсіндіре алу мүмкіндігі мен сабаққа деген дайығына байланысты болады.

Пайдаланылған әдебиеттер жинағы :
1. С.Л. Рубинштейн Основы общей психологии . – М. “ Наука ”, 1989.
2. Л. Маккиннон. Игра наизусть .- Л. “ Музыка ” , 1967.
3. Л.А. Баренбойм . Музыкальная педагогика и исполнительство. – Л. “ Музыка ”,1974.
4. “Домбыра үйрену мектебі ‘ А. Жайымов.
Категория: Педагогика | Добавил: Школа_искусств_№2
Просмотров: 2935 | Загрузок: 297 | Комментарии: 4 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-05-11, 12:32 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru