Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Педагогика

Әдістеме және әдіснама
2012-05-16, 5:36 PM
КМҚК «Қ.Аманжолов» атындағы балалар музыка мектебі
Методикалық баяндама
Әдістеме және әдіснама
Дайындаған халық және үрмелі
Аспаптар бөлімінің
оқытушысы Демесинова А.Ж.
Қарағанды 2012
Мақсат:
Әдістеме және әдіснама ұғымарының мән –мағынасын ашу.
Міндеті:
 Әдістемелік және әдіснамалық ұғымдарды қолданғанда нені сөз ету керектігін және нені зерттеу керек екендігін түсіну.
 Және сол ұғымдарды не үшін зерттеу керек? Яғни мақсатын білу .
 Әдістемелік ,әдіснамалық ұғымдарды қалай зерттеу керек екенін танып білу.
Қандай да болсын күрделі ойды қарапайым тілмен ұғынықты етіп жеткізуге тырысқан жөн.
Егер сені ой билесе –айтар сөзің айқын, егер сен ойды билесен – айтар сөзің одан да айқын деген пікірді В.Г.Белинский айтқан. Адамды ойдың билеуін әрекеттің бастауы ретінде қарастыруға болады. Ой мен әрекеттің тоғысуы өзінен –өзі белгілі бір әдіс -тәсілге табан тіретеді. Яғни ,әдіс атаулының тек-тамыры іс-әрекеттен бастау алып жатады. Өйткені, іс-әрекетке кіріспес бұрын саналы адам, әдетте, сол іс-әрекет аясының қисыны мен оңтайын ескереді. Қазақ оны «істің, ығын білу » дейді. Міне ,әдіс дегеніміз осы. Әдіс (метод) сөзінің грек тіліндегі мағынасы да таным тәсілі, зерттеу жолы деген ұғымды береді. Осы әдіс деген сөзінен Әдіснама ( Методика) ұғымы туындайды. Былайша айтқанда, белгілі бір мақсатқа жету үшін қолданылатын практикалық немесе теориялық тәсілдер мен әрекеттер жиынтығын әдістеме дейді. Әдетте ғылыми теорияға ұласқан әдістеменің нәтижесі іс-тәжірибе жүзіде тексеріліп отырады. Яғни, әдіс пен теорияның арақатанасы іс-тәжірибе арқылы сараланады. Сондықтан да әдіс атаулы іргелідегі зерттеудің теориялық нәтижесі ретінде қабылданса ,әдістеме алдағы зерттеулердің бастауы болып отырады. Мұның бәрі адамды ой билеп , әрекетке бастағанда болтын үрдістер.
Егер адам ойды бтлесе не болмақ? Әрине жаңағы ой билеп , әрекетке көшкен адам бірте-бірте тәжірибесін шыңдап ,әдіс қорын молайтады. Әдіс қоры молайған сайын, оның өзін таңдап-талғап қолдану қажеттілігі туындайды. Әдіснама ( методология ) дегеніміз осы. Бұл ұғымға грек тіліндегі әдістер жиынтығы туралы ілім деген мағынасы да сай келеді. Сонда ,Әдіснама дегеніміз ,жинақталған тәжірибе мен әдіс қоры туралы ілім болып шығады. Былайша айтқанда әдіснама дегеніміз, практикалық және теориялық қызметтерді реттеуге мүмкіндік тудыратын , сондай –ақ ұстанымдар (принципы) мен тәсілдерді анықтап беретін жүйе , сол жүйе туралы ілім.
Музыка тарихына , оның аясында музыкалық этнографияға қатысты әдістемелік те әдіснамалық та, ұстанымдар өзекті-өзекті үш мәселені төңірегінен өрбіп отыруға тиіс.
Бірінші -нені сөз ету керек ? Немесе нені зерттеу керек ? Бұл мәселеде зерттеу нысанасында қамтылатын тақырыптардың шек –шекарасы айқындалады. Яғни, қазақтың дәстүрлі музыкалық мәдениеті және оның этнографиялық сипаттары музыкалық мұраны туындатушылар және бұл мәселелердің әлеуметтік –этникалық тарих аясында көрініс табуы тақырыптың шек –шекарасын пайымдатады.
Екінші –не үшін зерттеу керек , яғни , еңбектің зәрулігі мен мақсаты қандай? Бұл мәселеде қазақтың рухани мәдениетінде музыканың алар орыны және музыкалық мұраның қадір –қасиеті , эстетикалық өресі парқталуға тиіс.
Үшінші –қалай зерттеу керек ? Яғни қандай ғылми ұстанымдарға сүйенген жөн? Бұл мәселеде әрине зерттеудің әдіс –тәсілдері пайымдалуы керек.
Осы үш мәселенің алғашқы екеуі әдіснамалық проблемалар болса , соңғысы әдістемелік проблема болып табылады.
Музыкалық мұраның дүниеге келген қалпында дыбысталуы (аутентичный) түпнұсқалық музыка деп есептелетіні сияқты , сол түпнұсқалық музыка туралы оны туындатушылардың ұғым-түсінігі мен эмциялық –эстеикалық әсері де түпнұсқалық жору болып табылады. Сондықтан да халық музыкасының қадір –қасиетін саралауда сол музыкалық мұраны туындатушы халықтың талғам –танымы эстетикалық түпнұсқа критерии ретінде қабылдануға тиіс.
Қазақстанның ең басты музыкалық білім ордасы - Алматы консерваториясында студенттер қазақ музыкасының дәстүрлі әуездік жүйесін игерсе , музыка теориясына келгенде еуропалық жүйе оқытылып келеді.
Ұраншыл идеология ұсынған мәдени тұжырымдаманың сойылын соққан бұл сияқты әдістемелік те , әдіснамалық та ұстанымдар қазақ музыкасының тек-тамырын әлуеметтік –этникалық тарихпен шендестіре зерделеуге дес бермеді.
Көшпелі өмір салт туралы қалыптасқан жансақ ой-тұжырымдар да қазақ қоғамына жойқын өзгерістер алып келді. Қазақ халқын өркениеттілер санатына қосамз деген желеумен 1928 жылы жүргізілген тәркілеу науқаны , одан кейінгі ұжымдастыру науқаны мыңдаған жылдық тарихы бар қазақ қоғамндағы шаруашылық –мәдени типтің ішкі құрылымын күйретіп кетті. Мұның нәтижесі миллиондаған адамның өмірін қиған әлеуметтік сүргінге ұрындырып қана қойған жоқ , сонымен бірге мейлінше шыңдалған ғажайып мәдениеттің де, сабақтастығын үзіп ұлттың табиғи даму үрдісінен жаңылуына себепші болды.
Категория: Педагогика | Добавил: Anay
Просмотров: 9329 | Загрузок: 1 | Комментарии: 4 | Рейтинг: 2.2/5
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-05-11, 9:09 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru